Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

Тарау 1  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ

 Тарау 2  ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ  ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ  ЗЕРТТЕУ.

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ  ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ  ЗЕРТТЕУ.

2.1 Психолог студенттердің  қарым-қатынас мәдениетін ұстануы  және игеруін эксперименталды  зерттеу процедурасы

 

Қорытындыда психолог студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін ұстану мазмұнын жүйелеп, зерттеу міндеттерінің ашылу аясы мен ғылыми болжамның расталуы баяндалады. Пайдаланылған әдебиеттер 97 бірліктен құралған. Онда отандық ғылыми зерттеулер автореферат, диссертация ғылыми мақалалар, конференция жинақтары. Мерзімдік басылымдар, оқу құралдары, үкімет құжаттарымен бірге қосымшада диссертация мазмұнының ашылуы барысында қолданылған көркем құралдары тіркелінген.

 

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы» мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы. Ертеңгі күні XXI ғасырда өмір сүріп, еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт талабынан өткен бай қазынасын қарым-қатынас мәдениеті ретінде қарау – кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында қалалық жер мен ауылдық жердегі отбасында бірсыпыра өзгерістер байқалады. Егер ауылдық отбасының құрамында қоғамдық өзгерістерге байланысты үйде жұмыссыз отырған отбасылар басым болса, қалалық отбасылар ішінен көп уақыттарын отбасынан тыс жерлерде қызмет бабында өткізетіндердің саны көбірек болып отыр.

Ертеректе туыстық, отбасылық қатынастар адамда бала кезден қалыптастырылған болатын. Қазақ отбасында ойын, ойнау, көркем өнермен шұғылдану, еңбекке қатыстыру арқылы ересек адам мен баланың қарым-қатынасы нығайған. Туыстарға қамқор бола білу, тосын жағдайда оларға қол ұшын беру күнделікті өмір .салты қарым-қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана мектепте, жоғары оқу орындарында (мұғалім мен студент) өз рөлдерін дұрыс түсіне білуі керек.

Айталық, ата бауырында өсіп, қарым-қатынаста болған бала ерте ер жетіп, тиянақты саналы болып өссе, әкесінен тәрбие алған бала бауырмал, сезімтал, үлкенді сыйлағыш келеді. Әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі әкелеп түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархал, күшін жойған. Бұл құбылысты көбінесе қалалық жердегі отбасыларынан байқауға болады. Ал ана ең алдымен баласын түсіне білуі керек. Егер нәрестелік, сәбилік шақтарда ана бала үшін әрі қорғаушы, әрі жұбатушы болса, тектепте, жоғары оқу орнында ақылшы тәлімгер болады.

Үлкендердің үнемі ұрсып сөйлеуі бала мінезіне теріс ықпалын тигізеді. Бұл тәрбие баланы қатал, дөрекі өтеді. Өсіп келе жатқан жастар үшін отбасының, оқу орындарынан ықпалы қаншалықты екендігін Қ.Г. Шариязданова, С.М. Елеусізова сияқты отандық-психологтардың зерттеулерімен көруге болады. Жастардың тұлғалық сапаларының адам ары. Қалыптасу жүзеге асатын әлеуметтік институт – жоғарғы оқу орны. Осы жерде бала жақын жолдастарымен қарым-қатынасқа түсу барысында жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуды үйреніп, өз халқының мәдениетін, сөз өнерін меңгереді. Әрине бұл айтылғандардың барлығы отбасындағы мұғалімдер мен студент арасында ұйымдастырылған екі жақты байланыс.

Студент оқытушылардың қамқорлығынсыз және тұлға болып қалыптасуда түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін.

Студент жастарды – қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта жоғарғы оқу орнының басты мәселесі болған. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті – балажандылығы саналған.

Ал қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсеңдеп кеткен тәрізді. Отандық ғалым Қ. Жарықбаев өзінің «Ұлттық психологияны оқыту – ұлтшылдық емес» атты мақаланың Қазақстанда тастанды балалардың 90% қазақ балалары екендігін айтады. Осылардың бірден-бір себебін қазіргі шаңырақ көтерген жастардың бала тәрбиесіне толық даяр еместігі салдарынан түсіндіруге болады.

Соңғы көздері 1996 «семья» ұғымы «отбасы» деп ресми түрде қабылданды. Соңғы кездері тіршілікке керек білімге баланы жастан даярлау керек деген пікір күшейді. Отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі маңызын бізге дейінгі, көптеген ұлы ағартушылар, ғалымдар зерттеп, осы туралы құнды пікір айтқан. (Әбу Насыр Әл-Фараби, М. Жұмабаев, А. Құнанбаев, М. Әуезов т.б.)

Студент жастардың көңіл күйлері сезімтал келеді. Отбасындағы, топтағы ұсақ түйек жайсыз қылықтардан олардың ыңғайсыз мінездері қалыптасады.

Студент жастардың қарым-қатынас мәдениеті мәселесі «өзін-өзі тану» бағдарламасына жан-жақты қаралады. Бойында ұлттық қасиет пен сана қалыптасқан, халқыныңтілін білетін рухани байлығы мол, жан-жақты ... тәрбиелеп өсіру – бүкілхалықтың міндеттердің ең жауаптыларының бірі.

Студент топтарында қоршаған адамдармен, жолдастармен қарым-қатынаста әдептілік, мәдениеттілік өнегелерін күнделікті жұмыста орынды қолдану шаралары қаралған.

Бұл орайда оқытушы халық ауыз әдебиеті үлгілерін, тиым сөздер, тренингтерді пайдалануға болады.

Республикада этнопсихология, этнопедагогика бойынша зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектеріне қазақ халқының тәлімдік ой-пікірлердің дамуы, халық педагогикасы мен психологиясының ауыз әдебиетіндегі көрінісі, отбасында халықтық тәрбиені қолдану сияқты мәселелер көтеріліп, олардың негізінде диссертациялар мен монографиялар, әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламалар оқу құралдары жарық көруде.

Тарихта қандай қиын жағдайларды бастан кешірген қазақ халқының жалпы мәдениеті, психологиясы ежелгі заманнан бергі өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар, тайпалардың материалды және рухани мәдениетінің заңды жалғасы болып табылады.

Қазіргі қазақ жастарында ұлттық салт-дәстүрлерді жете түсінбеушілік, ата-тегін білмеу, бөгде тілде қарым-қатынас жүргізу жайлары көптеп байқалады. Жастар арасындағы қарым-қатынас бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

2 кесте. Қарым-қатынас мәдениеті

Студенттер

 

Оқытушылар

«Әдемі» сөздер құпиясы, тиым сөздер мазмұнын білетін, әр түрлі ортада тәртіп ережелерін, сөйлеу мәдениетін сақтауға тырысатын студенттер

Жоғары деңгей

Қарым-қатынаста студент психологиялық, тұлғалық сапаларын ескеріп, балаға өзіндік үлгі өнегесімен ықпал етуге тырысатын мәдениетті, білімді, жастар жанын түсінуге әзір оқытушылар

Ерке, инфантильді болғанымен ересектердің айтқанша құлақ алатын қарым-қатынаста аса белсенділік танытуға тырыспайтын, өзіндік бағасы орташа студенттер

Орта деңгей

Қарым-қатынаста баламен әр уақытта шынайы, адал бола бермейтін, өзіндік беделін сақтай отырып, студент психологиясын ескерместен өзіне сөзсіз бағыну талаптарын қоятын дөрекі мінез көрсететін оқытушылар

Тұйық мінезді, агрессивті, қықырлық танытатын, эгоизм басым, ерке жастар қарым-қатынаста өзіндік қызығу, қажеттілігін жоғары бағалайтын бірбеткей студенттер

Төменгі деңгей

Студентпен бір аудиторияда тең құқықтар немесе араласпаушылық жағдайда қарым-қатынас жасайтын, студентке наразылық білдіріп, сөгіп, беделіне нұқсан келтіріп, қарым-қатынас мәдениетін салғырт қарайтын оқытушылар


 

Зерттеу жұмысы барысында, арнайы бейімделген түрлі әдістемелерді қолданып анықтаушы эксперимент жүргіздік. Экспериментік бірінші сериясында оқытушылар мен студенттердің қарым-қатынас ерекшеліктері талданды.

Әдістеме

Экспериментік екінші сериясында оқытушылар мен студенттер арасында ғы қарым-қатынас арқылы аудиториядағы психологиялық жағдай қарастырылды. Қатысқан студенттер саны 41.

 

 

Ең алдымен  зерттеу  жұмысының сипатына келсек, бұл зерттеу – қазақ студенттерінің қарым – қатынасындағы бағдар ерекшелігін анықтау мақсатындағы зерттеу болып табылады. Ғылыми – теориялық әдебиеттерде бұл мәселені Д.И. Узнадзе, И.В. Имодадзе, Ш.А. Надирашвили, Терсауна, Э. Берн, Т. Харис, Е.В. Зайка, А.Н. Иванов тағы басқа  ғалымдар қарастырған. Осы ғалымдар еңбегіне сүйене отырып, біз өз зерттеу жұмысымызда зерттеу әдістемелері қатарына

Э. Берннің «Бала, Ата-ана жєне Ересек»,

В.Д. Ряховскийдіњ «Коммуникативті деңгейді бағалау әдістемелерін алдық».

Зерттеу әдістемелері С. Аманжолоа ат.Шығыс Қазақстан  мемлекеттік Университетінің 50 студент жастарына ұсынылды. Олардың 25 – сі бозбала,  25 – сі бойжеткен.

Бүгінгі студент жастар, болашақ маман десек олардың қарым – қатынасындағы бағдар ерекшелігін анықтау еліміздің қазіргі психология ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі.

Тұлға құрылымын қарастырғанда біз оның коммуникативті қасиеттеріне басты назар аударамыз. Себебі ол әр түрлі жағдайларда басқалармен қарым – қатынасын, сондай-ақ қарым – қатынаста өзін көрсетуінің айнасы болып табылады. Тұлғаның коммуникативті бағдарының терең диагностикадан  өткізу қажеттілігі психологиялық консультация беру практикасында айқын көрініп  отыр. Себебі адамдардың  психологқа көмек сұрап келу жағдайлары оның әңгімелесу, сөйлесу тапшылығынан, яғни коммуникативтік бағдарының жоқтығынан екенін аңғартып отыр.

Көптеген тұлғаны зерттеу әдістемелері коммуникативті бағдардың кейбір ерекшеліктерін қарастырады дегенмен  коммуникатвиті бағдарды анықтау және анализдеу диагностиканың негізгі объектісі  ретінде қарастыратын көңілді толтыратын әдістеме жоқ.

Біздің қолданған әдістеменің  «Бала, Ата – ана және Ересек» негізі болып коммуникативті бағдардың  үш компонентті құрылымы жатады:

  1. адамның өз серіктестерімен өзара қатынас құрудағы өзіндік жеке дара ұстанымы;
  2. адаммен терең өзара қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік беретін, басқа адамдардың ұстанымы;
  3. қарым – қатынастағы адамның бағдары болатын өзара қатынас құрудағы тереңдік деңгейі.

Коммуникативті бағдардың әрбір үш компоненті модальді түрде қарастырылуы мүмкін:

а) нақты жағдай: шынайы түрде бүгінгі күнде қандай

б) қалаулы жағдай: адам оның идеал ретінде қандай болғанын қалайды.

Қарым – қатынастағы позициялар туралы мәселелер әлеуметтік психологияның әр салаларында қарастырылған, ал кең көлемде трансактілі анализ саласында қарастырылды. Бұл тұрғыда позиция (жеке өзінің, сондай-ақ серіктестің) біріншіден, эго – жағдайды, екіншіден тұлға қарым – қатынасының негізгі түрі болып сипатталады.

Э.Берн мен оның ізбасарлары үш эго-жағдайды басып көрсетеді: Бала, Ата –ана, Ересек. Бұл тұлғаны қалыптастыру баспалдағы іспеттес, әрқайсысы өзіне ғана тән қарым – қатынас тәсілдері мен себептеріне ие. Солай бола тұра әрбір эго – жағдай өзінің  құрылымы мен генезисінің ерекшеліктеріне сәйкес қарым – қатынастың әр түрін тудыруы мүмкін. Мысалы, Бала «табиғат» және әлеуметтік ортаның  әсеріне ыңғайланған, ал ыңғайланған Бала өз кезегінде «сыртқы әсерлерге берілгіш», «жоғарыдан келген қысымға қарсы шыққыш» болуы мүмкін. Ата – ананың  эго – жағдайына  мінез – құлықтың әр түрлері тән,  авториторлы, жұмсақтықтан патологиялық қаталдыққа дейінгі варияциялары бар сондай-ақ «тәрбиелеуші» және «қадағалаушы». Ересектің эго – жағдайын сипаттағанда әр түрлі ауытқулар байқалады. «шаршаған Ересек» (психостеникалық қырлары), «өте қатты шектеулермен сызылған Ересек» (шизондты жақтары басым), «Ата – анамен араласқан Ересек» және басқалар. А.И. Иванов және Е.В. Зайка трансактілі анализдеу бойынша Бала, Ата-ана, Ересек мінез – құлықтарына берілген сипаттамаларды қарастыра келе аталған барлық жағдайларда қарым – қатынастың төрт түрінің ішінде бір түрі ғана басым болады деген қорытындыға келеді:

  1. гармониялық серіктестіктің жеке басына деген табиғилығы, назары, жылдамдығы тән.
  2. формальді, серіктестің тенденциясы мен аналиктік, нормативті жақтары басым.
  3. тысқарылық, серіктеске деген назар аудармашылық, нашар өнімділік тән.
  4. шиеленістік, аффекті және адекватты емес мінез – құлық тән, кейде патологияға да жақын.

Сонымен, қарым – қатынаста 12 негізгі позицияны бөліп көрсетуге болады. Үш эго – жағдайдың (Бала, Ата – ана және Ересек) қиылысындағы қарым – қатынастың төрт түрі: Бала – гармониясын, Бала – формальді және т.б. (Кесте 2.1.1, ќосымшадан ќарањыз).

Көрсетілген және адамның жеке өзінің қарым – қатынастағы позициясын, сондай-ақ серігінің мүмкін деген позициясын зерттеу үшін қолданысқа жарайды.

Өзара қатынастардың тереңдік деңгейі белгілі бір мөлшерде континумды көрсетеді, шеткі нүктелері  нөл және шексіздік болып табылады. Бұл континумды  белгілеу үшін В.И. Кабриннің  тұлғаның коммуникативті даму теориясы негізге алынды. Өзара қарым – қатынастардың негізгі түрлері, тереңдігіне қарай, ерекшелінеді. (Кесте 2.2.1)

Кесте 2.2.1 Қарым – қатынас тереңдігі.

Терең өзара қатынас құраймын

Терең өзара қатынасқа  түсемін

Себебі мұ-ны қажетсіз

деп санай-мын, тіпті

Жалпы қар-сы емеспін, бірақ мұны қалай істеу

Себебі өзім-нің жоспар-ларымды толық ақпа-

Бірақ ұзаққа созылмайды,

себебі  түсін –

беушілік бола-

Қиындыққа қарамастан оны одан әрі соза түсемін

Және  одан күш  аламы

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы