Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

Психологиялық компетенттілік өзінің өткен тәжірибесін, басқа адамдардың, қоғамдық тарихи тәжірибелерді адекватты түрде қолдануды көрсетеді. Ол жалпыланған психологиялық білімді өзі туралы, нақты адам туралы, нақты жағдай туралы біліммен берілуді көрсетеді.

Сауатты адам, бірдеңе туралы абстрактілі білсе, ал компетентті адам білім негізінде қандай да бір психологиялық міндетті, мәселені нақты және эффективті шеше біледі. Сонымен қоса компетенттілік бөтен тәжірибелі, норманы, дәстүрді, үлгіні, еркіндікті стереотиптерден, біреудің нұсқауынан, ұстамынан тура көшіруден бас тартуды білдіреді.

Психологиялық компетенттіліктің келесідей жалпы элементтері бөлінеді.

  • таным және өзіндік танымдық қарым-қатынастың ойынның және т.б. психологиялық құралдарын адекватты қолдану және меңгеру.
  • өткен тәжірибе анализі және оның адекватты түрде пайдаланылуы және актуалды психологиялық проблемаларды шешу
  • білімді меңгеру, дағды, қабілеттермен, жалпы психологиялық проблемеларды шешуде, мәселелерді өзін-өзі реттеу, қарым-қатынас т.б. және адекватты түрде олардың пайдаланылуы, нақты шарттарға ауысуда кіреді.
  • мінез-құлықтың эффективті проблемаларын өңдеу әр түрлі ситуацияларда.

Психолог жұмысында психологиялық компетенттіліктің бөлек жақтары қарастырылады: қарым-қатынастағы компетенттілік, интелектуалды компетенттілік т.б.

Коммуникативті компетенттіліктің критериіне ең алғаш Т. Гордон қалыптастырған болатын. Ол оны кез келген ситуациядан шығу жолы деп білді және сонымен өзінде өзіне деген ішкі бостандықты және өзгелерге де соны сезінуді дәлелдеген.

Сонымен, негізгі, компетенттік критерий бір қарым-қатынастың «тең» деңгейі болады (жоғарғы жағында орналасуға қарағанда төменгі жағы).

Соңғы он жылдықта компетенттіліктің дамуындағы программамен танысу, түрлі сферада, сонымен қатар білім алуда осы проблемены көптеген психологтар жұмысы еді.

Ю.И. Емельяновтың, Л.А. Петровскаяның жұмыстарында коммуникативті компетенттіліктің түсіндірмесі «адамдармен керекті қарым-қатынасты ұстай білу, орнату; сондай-ақ компетенттіліктің қатарына кейбір білімдермен қабілеттер қойылады». 8 (22б)

Л.Д. Столяренко болса аналогиялық жағынан мінездеме береді.: «Коммуникативті компетенттілік - өзге адамдармен қатынас орната алу қабілеті».

Эффективті коммуникацияға тән мінездеме: партнерлардың бірін-бірі түсінуінің жетістігі, ситуацияны түсіну және қарым-қатынас пәнінде жетік түсіну. (ситуацияны түсінудегі жетістікке жетуді анық проблеманы шешу болып табылады).

Коммуникативті компетенттілік ішкі ресурстардың жүйелігі ретінде қарастырылады. Олар эффективті коммуникацияның құрылымындағы түрлі өзара қатынастарды құрауда болып табылады.

Н.И. Конюхованың сөздігінде келесі анықтама жазылған: «Коммуникативті компетенттілік (әлеуметтік - психологиялық) – қарым-қатынастың түрлі жағдайларындағы бағдарлық, индивидтің сезімдік, әлеуметтік тәжірибелерінде және тұлғааралық қатынастың сферасында тікелей байланысты».

М.А. Холодная «интелектуалды компетенттілікті – ол білімнің ерекше бір түрі, түрлі эффективті шешімдерді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді»(оған экстремалды жағдайлар да кіреді). Іс-әрекеттің түрлі пәндік аймақтарында анықталуы мүмкін. 8 (23б)

Компетентті адамды білімнің ұйымдасуының қандай түрі анықтайды?

  • әртүрлілік (түрлі нәрселер туралы көптеген білім)
  • артикуляциялық (білім бөлшектері нақты көрсетілген және өзара байланыста болуы)
  • икемділік (бөлек элементтердің мазмұны ретінде және арасындағы байланыстарда тез өзгеріп отыруы мүмкін, олар объективті факторларға байланысты. Сонымен қатар білім, білімсіздікке айналғанда да)
  • керекті жағдайдағы актуализацияның жылдамдығы (білімнің оперативтілігі және оңай ..,,, жеткізілуі)
  • жағдайларды кең спектрде пайдалану мүмкіндігі (сонымен қатар, білімді жаңа ситуацияға ауыстыру қабілеті)
  • басты элементтердің ерекшеленіп бөлінуі (жан-жақтылық, білімділік, берілген білімдердің фактілер аймағында, анықтамалар ең негізгі болып саналады, олар түсінудегі ең басты шешім болып табылады).
  • категориалды мінез (жалпы идеяның, жалпы ықпал жалпы принциптер түрінде көрінген сол білім типін анықтайтын рөл);
  • тек декларативті білімді ғана емес (“не” туралы білім) сонымен бірге процедуралы, конструктивті білімді болу
  • рефлексия; яғни өзінің білімі туралы кең және терең білу. Р. Ульрих пен Р. Ульрих “әлеуметтік компетенттілік” түсінігін қолдана отырып, әлеуметтік компетентті адамдардың сипаттамасын атап көрсетті:
  • өзіне қатысты шешім қабылдап, өз сезімдерін түсінуге ұмтылады
  • жағымсыз сезімдер мен өзінің өзіне сенімсіздігін ұмытады
  • мақсатына қалай эффективті түрде жету керек екенін біледі
  • басқа адамдардың талабын, күтуі мен тілегін дұрыс түсініп, олардың құқықтарын ескере отырып өлшейді
  • әлеуметтік құрылыммен және мекемелермен анықталатын облыстарды талдайды, олардың мүшелерінің рөлін талдап, бұл білімдерді өзінің мәдени қарым-қатынасына қосады
  • нақты жағдайлар мен уақытты ескере отырып, басқа адамдардың зейінін қабылдай отырып, әлеуметтік құрылымдар мен өзінің талаптарын шектей отырып өзін қалай ұстайтынын елестетеді
  • әлеуметтік компетенттіліктің агрессивтілікпен еш қатысы жоқ екенін түсінеді, басқа адамдардың міндеттері мен құқықтарына сыйлайды.

Осылайша, психологиялық сауаттылықтың компетенттіліктен негізгі айырмашылығы болып сауатты адам біледі, түсінеді (мысалы: өзін қалай ұстау керектігін, қандай жағдайда қалай қарым-қатынас жасау керектігін), ал компетентті адам өз білімін кез келген проблеманы шешуде шынайы реалды және эффективті қолдана алады, сөзінен жұмысына ауыса алуға, жалпы пайымдаудан негізделген әрекеттерге көше алуға қабілетті.

Сауатты адам “психология туралы” білімді, ал компетентті адам осы білімдерді шынайы және эффективті қолдана алады., яғни адамдардың психологиясын біледі және шынайы ескереді.

Психологиялық компетенттіліктің даму тапсырмасы – адамды жай ғана жақсы және көп білу емес, сонымен бірге бұл білімдерді өмірдің “психологиялық практикасына” қоса алады.

Мұғалімнің психологиялық мәдениетінің құндылығы – мәнді компонентті тұлғалық маңыздылық және тұлғалық құнды бағыттылықтардың, идеалдарының, пайымдаулардың көзқарастардың, бағдарларының, қатынастардың, адамдардың психологиялық бөліміндегі сенімдердің, оның іс-әрекетінің, айналадағы ортамен қарым-қатынастық жүйесінің жиынтығын білдіреді. Бұл адамға өмірдің мәнін беретін, оны өмірге бағыттайтын, бұзатын және негативті әсерлерге қарсы тұруға қабілетті «рухани тірек»  болып табылады. Бұл сипаттамалар тұлғаның ішкі әлемінің негізін құрайды.

Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев бастаған тұлғаның мәнді құрылымдық зерттеулерді А.Г. Асмолов, Д.А. Леонтьев, В.А. Петровский, Б.С. Братусь, Е.А. Клочко және басқалар жалғастыруда.

А.Н. Леонтьевтің жұмыстарында тұлғаның мән қалыптастыру жүйесінің мотивтерін оның психологиялық мәдениетінің мәнін сипаттаушы ретінде ашады: мотивтердің иерархиясы мотивацияның мазмұны мен оның көріну формасы арқылы тұлғаның мәдениетінің негізін құрайды. Құндылықты- мәнді компонент тұлғаның құндылықтар және мәндер жүйесінде анқыталуға және өзіндік анықталуға мүмкіндік береді.

Құндылықтар жүйесі өзі таңдау жасау үшін өзінің қатынасын білдіруге өзін және басқаларды бағалау үшін қажетті координат жүйесі ретінде көрінеді. Құндылықтар тұлғалық идеалдар формасында көрінеді.

Құндылықтар жүйесі белгілі жастық, кәсіби, этикалық және басқа топтарға тән. Олар адамдарда әр түрлі бағыттылықпен қызығушылықпен, дүниетанымдылықпен өмірлік проблемеларымен ерекшеленеді. Құндылықтар иерархиясы  индивидуалды, сонымен қатар ұлттық, кластық әлеуметтік мәнділіктермен шарттасады.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемнің ұлттарын біріктіретін рухани адамгершілік бағыттылық ретінде жалпы адамзат құндылықтарының қажеттілігі мен маңыздылығы күшеюде.

Құндылық теориясының негізгі мәселесі адамды қандай мәдени құндылықтар ерекшелейді, соны ашып көрсету. Тұлғаның психологиялық мәдениетін сипаттай отырып, қандай құндылықтар адекватты екенін ашып көрсету маңызды.

А. Маслоу өзі жасаған қажеттіліктер жүйесіне сүйене отырып, құндылықтардың екі тобын көрсетті. Жоғарғы даму құндылықтары (эстетикалық, адамгершілік, танымдық) және төменгі регрессивті құндылықтар (тыныштық, түс, дем алу, қауіпсіздік). Мұндай құндылықтар бір-бірімен диалектикалық және динамикалық байланысқа төменгі құндылықтарды қанағаттандыруға өмірдің негізгі бөлігі жұмсалады.

Дені сау жетілген дамыған тұлға өзінің белсенділігін жоғарғы құндылықтарды жүзеге асыруға бағыттайды.

Гуманистік бағыттағы психологтар манипулятивті психологияның шынайы адамзаттық қоғаммен сәйкес келмейтіндігін атап көрсетеді. К. Роджерс қабылданған гуманистік құндылықтарды былай көрсетеді:

  • қорғаудан, екі беткейліктен бас тарту
  • «мен»- ге қатысты сырттан бас тарту
  • басқалардың күтулерімен сәйкес келушілікпен, позитивті бағалаудан және өзіндік «мен»- ді қабылдаудан тұрақтылықтан сыртқы әлемге ашықтықтан бас тарту.

Э. Фромм индивидуалды құндылықтар жүйесінің екі түрін бөлді, ол мына сөздермен сипатталады (болу және бар болу). В. Франкл құндылықтар жүйесіндегі қайшылықтар ноогенді неврозды тудыратын құндылықтың конфликтілерін тудырады деді. 8 (26б.)

Д.А. Леонтьев тұлғалық құндылықтарды объектілер және шын мәніндегі құбылысқа тән болып келетін міндетінің контексіндегі өмірлік мәннің көзі болушы және құрылымның бағытталуын көрсетуші индивидуалды субъектіге тән әлеуметтік жалпылықтың өмірлік іс-әрекетінің тәжірибесін бейнелеуші міндетінің идеалды моделі ретінде анықтайды.

Әрекет ету деңгейі бойынша құндылытарды былай бөлуге болады: құндылықты қатынас, құндылықты елестету және құндылықты бағдарлау.

С.С Бубнова және В.Ю. Крылов өздері көрсеткен төрт деңгейлі құндылықтың бағдарлану жүйесіне сәйкес құндылықтық бағдарланудың типтерін бөлді.

- Біріншісі- аса жалпыланған деңгей, бұған құндылықтың 3 типі тән: рухани, әлеуметтік, материалдық.

- Осылардың әрқайсысы өздеріне құндылықтың екінші типін қосады. Мысалы, рухани құндылықтар адамгершілік, танымдық, эстетикалық және т.б. тұрады.

- Үшінші деңгейде өмір әрекетінде бекілген және тұлғаның қасиеті түрінде көрінетін құндылықтар жатады. Мысалы, балаларға деген махаббат танымдылыққа деген талпынушылық және т.б.

- Төртінші деңгейі нақты мінез-құлықты құндылықтың бағдарланудың көрінуі. Қатынас – эмоционалды компонент бейнеленген құндылықтың мәнділік сферасының маңызды сипаттамасы болып табылады. Құндылықтық қатынас жекелеген нақты адамдарға болады.   

Құндылықтық бағдарлану мінез-құлықтың бағдарланған негізін құрайды және шынайы өмірлік мінез-құлықтық таңдауларда көрінеді. Құндылық норма нормативке қарағанда таңдауды қалайды (жекелеген қылықтардан өмірлік жолға дейін).

Сондықтан, ситуацияларда таңдауда адамның мәдениетінің құндылық-мәнділік компонентіне қатысты сипаттамалар айқын көрінеді. Сонымен бірге құндылық мотивтік қызметін орындауы мүмкін, яғни адамның шынайы мінез-құлқын ояту және бағыттау құндылық пен бағдарлану араларында іштей қақтығыс пайда болуы мүмкін.

Құндылық мағыналық компонент тұлға құрылымының өзегін қрайды және оның бағыттылығын анықтайды. Құндылықтар иерархиясы және ойлар дүниеге көзқарас, сенімдер мен идеялдар тұлғаның бағыттылығын және маңызды жақтарын құрайды.

«Педагогикалық бағыттылық», «эстетикалық бағыттылық» артынан тұлғаның «психологиялық бағыттылығын» қоюға болады, бірақ оның маңызы әлі зерттелген жоқ. Біздің ойымызша тұлғаның жалпы психологиялық бағыттылығы ол адамның ішкі жан дүниесіне, психикалық әлеміне, өзіне, оған белсенді қарым-қатынас пен іс-әрекет құруға ұмтылу және оған деген тұрақты қызығушылығын адамның психологиялық ерекшеліктерін негізге алу. Ерекше ішкі позиция – психологиялық. Бұл бағыттылықта адам дара құндылықтар жүйесінің ортасында тұрған сияқты. Психологиялық бағыттылықтың индекаторлары:

  • психологиялық білімдерге деген айқын және тұрақты қызығушылық
  • бонустың психологиялық аспектілеріне адамның ішкі әлеміне деген қызығушылық
  • адамның ішкі әлеміне сәйкес бағытталған іс-әрекетін таңдау
  • психологиялық позициялар

Адамның психологиялық позициясы қандай жағдайда болмасын педагогикалық, медициналық, құқықтық, көркемдік-эстетикалық позициялардан ерекшеленеді. Ұмтылу мен істей алу мінез-құлық талдауына сүйенеді. Оған ниет, ой, сезім талдаулары кіреді. Тұлға позициясы тұрақты қатынастар бағдар, құндылық жүйелерімен анықталады.

Осылай құндылық мағыналық психологиялық мәдениеттің компоненттерінің үндестік, адамгершілік құндылықтар, психологиялық бағыттылық, ашықтылық, түсінушілік жалпылау дәрежесі жатады.

Рефлексия – психологиялық мәдениетті игерудегі адамның өз әрекетінің процесстерін нәтижесін түсінуі. Өзінің ішкі өзгерістерін түсінуі. Бүтіндей рефлексия адамның ішкі психикалық іс-әрекеті ретінде анықталады. Өзін-өзі түсіну процесі сөздік, дискуссиялық ойлау жалпылау дәрежесінде өтеді.

Рефлексия - өзін-өзі танудағы және өзін реттеудегі интеллектуалды құрал. Ол даму және өзіндік даму механизмі. Психологтар рефлексияның бірнеше түрін қарастырады:

1. Мінез-құлықтық

2. Танымдық

3. Тұлғалық

4. Коммуникативтік

Тұлғаның психологиялық мәдениетіне өз өміріне саналы қатысы жатады. М.М Бахтин бүтіндей адамның негізгі қасиеті деп мәдени идентификацияланған өзінің белгілі бір мәдениетке жатуын мойындау, құндылықтарды қабылдау, осы мәдениеттің өмір бейнесін және кеңістікпен уақыттағы өзіндік детерминацияны қабылдау деп қарастырады.

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы