ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

1997 жылы 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола  қаласын Қазақстан Республикасының  астанасы деп жариялау туралы  жарлыққа қол қойды.

Елдің ішкі саясатында Назарбаев Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне мән береді. Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көп партиялық жүйе орнықты.

Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттілікті сақтап қалу ең басты мақсат деп санайды. Оның бастамасымен ұлттық қауіпсіздікті нағайту мақсатында лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерімен күрестің мемлекеттік бағдарламалары бекітіліп, ТМД мемлекеттерінің лаңкестікке қарсы орталығы құрылды.

Әлем қазақ елін тыныштық пен бейбітшіліктің, ұлтаралық, дінаралық үйл-есімділік пен келісімнің үлгісі ретінде таниды, этносаралық, конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі де қалыптасып үлгерді. Ол сан тараптан сарапталды, бағасын алды. Бұл келісімнің өзіндік ерекшелігі «өзгерістер мен инновацияға икемділігі, ашықтығы, ашық қана емес, жасырын түрдегі қауіп-қатерлер мен келеңсіздіктерге қарсы тұруға қабілеттілігі» [14, 117 б]. 

Қазақ жерін мемлекет құраушы қазақ ұлтынан басқа да жүзден астам салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық мінезі, діни сенімі сан алуан ұлт пен ұлыс өкілі мекен ететіндігі мәлім. Қазақ елінің ішкі саясаты да алдымен дінаралық, этносаралық үйлесімділікті сақтауға негізделеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 140-тан астам ұлт өкілдері мекен ететін болса, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануымен жүргізілген мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу шараларынан кейін Қазақстан аумағында 17 діни конфессия мен 3088 діни бірлестік әрекет ететіндігі белгілі болды. Жалпы алғанда, діни конфессиялардың үлес салмағы: ислам діні – 72 пайыз, православие – 9 пайыз, католиктік – 3 пайыз, протестанттық – 14 пайыз, қалған діни конфессиялар 2 пайызды көрсеткен.

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы  Ассамблеясы құрылды. Ел Президенті  Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы  Ассамблеясын құру идеясын алғаш  рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.

«Егемен Қазақстан» басылымының 2011 жылғы 23-сәуірде жарық көрген санында «Тәуелсіздік және демократия» деген тақырыптағы көлемді мақаласында Ә. Қалмырзаерзаев: «Ассамблеяның міндеті әр этностың рухани сұраныстарын қанағаттандыру, тілін, дінін, мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын жоғалтпай дамытуға қамқорлық жасау, әртүрлі ұлт өкілдерін өзара жақындастырып, ұлт пен ұлттың достығына дәнекерлік ету болып табылады. Ассамблея – осындай маңызды міндеттерді жүзеге асыратын, бір ұлт жасауға ұмтылмайтын қоғамдық институт. Өйткені, 2001 жылы қабылданған ЮНЕСКО-ның жалпыға ортақ декларациясында атап көрсетілгеніндей, мәдениеттің, халықтың бірлігі, тұтастығы саналуандықты жүзеге асыру арқылы қалыптасады» – деп жазады да ойын мынадай жолдар арқылы сабақтай түседі:

«Ұлт саясатында ең алдымен демократия көрініс табуы керек. Ұлттық ар-намысты қоздыру – қылмыстың нағыз өзі. Әр ұлттың өкіліне ең алдымен адам ретінде қарауымыз керек. Адам – табиғаттың ең басты құндылығы, бұл туралы бүкіл елдің конституцияларында арнайы бап бар. Ал содан кейін барып оған белгілі бір мәдениеттің, ұлттың, ұлыстың өкілі деп қарауымыз керек. Бұл екінші жағдайда олардың ұлттық дәстүріне, мәдениеті мен өнеріне, діні мен діліне құрмет көрсетілуі керек. Мұнсыз халықтар арасындағы сыйластықты, татулықты, бірлікті қамтамасыз ету мүмкін емес.

Демократиялық үрдіс әрбір ұлттың, ұлыстың өкілдерін өз елінде тең құқықпен пайдалануына, сайлау не сайлану құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Демократияны дамытуға бағытталған әрбір қадам еліміздегі тәуелсіздікті баянды етуге, оны түбегейлі орнықтыруға қызмет етеді» [15, 2 б]. Осылайша автор Ә. Қалмырзаев қазақ елінің негізгі ұстанымдары жайлы сөз етеді.

Қазақстан дінге қатысты конфессияаралық келісім мен сұқбат саясатын ұстанады.

Конфессиялардың толыққанды және мағыналы сұхбаты үшін және тиісінше тәуелсіз мемлекеттің тұрақтылығы мен берік дамуы үшін Қазақстан Республикасында бүгінде қажетті алғышарттардың бәрі бар. Оның қатарына Қазақстан басшылығының, ең алдымен Президент Н.Ә.Назарбаевтың ЕурАзЭС желісі бойынша қатынастарды ілгері дамытуға қатысты соңғы бастамалары; Каспийдің құқықтық мәртебесі проблемасы бойынша Қазақстанның маңызды перспективалық шешімдері, Алматыда конфессияаралық диалогтің халық-аралық масштабын құру туралы, мемлекет басшыларының конфессияаралық келісім мен бейбітшіліктің Еуразия хартиясын қабылдау туралы, Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің Съезін өткізу туралы мәселелер жатады.

Діни төзімділік пен келісім принциптері Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси қызметінде көрініс табады. Олар көпбағытты, ықпалдастық, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік жолындағы ынтымаққа, әділеттілік пен прогреске негізделген. Қазақстан өзінің қуаты жөнінен әлемде төртінші орын алатын ядролық қару-жарақтарынан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жапқан мемлекеттердің ең алғашқысы. Бұл біздің ғаламдық қауіпсіздікке қосқан лайықты үлесіміз және ол басқа халықтар мен мемлекеттердің бізді бейбітсүйгіш ел деп тануына ықпал етті. Сонынен қатар, еліміз Азиядағы қауіпсіздік пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруаға бастамашы болды. Астанада өткен бейбітшілік пен келісім конференциясы, оған қатысқан көптеген көрнекті діни қайраткерлер, түрлі конфессия өкілдері бірлесе отырып, «Бейбітшілік пен келісімге қарай» деклорациясын қабылдады, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумын құрды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші Съезінде Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Біртұтас діни кеңістік құруға болмайды. Қазіргі айырмашылықтарды ақырына дейін еңсеруге болмайды, оның үстіне олар ұлы діндердің негізіне қатысты болып отыр. Алайда тұрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, бәз бір «алтын ортаны» іздеудің мәні мен процесінің өзі сақталады. Және ең бастысы – үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз құндылығын осыдан көремін».

Президенттің өзі өркениеттердің шиеленісі, ыдырауы туралы тезиске батыл түрде тойтарыс берді, қазір «өркениеттердің жанжалы» туралы емес, қайта «өркениеттердің кездесуі» туралы айту әлдеқайда орынды деп атап көрсетті. Қазіргі заманғы әлем халықтардың, өркениеттердің маңызды сұхбатқа және мәдени өзара ынтымақтастыққа ұмтылуына жақындау белгісімен дамиды. Дін жаһандану дәуірі басталғанға дейін ізгілік пен мәдениет сұхбаты идеясын әлемде сақтаған және таратқан бірден-бір жаһандық құбылыс екендігін ол өз сөзінде атап өтті. Дін рухани әмбебаптықпен қатар халықаралық ынтымақтастықтың қолданып келе жатқан институты екендігіне мән бердіғ бұл орайда ондай құрылым толеранттылық, өзара түсіністік пен келісім принциптерін бекітуге жәрдемдеседі.

 Ал бұқаралық ақпарат құралдары  мемлекеттік саясатты жүзеге  асыруда, сонымен қатар, қоғамда қалыптасқан үйлесімділікті мығымдай түсуде шешуші рөлдердің бірін атқарады, яғни БАҚ – қоғамның барометрі ғана емес, қоғамның беталысын бағыттаушы да.

Темірбек Қожакеев баспасөздің ықпалды құрал екендігін былай пайымдайды: «Руханияттың қайнар көзі – баспасөз. Баспасөз ел санасын оятады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Баспасөз – әсіресе, жастардың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіруде ең ықпалды мектеп. Сөз бостандығын, пікір алауандығын пйдаланып, рухани мұраларымыздың, бай дәстүр, парасатты әдет-салтымыздың жоқтаушысы, жинаушысы, насихаттаушысы болуда».

Қазақстанның басты саясаттарының бірі – рухани келісім, дінаралық сұхбат, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі ретіндегі діни толеранттылық сияқты тақырыптар өзекті тақырыптардың бірі ретінде республикалық басылым беттерінде тұрақты жарияланып тұрады.  

Бұл аталған мәселелер республикалық басылымдарда жан-жақтылығымен, мәселені тереңінен көтеруімен ерекшеленеді. «Егемен Қазақстан», «Дала мен қала», «Президент және халық», «Жас қазақ», «Айқын», «Нұр Астана», «Түркістан» сынды алдыңғы қатарлы мерзімді басылымдарда жоғарыда аталып өткен тақырыптар сан алуан жанрда, түрлі пішінде жарық көреді.

Аталған басылымдардың әрқайсысына жеке тоқталар болсақ, баспасөздің алдыңғы легін бастап тұрған жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде ұлттық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы келелі мәселелермен қатар, дін тақырыбы сан қырынан сараланады. Бір ғасырға жуық тарихы бар ата басылым жарияланымдарының объективтілігімен, тақырыптың тереңінен талданатындығымен дараланады.

Басылымның мемлекет ұстанатын сарабдал саясатты насихаттаудағы маңызы орасан. Ол газеттің ресми басылым болуымен ғана емес, басылымның әбден қалыптасып, бір арнаға түскен басты бағытымен, мықты журналистік мектептің қалыптасқандығымен тікелей байланысты болса керек. Ұлттық біртұтастық, этносаралық татулық, дінаралық үнқатысу мен конфессияаралық келісім сынды келелі тақырыптар төңірегіндегі маңызды мақалалар газеттің басты тақырыптарының бірі десек қателеспейміз. Сөзіміз дәйекті болуы үшін осы басылымда жарық көрген «Мұраты –дінаралық келісім» (ЕҚ, 19-маусым, 2007 жыл), «Дінаралық келісімнің орны бөлек» (ЕҚ, 18-тамыз, 2009 жыл), Дінаралық түсіністік – тұрақтылық кепілі» (ЕҚ, 3-маусым, 2009 жыл),   «Келісім діңгегі» (ЕҚ, 11-қаңтар, 2010 жыл), Дінаралық келісім (ЕҚ, 19-қаңтар, 2010 жыл), «Дінаралық үнқатысу» (ЕҚ, 20-ақпан, 2010 жыл), «Келісім – тұрақтылық кепілі» (ЕҚ, 6-наурыз, 2010 жыл), «Конфессияаралық келісім мен үнқатысудың қазақстандық үлгісі» (ЕҚ, 22-қаңтар, 2011 жыл),   «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі»  (ЕҚ, 2-сәуір, 2011 жыл), «Тағаттылық тағылымы» (ЕҚ, 17-шілде, 2012 жыл), «Орта жолды ұстаңдар, тура жолдан таймаңдар!»  (ЕҚ, 30-қазан, 2012 жыл) сынды жарияланымдарды атап өтуге болады.

Газет бетіндегі дінаралық қатынас мәселесі терең талданған мақалалардың бірі ретінде теолог ғалым М. Исаұлының «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» деген тақырыпта 2011 жылдың сәуір айында жарияланған мақаласын атап өтуге болады. Мақалада ислам  дінінің өзге діндермен арадағы қатынасы дәйекті дәлелдермен дәріптелген. Автор ойының түйіні «...бесіктей ырғақпен тербеліп ғарасатқа қарай кемедей бет түзеген жұмыр жердің бетінде қамшының сабындай келте ғұмыр сүруге келген адамзатқа өзара түсіністік аса қажет. Бұл үш түрлі болмақ. Ең бастысы – адамзат жаралғалы дінсіз ғұмыр кешкен емес. Тарих сахнасындағы болған барлық саясаттың да, мәдениеттің де астарында сол дін, сенім жатыр. Демек, әлемдегі татулықтың ең басты белгісі – дінаралық үнқатысу. Екіншісі – ұлтаралық үнқатысу мен жарасымдылық. Ақырғысы – еларалық үнқатысу мен ымырашылдық. Қандай қоғам болса да ол бес негіз арқылы өзін сақтай алады. Ол – діннің, жанның, нәсілдің, мал-мүліктің және ақылдың сақталуы. Ал осы бес негіздің ең бастысы – діннің сақталуы. Дінаралық келісім, үндестік және татулық өзін сақтауымен қатар, қалған төрт негіздің де сақталуына арқау болады», - деген жолдарда жатыр.

«Толеранттылық және демократия» деген тақырыппен басылымның 2006 жылғы наурыз айында философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталының көлемді мақаласы берілген. Онда автор толеранттылық ұғымының мәнін түсіндіріп береді. Мақалада толеранттылық идеясына қатысты автордың жеке көзқарасы былайша баяндалады: «Толеранттылық идея сырт көзге қарайып көрінгенімен, шындығында, жай төзімділік қана емес. Ол өмір талабынан туып отыр, әр түрлі салдарға апарып соғады. Өзінен бөтенге, дербес пікірі бар, өзге тілде сөйлейтіндерге, бөтен дінге жататындарға, бөтен құндылықтарды мойындайтындарға деген ашу, ыза, төзімсіздік кектесушілікке айналады. Ол жеке адамнан бастап, ұлттарға, дінге, мемлекеттерге қауіп төндіреді. Демократия – ол тек еркіндік қана емес, ол ісің мен сөзіңе деген жауапкершілік, өзіңді өзің билей білу. Ойланбай айтылған сөз оқтан да қауіпті. Толеранттылық ой-пікіріміздің, наным-сеніміміздің шектілігін, әрқайсымыздың да қателесуімізге “құқымыздың” барлығын мойындатады. Татулықсыз, келісімсіз демократияның мүмкін еместігі секілді, демократиясыз, еркіндіксіз татулық мүмкін емес».

Дінаралық үнқатысуға арналған екінші бір көлемді талдау мақаласында А.Айталы ислам мен христиан, ислам мен иудаизм арасындағы өзара қатынастарды осы аталған діндердің тарихы негізінде қарастыра келіп, Қазақстанның бүгінгі саясатына баға береді. Автор мақаласында дінаралық үнқатысудың мәні турасында: «Дінаралық диалог жай ғана пікір алысу емес. Ол өркениет, мәдениет, идеология, көзқарас салаларындағы ешқашан үзілмейтін, ауқымды өзара ықпалдастық. Оның негізінде зиялылар әдебиет, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз ойларын ортаға салуда. Мұндай диалогтың басты талабы өзара сыйластық, еркіндік, мұнда артықшылық, үстемдік жүрмейді. Диалог батыс, шығыс демократиясы сияқты балама құндылықтарды сыйлауға, қолдан келгенше түсінуге жетелейді. Дінаралық диалогтың басты мақсаты – діндердің рухани беделін, күшін әлемдегі қор-даланған мәселелерді шешуге жұмылдыру болып отыр... бүгін тарихи дәстүрлі діндермен қатар қаптаған секталарға көзқарас қалай болу керек дейтін сұрақ қоғамды ойландырып отыр. Әр жеке адамның ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен біте қайнасқан таңдаған діні бар. Бір діннің өкілін екінші бір діннің өкіліне зорлықпен, алдап-арбап, қаржымен ынталандырып таңу Құдайға қарсы іс.

Бір сөзбен айтқанда, «діндер диалогы» дегеніміз діндердің рухани күшін, беделін қақтығыстарға емес, бүгінгі заманның өткір мәселелерін шешуге арнау болып отыр», -деген пікір білдіреді.

Дін, ислам, дінаралық қатынас, діни толеранттылық тақырыптары республикалық «Дала мен қала» басылымының басты тақырыптарының бірі. «Иман» айдары аясында ислам дініндегі негізгі әдет-ғұрыптар мен діни ілімнің негіздері жайында мақала, сұхбаттар топтастырылса, Қазақстанның дінаралық қатынастарға байланысты саясаты турасында жазылған, Қазақстан тарапынан жүргізіліп отырған осы саясатты насихаттайтын жарияланымдарды да басылым беттерінен оқуға болады. Бұл басылымда дінаралық үнқатысу мақсатында жүргізіліп жатқан түрлі шаралар жан-жақты талданып, сарапталған. «Өркениеттер диалогының ашық алаңы» (Дала мен қала, 28-мамыр, 2011), «Діндер диалогы: түсіністік пен келісім» (Дала мен қала, 25-маусым, 2011) «Толеранттылық мәні – татулықта» (Дала мен қала, 2-шілде, 2011), «Дін сана-сезіммен сабақтас па?» (Дала мен қала, 22-қараша, 2011)«Нұрсұлтан Назарбаев: Біздің тірегіміз – бейбітшілік!» (Дала мен қала, 7-қаңтар, 2012),   «Тұтастық тірегі» (28-сәуір, 2012), «Бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей формуласы» (Дала мен-қала, 2-маусым, 2012), «Дін –дүниенің діңгегі» (Дала мен қала, 2-маусым, 2012), «Конфессияаралық келісім» (Дала мен қала, 8-қыркүйек, 2012), «Толеранттылық тәрбие татулыққа бастайды» (Дала мен қала, 29-қыркүйек, 2012) сынды тақырыптарда жарияланған мақала, кореспонденциял сөзімізге дәйек болмақ.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері