ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға да соншалықты қажыр-қайрат керек», деген сөзі бар. Біз өркениет көгіндегі жұлдызымызды жарық етіп, ең дамыған елдердің қатарында болсақ қана, жаһандық бәсекеде үздіктердің қатарынан табыла білсек қана тәуелсіздігіміз баянды болатынын Елбасы талмай айтумен келеді. Татулығымыз бен береке-бірлігімізге біліміміз бен білігіміз, технологиямыз бен инновациямыз сай болса ғана тәуелсіздікті сақтау жолындағы күресте мерейіміз үстем болады. Елбасы «Қазақстан – 2050» Стра-тегиясында осы қағиданы ту етіп ұстайды.

Стратегияның басым бағыттары ретінде аталып өтілген 7 басымдықтың қай-қайсысы да өмірлік маңызы бар мәселелер. Жаңа бағытты экономикалық саясат, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары, білім мен кәсіби машық, мемлекеттілікті әрі қарай нығайту және қазақстандық демократияны дамыту, дәйекті де болжалды сыртқы саясат, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік – қазақстандық патриотизм алыс болашаққа көз тіккен Қазақстан қоғамының ендігі жерде алдынан туар айы, адастырмас темірқазығы іспетті.

Бұл басымдықтар – болашақ ұрпақтың өмірі жарқын да жайдары, алаңсыз болуына, олардың гүлденген Қазақстанда ешкімнен кем – қор болмай, еңсесі биік елде тіршілік кешуіне қажетті басты алғышарттар ретінде біз жасап беруді мойнымызға алып отырған тарихи жауапкершілік. Бұл жауапкершілікті Қазақстан халқы абыроймен алып шығуға міндетті.

Осы басымдықтарды қаперден бір сәт те шығармай, көзделген мақсаттарға кезең-кезеңімен, сатылы түрде қол жеткізер болсақ, алға қойылған басты мақсатымыз – әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарынан ойып тұрып орын алу біздің қолымыздан келеді.

Әрдайым тарихтан тағылым ала білген халқымыз «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген басымдықтардың қай-қайсысы да тіршіліктің тұтқасы, дамудың даңғылына түсудің басты шарты – ел мен жерге деген сүйіспеншіліксіз, елдің бірлігі мен берекесі болмай жүзеге асуы мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. «Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, еркіндік қайда болса, елдік сонда» екенін халқымыз әу бастан терең ұғына білген. Барша Қазақстан халқының татулығының тірегі, бірлігінің бесігіне айналып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы осының айқын дәлелі. Этносаралық және конфессияаралық қатынастардың теңдессіз тетігі ретінде күллі әлемге үлгі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы ортақ Отанымызда бейбітшілік пен келісімді сақтап, қазақ жерін мекен еткен 100-ден астам ұлыстың өкілдері Отанымыздың тағдырына қатысты ортақ жауапкершілікті бірге арқалаған біртұтас отбасына айналуына шексіз үлес қосты. Мәдениеттер үнқатысуының теңдессіз еуразия-лық үлгісі атанған Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты да тұрақты дамудың ең басты шарты ретінде Қазақстан халқы бірлігінің мызғымас тұғыры бола білді. Қазақстан қоғамының патриоттық құндылықтары осыны негізгі діңі етіп ала отырып, ұдайы нығаю үстінде. Алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамб-леясы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген биік мақсаттар жолында ұлтты ұйыстырушы, халықты жұмылдырушы рөлін абыроймен атқаруға дайын.

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында айрықша атап өткен қазақ-стандық патриотизм мен барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі – тұтас стратегияның табысты жүзеге асуының кепілі. Мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесіне сай биікке көтерілуі, барлық этнос өкілдері-нің оны ұлтты ұйыстырушы негізгі құрал ретінде жүрекпен қабылдап, ниетпен үйренуі,  Ата Заңымызда атап көрсетілген дін бостандығын есте сақтаумен бірге ел дәстүріне қайшы келетін түрлі ағым­дардан сақ болуы, әркімнің өз ұлттық даралығын сақтай отырып, ортақ құндылық – қазақстандық мәдениет, қазақстандық дәстүр мен даралық арқылы бірігуі, түптеп келгенде, стратег-ияның барлық басымдықтарының түбегейлі орындалуына, сол арқылы стратег-ияның түпкі мақсаты – Мәңгілік ел болуымызға негіз қалайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясын мемлекетіміздің Мәңгілік ел болу жолындағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісіне теңей отырып, бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біздің аспан астында адамзат баласы қанша жасаса, сонша ғұмыр кешетін ұлы ел бола алатынымызды атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Публицист Н.Назарбаевтың қаламынан шыққан «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996), «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997), «Халықтан жасыратын ештеңе жоқ»  (1997), «Тарих толқынында» (А., 1997), «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997), «Қалың елім, қазағым» (1998),  «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002), «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002), «Сындарлы он жыл» (А., 2002), «Еуразия жүрегінде» (А., 2005), «Қазақстан жолы» (А., 2007) сынды еңбектерден автордың Қазақстанның кешегісі мен бүгінгісі турасындағы ой-толғамдары мен жеке көзқарастары турасында ой түйіп, Елбасының болашаққажасаған бағдарымен етене танысуға болады.

Н.Назарбаевтың еңбектерінде бейнеленген нақты объективті оқиғалар, құбылыстар және қоғамдық процестер мыналар болды: КСРО-да қайта құру процесінің басталуы, елдегі саяси, әлуметтік-қоғамдық дағдарыстың тереңдеуі, құрамында Қазақстан да бар КСРО сияқты алып империяның ыдырауы, Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін қайта құру істерінің басталуы, тәуелсіз Қазақстанның даму жолы. 

Қайту құру жылдарында Н.Назарбаев Қазақстан территориясындағы өнеркәсіп орындарын республика меншігі деп жариялау, Семей атом палигонын жабуға әрекет жасау, Торғай мен Маңғыстау облыстарын қайтадан қалпына келтіру, өз бастамасымен тексеру жүргізіп, Қазақстанда жетпіс бір ауданның азып-тозып, артта қалғанын анықтауы сынды  бірқатар игілікті істер атқарған. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің Төрағасының ел игілігі үшін атқарған осындай істері БАҚ бетінде талқыланып, оң бағасын да алған.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ елінің тұңғыш Президенті атанған тұста экономиканы қайта реформалауда, ішкі тұрақтылықты сақтау мен шетелдермен тиімді байланыс орнатуда, елдің даму даңғылы – тиімді стратегиялық жоспар жасауда жүзеге асырған саясаты да электронды ақпарат құралдары мен мерзімді басылым беттерінде кеңінен насихатталды. Публицистер тарапынан сан қырынан сараланды. Солардың ішінде басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының арасынан «Егемен Қазақстан» басылымын ерекше атап өтер едік. Президент қабылдаған қандай да бір шешім мен түрлі шаралар осы басылым арқылы халыққа түсіндірілді, сыналды, насихатталды. Қалам қайраткерлері Камал Смайылов пен Шерхан Мұртаза жазысқан хаттардан сол кезеңде жүргізілген реформалау жайынан тереңірек хабардар бола аламыз. Сондай-ақ, экономикалық реформалар белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіптің де осы басылымдар жарияланған публицистикалық шығармаларының негізіне айналған. Ал Қайнар Олжайдың жарияланымдарынан Президент Н.Назарбаевтың шетелдермен тығыз байланыс орнатудағы талпынысы турасында ой түюге болады. Публицистика – дәуір үні десек, публицистиканың хас шеберлерімен қатар, Президенттің өзі жазған еңбектерден де кезеңнің кескін-келбетін көруге болады.

Елбасының «біз экономиканың ұзақ мерзімді серпінді өркендеу әлеуетіне ие, бәсекеге қабілетті және тиімді қазақстандық үлгісін қалыптастырамыз, мұның өзі еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып, адамдарымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді», – деп атап өткеніндей, Қазақстан даму стратегиясындағы осы бағдардан айнымай келеді.

Президент демократиялық құрылым мәселесінде де Қазақстанның өзіндік ұстанымын қадап айтқан еді: «...халқымыздың көпшілігі қолдап отырған жол – біреудің таптаурын ізімен кету емес, өз соқпағымызды тауып, сонымен жүруге талпыну. Қай мәселеде де қатал ұстануға тырысатын қағидамыз: бассыздыққа ұрындырып, қан төгіске апаратын демокраияны біз тегін берсе де, алмаймыз. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және ұлтаралық тыныштық». Бүгінгі таңда қазақ елі осы о бастағы қағидадан айнымай, соның негізінде дамып келеді.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.

«Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да нақты тұжырымдамасы, міне, сондықтан да қажет», – деп жазған Н.Назарбаев өзінің басшылық қызметінде Қазақстанның даму даңғылын осы қағида тұрғысынан негіздеді. «Қазақстан  – 2030», «Қазақстан  – 2050» стратегиялары соның айқын көрінісі.  

Елбасы Н.Назарбаевтың еңбектерінде айтылған идеялар елдік идеяға айналуы тиіс. Зерттеу жұмысында осы мәселеге баса назар аударылып, сараптама жасалады.

      Дипломдық жұмыстың  мақсаты. Н. Назарбаев публицистикасының  тақырыптық ерекшедігін зерттеу.

Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және  демократиялық өзгерістерді  ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды.

Ал, оның саясатағы басышылық қызметтен бөлек қамгерлік қыры бүгінгі зерттеуімізге арақау болды. Біз жұмысымздың ғылыми тұжырмасы ретінде - Н.Назарбаевтың публицистикасы қазақ журналисткасы саласында өзіндік стиль мен қолтаңасы айқын шығармашылық еңбек екендгін айта аламыз. Сондай-ақ, онң сөз зерігерлігі, ойтолғақты жазбалрындағы болжамдар дәлдігі, тақырып аясында ой өрбіту, идея мен бастамаларды ортаға тастау тәсілі, болашақ журналистерге үлке үлгі-өнеге болатынына сенімдіміз.

Бұдан бөлек, Назарбаев публицистикасы қазақ журналистикасындағы Тәуелсіз ел және саясат тақырбын жаңа түспен, өзгеше түсінікпен жазудың дәстүрін қалыптастырды. Сонымен қатар, президенттік іс-сапарлары қазақ журналистикасы, ропердажд жанрында басты кейіпкер, бірлік пен бейбітшіліктің насихаттаушысы, елдіктің мызғымас негізін қалаушы тұлға ретінде көрніс тапты.  Сондықтан, президенттік тұлғалық мәрбетесінен бөлек, біздің мемлеетіміз, болашақ ұрпақтарымыз, журналистка ғылымы  - назарбев шырғамашылығын зерттеруді, ондағы саясаткерлік пен публицистік шерберліктің тоғысықан тұсын терңінен зерделуді жолға қоюмыз керек. Бұл, болашақ журналистердің шығармашылығы мен тұлғалық қалыптасуына ерекше үлгі-өнеге болатын тақырып. Сонымен қатар, ЖОО орындарындағы журналист мамандарды тәрбиелейтін орталықтарда Назарбаев - публицистикасының ерекшеліктері және Президенттік іс басқарумен халықарлық іс-сапарларды жазу тәсілдерін оқытуды қолға алу керек дей есптеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сілтемелер

 

1. Салқынов С. Назарбаев Н. Ә.  еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі      тарихының дерек көзі: 1990-2006 жж: автореферат. – Алматы: Қазақ  университеті, - 2007. – 28 б.

2. Ел мен Елбасы. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. - Алматы:  Атажұрт, - 2003. - 344 б. 

3. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ энцикло-педиясы, -  1998 ж. 5-том. - 650 б.

4. Жақып Б.Ө. Публицистикалық шығармашылық негіздері. – Алматы: Қазақ  университеті, 2007. – 487 б.

5. Жүсіп Н. Елес пен белес. – Алматы: Арна- б, – 2006. – 402 б.

6. Жүсіп Н. Көкейді кескіліген көп сұрақ өз жауабын нақты істер мен  шешімдерден күтеді // СҚ. – 1991. – 15 ақпан. 

7.  Жүсіп Н. Өмір талабы қатаң // «Егеменді Қазақстан. – 1991. - 26 ақпан.

8. Жүсіп Н. Жеке меншіктеу жөнінде заң керек// СҚ. – 1991. - 11сәуір.  

9. Мұртаза Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Қазығұрт,  2005. – 432 б. 1-том.

10. Қамзин К. Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі. Монография.  – Алматы: Экономика, – 2009. – 400 б.

11. Жүз жылға татитын он жыл. – Алматы: Атамұра, – 2001. – 112 б.

12. Саудабаев Қ. Тәуелсіз Қазақстан мен Тұңғыш Президент – егіз ұғым //  Егемен Қазақстан. –  2012. – 29 қараша.

13. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996 – 272 б.

14. Әлиев Ж. Ә. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің  егізін қалаушы. – Алматы: Жеті жарғы, – 2006. –  210 б.

15. Қалмырзаев Қ.Ә. Тәуелсздік және демократия. – Алматы: Дәуір. – 2011.   280 б.

16. Рыскелдиев Т. Қазақ радиосы «Имандылық иірімдері» хабарының  ерекшеліктері мен принциптері// Еуразия университетінің  хабаршысы.  Журналистика сериясы. – Астана. – 2000. – 307 б. №2.

17. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: - Атамұра, 2003. - 288 б.

18. Назарбаев Н. Қазақстан жолы. - Алматы: Жібек жолы, - 2012. - 472 б. 

19. Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының  стратегиясы. – Алматы, 1992 – 115 б.

20. Кекілбаев Ә. Стратегиялық мақсаттарды іске асырайық // Егемен  Қазақстан. – 1997. – 17 қараша.

21. Елбасы: эсселер, ой-толғамдар, өлең-жырлар, сұхбаттар. – Алматы: Ана  тілі, – 1996. – 544 б.

22. Олжай Қ. Президент пырағы: репортаждар кітабы. – Алматы: Атамұра,  – 1994. – 208 б.

23. Жанділдин Ж. Назарбаев – теңдессіз реформатор //Айқын. – 2011. – 4 сәуір.

24. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру  Стратегиясы. Жолдау. –  Астана, –  2006. 1 наурыз. 105 б.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері