Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 12:43, лекция

Описание работы

1.Қаржылық менеджменттің мәні.
2.Қаржылық менеджменттің мақсаты.
3.Қаржылық менеджменттің теориялық негізі

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

7. Егер кәсіпорын  иелерінің  байлығые максималдауға ұмтылса  онда,маңыздысы болып  нарықтық  тәуекел табылады.

Жобаның бірлік тәуекелін талдау жобаның ақша ағымдарының белгісіздігінің орнатылуынан басталады,бұл компьютерлік модельдердің күрделі экономикалық және статистикалық зерттеулерді қолдануынан негізделеді. Бұл келесі белгілер бойынша жалған болып есептеледі:

- Акциялар қоржыны диверсификацияланбаған  кішігірім кәсіпорын иелері акционерлер  нарықтық тәуекелден гөрі корпорациялық тәуекелді ойлайды.

- Диверсификацияланған акциялар  қоржынын иемденген  инвесторлар  тәжірибе жүзінде талап етілетін  табыстылықты есептегенде  нарықтық  тәуекелден басқа да факторларды  яғни  фирманың кәсіпорындық тәуекелінен  тәуелді қаржылық тәуекелді  ескереді.

- Кәсіпорынның тұрақтылығы  менеджер,жұмысшылыр , клиенттер,жеткізушілер, әлеуметтік  сфера жұмыскерлері үшін өте  маңызды болып табылады.

Жие қолданылатын талдау әдістері:

  1. Сезімділік анализі (sensitivity analysis)  бұл әдіс берілген бір ғана өзгермеліліктің қалған шарттардың өзгермеуінен NPV және IRR көрсеткіштерінің қаншаға  өзгеретіндігін  дәлме-дәл  көрсетеді. Сезімділік анализі  күтілетін көлемдердің мағынасын  санау негізінде  жасалған базалық нұсқагың құрудан басталады.  Сезімділік анализін орындау кезінде  әдетте әрбір өзгермелілікті  ауыстырып  яғни  белгілі бір пропорцияда  ұлғайтып немесе   кемітіп , ал басқа факторларды тұрақты  түрде қалдырып есептейді.
  2. Сценарий анализі. Жобаның бірлік тәуекелі NPV сезімділігінің  өзгермелеліктің  мүмкін болатын мәндерінің диапазонынан  қатысты өзгеріп отырады. Бұл тәсілді қолданғанда аналитик жобаны басқарушыдан шарттардың бағалар жиынтығын алуы қажет. Олар келесідей: нашар, орташа немесе мүмкін болатын  натуралдық бірліктегі өткізу көлемі,өткізу бағасы,өнім бірлігіне деген өзгермелі ұсталымдар.
  3. Монте- Карло әдісімен имитациялық модельдеу.  Бұл әдіс өзіне деген күрделі емес, бірақ  арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді талап етеді,сондықтан мұнда қарастырылған  есептеулер  әдісі  кез-келген электрондық офистің бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.
  4. Шешімдер ағашының анализі. Компьютерлік модельдеудің  бірінші этапы  ақша ағымдарының өзгермелік мүмкіндігінің тапсырмасын бөлумен сипатталады. Мұндай мақсаттар  үшін әдетте   үлкен емес сандар параметрімен берілген үздіксіз бөлінулерді қолданады.

 

 

 

 

Инвестициялық жобаның  ақша ағымдарын  болжамдау. Бюджеттендіру.

Инвестициялық жобалардың ақша ағымдарын  болжамдау -   ақша құралдарын  жұмсау бағыттары мен  мүмкін болатын түсім көздерін анықтау.

 Осыдан көптеген көрсеткіштерді  дәлме-дәл анықтау қиынға түседі,яғни  болжамдық периодтағы  ақша ағымдарын  жоспарлау  қолма-қол ақша құралдарының  бюджетін құруға мәжбүр етеді. Бұл үшін ағымның тек қана  маңызды параметрлерін  жоспарлайды: сату көлемі,   бартерге және қолма-қол ақшаға өткізілген тауар түсімінің үлесі, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің болжамы, т.б. Болжам анықталған  периодта жүзеге асырылады: жыл, тоқсан,ай.

 Ақша ағымдарын болжамдау  келесі операцияларды кіріктіреді:

  • Период ішіндегі ақша түсімдерін болжамдау,
  • Ақша құралдарының  ағымын жоспарлау,
  • Таза ақша ағымын есептеу(ақша құралдарының артықшылығы немесе жетіспеушілігі)
  • Қысқа мерзімді қаржыландыру қажеттілігінің  жалпы есебі.

 Бірінші этаптағы анықталған қиындықтар  егер кәсіпорын  сатудан түскен түсімді оның өнімді тиегеннен кейінгі өлшемін қолданатын  есептеу әдісін қолданған кезде туындауы мүмкін. Ақша құралдарының түсуінің негізгі көзі болып, несиеге және  қолма-қол ақшаның  түсімдеріне қосатын  тауарды сатудан түскен түсім жатады. Тәжірибе жүзінде кәсіпорын  сатып алушыларға тауарды төлеу үшін қажет құралдарды орташа периодта есептеуін   мәжбүрлік етеді. Осыдан  ағымдағы және болашақ периодтағы  өнімді өткізуден  түскен түсіи үлесін анықтауға болады. Баланстық әдіс көмегімен  ақша түсімдері мен  дебиторлық берешек өзгерістерін есептеуге болады:

ВР + ДЗнп = ДП + ДЗкп

 Мұндағы: ВР- период ішіндегі  өнімді өткізуден  түсім; ДЗнп- период  басындағы тауарлар мен қызметтерге  дебиторлық берешек; ДП- берілген периодтағы ақшалық түсімдер; ДЗкп- период соңындағы  тауарлар мен қызметтерге дебиторлық қызмет;

 Дебиторлық берешектің  классификациясы  оның  өтеу мерзіміне байланысты, бұл алдағы периодта  жиналған  статистикалық  талдау мәліметтерінің  көмегімен жүзеге асырылады.

 Есептеудің бірінші этап  өтеу мерзімі 30,60,90күн орташа үлесін  орнатады.

Екінші этап   ақша құралдарының ағымының көлемін орнатады.

Үшінші этап  болжанатын ақша ағымы мен оны төлеудің көмегімен  таза ақша ағымын анықтайды.

Тәжірибе жүзінде кәсіпорынның ақша ағымының дефицитін жабу үшін  келесі альтернативтік әрекеттерді қолданады:

  1. Бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде  дебиторлық берешекті басқаруын оптимизациялау.
  2. Материалдық емес активтер мен  негізгі құралдарға  капиталдық салымдарды уақытша тоқтату.
  3. Алдын-ала төлеу жағдайында клиентке  тауар бағасынан жеңілдік  ұсынуды қарастыру.
  4. Бартерлік мәмәлелерді  мүмкіндігін бағалау.
  5. Несиеге сатуды тоқтату.

Бюджеттеу – маркетингтік жоспар мен өндірістік жоспарды және кәсіпорынның  басқарушылық жоспарын біріктіретін   жоспарлық бюджеттерді өңдеу процессі.

Бюджеттеу мақсаты -  құрылымдылық бөлімшелер мен  жалпы көлемде  өндірістік – коммерциялық процесті қажетті  ақша құралдарымен қамтамасыз ету.

Қойылған мақсатқа жетуі үшін  бюджеттеудің негізгі мәселелері шешілуі қажет:

  • Бюджеттеу обьектісін орнату,
  • Операциондық және қаржылық бюджет жүйесін дайындау,
  • Бюджет көрсеткіштерін есептеу,
  • Қажетті қаржы ресурстарының көлемін анықтау,
  • Ішкі және сыртқы қаржыландырудың көлемін есептеу,
  • Түсімдер мен шығыстар болжамын жасау.

Жалпы бюджет жүйесінде  негізгі және локальды бюджет бөлінеді:

Негізгі бюджет -  қойылған мақсатқа жету үшін  қажетті өндірістік және маркетингтік  анықталған бюджет түрі.

Локальды бюджет -  негігі бюджетті құру үшін  ақпараттық база қызметін атқарады.

Бюджеттік басқаруды енгізу келесіні анықтайды:

  • Ұйымдастырушылық құрылымды дайындау
  • Кәсіпорынның қаржылық құрылымын қалыптастыру,
  • Бухгалтерлік, салықтық , басқарушылық есеп технологиясын  енгізу,
  • Кәсіпорынның бюджеттік стандарты
  • Қаржылық есеп орталғын анықтау,
  • Кәсіпорынның   қаржылық және операционндық бюджетін құру.

Жауапкершілік орталығы -  бюджетті жоспарлау гнемесе оның орындалуына  кәсіпорынның құрылымдылық жетекшісі немесе менеджер  тікелей жауап беретін кәсіпорынның бюджеттік баптар жиынтығы.

Бюджеттеу процесінде орталық жетекшісі  келесілер үшін жауапты :

  • Түсімдер мен шығыстар статьяларының  нормалау және жоспарлауды ұйымдастыру,
  • Бюджеттің сәйкес баптарының дұрыс  жоспарлануы,
  • Бюджет баптарының  орындалуын қадағалау,
  • Фактілік параметрлерге байланысты  бюджеттік баптардың  жоспарлық  шешімдерге келу.

 

13 тақырып. Ұзақ мерзімді  қаржылық жоспарлау.

 

Нарықтық экономикада жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын, тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгілегген мақсаттарға жетуге бағытталғане процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау, кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары. Жоспарлау:

  • экстенсивтілігімен
  • қарқындалығымен
  • тиімділігімен сипатталынады.

Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:

    1. Автоматтық – инфляция кезінде деректер келесі жылға көшіріледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде  пайдаланылады.
    2. Статистикалық - өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың  санына бөледі.
    3. Нөлдік таза тәсілдемесі – барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі.

Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың маңызы – ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процесстермен оңтайландырудың күні бұрын анықталмаған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде ортақтастырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану. Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарының басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оның мемлекеттік билік пен басқарудың органдары мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырылады.

Қаржылық болжау  - Мемлекеттің мүмкін болатын қаржылық жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарының көрсеткіштерін негіздеу. Болжамдар орташа мерзімді (5-10 ж) және ұзақ мерзімді (10ж астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді талап етеді.

  • Экономиканың процестердің анықтайын факторларға қарай жалпы жоспарлы көрсеткіштердің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілірді жасау;
  • Корреляциялық – регрессиялық талдау;
  • Тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

Қаржы стратегиясы дегеніміз – кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету бойынша әрекеттердің басты жоспары. Ол қаржыны қалыптастыру, оларда жоспарлау мен қамтамасыз етудің теориялық және тәжірибелік сұрақтарын қамтиды және шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін мүдделерді шешеді. Қаржы стратегиясының теориясы нарық жағдайында шаруашылық жүргізудің оңтайлы заңдылықтарын зерттеу, жаңа жағдайларда өміршеңдік формалары мен әдістерін өңдеу стратегиялық қаржылық операцияларды дайындау мен жүргізу.

Қаржы стратегиясы кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын қамтиды, сонымен қатар негізгі және айналым құралдарын оңтайландыру, пайданы тарату, қолма – қол ақшасыз есеп – айырысу, салық және баға саясаты, бағалы қағаздар облысындағы саясат.

Қаржылық мүмкіндіктерін жан – жақты ескеріп, сыртқа және ішкі факторлардың сипатын объективті қарастыра отырып, қаржы стратегиясы өнім нарығында қалыптасқан жағдайларға кәсіпорынның қаржылық – экономикалық мүмкіндіктерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Қаржы стратегиясы ажылатылады: басқару стратегиясы, оперативті қаржы стратегиясы және жеке стратегиялық мүдделерді орындау стратегиясы.

Бас қаржы стратегиясы кәсіпорынның бір жылдық қызметін анықтайды (барлық деңгейдегі бюджетпен қарым – қатынасы, табыстың құрылуы мен қолданылуы, қаржы ресурстарына қажеттілігін және олардың қалыптасу қайнар көздері).

Оперативтік қаржы стратегиясы дегеніміз – бұл қаржы ресурстарымен ағымдағы оқтайландыру стратегиясы.

Кәсіпорынның қаржы стратегиясы басты стратегиялық мақсатқа сәйкес қамтамасыз ету. Қаржылық стратегияның іске асыру периоды – 3 жылға дейін және жоғары. Қаржы стратегияның маңызды бөлігі шетел компаниясының тәжірибесінде табыстық қолданысқа ие болған үшкі нормативтерді өндеу және т.б. Сонымен кәсіпорынның қаржы стратегиясының табысы қаржы стратегиясының теориясы мен практикасын өзара бірдей өлшенеді.

Қаржылық стратегиялық мақсаттардың шын мәніндегі экономикалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкестігінеде, оның әдістерінің иілігіндігінде кепілдендіреді.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы өңде қаржылық талдаудың мәліметтеріне және қаржылық жағдайда анықталған сыни межелдерге, келешекте кәсіпорын қаржысын даму бағыттарын білдіретін сыртқы ортаны талдау негізінде өңделген орта мерзімді, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжауларға негізделеді. Қаржылық стратегиялық жоспарлар ұзақ уақыт аралығында толық болуы тиіс, бірақ қажетті уақыт жағдайында олардың қайта бағдарын іске асыруға болатын тиімді болуы тиіс.

Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады:

1 кезеңде есеп беріліп отырылған  мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің  орындалауына экономикалық талдау  жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді  талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Бұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

2 кезеңде  әлеуметтік және экономикалық  даму жоспарлары мен бағдарламалының  көрсеткіштері негізінде кірістер ен шығыстардың нақтылы түрлерінің  есеп – қисаптары жасалады.

3 кезеңде сметадағы тапсырмалар  және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған  шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

14 тақырып. Айналым активтері және қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.

 

Қысқа мерзімді міндеттемелерді жоспарлаудың негізгі мәселесі -  кәсіпорынның өтімділігін қолдау және қамтамасыз ету. Мұндағы өтімділік мағынасы кәсіпорынның  келісімшарттармен қарастырылған  қаржылық төлемдерді  уақытымен және кең көлемде жүзеге асырылуы. Қысқа мерзімді міндеттемелерді жоспарлауда келесі  түсініктер мен міндеттемелерді білу қажет:

Информация о работе Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні