Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22
ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69
Мұның мәнін әуелгі ет қызудан соң, сабырмен саралап көрсем, біздің Президентіміздің абырой, атағы шетелдерде биіктеп кеткен екен. Әйтпесе, Түркия қай-қай мемлекетіңмен болса да, қасқайып тұрып сөйлесетін қайсар ел. Бұл Түркия дегеніңіз Осман империясы дәуірінде дүниені дүрілдеткен, арғы-бергі әлемді қалтыратқан қаһармен болған. Тек соңғы екі ғасырда ғана басынан бақ тайыңқырап, империя кәрі арыстандай қауқарсыз бола бастағанда едәуір кемістік көрді. Түріктер өздерін түрікпіз деуге намыстанып, османбыз деуге дейін барды. Өйткені түрік деген ұғым кедей, кембағал сияқты естілетін болды. 1920 жылдардың басында Мұстафа Кемал Ататүрік сұлтанатты құлатып, Түркия тұңғыш рет республика болды. Тұңғыш Президент Ататүрік сонда түрік халқының рухын, еңсесін көтерц мақсатында: «Дүниеге түрік болып жаратылу қандай бақыт!» -деп айтқаны халықтың жүрегінде жарқын жалау болып желбіреп, жалындап, алаулап, қанатты сөзге айналды. Сол тәкаппар мінезді тәуелсіз, азат Түркия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбайды төбесіне көтеріп қарсы алды.
Неге?. Әлі күнге дейін бүкіл әлем Кеңес Одағының құлаған шаңырағына қарап, демін ішінен алып отыр. Аңысын аңдып жатыр. Жайшылықта капиталынан өсім түсірер саңылау іздейтін алпауыт банкілер бізге келгенде қалтасының аузын бүріп алған. Сенбейді. Сенбеген соң бермейді. Сол банктерлен шетелдерге барған сапарында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бағдарламаларды қажыландыратын мол несие алып қайтты. Назарбаевқа сенеді. Сенген соң береді.
Осы сапарда Стамбұлда ең көрнекті «Мәрмәр» мейманханасының кең залында Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияда және басқа шетелдерде тұратын қазақтардың өкілдері кездесті. Сонда сол қазақтар Президентке: «Сізге көп үміт артамыз. Қазақтың құлдықтан құтылуын, бостандық алып, егемен ел болуын Сіздің есіміңізбен байланыстырамыз. Абылайдай айбарлы да ақылды басшы санаймыз», – дейді[20, 2 б].
Неге Абылай? Абылай өзінен бұрын өткен Әз Тәукенің ісін жалғастырып, қазақтың басын қосып, біртұтас мызғымас мемлекетке айналдыру үшін арпалысты. Қазақтың басын біріктіру бір уайым болса, сол шашыранды елді сыртқы жаулардан қорғап қалу екі уайым еді. Қос өкпені қысып тұрған қос империя бар. Жүз жыл бойы жаға жыртысқан ата жау болып қырқыстан жоңғар қалмақтары тұр. Осылардың бәрімен кейде күшпен, кейде ақыл-айламен, дипломатиялық амалмен қазақты сақтап қалу саясатын Абылай шебер жүргізген.
Түркиялықтар мұны білмейді емес. Біледі. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі саясаты сол Абылайды еске салып тұрғаны сондықтан.
Мұны түсінбеген біздегі кейбір мұңлықтар Президентті айыптауға бейім. Мәскеуге қарап жалтақтай бересің дейді. Ельцинмен неге мәмілешілсің дейді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев болса, Ельцинмен келісетін жерінде келіседі, келіс-пейтін жерінде бас имейді. Ельциннің жер дауын қоздырмақ болған сөзінен кейін Назарбаев өзінің қомақты да салмақты сөзін айтты. Мұнда қазақ:
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес;
Еңкейгенге еңкей,
Әкеңнен қалған құл емес, – демеуші ме еді. Президент бұл өсиетті ділінде сақтаған.
Енді біреулер Назарбаевқа аспандағы айды дәл қазір неге алып бермейсің деп өкпелейді. Өз елінде, өз жерінде қазақ деген қауым қырық-ақ процен болып қалғанын, сол қырық проецестің ішінде ұлттық ингилистер де, яғни бір кездегі кейбір түріктер сияқты қазақпын деп қасқайып тұрып айтарға намыстанатын мәңгүрттер де бар екенін ескерге бермейді. Қазақстанда 60% өзге ұлт болсға, оның ішіндегі ең ірісімен қақтығыссаң, оның артында жүз миллиондық қорған тұрғанын ұмытуға бола ма? Ал қазақтардың қорған болар кімі бар?[21, 16 б].
Қазақ журналистика тарихында есімі белгілі публицист, халықаралық журналистер конференциясы сыйлығының лауреаты, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың иегері – Қайнар Олжай. Талантты публицисті репортерлік қырынан танытқан оның «Президент пырағы» атты репортаждар кітабы. Қ.Олжайдың аталмыш еңбегі Елбасының 1991-1993 жылдардағы ресми іс-сапарларының репортаждарынан тұрады. Бас аяғы он бір репортаждан тұратын кітапта Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанған Байқоңыр, Ұлы қорғанымен әйгіленген Қытай елі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында, тұманды Альбион еліндегі сапарларынан сыр шертіп, Елбасының парасаты мен пайымын танытады, Тәуелсіз Қазақстанның Елбасымен бірге жасаған алғашқы қадамдарымен оқырманның назарын баурайды. Әр репортаж: желісі, жағырапиясы, жылна-масы деп таразыланады. Мәселен, Бірінші репортажда желісі: Ара ағайын, жағырапиясы; Баку – Гәнжә – Степанакерт – Ереван – Железноводск; жылнамасы: 20-24 қыркүйек 1991 жыл. Репортаж: «Алматы. 20 қыркүйек. Сағат 20.00. Іңір қараңғысы үйіріле бастаған. Бірақ, әуежай басындағы Президенттің жеке ұшағы тізгін тартып, қаңтарулы тұратын алаңқай самаладай жарық. Бұл ұшақтың алдында қиын сапар тұрған. Мынау қараңғы аспан астымен Каспийді көктеп, Кавказға жетуі керек. Жеткізуі керек. Кавказ төсіндегі Қарабақ жанжалына тоқтау айтып, басу білдіріп байқау керек». Публицист осы аз ғана сөйлем ішінде репортажға тән бірнеше ерекшеліктерді сәтті қолдана білді. Оның «самаладай жарық» тіркесі репортажға өң кірігізетін көркемдеуіш құрал – теңеу болса, «Кавказ төсіндегі Қарабақ жанжалына тоқтау айтып, басу білдіріп байқау керек» сөйлемі репортаждың мақсаты, оның өзегіне айналған деталь, ал «Іңір қараңғысы үйіріле бастаған» деген сөйлемі репортажда публицистің қатысқанын айғақтайды. «Баку. 21 қыркүйек. Сағат 10.00. Республика Президенті аппараты (бұрынғы Компартия орталық комитеті) орналасқан ғимарат алды араның ұясынан бетер гуілдейді. Тура желді күнгі Касспий беті ғана осылай толқи алатын шығар. Көше-көшеден ұйымдасып, жаңадан құйылып жатқандарда есеп жоқ» деп Әзірбайжан астанасы Бакудегі Президент аппаратының алдын тамаша суреттейді. Автор жиналған жұртты араға теңейді, Касспий бетіндегі толқынмен салыстырады. Жалпы Қ.Олжайдың қай репортажын алсақ та, жазушының суреттеуге шебер, оқиғаны суреттеуде өзіндік стиль қалыптастырғанын байқаймыз. Публицист Елбасының саяси тұлға ретіндегі портеретін де шебер суреттейді. Мысалы: «Қанына біткен байсалдылығы бар Нұрсұлтан Назарбаев Азербайжан Президентін барынша ықыласпен тыңдады. Реті келген жерде қызу қандылық байқатқан Борис Ельцинді де байыппен, сабырмен және әзілмен арнасына түсіргені бар» деп Н.Назарбаев портретін сомдаса, Елбасының Әзірбайжан халқына жолдаған үндеуі жайлы: «Нұрсұлтан Әбішұлы осындай көшпелі ойларды көлденең тартып, көсіліп сөйлеп кеткенде көз алдымызға баяғының билері елестеген. Аруақты да даңқты Қаз дауысты Қазыбек, Төле би және Әйтеке билер ел қамы, жер тұтастығы, халық тыныштығы үшін заманында осылай тұспалдап та, тақымдап та сөйлесе керек. Баяғы билермен бірге жоғалып кеткен астарлап жеткізіп, тырп еткізбей мойындату, ерегестірмей бітістіру қасиеті қанымызға қайта оралғандай әсерде отырдық. Қазақстанда мәмілегерлік мектеп енді қайтадан қалыптасарына еш күмәніміз қалмаған» деп тұжырымдайды. Мәтіннің бұл бөлігінен де репортер біліктілігін тану қиын емес. Мұнда авторлық «менде»: «ерегестірмей бітістіру қасиеті қанымызға қайта оралғандай әсерде отырдық», «еш күмәніміз қалмаған», Елбасы тұлғасын билермен салыстыру да байқалады. Репортажға тән қасиетпен автор көрген-түйгенін өз атынан баяндайды. Бұл баяндау жай, қарапайым тілмен емес, әр сөйлемде әр сөз өз орнын тапқан, әр сөздің мәтіндегі мағынасы айқын, әсерлі тілмен оқырман назарына ұсынылады. Бұл репортаждағы тағы бір ерекшелік автор сапардағы әр қалаға барғандағы бірінші көріністі, әуежайды міндетті түрде табиғатпен байланыстырады. Мысалы: «Гәнжә. 21 қыркүйек. Сағат 22.00. Қараңғылық түсіп кеткен. Оның үстінде таулы өңірде іңір ерте үйірілетіні анық. Сонда да Гәнжәнің әуежайына керілген «Низами отанына хош келіпсіздер» деген жазу көзге анық шалынды. Қайғырып жатса да, қонақтарды қарсы алу керектігін ұмытпапты. Содан кейінгі көргеніміз – қарулы солдаттар, ерекше мақсаттағы милиция отрядтары. Баку бұған қарағанда әлдеқайда бейбіт, мамыражай еді. Мұнда майдан тынысы сезілді де тұрды». Қ.Олжай әуежай мен қаланы оқырман көз алдына әкелуде тамаша әдіс пайдалана білген – қаланы тірі жан ретінде бейнелеп, табиғатпен үйлестірген. Ал, бұл дегеніміз – кейіптеу, репортажға қажет көркемдеуіш құрал. Репортаждың мына бөлігі табиғат суретіне арналған: «Ерболаттың тікұшағы бірқалыпты биіктікте келе жатқанмен жер біздің бортқа бірде тым жақындап, тура бауырынан сипардай болып, енді бірде тым алыстап, сонау көз ұшына бұлдырап кетіп тұрды. Бұл – Қарабақтың таулары соншалықты биік екенін байқатып тұрды. Тау беткейлері толы орман. Турасынан, төбесінен қарағанда өздері де қаз-қатар тұрған солдаттар сияқты. Күз басталғанымен, әлі жапырақтары түсе қоймаған. Мына таулар мен таулардағы ормандарға жасырынып жүргендер болса, ешқашан табылмастай. Партизан соғысын жүздеген жылдар жүргізе беруге болатындай. Бірақ, жер шіркінге жазық бар ма? Бейбіт тұрсаң соншалық берекелі жер – соғысқа келсең, сүреңсіз болып шыға келмекші. Алыстағы аңғарлардан ағараңдап өзендер байқалады. Сол өзеннің бойларында ауылдар мен қыстақтардың сұлбасын байқаймыз. Өзеннің өзімен қатар ирелеңдеп жолдар көзге анық байқалады. Бірақ, тіршілік жоқтай. Тік өріліп жатқан түтінді байқамаймыз. Көбі иен тасталған. Қыстақтар қараң қалған. Бір кездегі бейбіт тұрғындар не оқтан қаза тапқан, не шекара асып, тыныштық тапқан, не қолға қару алып кек жолына түскен. Осылардың бірі. Енді сапар бейбітшілік әкелсе деп тілегенбіз бір сарынды гүріліне біртіндеп құлақ үйренген тікұшақ ішінде отырып». Оқырманға журналистің қиын да тынымсыз қызметінің бұл жолы да қауіптілігі сезілді. Осы орайда, Қ.Олжайдың қазақ журналистикасындағы кәсіби репортер екенінің куәсі боламыз. Неге? Себебі, тікұшақ ішінде отырып, төмендегі көріністі оқырманға айна-қатесіз суреттей білу, тылсым табиғат пен қаланы үйлестіру – тек біліктілігі мол репортерге тән шеберлік. Мысалы: «Тау беткейлері толы орман. Турасынан, төбесінен қарағанда өздері де қаз-қатар тұрған солдаттар сияқты» сөйлемде автор теңеуді сәтті пайдаланған. «Тік өріліп жатқан түтінді байқамаймыз» сөйлемінде автор түтінді жай ғана баяндап бермей, оны «тік өрілген» күйінде жеткізеді. Публицистің өзі куә болған қала мен табиғат көрінісін сипаттай келіп, соңында репортаж өзегіне айналған проблеманы шешу мақсатын айтып, жеткізгені де репортер тапқырлығы. Оқырман ойын адастырмай, сапардың мақсатын айту тек кәсіби репортердің қолынан келетін іс. Бұл тұста да Қ.Олжай өзін талантты репортер екенін танытты. Қ.Олжа й бұл репортажда осы сапардан алған әсерін, репортерге тән қасиетпен жасырмайды, соғыстан қажыған халыққа жанашыр болады, олардың ауыр жағдайын көріп күйзеледі. Демек, өз эмоциясын айқын көрсетеді. Мысалы: «Жиналған топтың түрі де қорқынышты еді. Ашыққан, азап тартқан адамдардың бейнесі. Ұрандар көп. «Аш қалсақ та, Азербайжанға бағынбаймыз» дейді. «Намысымыз наннан жоғары тұрады» дейді. Қалай болғанда қандарына қарайғандары анық. Азербайжаннан мұншалықты қорлық көру мүмкін бе өзі. Осындай ойда болдық. Адамдардың түңілген түріне қарап басқадай ойлау мүмкін емес. Сөйте тұра, көпшілік жай жиналған жоқ. Әлдебір үміт жетегімен келген». Сапар соңы Железноводск қаласында болды. Автор оны: «Железноводск. 23 қыркүйек. Сағат 8.00. Жаңа ғана Президенттің жеке ұшағы Күнгей Кавказдан Теріскей Кавказға ұшып өтті. Бір тұста аппақ басы күн сәулесіне шағылысып Эльбрус шыңы қалды. Таңғы таза ауада сондай тұнық, мөлдір көрінген. Таңғы тыныштығы керемет еді. Кавказдың осы тыныштығын адамдар неге бұзады екен деп ойлағанбыз ұшақ ішінде отырып. Егер адамдардан тыныштық кетпегенде олар тек мамыражай тірлікті ғана білгенде, оларға арашасы керек болар ма еді. Ішімізден тәубе айтқанбыз. Қазақстандағы тыныштық үшін тәубе дегенбіз. Сонда барып біз Назарбаевтың Ельцинді ертіп Таулы Қарабактағы татуластыруға сапарға шығу сырын ұққандай болдық. Қарабақ – кітап. Қаралы кітап» [22, 38-42 бб]. Әдеттегідей өңір табиғатын оқырманға шынайы қалыпта жеткізе білген автор, табиғат тыныштығын елдің тыныштығымен салыстырады, осы салыстыру арқылы жазушы өзін «сөз зергері» екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әуелі табиғат тыныштығынан халық тыныштығымен салыстырып, сосын қазақ халқының бейбіт өміріне тоқталады. Жалпыдан жалқыға қарай беттеп, соңғы түйінінде репортаж мәйегіне жетеді де: Қарабақ оқиғасын қаралы кітапқа теңеп, Елбасының осы оқиғаның шешімін табудағы ролін айшықтайды. Сапарды осылайша оқырманның ұғуына жеңіл, түсінікті тілмен қорытындылайды. Репортажда артық ауыз сөзге, немесе сөйлемдердің шұбалаңқылығына жол берілмеген. Автор әр сөйлемінде, репортаж мәтінінің әр азат жолында өзіне тән жазу стилін, тақырыпты ашудағы бар шеберлігін көрсете білген.
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың
еңбектеріндегі тәуелсіздік
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қаламынан туған еңбектерінің ішінде «Қазақстан жолы» деген атпен жарық көрген кітабының орны бөлек. Кітапта тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдары сөз болады. Алғы сөзінде: «... осыдан он жыл бұрын дәл осылай болатынына ешкім сенген жоқ. Әсіресе, Астананың бүкіл Еуразия құрлығында жаңа рухани, экономикалық және саяси аңсардың орталығына айналарына кім сенетін еді? Қазақстан Еуразия құрлығындағы экономикалық және саяси реформалардың көшбасшысына, бейбітшіліктің эпицентріне айналарына кім сенетін еді? Менің осы кітапты жазуды қолға алуым нақ сондықтан еді. Мен сіздерге қазіргі тәуелсіз Қазақстанды құрудың қаншалықты күшке түскенін айтқым келеді. ... мен біздің жастарымызға, өткен жылдардағы оқиғалардың – барлық өзгерістердің қалай басталғанын, қалай жүргенін, өзімізге аса қиын болған кезеңде қабылданған шешімдердің неізгі қисыны неде екенін көрсететін нақты фактілердің, шынайы сараптамалардың жетпейтіндігін түсінетін едім. Міне, сондықтан да мен бұл табыстарға жету үшін жүріп өткен жолдың әр қадамының қаншалықты қиын да азапты болғанын айтып бергім келді», – деп автор бұл еңбекті жазуға не түрткі болғандығына тоқтала кетеді [22.1. 44 б]. Сол арқылы оқырман кітаптың жалпы мазмұны нені меңзейтінін ұғынады.
Елбасының сөзімен айтсақ, «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы». Ал тәуелсіздік философиясының басты ұғымы – мемлекет. Себебі, тәуелсіздік дегеніміздің өзі этностың, халықтың, ұлттық мемлекет құру туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан, мұрат биігінен туындайтын дүниетаным. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің нақтылы саяси жетістігі, биігі – ұлттық мемлекет. Басында саяси билігі жоқ халықта тәуелсіздік туралы тек арман, қиял, утопия ғана болмақ. Тәуелсіздікке жеткен халық, ұлт өз мемлкеттігінің іргетасын құрудан бастап, өзін жаңа сапа биігіне көтеруге кіріспек [23, 4 б].
Егемен елдің дамуында түрлі реформалардың атқарған рөлі зор болды. Ол өз кезегінде тәуелсіз елді жаңа сапа биігіне көтеруге негіз болды. Бүгіндері Қазақстандағы реформалар тәжірибесінің нәтижелі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің өздері де мойындап отыр. Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген. Ол – күшті президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар.
Н.Назарбаев аталмыш еңбегінде Қазақстан экономикасының нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығайту арқылы соларды дәйекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрғандығын сөз етеді. Тәуелсіздік стратегиясы ондаған миллион адамның мүддесіне сай жоспарлануы айнымас қағида болуы тиіс еді.
1992 жылдың басында тұңғыш рет «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» жоспарланды. Ол туралы автор: «Бұл өткен жылдардың былығынан даму жолын айқындап алып ойластыруға бағытталған алғашқы талпыныс еді, сондықтан оны бірінші үшжылдық жалпымемлекеттік жоспар деп сенімді түрде атауға болатын-ды», – деп жазады.
Аталмыш құжатта былай жазылған еді: «Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз, асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, жеке бастың бір сәттік материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп, соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге әркімнің сенімді болуына мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын да нақты тұжырымдамасы, міне, сондықтан да қажет» [24, 16 б].
Бұл стратегиялық жоспарда ең бірінші мемлекет ретінде жан-жақты қалыптасып, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізе отырып, мемлекеттік институттарды құрып, әртүрлі дүниежүзілік ұйымдарға мүше болу жобасы жасалды. Стратегия қазақстандық ұлттың өзін-өзі танып білуі жөніндегі мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған республикалық тұңғыш ресми құжаттардың бірі болды.
Стратегия екі экономикалық принципке негізделді. Біріншіден, бәсекелестікке негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы құру. Екіншіден, адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау. Жалпы, стратегияда көзделген басты мәселе жоспарлы экономикадан нарыққа, тоталитарлықтан либералдық саясатқа көшу идеясы еді.
«Былайша айтқанда, – деп жазады Н.Назарбаев бұл құжат турасында, –Стратегияның түйінді идеялық мәні «жақсы тұрмыс – баршамыз үшін» деген ұғым болды. «Жақсы тұрмыс – баршамыз үшін» деген принципті ұстана отырып, біздің мемлекет кәсіпкерлік еркіндік қызметтің кез келген қалаулы саласына күш жұмсау мүмкіндігін ниет еткен әрбіреуді қамтамасыз ету арқылы баршаға қолайлы жағдай туғызатынын мәлімдеді. Мұндай жағдайда неғұрлым қабілетті, еңбекқор және іскер адамдар қоғамда соғұрлым жоғары әлеуметтік мәртебеге жететін болады. Сонымен бір мезгілде біз экономиканың өсуі мен тұрақтануына, оның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануына қарай еңбек кірістерін, зейнетақылар мен жәрдемақыларды көтеруге уәде бердік. Тарихтың өзі көрсеткендей, біз берген уәдемізді орындап шықтық. 1992 жылдың аяғында менің бұл стратегия тек үлкен жолдың басы ғана деп мәлімдеуіме сенетіндер аз болды. Дағдарыстың нағыз қызған шағында стратегия әрбір адамның тең мүмкіндіктерді өз еркімен таңдауына және өздерінің экономикалық, әлеуметтік және саяси мүддесін жүзеге асыру үшін экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауына жол ашатын көп укладты нарықтық экономикасы бар кәдімгі демократиялық қоғамды құруға арналған бағытын айқындады. Біз заң, халық еркі мен таза ақыл-парасат билік ететін қоғамды құруға ұмтылдық. Ол іскер де ақылды адамдардан тұратын ауқатты және табысты азаматтардың қоғамы еді» [25, 355 б].
Бұл стартегияның жүзеге асуына сенгендерден күмәнданғандар санының басымырақ болғандығына тарих куә. Орынды-орынсыз сындарға да басылым беттерінен орын табылды.
Арада жылдар салып саралағанда автор бағыттардың жүйесі соншалықты айқын болып ұсынылғандығын, оның өте ықшамдалған бағдарлама болғандығын айтады. Саяси және экономикалық салаларда төрт бағыт және идеялық біріктіру саласында да төрт бағыт болды.
Бірінші. Формальді-құқықтық тәуелсіздіктен нақты тәуелсіздікке ауысу міндеті қойылды. Екінші. Бұл кезеңде мемлекеттілікті нығайту стратегиялық бағыт болып таңдалды. Үшінші. Жүйелі және кең көлемді экономикалық реформалар бағыты таңдап алынды. Төртінші. Сыртқы экономикалық әріптестерді таңдаудағы прагматизм және тұтастай прагматикалық сыртқы саясат.
Идеологиялық жаңарудың мән-мағынасы мынандай төрт бөліктен тұрды. Біріншіден, ұлтаралық келісім. Екіншіден, ішкі ұлттық бірлік. Үшіншіден, қазақстандық қоғамды жаңғыру идеологиясы жария етілді. Азаматтық қоғам институттарын, көппартиялылықты, тәуелсіз ақпарат құралдарын, үкіметтік емес ұйымдарды құру – осының бәрі жаңартылған идеология жүйесіне кірді. Соңғысы, діни төзімділік пен дін ұстанушылар бостандығы айқындалды.
Автордың өз сөзімен айтсақ, «бұл ережелердің бәрі де уақыт сынынан сүрінбей өтті».
Алғашқы табыстарға қарамастан әлі де шешімін таппаған көптеген проблемалар жинақталып қалған еді. Автор ол турасында: «Мені ерекше алаңдатқан соның бірі – адамдардың болып жатқан өзгерістерді қабылдамауы болды», – деп жазады.
Экономиканың қатаң құлдырауы мен дағдарысы жағдайында Президент Жоғары Кеңестің отырсында «Президенттік Меморандум» деген атпен мәлім болған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне Жолдаумен шығып сөйледі. Ондағы басты мақсат мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелоны, сондай-ақ саяси партиялар мен бірлестіктер Қазақстанда қалыптасқан ахуалға нақтылықпен қарап, дұрыс қорытынды шығарса, және ақыр-соңында келісіп әрі сындарлы жұмыс істесе деген ой жатқан еді.
1994 жыл көптеген аспектілерде
бетбұрыс жылы болды. Меморандум
ақша-несие және банк
1996 жылдың басына қарай
реформалау үрдісі толық