Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 12:43, лекция

Описание работы

1.Қаржылық менеджменттің мәні.
2.Қаржылық менеджменттің мақсаты.
3.Қаржылық менеджменттің теориялық негізі

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

1 тақырып. Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні

1.Қаржылық менеджменттің мәні.

2.Қаржылық менеджменттің мақсаты.

3.Қаржылық менеджменттің теориялық негізі

1. Қаржыларды басқару қағидалары мен әдістері нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде XIX – XX ғасырларда мамандандырылған білім облысын қалыптасып, «қаржылық менеджмент» деген атауға ие болды. Соңғы жылдары қаржылық менеджемент жеке дамыған білім саласында өзінің терең дамуын алды – қаржылық талдауда, инвестициялық менеджментте,  кәсіпорындарда банкрот қауіпі туған кезде дағдарысқа қарсы басқаруда.

«Менеджмент» сөзі «басқару», «ұйымдастыру» деген мағына береді. Менеджмент кәсіпорынды басқару экономикалық жүйе ретінде сонымен қатар:

  • Экономикалық басқару жүйесі
  • Басқару аппараты
  • Кәсіпкерлік қызмет
  • Басқару туралы ғылым ретінде қарастыру керек.

Қаржылық менеджмент – ол кәсіпорын деңгейіндегі қаржылық жүйені басқару болып табылады. Ол ішкі ортамен тығыз қарым-қатынаста болады және оның қызметтері кәсіпорындарды басқарудың жалпы мақсаттарына жету үшін бағытталған.

       Кәсіпорынның  қаржылық қызметін басқарудың  әсерлілігі мына негізгі қағидалардың  өтімділігімен қамтамасыз етіледі:

  1. Басқарушылық шешімдердің кешенді мінездемелерін қалыптастыру. Қаржылық ресурстарды қалыптастыру, реттеу және пайдалану кезінде барлық басқарушылық шешімдер ақша айналымдарымен бір-бірімен тығыз байланыста болады.

2 Жалпы кәсіпорындарды басқару жүйесімен шоғырландырылуы. Кәсіпорындар мұндай кәсіпкерлік сферада шешім қабылдай алмайды, ол ақша ағымының қалыптасуына және қаржылық қызметтің қорытындысына   немесе ауыспалы түрде әсер етеді.

3 Басқарудың жоғарғы қозғалысы. Қаржылық менеджментке жоғарғы қозғалыс, ішкі ортаның факторлерінің өзгеруін есепке алу, ресурстардың жеткіліктігі, ұйымдастырудың өндірістік және қаржылық қызметтерінің формасы, қаржылық жағдайы және т.б. кәсіпорындардың қызметтік параметрлері тән.

Қаржылық менеджменттің негізгі сұрағы – ішкі және сыртқы қаржы көздері мен фирмалар арасындағы қаржы ресурстарының ең жоғарғы әсерлі қозғалысты қамтамасыз ету бойынша негізгі керекті шешімдерді қабылдау. Қаржылық менеджменттің объектісі кәсіпорынның ақша айналымы. Қаржылық менеджменттің субъектісі – қаржы бөлімі, оның менеджерлері. Қаржылық менеджмент қызмет түрі ретінде келесі сұрақтарды қамтиды:

  1. Фирманың қаржы саясатын жасау және іске асыру.
  2. Қаржы сұрақтар бойынша шешімдерді қабылдау.
  3. Қаржы есеп беру.
  4. Инвестициялық жобаларды бағалау, инвестициялар портфелін құрастыру.
  5. Қаржылық жоспарлау және бақылау.
  6. Басқару жүйесін ұйымдастыру.

2. Қаржы менеджменттің мақсаты – фирманың мақсатына жету үшін құралдар мен әдістерді ұсыну және қолдану, сондай-ақ  фирма дамуының қысқа және ұзақмерзімді мақсаттарына жету. Қаржы менеджменттің міндеті: қаржы ресурстардың ең тиімді қозғалысты қамтамасыз ету бойынша шешімдерді қабылдау.

Қаржылық менеджменттің атқаратын қызметтері:

  1. Жоспарлау. предполагает формулирование целей и выбор путей их достижения на основании разграничения обязанностей в рамках организационных структур управления. Сюда же относится и распределение ограниченного объема ресурсов во временном аспекте
  2. Ұйымдастыру предполагает необходимость структурирования объектов управления для разграничения полномочий, прав и обязанностей функциональных подразделений.
  3. Ынталандыру - основывается на деятельности, направленной на практическое воплощение намеченных  финансовых решений в жизнь. Реализация этой функции содействует стимулированию деловой активности, производительности и качеству труда. Содержание функции базируется на отребностях людей и факторах, определяющих их поведение.
  4. Бақылау - представляет собой сравнение достижений с поставленными целями и установленными критериями в развитии финансов

3. Кәсіпорындарда қаржылық менеджменттің теориялық негізі.

Қаржылық менеджердің өзінің жұмысының процессінде келесі міндеттерді орындауы керек:

  • өзінің фирмасының қызметін үзіліссіз қамтамасыз ету үшін қаржылық ресурстарға деген қажеттілігін анықтау;
  • қаржы ресурстарының мүмкін көздерін талдау және нақты міндеттерді шешу үшін мақсатқа сәйкес болатын варианты таңдау;
  • қаржы ресурстарының пайдалы құрылымын анықтау және қалыптастыру;
  • фирма мақсатына жету үшін және мақсатқа сәйкесін таңдау үшін қаржы ресурстарының мүмкін бағыттарын пайдалануды талдау;
  • қаржы ресурстарының қалыптасу және пайдалану процессін басқару.

Қаржылық менеджменттің құрылымдық механизміне мына элементтер кіреді:

    1. Кәсіпорындардың қаржылық қызметін мемлекеттік нормативтік– құқықтық реттеу. Кәсіпорындардың қаржылық қызметін реттейтін заңды және басқа да нормативтік актілерді қабылдау мемлекеттің ішкі қаржылық саясат өтімділігінің бағыттарының бірі ғана болып саналады. Осы саясаттың заңды және нормативтік негіздері кәсіпорындардың қаржылық қызметін әр формада реттейді.
    2. Кәсіпорындардың қаржылық қызметін реттеудің нарықтық механизмі. Нарықтық қатынастар тереңдеген сайын, кәсіпорындардың қаржылық қатынастарын реттеудің нарықтық механизмі өсе түседі.
    3. Кәсіпорындардың қаржылық қызметінің жеке аспектілерін реттеудің ішкі механизмі. Мұндай механизмді реттеу кәсіпорындардың шегінде жүзеге асады. Сонымен қатар, басқа да қаржылық қызметтері бойынша олардың оперативті басқаруладың сұрақтары шешіледі.
    4. Кәсіпорындардың қаржылық  қызметін орындаудың нақты әдістері мен тәсілдерінің жүйесі. Қаржылық қызметтерді талдау, жоспарлау және қадағалау үрдістері кезінде кеңейтілген әдістер мен тәсілдер жүйесі көмегімен керекті қорытындыларға жету қолданылады. Оның негізгі әдісіне мыналар жатады:
      • технико – экономикалық есептемелер;
      • баланстық есептемелер;
      • экономико – статистикалық есептемелер;
      • экономико – математикалық есептемелер;
      • салыстырулар және т.б. әдістер жатады.

Қаржы менеджменттің экономикалық әдістерін 2 топқа бөлуге болады:

  1. Сыртқы қаржыларды басқару.
  2. Фирмалық есеп және қаржылық бақылау.

Тақырып-2. Қаржылық менеджменттің негізгі көрсеткіштері

  1. Базалық көрсеткіштердің мәні
  2. Дьюпонның формуласы 

1. Каржылық менеджменттің ақпараты мен құралдары фирмаға ақырғы нәтижеге, яғни пайданы максимизациялауға көмегін тигізеді. Қаржылық менеджменттің көрсеткіштері бухгалтерлік есеппен тығыз байланысты. Бухгалтерлік баланс қаржылық менеджмент үшін ақпарат көзі болып табылады. Кәсіпорындар активтері - кәсіпорынның жеке меншігі баланс активінде көрсетіледі. Негізінде активтердің 3 түрі болады:

1. Ақша капиталы мен құралдарынан  тұратын ағымды активтер қолма-қол  ақшаға тез өзгеру (1 жыл ішінде).

2. Тауар мен қызмет көрсетуді  өндіруде кәсіпорын қолданатын ұзақ мерзімді қызмет уақыты бар негізгі капитал.

3. Натуралдық-заттық формасы жоқ, бірақ кәсіпорын үшін құнды, материалдық  емес активтер, ұзақ мерзімді  құнды қағаздар, басқа компанияларға  капитал салымдары, болашақ периодтардың  шығындары және басқа да әр түрлі активтерден тұратын басқада активтер.

Айналымнан тыс активтер тұрады: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыс, материалды құндылыққа салатын кірісті салымдар (лизинг), ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

Базалық көрсеткіштер деп атайтын келесі төрт негізгі көрсеткіштері:

1. Қосылған құн. Егер өндірілген өнімнің құнынан тек кәсіпорын белгігі бір кезеңде сатқан ғана емес тұтынылған өндірістің материалдық құралдарын ( шикізат, энергия және т.б.) және басқа ұйымдардың қызметін алып тастаса, онда шын мәнінде шикізаттың, энергияның, қызметтердің құнына қосылған құн пайда болады. Қосымша құнның көлемі кәсіпорын іскерлігінің маштабы мен оның ұлттық байлықты құрудағы үлесін көрсетеді.

2. Инвестицияны Эксплуатациялау Брутто Нәтижесі (ИЭБН). Қосылған құннан –еңбекті төлеу шығынын және оған байланысты бар міндетті төлемдерді, кәсіпорынның салық және салықтық төлемдерін (пайда салығынан басқалары)  алып тастасақ ИЭБН табылады.

ИЭБН мен ҚҚ үлестік салмағы бойынша кәсіпорынды  басқарудың  тиімділігі туралы айтуға болады және потенциалдық  рентабельділік  пен кәсіпорынның икемділігі туралы жалпы мәлімет айтуға болады.

3. Инвестицияны  Эксплуатациялау НЕТТО Нәтижесі (ИЭНН ).Ол  несие үшін процент төлеу мен пайдаға салынатын салыққа дейінгі пайда көрсеткіші.

ИЭБН-нен негізгі құралдарды орныны келтіруге арналған шығындарды (негізінен амортизация) алып тастағанда ИЭНН табылады.

Тәжірибе жүзінде ИЭНН- көрсеткіші ретінде балансты пайданы(БП) алуға, ИЭНН-ге дейін орнына келтірілген көрсеткіш орнына өзіндік құнға жатқызылатын  несие үшін процентті қосу керек.

4. Активтердің экономикалық  тиімділігі (ЭР) Оны анықтау үшін  өндірістің тиімділігінің жалпы формуласын қолдануға болады:

өндіріс тиімділігі / салымдар мен шығындар *100%

оған ИЭНН мен активтер көлемін  салсақ формула төменгідей түрленеді:

ЭР=ИЭНН / активтер*100% = БП+ несие үшін % / активтер * 100%

Экономикалық тиімділік – кәсіпорын үшін маңызды көрсеткіш, оның жеткілікті деңгейі қазіргі кезеңдегі және болашақта жетістіктерінің сипаттамасы. Тиімділіктің формуласын айналым / айналым көбейтіп өңдейміз. Бұл өзгерістен тиімділіктің көрсеткішінің нәтижесі өзгермейді, бірақ тиімділктің 2 маңызды элементтері пайда болады: коммерциялық маржа КМ және трансформациялау коэффиценті ТК.

ЭР=ИЭНН / актив * айналым / айналым * 100 = ИЭНН / айналым * 100 * айналым / активтер = КМ * 100 * КТ, мұнда

КМ – коммерциялық маржа,

КТ – трансформациялау коэффициенті.

Коммерциялық маржа КМ әр 100 теңгені пайдалану қандай нәтиже беретінін көрсетеді. Ол % түрінде болады. Бұл айналымның экономикалық тиімділігі немесе сату тиімділігі, сатылған өнім тиімділігі. Жоғары деңгейдегі пайдасы бар кәсіпорындарда КМ 20-30 % жоғары болып, ал басқаларында 3-5% шамасында болады.

Трансформациялау коэффициенті активтің әр бір 1 теңгесінен, неше айналым теңге келетін көрсетеді, яғни бұл коэффициент активтің айналымдылығы ретінде қабылдауға болады.

2. Дюпонның формуласы.

Дюпонның атақты формуласы төменгідей болады:

Активтің таза тиімділігі = таза пайда / активтер * айналым / айналым = таза пайда / айналым * айналым / активтер

Бұл формула қандай факторлардың, қандай дәрежеде активтердің таза пайдасынын әсерін тигізетінін көрсетеді. Егер бұл формуланы өзгертіп, оған акционерлік капиталдың таза тиімділігін кіргізсек болсақ, төменгідей нәтиже шығады:

Акционерлік капиталдың таза тиімділігі = таза пайда / акционерлік капитал = таза пайда / айналым * айналым / актив * актив / акционерлік капитал

Егер акционерлік капиталдың таза тиімділігі өскен жағдай болса, бұл формула бойынша: ненің есебінен өскенін білуге болады. Тиімділіктің өзгеруінін факторларын талдау кезінде, ең басты қай  көрсеткіш КМ немесе ТК тез өзгереді, сол себепті активтердің экономикалық тиімділігінің жалпы деңгейіне күшті әсер жасайда деген басты сұраққа жауап іздеу.

Қаржылық менеджементтің негізгі сұрағы: тиімділік немесе өтімділік мәселесін  кәсіпорын жетістікке ұмтылу кезінде шешетін сұрақтар. Көп жағдайда екеуінің бірін таңдауға  тура келеді. Себебі динамикалық даму мен жеткілікті деңгейдегі ақша құралдарының болуын, жоғары деңгейдегі төлем қабілеттілігімен ұштастыру өте қиын. Ал өтімділік қиындықтары, соған байланысты ағымды өтімділіктің төмен көрсеткіштері  кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы мен төлем қабілеттілігін көрсетеді. Ал оның динамикалық дамуы мен айналымның күрт өсуі мен нарықты шапшаң игергенін көрсетеді.

Кіші және орта бизнестің кәсіпорындары үшін айналымның жоғары қарқындағы өсіруі, жоғары өтімділігі бар қажеттіліктің болуына әкеледі. Ал ірі кәсіпорындар үшін тым жоғары қарқындағы айналымның өсуі, олардың өтімділік жағдайын қиындатып жібереді. Бұл мәселе тиімділік пен өтімділіктің қарым-қайшылығын көрсетеді. Аталған сұрақ кәсіпорындардың өздерінің барлық даму қезеңдерінде шешіп отыруларына мәжбүр етеді: тиімділік іскерлік немесе ол өтімді құралдардың жеткілікті деңгейін ұстап отыруға тиісті.

Дегенмен де ол екеуін ұштастыпу қиын болғаны мен мүмкіндігі бар.

ӨК = ИЭНН - активтер өсімі / активтер көлемі = ИЭНН / активтер көлемі –

активтер өсімі / активтер

ӨК-өтімділік көрсеткіші

Айналымды өзін-өзі қаржыландыру мен қарыз алу арқылы өсіруге болады. Айналым құралдарын қаржыландыру оларды жабу көздерін таңдау форманың тәуекел мен тұрақтылыққа қатысты нысандық мақсаттарына байланысты болады.Айналым құралдары қысқа мерзімді, сол сияқты ұзақ мерзімді көмегімен және өзіндік құралдар мен қаржыландырылады.

3 тақырып. Тәуекел және табыстылық.

1. Қаржылық тәуекелділіктің  мәні

2. Қаржылық тәуекелдіктерді  басқару әдістері

3. Қаржылық тәуекелділікті  төмендету тәсілдері

1. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелділіктермен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдылығын кездесіп отырады. Тәуекелділікті талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, тәуекелділіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелділік статистикалық, сараптың және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Қолайсыз уақиғалар болған кезде зардаптарды азайтуға ақшаны, өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасаған шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезінде кәсіпорындағы төнетін тәуекелділіктердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қаржынын әртараптандырудың ерекше маңызы бар.

Тәуекелділікті азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктің сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі қамтамасыз етіледі.  

Тәеукелділік – экономикалық қызмет шартының кездейсоқ өзгеруіне байланысты күтілген табыстың, мүліктің, ақша қаражаттарының шығынға ұшырау қауіпі. Тәуекелділік 3 негізгі белгімен сипатталады: белгісіздіктің болуымен, баламалық таңдау, таңдалған  баламаның жүзеге асырылуын бағалау мүмкіндігі.

Тәуекелділік жағдайының бірнеше түрлері бар :

  • Субъект шешім қабылдаған кезде  күтілген нәтижені алу мүмкіндігін обьективтік бағалауы үшін  мысалы: жүргізілген статистикалық зерттеулерге, жағдайды пішіндеуге негізделеді.
  • Субъект шешім қабылдаған кезде   күтілетін нәтиженің келуі мүмкіндігіне сүйенеді,    бұл кезде шешім қабылдау объективтик мазмұнның негізінде емес, субъектің қабылдау жағдайына   байланысты болады.
  • Субъект  балама таңдау  және оны жүзеге асыру үрдісінде  нәтиже алудың  объективтік және субъективтік бағалауына жүгінеді.

Информация о работе Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні