ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

Бүгінде экономикалық реформалардың басым бөлігі уақыт сынынан сүрінбей өтіп, оң нәтижелерін беруде. Ол турасында ел Президенті былай деп ой тұжырымдаған екен: «Экономикасы өтпелі кезеңдегі ел болашағының екі нұсқасы бар:

Біріншісі, экономикада қалыптасқан үрдістерді қалпында қалдыру, оны үнемі интеграциядан тыс әрі әлемдік рыноктың сырттан бақылау жасалатын пұшпағына айналдыру.

Екіншісі, ең соны осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвистициялардың өсімі.

Біз екінші жолды таңдаймыз – біз экономиканың ұзақ мерзімді серпінді өркендеу әлеуетіне ие, бәсекеге қабілетті және тиімді қаақстандық үлгісін қалыптастырамыз, мұның өзі еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып, адамдарымыздың тұмыс жағдайын жақсарту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Үкімет осы міндеттерді іске асыруға қабілетті болуы керек. Реформалардың заңнамалық базасы жасалды. Өзгерістердің негізгі бөлігін біз жүзеге асырып та үлгердік. Бүгінгі таңда нақты істің адамдары қажет» [11, 4 б].

Дер кезінде қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде бүгінде Қазақстан – әлемдік экономикалық байланыстарда салмақты үлесі бар және өз азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізген қуатты өңірлік мемлекет.

Республика уран өндіру, бидай мен ұн экспорттау бойынша жаһандық көшбасшылар қатарына кіреді, сыртқы нарықтарға мұнайдың, көмірдің, ферро­қорытпалардың, мыстың және басқа да сұранысқа ие өнімнің ірі көлемін беруші болып табылады. Әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде Қазақстанның дамудың оң серпінін сақтап қала алғаны, дағдарыстан кейінгі кезеңде жыл сайынғы экономи­калық өсу 7-7,5 пайыздық болатын деңгейге қайтадан шығу фактісі де отандық экономиканың орнықтылығын айғақтайды.

«Елдің экономикасы әдеттен тыс қиындықтарға тап болып, шын мәнінде құрдымға кетудің сәл-ақ алдында тұрды. Өнеркәсіп өндірісі екі есе, ауыл шаруашылығы үш есе қысқарды. Кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздардың саны күрт өсіп кетті. Осылардың бәріне қоса, Қазақстан Орталыққа шикізат беруші ғана болатын, өйткені, қазақстандық экономиканың 93 пайызы Одаққа тікелей бағынып, тек 7 пайызы ғана өз қажеттіліктерімізге жауап берген еді.

Осындай аса күрделі жағдайда Президенттің басқан әрбір қадамы айрықша дәлдікте байыпталып барып жасалуы қажет болатын. Жан-жақтан енді елдің мазасы қашады деген болжамының жоққа шыққанын Нұрсұлтан Әбішұлы мен халқымыз бүкіл әлемге дәлелдеді. Бәрінен бұрын, біздің көпұлтты мекенімізде бейбітшілік пен келісім, бірлік пен өзара түсіністік қамтамасыз етілді. Және ол тәуелсіз Қазақстанның нық сеніммен ілгері қарыштаған дамуының берік негізі болды» деген ой «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Тәуелсіз Қазақстан мен Тұңғыш Президент – егіз ұғым» деген тақырыппен жарияланған мақаланың өзегіне айналыпты [12, 1-3 бб]. Қанат Саудабевтың бұл мақаласы Елбасы мен Егемендіктің ара байланысын, Елдік мұраттың өміршеңдігін жарқын бейнелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Жаңа тұрпаттағы  халықтық демократия Н.Ә. Назарбаев  көсемсөзінде

 

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап демократия жолын таңдағаны баршаға аян. Президент те демократиялы ел құруды басты бағдар етіп ұстанды.

«Демократия деген не?» деп бастайды публицист Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде. Осы сауалды төтесінен қояды да, оған былайша жауап қайырады: «Бұл сауал – адамзатты өз тарихының ұзына бойына толғантып келе жатқан сауал. Оны әр уақытта әр түрлі түсінеді.

Демократия үзілді-кесілді баға беруді көтермейді. Бұрынғы КСРО аумағындағы «ең» демократияшыл елдер саналған кейбір мемлекеттер азаматтық айырмашылықтарға қарап кемсітушілік шектеулер енгізуге дейін барды.

Мен бүгінде қайталап айтам: бір кезде біреудің еркінің тұтқыны болып едік, енді біреудің пікірінің тұтқыны болмайық».

Демократияны да сан қырынан түсінуге болады. Ал Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, халықты жан-жаққа бұра тартатын демократияны емес, халықты игілікті іске жұмылдыратын демократияны таңдаған еді. Осы ұстаным Н.Назарбаев еңбегінде де көрініс тапқан: «Мені сынайтындар да табылар. Келісе қоймайтындар да бар шығар. Бірақ халқымыздың көпшілігі қолдап отырған жол – біреудің таптаурын ізімен кету емес, өз соқпағымызды тауып, сонымен жүруге талпыну. Қай мәселеде де қатал ұстануға тырысатын қағидамыз: бассыздыққа ұрындырып, қан төгіске апаратын демокраияны біз тегін берсе де, алмаймыз. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және ұлтаралық тыныштық. Біз әлбебір елдердің бізге «тыз епте» демократияны шұғыл онрата салғанымыз үшін қол соқсын деп тілемейміз. Ол үшін өз халқымызға өзіміз тәжірбе жасағымыз келмейді. Демократия идеясы мәңгілік екені рас. Алайда демократиялану процесіне шектен шығушылық, бей-берекеттік, бетімен лағушылық салдарынан туатын ұрыс-жанжалдың өте қауіпті екенін ескермей болмайды.

ТМД елдерінде де демократия өскіндерінің көрінгендігі рас. Бірақ олар тым баяу жетіліп, баяу өркендеуде. Оның ең басты себебі: саяси мәдениетіміздің Батыс және Орталық Еуропа мәдениетіне қарағанда, көптеген мәнділік айырмашылықтарға ие екендігінде.

Мен соңғы жылдары зор маңызға ие болған бір құбылысқа айрықша тоқталғым келеді. Көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы антикоммунизм мен демократияны бір ұғым деп танып келді. Өз басым ондай қарадүрсіндікке мойын ұсынып көрген емеспін. Өмірдің өзі көрсетіп отыр: антикоммуниз мен демократия – егіз ұғым емес, кейде бір-біріне бас ие қоймас кереғар ұғымдарға айналып кетіп отырады. Коммунистік режимнің күйреуі-ақ мұң екен, көптеген антикоммунистер, әсіресе неғұрлым қасаң тобы, бірден антидемократиялық шепке көшіп шыға келді. Демек, антикоммунизм бет-пердесін жамылған реакционерлер де аз емес деген сөз.

Тоталитаризм мен авторитаризм езгісінен құтылу – біржола еркіндік алу деген сөз емес. Ол тек, одан арғы авторитаризмнен либерализмге жеткенге дейінгі, дамудың қандай үлгісін таңдап алуға ғана мүмкіндік береді.

Мен тирания мен авторитаризмді жан-тәніммен жек көремін. Бірақ демократияны да асыра бағалаудан аулақ болғым келеді. Неғұрлым көптің солғұрлым әділетті шешім деп танитын сыңар езуліктен де сескенемін. Әсіресе, біздей, адамның жеке басының бостандығына қалай болса, солай қарайтын қоғамдағы мұндай құлақкесті түсінікті өте қауіпті түсінік деп білемін.

Бұрынғы КСРО республикаларындағы қоғамдық-саяси ахуалды талдай отыра, билік институттарын өзгертудегі асығыстық пен алып-ұшпалық қоғам мен мемлекеттілікті шайқалтып, оқиғалардың азаматтық соғысқа ұрындырардай қауіпті жолмен өрбуіне әкеп соқтыратынына талай рет көзім жетті. Демократиялануды академиялық жалпылама ұғым емес, келешек тағдырын кемелдендірудің нақты саяси тәжірибесі ретінде қарастырған жөн.

Демократияны шұғылдатуға азаматтық қоғамның жоқтығы мен әлсіздігі, оның мұрат-мүдделерінің, жүйелі құрылымдарының қалыптаспағандығы қол байлау болмақшы. Сондықтан да ол әлденеше әлжуаз саяси-партиялық ағындарға бөлшектеніп, демократияны жасампаз құбылыс деп ұқпай, үздіксіз текетірес деп түсінетін экстремизмге бейім тұрады. Мұндай көзқарас, әлгіндей текетіреске қалың бұқараны да, партиялар мен қозғалыстарды да, тіпті мемлекеттік биліктердің әр түрлі бұтақтарының да белсене араластырылуы салдарынан, ТМД елдерінің бір қатарында азамат соғыстары мен адам өліміне ұласқан қайғылы нәтижелерге душар етті» [13, 15-18 бб].

Тәуелсіздік дегеніміз не және ол бізге не берді?

Біз қандай болдық?

Біздің нені сақтауымыз керек, неден арылуымыз керек?

Ақыры, бізді алдымызда не күтіп тұр?

Бұл сауалдардың күрлделі болатын себебі, оларға қайырылатын жауап біздің әрқайсымызға, сөйте тұра біздің бәрімізге – ортақ тағдыр біріктірген халыққа, Қазақстан азаматтарына арналуы керек. Біз өз қолымызбен тұрғызып жатқан елдің азаматтарына, біздің болашағымыз байланысты елдің азаматтарына арналып отыр.

Ақыры біз бүгін КСРО  аталған ел мен оны басқарып келген жүйе арасындағы айырмашылықты айқын бағамдай бастадық. Біз көп ұлтты мемлекетте өмір сүрудеміз. Қазақстандықтардың сан ұрпағының еңбегі де, еліміздегі барлық халықтардың жан-тәні мен тағдыры да осында.

Біздің қазақстандықтарды біртұтас саяси құндылықтар бар. Міндет осы құндылықтарды Қазақстан халқының азаматтық санасындағы басты да басым тетікке айналдыру болса керек.

Демократиялық мемлекетте күллі ұлттық топтардың құқығы сенімді түрде заңмен қорғалуы шарт, міне, бұл біздің нақты іс-тәжірибемізге сай келеді. Тарихи таяу болашақта бір ғана қазақстандық ұлтқа айналдыру міндеті тұрған жоқ. Өйткені бұл Қазақстан халқының этникалық, діни, мәдени алуандығына байланысты мүмкін де емес. Демократиялық Қазақстан таяудағы кеңес тарих-ында қайғылы аяқталған ассимиляциялаудың күштеу тәртібінен бас тартқандықтан да мүмкін емес. Ең ақырында, қазақ халқы бүгінде ұлтты шұғыл біріктіріп нығайтуға қабілетті этникалық сана-сезімді дамыту міндетін өзі шешіп жатқандықтан да мүмкін емес. Сондықтан бірегейлендірудің бірінші мәні – өзіміздің азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдыр-ымен бірдей дәрежде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр. Бұл – біздің бірлігіміз бен орнықтылығымыздың іргетасы. Бірегейліктің екінші деңгейі қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігіне байланысты[14, 162 б].

Біз жаңа Конституция қабылдадық. Онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 жылы бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі.

Біз цензураға конституциялық тұрғыда тыйым салып, сөз бостандығын жария еттік. Біз ашық плюралистік қоғам қалыптастырдық.

Қазақстан демократияландыру жолымен одан әрі ілгері басады. Бұл арада ешқандай күмән-күдік тумаса керек. Өйткені, бір жағынан ырықты экономика құру, екінші жағынан жабық қоғам жасау ешкімнің қолынан келген емес.

Мәселе демократияландырудың мерзімі мен пішінінде емес, оның даму барысын пайымдауға тіреледі.

Өзіміз ылғи да «естен шығара беретін» бірнеше айна-қатесіз ақиқат бар. Нақты демократияның да бірнеше қарапайым ұстанымдары бар. Бұлар: дамыған орта таптың, заңнамалық базасының, нақты азаматтық қоғамның болуы, халықтың саяси мәдениеті, тарихи дәстүрлері және тиісті геосаяси орта.

Мұны ескермейінше, кез келген демократиялық ықылымдар демократияға емес, охлократияға, яғни қарапайым тілмен айтсақ, бейбастық пен жүгенсіздікке, ақыр соңында қақтығыстар мен ыдырауға әкеліп тірейді.

Өткен ғасырдың басында Ресейдегі патша билігі осындай күйге түсті, 1991 жылы Кеңес Одағы да сол кепті киді. Тарихтың мұндай тағылымдарын ұмытпайық.

Осы жылдардың ішінде біз демократиялық қоғамның негіздерін шындап құра бастадық. Ғайыби орта тап енді шындыққа айналды. Еліміздің заңдары қоғамдық қатынастарды реттеу тетігін толығымен өзгертті. Ел халқы мен саяси элита талай мәрте сайлау көрігінен шыңдалып өтті. Тоталитаризмнің көптеген қасаң қалыптары қиратылды. Тату көршілік қатынастардың сенімді белдеуі жасалды[13.1, 170]. 

Бұларды кім жасады деген сауалдың өзі де, меніңше ең негізгісі емес. Ең бастысы, мұның бәрін біз экономикалық, сондай-ақ саяси жағынан да ашық қоғам құру үшін жасадық.

Әлі де алға жылжи беру керек. Бізге билік тармақтарының жаңа уақыт талабына сай келетін құрылымы мен мазмұны және тепе-теңдігің керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

2.1. Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың ішкі саясаты жайында

 

Назарбаевтың ішкі саясаты, ең алдымен, елдегі демократиялық институттарды дамытуға бағытталған. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, т. б. азаматтық құндылықтар енгізіле бастады.

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған идеялардың барлығы дерлік дер кезінде орындалады деп бірауыздан айта алмас едік. Өміршең көрінген идеялардың ішінде қағаз жүзінде қалып қойғандары да баршылық.  Жергілікті Өкілетті органдардың өкілеттіліктерін кеңейту бағытында қомақты іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс еді. Алайда, бұл міндет толыққанды, о баста діттелгендей орындалған жоқ.

Президент ел сенімін ақтайды, іскер деген азаматтарға билік тетіктерін зор сеніммен ұсынған еді. Алайда М. Әблязов сынды елі үшін қызмет етеді деген азаматтар елді де, Елбасын да жерге қаратқанын уақыт көрсетіп отыр. Егер ел мен ер сенімін ақтағанда, қара басының ғана қамын емес, елдің қамын ойлағанда қазақ елі бұдан да биік белестерді бағындыруға мүмкіндігі бар еді. Уақыт тұрғысынан  саралар болсақ, Елбасы ұсынған өміршең идеялар қазақ елінің қарыштап дамуына қомақты үлесін тигізер еді.  

Назарбаев халық шаруашылық кешенінің құлдырауынан кейін үлкен дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын түбегейлі реформалауға баса назар аударды.

1992 жылдың басында «Қазақстанның  егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы  мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының  бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы  еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті  жандандыру, жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Назарбаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» әзірленіп, мемлекет дамуының басым бағаттары айқындалды. «Қазақстан – даму стратегиясының» іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері