Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 12:43, лекция

Описание работы

1.Қаржылық менеджменттің мәні.
2.Қаржылық менеджменттің мақсаты.
3.Қаржылық менеджменттің теориялық негізі

Файлы: 1 файл

лекции.doc

— 252.00 Кб (Скачать файл)

«Тәеуекелділік» ұғымында мақсатты түрдегі келесі шарттардың байланысы оның мәнін құрайды:

  • Таңдалған баламаны жүзеге асыру барысында алға қойылған мақсаттан бас тарту мүмкіндігі.
  • Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мүмкінді.
  • Алға қойылған мақсатқа қол жеткізуде сенімділіктің болмауы.
  • Тәуекелге баратын субъект үшін белгісіздік шартында қандай да бір істі жүзеге асыру барысында  қолайсыз жағдайға тап болуы мүмкін.
  • Шығынға ұшыраудың күтілуі.

 Тәуекелділік  -  бұл қабылданған  шешімдердің қалаусыз нәтижесі  ғана емес, сонымен қатар тәуекелділік нәтижесі қаржылық шығындар немесе күтілетін табысты ала алмау мүмкіндігі  түрінде көрініс табады.

Экономикалық тұрғыдан тәуекелділіктің   келесі қызметтерін ажыратып көрсетуге болады:

  1. Инновациялық қызмет – кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді шешудің қалыптасқан шарттан өзге де шешімдерін іздеуді бақылайды. Қазіргі кездегі шаруашылық тәжірибесінің талдауы көрсетуі бойынша  көптеген ірі кәсіпорындар тәуекелділікпен байланысты инновациялық экономикалық салада  үлкен табыстарға ие.
  2. Қорғаушылық қызметі – егер де кәсіпкер үшін  тәуекелділік қалыпты жағдай  болса, онда  сәтсіздікке ұшырау бұл жаңалық болып табылмайды. Бұл жағдайда кәсіпкерлер үшін тәуекелге барып сәтсіздікке ұшыруда жауапкершілікке тартпау яғни оларға әлеуметтік, құқықтық,  саясаттық қорғау және экономикалық кепілдіктің керектігін көрсетеді.
  3. Аналитикалық қызмет –  шешімдердің мүмкін болатын нұсқаларының  біреуін таңдау  қажеттілігімен байланысты болады. Бұл үшін  кәсіпкер шешім қабылдау үрдісінде барлық мүмкін болатын барлық баламаларды талдай отыра тәуекелділігі азын және пайдалылығы көбін таңдайды.

Тәуекелділікті басқаруға болады яғни тәуекелділік дәрежесін төмендету үшін шара қолдану және анықталған дәрежеде  тәуекелділікті  болжамдап түрлі шараларды қолдануға болады. Көп жағдайларда тәуекелді басқарудың қйымдастыру тиімділігін тәуекелділік сыныптамасы анықтайды.

Тәуекелділік сыныптамасы – бұл  мақсатқа жетудегі түрлі белгілері бойынша  топтарға бөліп қарастыру. Ғылыми дәлелденген тәуекел сыныптамасы жалпы жүйедегі әр тәеуекелдің орнын бөліп көрсетеді. Тәуекелдің сыныпталған жүйесі түрлі категорияларға, топтарға, түрлерге  бөлінеді.

Құрылымдық белгісі  бойынша:

  • Мүліктік тәуекел – кәсіпкердің  ұрлыққа және т.б. жағдайларға  байланысты мүлкінен айырылу қауіпі.
  • Өндірістік тәуекел -  жаңа техника мен технологияны  енгізумен және  түрлі фактордың әсерінен  өндірістің тоқтап  шығынға  ұшырауы, негізгі және айналым қорларының  бұзылуымен байланысты тәуекел.
  • Саудалық тәуекел – тауарды жеткізбеу,тауарды транспорттау кезінде  төлемнен бас тарту, төледі уақтылы төлемеуінен шығынға ұшырауымен байланысты.
  • Қаржылық тәуекел – қаржылық ресурстарды жоғалту мүмкіндігімен байланысты.

2. Қаржылық тәуекелдіктерді  басқару әдістері. Қаржылық тәуекелділіктерді басқарудың мақсаты берілген тәуекелділікпен байланысты жоғалтуларды ақша көрінісінде бағалануы мүмкін, сондай – ақ оларды алдын ала тоқтату бойынша жолдар бағаланады. Қаржылық менеджер бұл екі бағаны теңестіріп, тәуекелділіктерді минимизациялау жайғасымы тұрғысынан мәмілені жақсы жасаудыжоспарлау керек.

Экономикалық сақтану қосымша шығындар деңгейін болжау, ықтимал зардап ауыртпалығын бағалау, тәуекелділік қаупін немесе оның салдарынан жою үшін барлық қаржы механизмін пайдалануда құралады. Одан басқа, тәукелділікті басқарудың 4 әдісі белгілі:

  1. Жеңілдету тәуекелділікті шараларды жасаудан бас тартуда құралады. Бірақ қаржылық кәсіпкерлік үшін тәекелділіктерді жеңіледету әдетте пайданы да жеңілдетеді
  2. Жоғарлатуларды алдын – ала тоқтату мен бақылау қаржылық тәуекелділікті әдісі ретінде негативті салдарды алдын – ала тоқтату  кездейсоқтықтардан сақтану және егер жоғалтулар бар болса, немесе құтылмас болса, кездейсоқтықтардың өлшемін бақыла қажеттілігімен шарттастырылға.
  3. Сақтандыру мәні инвестор тәуекелділіктерден қашу үшін ғана, яғни тәуекелділікті нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын табыстың бір бөлігінен бас тартуға дайын екендігінде көрінеді.

Сақтандыру үшін құрылатын ақша қорының, тек алдын – ала айтылған жағдайлардағы болатын жоғалтуларды өтеуге оныңресурстарын шығындаудың мақсаттың бағыттылығы; қатынастарының ықтимал сипаты; құралдардың қайтарымдылығы сипаттары тән.

Қаржылық тәуекелдерді басқару әдісі ретіндегі сақтандыру 2 түрлі әрекеттерді білдіреді:

  1. Тәуекелділіктерге ұшыраған кәсіпкерлер топтары арасында жоғалтуларды қайта бөлу;
  2. Сақтандыру фирмасынан көмек сұрау.

Ірі фирмалар әдетте өзін - өзі сақтандыруға бел буады, яғни бір типті тәукелділікке жиі ұшырайтын ұйым болған жоғалту шығындарын алдын – ала бөлінген құралдардан өтеу үрдісі.

4. Жұтып алу дегеніміз – залалды  мойындау және оны сақтандырудан бас тарту жұтып алуды қарастырылатын залал өте кішкентай болғанда және оған мән бермеуге болатын жағдайда қолданады.

3. Қаржылық тәуекелділікті  төмендету тәсілдері. Жобаның жоғары дәрежелі қаржылық тәуекелділігі оны жасанды төмендету жолдарын іздеу қажеттіліктеріне әкеледі. Тәукелелділік дәрежесін төмендету – жоғалтуының ықтималдылығы мен көлемін қысқарту. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданады:

  • Диверсификация;
  • Таңдау мен нәтижелер туралы қосымша ақпарат алу;
  • Лимиттеу;
  • Өзін - өзі сақтандыру;
  • Валюталық тәуекелділіктерден сақтандырылу;
  • Сақтандыру;
  • Хеджирлеу;
  • Байланысты облыстардағы қызметтерді бақылауға қол жеткізу;
  • Компанияның жалпы қорлардағы компанияның спецификалық қорларын пайдалану үлесін есептеу мен бағалау.

Диверсификация деп бір-бірімен тікелей байланыспаған әр түрлі салыну объектінің арасындағы капиталды бөлу үрдісін айтамыз. Диверсификация әр түрлі қызметтерінің арасында капиталды бөлу жерінде тәуекелділіктің бір бөлігінен қашуға мүмкіндік береді. Мысалы, инвестордың бір акционерлік қоғамның акцияларының орнына 5 түрлі акционерлік қоғамның акцияларын сатып алу алынатын орта табысты 5 есе көп ықтималдылығын артырады және сәйкесінше тәуекелділік дәрежесін 5 есе  төмендету.

Тәукелділік   -  менеджментінде ақпарат маңызды роль атқарады. Қаржы менеджері тәуекелді шешімдерді  қабылдауға жиі кездеседі. Бұл жағдайда капитал салымның нәтижелер анықталмаған және шектеулі ақпаратқа негізделген. Егер қаржы менеджерінде ақпарат толығырақ болса, онда ол неғұрлым нақты болжам жасап тәуекелділікті төмендете алушы еді. Осы жағдай ақпаратты өте бағалы тауар ретінде ұсынады. Инвестор толық ақпарат үшін төлеуге дайын. Толық ақпарат құны толық ақпарат кезіндегі қандай да бір сатып алу немесе капитал салымның күтілетін құны арасындағы  құнды бейнелейді.

Лимиттеу – лимит қою, яғни шығындардың, сатулардың, несиенің және тағы сол сияқтылардың шекті сомасын қою. Лимиттеу тәуекелді дәрежесін төмендетуінің маңызды әдісі болып табылады және несие беру кезінде, овердравтқа келісім жасау кезінде банктермен пайдалынады. Шаруашылық субъектілері тауардарды несиеге сату, қарыз бергенде және т.с.с. кезінде қолданады.

Өзін - өзі сақтандыру кәсіпкердің сақтандыру компаниясында сақтандырылғанынан гөрі өзін сақтандырғанын тиімді көретінін бейнелейді.

Кәсіпкермен өндірістік – сауда үрдісіндегі мүмкін шығындарды өтеудің ерекше қорын құру өзін - өзі сақтандыру мәнін бейнелейді. Өзін - өзі сақтандырудың міндеті қаржы- коммерциялық қызметінің уақыттық қиындықтарына оперативті түрде өтуде құрылады. Өзін - өзі сақтандыру үрдісінде әртүрлі резервті және сақтандыру қорлары құрылады. Бұл қорлар бағытының мақсатына байланысты натуралды немесе ақша пішінінде құрылуы мүмкін.

Хеджирлеу ( ағылшын heading – қоршау) банктік, биржалық және коммерциялық тәжірибеде валюталық  тәуекелділіктерді  сақтандырудың әр түрлі әдістерін белгілеу үшін пайдаланылады. «Хеджирлеу – айырбас валюталық бағамдарының болашақта өзгеру ықтималдығын ескеретін, шұғыл контрактілермен мәмілелерді жасайтын және бұл өзгерістердің жағымсыз салдарынан қашу мақсатын көздейтін жүйе».

4 тақырып. Активтер қоржынын (портфелін) басқару

Қоржын – салымшының нақты инвестициялық мақсатқа жетуіндегі басты құралы яғни біріктіріліп жиналған  инвестициялық құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Қоржынды қалыптастыру  жағдайында инвестор алдында негізгі мәселе туындайды:

  1. Оптимизациялау.
  2. Сенімділікпен қамту, минималды тәуекелділік.

Барлық аталған мақсаттарға жету  қоржынның құрамына байланысты болады.  Басқару объектісі болып қоржын құрамы негізінде анықталатын  бағалы қағаздар қоржыны табылады. Қоржын типі – бұл оның құрамына кіретін бағалы қағаз түрлері мен немесе алдағы тапсырмаларды орындаудағы жалпылама мінездеме.

Табыс қоржыны -  ағымдық жоғары табыс алуына бағытталған, бағалы қағазға төленетін  пайыздық сома әдетте бағамдық құны тұрақты немесе нарықтық орташа құннан жоғары болады.

Тәуекел қоржыны – жаңа технология мен жаңа өнім шығаратын өркендеудегі ірі компаниялар, кәсіпорындардың бағалы қағаздарынан тұрадды.

Балансталған қоржын -  тез өсетін және жоғары табысты, кейбір жағдайларда  тәуекелді құнды қағаздардан тұрады.

Арнаулы қоржын – жеке критерийлер бойынша құралады.

Қысқа мерзімді қорлар қоржыны – орта және ұзақ мерзімді қорлар  нарығында айналыста болатын  қысқа мерзімді бағалы  қағаздардан тұрады.

Салалық қоржын – бір-бірімен өзара байланысқан салаларға бағытталады.

Барлық қоржындар бағалы қағаздар құрамынан тұрады. Бағалы қағаз қаржылық құжат болып саналады, бұл құжатты шығарушы тұлғамен оның иесі арасындағы иелік ету немесе қарыз алу қатынастарына куәлік ететін құжат. Вексельдер, чектер, акциялар, облигациялар, кепілдеме қағаздары – бағалы қағаздар – қаржылық құжаттардың түрлері. Бағалы қағаздар процент немесе процент төлемдерін алуды және бұл құжаттарда көрсетілген қаржылық құқықтардыбасқа тұлғаларға беруді көздейді. Бағалы қағаздардың ішінде ең көп тараған түрлері – акциялар мен облигациялар.

Акция – бағалы қағаз, акционерлік қоғам капиталына қосқан үлесіне берілген куәлік, қаржылық құжат. Бұл құжат иесіне – дивиденд деп аталатын белгілі табыс мөлшерін алу; компания таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу; фирманың өндірістік – қаржы жағдайын тексеру; қосымша шығарылған акцияларды бірінші кезекте сатып алу құқықтарын береді. Артықшылық берілген акциялар бойынша дивиденд тұрақты төленеді. Дивиденд алдымен артықшылығы бар акцияларға төленеді, ал адам қалған сома қарапайым акция ұстаушыларға бөлінеді. Бірақ артықшылығы бар акцияларды ұстаушылардың қоғамның ісіне араласу, шешім қабылғанда дауыс беру құқығы жоқ. Тек қарапайым акция ұстаушылардың шешім қабылдағанда дауыс беру құқығы бар. Акция ұсталушыға арналған акция және атаулы акция болып бөлінеді. Ұсталушыға арналған акция тіркеуді қажет етпейді, олар еркін түрде сатылады. Акциялардың пайда болуы меншіктік корпоративті формасының қалыптасуына байланысты бұл меншік формасы ауқымының және оған Қажетті  қаржының күрт өсуіне байланысты пайда болған.Өте ауқымды да ірі жобаларды іске асыру үшін жеке кәсіпкердің қаражат қоры жеткіліксіз болады.Ол  үшін көптеген жекелеген қаржыларды жұмылдырып жұмсау қажет. Соның нәтижесінде акционерлік капитал және меншіктің корпоративтік түрі қалыптасады. Кәсіп орнының акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылған түрі қосымша инвестициялар тарту мүмкіншілігін артырады,ал инвесторлар үшін өндіріске капитал қауіпсіз болады. Акция сияқты облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады.Оның наминалына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.

Вексель-қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда  тауар сатушыға,яғни вексель иемделушіге береді.Вексельдің мәні-несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі. Қорыта айтқанда, банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан оларды айналым жылдамдығын шапшандатса, екінші жағынан өздеірне пайда түсіреді.

Құныды қағаздың тағы бір маңызды түрі – облигациялар. Олар тұрақты жерде табыс алу құжатын береді, бірақ меншік құқығын анықтамайды. Облигация шектеулі мерзімі  соң облигацияның құны толық  төленеді. Облигацияны үкімет, кәсіпорындар, әртүллі қорлар және басқа да қаржы – бюджет ұйымдары шығарыды. Облигация бойынша табыс «купондық төлем» деп аталады. Құрамы нөлге тең облигацияларда да болады. Бұл облигацияларға  айналымға шығарғанда номиналынан төмен бағамен сатылады, мерзімі келгенде номиналына сәйкес қайтарып алады.

Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:

Негізгі бағалы кағаз - олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.

Туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мүнай, алтын, астықжәне т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.

Үлестік бағалы кағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіи береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға кдтысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қаты-суына құқық бгреді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.

Борыштық бағалы кағаз — қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:

Атаулы бағалы қағаз — олардың барлық иелерін сәйкес-тендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқы-ғының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.

Информация о работе Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні