Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

С.Л. Рубинштейн, Л.И. Божович, И.С. Кон, И.И Чесноков, В.В Столин және т.б. 8 (30б.) еңбектерінде өзіндік сана мінез-құлық және іс-әрекетті реттеуге қатысатыны көрсетілген. Ол тұлғалық бүтіндіктің маңызды жағдайы болып табылады. Тұлғаның маңызды сапаларына әсер етеді.

Сонымен, рефлексивті компонент мәдениеттің аталған әрбір компонентінің арнайы нұсқаушысы болып табылады. Адамның өзін психологиялық мәдениеттің субъектісі ретінде тану және бағалау оны жоғарғы деңгейі өзіндік санаға дейін көтереді.

Рефлексия адам өмірінде білім мен мінез-құлық, мүмкіндіктер шынайылық арасында туатын қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Рефлексивті механизм арқасында адам өз дамуының жаңа сатысына өтеді. Адамның өмір сүруінің негізгі екі тәсілі көрсетілген:

1. Рефлексивті

2. Рефлексиядан тыс

Рефлексияның алғы шарттары (өзін сыртқы ортадан алшақтату, өз әрекеттерін, күйлерін вербалды бейнелеу) мектепке дейінгі жаста қалыптасады. Рефлексия негізінде балада біртіндеп мен концепциясы қалыптасаы, бұл Р. Бернстың теориясынан алынған, ол «мен» концепциясының өз-өзіне бағытталған үш элементтен тұратын ұстанымдар жиынтығы ретінде қарастырады:

1. Когнетивті (мен бейнесі)

2. Эмоционалды бағалау (өзіндік  баға, өзіндік қабылдау)

3. Мінез-құлықтық (потенциалды мінез-құлықтық  реакциялар)

Рефлексия өзіндік анықтау, өзіндік реттеу, өзіндік тәрбиелеудің бір компоненті болып табылады.

Мәдени шығармашылық адам бала кезде тек мәдениеттің туындысы емес, сонымен қатар оны тудырушы болатынын көрсетеді. А. Маслоу шығармашылыққа деген қабілетті универсалды сипаттама деп атады.

Шығармашылық ізденіс процесінде бала өзіне жаңалық ашады. Ересектер баланың қарым-қатынас, іс-әрекет және өзара қатынасты жасаушы екенін  түсіну керек. Ал мұны түсінбеу баланың шығармашылық белсенділігін шектейді. Әрбір адам өмірлік проблемалармен кездеседі. Ал оларды шешу үшін адамда дайын білім жоқ.

Мәдениеттің жетілген деңгейіне сүйене отырып, ол әрекеттің және мінез-құлықтың, қарым-қатынастың жаңа түрін құрады. Өзін де адамгершілікті тәрбиелейді. Шығармашылықтың екі критериі бар:

1. Іс-әрекеттің нәтижесі және  тәсілі

2. Креативтілік ретінде сипатталатын, ойлау және елестету процестерінің  сапалары

Э. Фромм шығармашылық ұғымына адамның таң қалу және тану қасиеті стандартты емес ситуацияларда шешім таба білу өз тәжірибесін терең мойындау, қабілеті деген анықтама береді.

В.Н. Дружинин шығармашылықты адам әрекеті деп түсінеді, жаңа материалды және рухани құндылықты тудырушы деп, қоғамдық маңыздылықты иемденеді. 8 (32б.)

Мәдени шығармашылық түсінігін біз «өнімділік» қатынасында ғана қолданбаймыз, сонымен қатар мәселеге енушілік пен сезімталдық стандартты емес немесе оригиналдық, иілгіштік, флексибильділік, жеңілтектік немесе ассоциативті байланыстың байлығы ретінде адам тану аймағындағы іс-әрекеттерді суреттеуде де қолданамыз.

Психологиялық мәдениеті көтеруге бағытталған барлық жұмыстардың соңғы нәтижесін біз мынадан көреміз: балаларға тән қасиеттер – мектеп түлектеріне тән қасиеттер болып, оның барлық көріністері мен аспектілеріне шығармашылық құндылықтарын қолдану болды, шығармашылыққа ұмтылу сонымен қатар жеке адам тану бөлімінде жеке өзінің, жеке өмірінде шығармашылық қасиетінің дамуы болып табылады.

Мәдени шығармашылық негізінен алғы шарттары болып табылатын креативтілікті зерттеуге, мектепке дейінгі жастан бастап, зор үлесін қосқан П. Торренс, Дж. Гилфорд, Д.Б. Богоявленская, Г.В. Залевский, В.А Крутецкий, Н.Н. Поддьяков, Н.Б. Шумакова және т.б. болды.

Шығармашылық құрам тұлғаның мәдениетті заттануының игеру қатынасындағы сияқты мәдениеттің жаңа формасын құрастыруда мәдени орнатушылықты, мәдени шығармашылықтың рөлді орындауға дайын ретінде интерпретациялануы мүмкін.

Шығармашылық норма жаңа тұлғаны мағыналарын тудырушы дәстүрлерде, білімдерде іс-әрекеттің жаңа тәсілі, өзіндік өмірінде жеке өзінде перспективалардың анықталуы өзінің өзектілуінде көрінеді.

Жеке өмірге қатысты шығармашылық құндылықтар Д.А. Леонтьев, А.С. Сухаруков, В.В. Давыдов шығармашылықты, іс-әрекеттің жеке өзінің шынайы қалыптасуы ретінде сипаттайды.

Өмірлік шығармашылық ретінде басқа адамның өміріне сәйкес адамның психологиялық мәдениетінің маңызды элементі болып табылады. Ерекше мәселе болып ұжымдық, топтық, мәдени шығармашылық, екі адамның арасында тұрған шығармашылық болып табылады.

Мәдени шығармашылықты біз психологиялық мәдениеттің жоғарғы көріністері деп қарастырамыз. Психологиялық мәдениетті тұлғаның жүйелік сипаттамасы ретінде қарастыру тұлғаның базистік мәдениетінің оның басқа аспектілерімен өзара байланыс мәселесін тудырады және ең бастысы гуманитарлық мәдениетке байланысты. Бөлінген компоненттер бір-бірінен оқшау болмайды өзара әрекеттеседі.

Тұлғаның психологиялық мәдениеті функционалды құрылымдық және генетикалық байланысы бар өзара байланысқан бүтін жиынтығын білдіреді. Бүтінділік – жүйелер қасиеті. Бөлінген компоненттер тұлғалық мәдениетті толық сипаттайды, оларда және субъективті формада қоғамның психологиялық мәдениетінің объективті элементі қарастырылған.

Психологиялық мәдениеттің құрылымдық компонентінің арасында көптеген өзара байланыстар бар. Олар барлық компоненттер арасында көрінуі мүмкін: тұлғаның мәнділік шеңберінде қайта құрылған сауаттылық пен компетенттік жоғарлауына әсер етеді. Ал жаңа білімдер құндылық бағыттарына әсер етеді.

Функционалды байланыстар бір мәдениет компонентінің өзінің функциясын орындай алмаушылығынан басқалардан оқшаулана өмір сүруінен көрінеді. Мысалы, когнетивті және процессуалды іс-әрекеттік компонентте негізінен функциялар қайта өнуі әлеуметтік тәжірибелердің сақталуы және трансляциялануы оларды функционалды біріктіреді және толықтырады, және мүмкін болатын байланысқа нұсқайды.

Тұлға мәдениетінің рефлексия функциясы өз тәжірибесімен, өзін түсінуден, өз өміріндегі ішкі қайшылықтарын жеңіп, ішкі үндестікке қызмет етеді. Өз өмірінің рефлексиясы – бұл құндылықтарды бағалау, өз өмірінде жаңа  перспективаларды құру.

Өз проблемаларыңды ұғыну, шешімдер қабылдау. Осылай біз қарсы қоймаймыз, мәдениетті игеру мен мәдени шығармашылықтың бір бірімен тығыз байланыста.

Мәдени шығармашылық мәдениет игеруден дәрежесі жоғары. Адамның психологиялық мәдениетті – жалпы мәдениеттің бөлігі. Адамның мінездемесі сияқты социумда өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі дамытуы, әлеуметтік бейімделуі, өмірден қанағат алуы. Оған сауаттылық пен компетенттілік, адамның жан дүниесі мен өзін түсінуі, құндылық – мағынасының сферасында бағыттылық алуы, дамыған рефлексияның болуы. Сол сияқты өз өміріндегі психологиядағы аспектідегі жаңа адамтанудағы шығармашылықтың болуы.

Адам психикасының дамуы – ол мәдениеттану процесі. Л.С. Выготский болатын психикалық дамуын «мәдениетке қарай өсу» деген.

XVIII ғасырдағы жойқын демографиялық соққыдан соң, жиырмасыншы ғасырдағы ұжымдастырудан, отаршылдық езгісі мемлекеттікті күйреткен, ұлттың бетке ұстарларын тұрақты түрде жойып отырған, орны толмас мәдени шығындардан, қазақ жұртының бір бөлігі дүбәраланған (маргинализация), қазақтың біртұтас әйгілі тұлғалары қасірет шеккен соң, тоқетері, осының бәрінен кейін ұлттық кие күйреп, психологиялық тығырыққа тірелуге тиіс еді.

Алайда нәтижесі басқаша болды. Қазақтар – ұлы өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан-сапалақ құз-қияларынан өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта білді. 5 (23б)

Біріншіден қазақ мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан. Қазақтың тарихи тек тамыры мейлінше тереңде.

Біздің кіндігіміз жеті атамызбен ғана жалғасып жатқан жоқ одан ағып Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізген бабаларымызбен де жалғасып жатыр. 5 (24б)

Екіншіден әлеуметтік – мәдени қыспақтық небір жойқын түрлеріне қарамастан, ұлттық мәдени жаңғырудың тетіктерін тежеу ешкімнің қолынан келмеген.

Үшіншіден қазақтар ұзақ жылдар бойы не діни, не этникалық біртектестігінен айныған емес. Қазақтардың өз ұлтына деген баға- байламы     шын мәнінде қайран қалдырады.

Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған.

Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраудың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген. Қазақты этномәдени тұтастық ретінде танып түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді. Әрине, жадау тірліктің жайдақ сөзі емес, бұл жерде әңгіме армансыз сұхбаттан туатын асыл сөз туралы болып отыр. Салиқалы сөз «қазақылықты» құлпыртудың кілті болған.

Сан ғасыр бойы рухани төлтумалықтың Темірқазығы тек зиялылар ғана емес, қара халықтың өзі болып отырған.

Қазақтың әдеби тіліндегі демократизмнің де, қорғасындай салмақты латындық даналықтың да сыр себебі осында. 5 (27б) Кәсіби салалардың қасаң заңына бейімделе бермейтін қазақ тілінің синкреттілігін де осы тұрғыда пайымдауға бол0ды. Тілдің шығармашылық арқылы әрбір қазақ өз мәдениетіні⒣ «оқшаулығын» өзінің «Мен» дегђзерлік қасиеттерін және төл мҙдениетінің сKр-сымбатына қатысының бар еке=ін тікелей сезініп отырған.

Қазақ тілінің әдеСиетшілдігі дегеніміз, түптеЯ келгенде, ойлаCдың ұлтты› ерекшелігі болып шығады. Дауға салсА, алмАстай қиған, сезімге салған қырандай қалқыған, ойға салса ›о@ғасындай балқыған, өмірдің кез ке;ген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырға әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшVн бұл дүниеде қымбат нб бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтасрығына ең негізгі ұ9ытқы аолған – оның ғажайып тілі,

Сонымен бірге, қазақ болмысының жаҡа;ық атаулысы жатсынбайтынын да атаз өт?ей болмайды. 5 (29б)

        Күні  бүгінге дейін, сахараның жазылмаған  заңы бойынша жеті атаға дейін  бір-бірімен үйленуге рұқсат етпейтін  қазақтан басқа жер бетінде  бір де бір ел жоқ. Міне, қазақ  халқының даналығын тудырған  қуатты генетикалық тамыр ешқайда  жоқ. Ұзатылған қыз келін болып түскен жеріне өз елінің тәрбиесін, қарым-қатынас мәдениетін ала келген. 5 (43б)

        Әрбір  қазақ өз қандастарының арасында  туысқандық парызын неғұрлым  терең тамырластықпен сезінсе, соғұрлым  жақын жұрағатының аясы кеңейіп, өзгелердің де оған деген мейірім шапағаты молая түседі. Мұндай қарым-қатынастың аясы жанұя мен рудан әрі асып, тайпалық, жүздік, одан ары бүкіл халықтық өремен астасып кетеді.

        Сонымен, қазіргі біздің студенттер осы  ата-баба дәстүрлерін ұстана ма? Ұстанса қаншалықты дәрежеде? Олардың қарым-қатынас мәдениетін игеруі қалай? Осы сұрақтарды ойластыра келе: егемендік пен еркіндіктің күн тәртібін де терең талдау мен талқылауды уақыт ететін мәселелер бар.

        Олар:

        -    Әлеуметтік және этникалық факторлардың  ара салмағы.

  • Этникалық және педагогикалық-психологиялық тәжірибелердің ара қатынасы
  • Этнопсихология мен этнопедагогикадағы адамгершілігін, ұлтжандылығын, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу міндеттері.
  • Жантану пәні арқылы студенттерге ізгілік білімін беру.

Жоғары мектепте өтетін жантану пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгерту арқылы адам рухын шынықтырып ғана қоймай, ұлттық мінез құлықты қалыптастырады.

Студент жасындағы адамның қоғамдағы белсенділігі артады. Оның сана-сезімі өседі. Жан қуаттары шыңдала түседі. Қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу имандылық пен адамгершілік идеялары ояна кемелдене бастайды.

Балғын жас тасқындаған күш-қуатымен мөлдір де пән көзқарасымен, өзіндік сенімімен бәрін де елжірей қабылдай беретін өзіндік қайталанбас тәтті дәурен. Осы жастағылардың арманы да мақсаты да көп.

Жас адамның бүкіл кескін келбеті, жұртпен қарым-қатынасы мәдениетті болу керек. Есі кіріп, ойы мен бойы танысқан кезде адам өзін-өзі ұдайы тәрбиелеп отыру керек. С. Торайғыров «Жақсылық көрсем, өзімнен, жамандық көрсем өзімнен, тағдыр қылды деулерді шығарамын сөзімнен – деген.»

Адамның білім тек қана сабақты ғана қалыптаспайды. Өзгелермен пікірлесу оны дамытады.

Жастық шақта қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде адам күнделікті өзі таңдаған шешімді қабылдауды талап ететін жағдайларға түсіп отырады, яғни шешім қабылдаудың мүмкін деген жолдарын қарастырып, таңдау қажеттілігі туындайды.

Ұлттық мінез құлықты сомдауды мәдени қарым-қатынастың орны ерекше. Өйткені мәдени қарым-қатынаста эстетикалық, әлеуметтік, моральдік талаптар сақталады.

Мәдени қарым-қатынас іскер жандар арасында туындайды. Ол істі алға бастырып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер адамға мәдени қарым-қатынас керек. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей жеткізе алулары керек. Біздің қоғамымызға қазір ізгілікті, мейірімді, адамгершілігі мол, мәдениетті азаматтар қажет. Жоғары мектепте студенттермен өтетін жантану пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгерту арқылы адам рухын шынықтырып қана қоймай, ұлттық мінез құлықпен қалыптастырады. Халқымыздың рухани қазынасы – бүгінгі күнмен жалғасқан өткен дәуірлер шежіресінің куәсі, ұлтымыздың тұрмыс тіршілігіміздің айнасы. Сондықтан оның Егеменді ел болғаны құдайға шүкір, көптеген жастарымыз имандылыққа бет бұрып, қарым-қатынас мәдениетін игеруде. Ата дәстүріміз қайта жаңғыруда. Осы үрдіс дәстүрге айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

1.3 Педагогикалық  қарым-қатынастың сипаттамасы 

 

Вербалды қарым-қатынастың мазмұнында, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. 9 (371б) Бұл - аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалык карым-катынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық кұралдардың бүкіл жиынын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. 9 (371б.)

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы