Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 12:43, лекция
1.Қаржылық менеджменттің мәні.
2.Қаржылық менеджменттің мақсаты.
3.Қаржылық менеджменттің теориялық негізі
1.Айналым капиталы – айналым құралдары яғни ағымдық активтер жатады.
2.Таза айналым капиталы – айналым капиталының құнынан қысқа мерзімді міндеттемелер сомасын шегеру арқылы есептеледі.
3. Ағымдық өтімділік коэффиценті - ағымдық міндеттемелердің тез өтімді активтерге қатынасы.
4. Тез өтімділік коэффиценті - ағымдқ міндеттемелер мен тез өтімді активтерге қатынасы.
5.Өтімді активтер мен
6. Абсолютты өтімді активтерді қамтамасыз ету коэффиценті - ақша құралдарымен тез өтімд бағалы қағаздарды күнделікті қаржылық операцияларға бөлу.
Ақша құралдарының айналымы қысқа мерзімді қаржылық жоспарлар үшін маңызды болып табылады. Қолданылатын негізгі мақсаттар келесідей болып табылады:
Экономикалық мәні бойынша айналым құралдары дегеніміз өндірістік айналым қорларды қалыптастыру үшін жоспарлы авансталатын ақша құрлдарының жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары:
1) үздіксіз өндіріс процестерімен өнімді іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өзінің натуралды пішінін өзгерте әр қашанда шаруашылық айналымда болады.
Айналым құралдардың құрамына өндірістік айналым құралдары мен айналыс қоры жатады. Өндірістік айналым қорлары өндірістік босалқы қорлар мен аяқталмаған өндіріске бөлінеді. Айналым қорларға іске асыруға дайын өнімдерінің босалқы қорлары кассадағы есеп шоттағы және жолдағы ақша құралдары жатады.
Әрбір кәсіпорындарда айналым құралдарының құрамы әртүрлі, ол шығын құрамына, өндіріс түрлеріне есеп мінез құлқына байланысты
Айналым активтерінің айналым мерзімін мына жолдармен қысқартуға болады:
Айналым активтерін басқару
саясаты екі негізгі
Айналым активтерінің құрылымы
мен басқару стратегиясының
көлемі, айналым активтерінің
жалпы деңгейіне қатысты баламалы
үш стратегияны бөліп
Активтер мен міндеттемелер әрекет ету мерзімдерінің әдістері айналым активтерінің айнымалы бөлігі қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар есебінен қаржыландырылады, ал тұрақты бөлігі қашан да ұзақ мерзімді пассивтер мен өзіндік капитал кредиторлық берешек тарапынан қамтамасыз етіліп отырады.
Қаржыландырудың агрессивтік саясаты - қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар есебінен тек қана айналым активтерінің айнымалы бөлігі ғана емес сонымен қатар айналым активтерінің кейбір айнымалы бөлігінің үлесі де қаржыландырылады.
Қаржыландырудың консервативтік саясаты - айналым активтерінің кейбір айнымалы бөлігі ұзақ мерзімді пассивтер мен несиелер есебінен қаржыландырылады.
Айналым активтерін қаржыландыру саясаты - қызметтік саланың көп бөлігінің шығыстарының деңгейі мерзімдік және циклдік құбылыстарға тәуелді болып келеді. Сондықтан кәсіпорынның айналым активтерінің көлемі қашан да нөлден қандай да бір максималды көсеткішке дейін құбылып отырады. Фирманың айналым активтерінің тұрақты және айнымалы бөлігін қаржыландыру айналым активтерін қаржыландыру саясаиымен анықталып отырады.
15 тақырып. Ақша қаражатын басқару.
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға компанияның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді. Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасайтынына және пайдаланатынына мүдделілік танытады. Бұл компания қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының компания өнімі ретінде болатынына не болмайтынына қарамастан, бұл қаржы институты жағдайында болуы мүмкін. Компаниялар, олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, шын мәнінде бірдей себептер бойынша ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады.
Ақша қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша кіреді. Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар. Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады: тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түcімдер; жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс; тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер; сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері; егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы; коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім-шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары мысалдары мыналар болып табылады: негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер.
Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады: акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан түскен ақша түсімдері; компанияның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция иеленушілеріне ақшалай төлемдер; қамтамасыз етілмеген облигациялардан, заемдардан, вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік және басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден ақшалай түсімдер; кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; және қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға алушының ақшалай төлемдері.
Пайыздар мен дивидендтер. Алынған және төленген пайыздарға және дивидендтерге байланысты ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері жеке ашылуға тиіс. Әрбір осындай түсім немесе төлем операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде кезең-кезеңімен жүйелі түрде .
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарынан дивидендтер төлеудегі компанияның қабілетін бағалау кезінде пайдаланушыға көмектесу үшін төленген дивидендтер операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының құрамдас бөлігі ретінде жіктелуі мүмкін.
Ақша қаражаты (құралдары) мен кысқа мерзімді бағалы қағаздар кәсіпорынның ең өтімді активтері болып табылады. Ақша құралдарын басқару қолма-қол ақшаның оптималды сомасын анықтаумен анықталады. Қаржылық құралдарды басқарудағы қаржылық менеджменттің басты мақсаты кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен қамтамасыз ету. Бұл мақсаттың жағымды жағы бұл айналым активтері мен өзіндік капиталдың аз мөлшері және шаруашылық қызметінің рентабельділік деңгейінің төмен көрсеткіші кәсіпорынды оған қарсы банкроттыққа шалдығуына байланысты соттық шағым беруінен ешқалай сақтандыра алмайды. Тәжірибе жүзінде қаржылық менеджменттегі ақша құралдарын басқару төлем қабілеттілігін басқарумен сәйекес келеді. Ақша қаражатын басқару үрдісіндегі басты мақсат ол уақытша бос ақша құралдарын қолданудың тиімділігін қамтамасыз ету және инвестициялық қалыптасқан қалдықтар жатады. Ақша қаражатын басқарудың негізгі этаптары:
Кәсіпорынның ақша құралдары мен оның төлем қабілеттігін басқару келесі элементтерге бөлінеді.
1.Ұлттық валютадағы ақша қаражаттары: кассадағы ақша құралдары, есептік шоттағы ақша құралдары, арнаулы шоттардағы ақша құралдары, жолданған ақша құралдары.
2. Шетелдік валютадағы ақша
3. Қысқа мерзімді қаржылық
Кәсіпорынның төлем қабілеттігін қамтамасыз етудегі ақша құралдарының рөлін ескере отырып, оларды басқарудың қалыпты жүйесі ұйымдастырылады. Мұндай басқаруды жүзеге асырғанда кәсіпорынның төлем қабілеттігін қамтамасыз етуде ақща құралдарының жоғары мөлшерін құру яғни кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігін ескере отырып орташа қалдықты максимилизациялау қажеттітігі туады. Кәсіпорынның ұлттық валютадағы ақша құралдары оларды сақтау кезінде инфляция кезінде өзінің нақты құнын жоғалтып алу қауіпі туады және де ұлттық немесе шетел валютадағы құралдарды сақтау кезінде уақытқа қатысты өз құнын жоғалтады, бұл өз алдына олардың орташа қалдық құнын минимилизациялауға әкеліп соғады. Бір-біріне қарама-қарсы мұндай талаптарды ақша құралдарын басқаруды жүзеге асыру кезінде есепке алу қажет. Кәсіпорынның күнделікті бачқаруында болатын ақша қаражаттарын немесе қалдықтарын және оларға тиесілі эквивалеттерді басқару активтерді жалпы басқару функциясының ажырамас бөлігін құрайды. Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызмет операцияларында қолданатын ақша құралдарының қалдығы абсолюттік төлем қабілеттіліктің деңгейін анықтайды. Сондай-ақ ол айналым активтеріне инвестицияланатын капитал көлеміне әсерін тигізеді және де анықталған мөлшерде инвестициялық мүмкіндігін мінездейді.
Ақша құралдарының операциондық қалдығы кәсіпорынның операциондық қызметімен байланысты ағымдық төлемдерді қамтамасыз ету мақсатымен қалыптасады.Оған шикізат пен жартылай дайын өнімді сатып алу, еңбекақы төлеу, салық төлеуге шығын, басқа мекемелердің қызметіне ақы төлеу және т.б. Ақша құралдарының қалдығының бұл түрі кәсіпорынның қаржылық құралдарының жиынтығы құрамында ең негізгі болып табылады.
Ақша құралдарының сақтандыру қалдығы дайын өнімдер нарығында конъюктураның нашарлауы, басқа да себептерден төлемдік айналымның бәсеңдеуі сияқты операциондық қызметтен түскен төлемдердің өз уақытында түспеуі тәуекелінен сақтандыру мақсатымен қалыптасады.
Ақша құралдарының инвестициялық қалдығы ақша нарығының бөлек сегменттеріндегі оңтайлы конъюктура кезіндегі тиімді қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қалыптасады. Ақша құралдарының компенсациялық қалдығы кәсіпорынға төлемдік қызмет көрсету және де қаржылық қызметтің басқа түрлерін көрсететін банктің талап етуі бойынша жүзеге асырылып, қалыптасады.
Кәсіпорынның банктік қызмет көрсету жөніндегі қызметіне сәйкес есептік шотта әрдайым сақталатын ақша құралдарының төмендемейтін қалыпты соммасын айқындайды. Ақша құралдарының мұндай қалдығын қалыптастыру кәсіпорынға көрсетілетін кең көлемді банктік қызметтің және қамтамасыз етілмеген несиені ұсыну шарттары болып табылады.
Информация о работе Қаржылық менеджменттің қажеттілігі мен мәні