Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

      М.С.Каган  мәдениет функциясы туралы былай  деп жазды: Әлеуметтік кеңістікте  мәдениеттің міндеті адамдардың  қажеттіліктерін өтеу. Әрбір ұрпақтың  қажеттілігін қанағаттандыра отырып, сақталады және ұрпақтан ұрпаққа  беріліп отырады.

     В.П. Зинченко мен Б.С. Моргунов «мәдениеттің негізгі функциясы тұрмыс қайшылықтарын сезіну процесін дамыту және одан шығу жолдарын іздеу» - дейді. Жалпы психологиялық мәдениеттің негізгі функциялары:

1. Психологиялық көзқарастағы  білімнің, әдістердің сол сияқты тұлғаныың мәдениет деңгейінің жетістіктерінің сақталуы және ұрпақтан ұрпаққа берілуі.

         2. Әлеуметтік бейімделушілікті, эффективті  өзара әрекетті, өзара түсінікті, ұлты, жасы, жынысы және басқа  қасиеттері бойынша ерекшеленетін  адамның қарым-қатынасын қамтамасыз ету, өмірлік тәжірибе, білім, дамыған психикалық процесстермен қасиеттердің негізінде, проблемаларды шешуге бағытталған, адамның сыртқы және ішкі іс-әрекетінің эффективтілігін қамтамасыз ету.

   3. Өзін-өзі реттеу, өзіндік ұйымдасу, өзіндік бақылау, өзіндік жетілу процестерінің эффективтілігін, әртүрлі жағымсыз психикалық және физикалық күйлерді өтеуді қамтамасыз ету. (реттеуші – корректуралық)

4. Бағдарлану, өмірлік өзін-өзі  анықтау үрдісінде жоспарлау, саналы  проектілеу, адамның өзінің өмірін құру. (проектировалық – бағдарланған)

5. Адамның ішкі дүниесіндегі  гармонизация, толық қарсы емес. Мен концепциясының ішкі қолайлы  күйін құру, адам өмірінің толық  жан және рухани дүниесін қамтамасыз  ету, өмірлік саналарды, өмірге қанағаттану  деңгейін жоғарлату. (гармониялық – синтетикалық)

6. Процессті қамтамасыз  ету, адам өміріндегі даралық  және қоғам тұрмысындағы барлық  сфераларды жаңарту (өнімді –  тудыратын).

Арнайы әдебиетте жалпы психикалық мәдениеттің келесі анықтамасы беріледі. Е.А. Климов психологиялық мәдениетті адамның жалпы мәдениеттің бөлігі ретінде (жанұя мүшесі, азамат, маман ретінде), ғылыми психология облысында білімін меңгеруді күнделікті өмірде қолдану. Сөйтіп, бұл анықтамада «тума» түсінігінің мінездемесі, психологиялық мәдениеттің бөлмеусіз жалпы және кәсіби анықтамасы беріледі. 8 (20б.)

О.И. Мотков «Психологиялық мәдениет өзіне белсенді жүзеге асырылатын мәдени психологиялық ұмтылыстармен сәйкес келетін шешімдердің комплексін қосады». Дамыған психологиялық мәдениет өзіне мыналарды қосады:

- мәдени ұмтылыстармен  дағдыларды жүйелі түрде өзіндік  тәрбиелеу 

- қарапайым және кәсіби  қарым-қатынастың жеткілікті түрде  жоғары деңгейі 

- жақсы психологиялық  өзіндік реттеу

- жұмысқа шығармашылық  түрде подход жасау

- өзіңнің тұлғаңды тану және оны нақтылы түрде бағалау.

Психологиялық мәдениеттің қалыптасуын автор мәдени-психологиялық потенциалдық актуализациясы ретінде түсінеді. Психологиялық мәдениеттің функцияларын аша отырып, ол мәдениет адамға реалистік Мен – концепциясын құруға, өзінің өмірлік жолын табуға, өзінің іс әрекетін ұйымдастыруға, стресстерді сәтті өтуге көмектесетінін көрсетеді.

Мәдениеттің құрылуына деген потенцияның мәдениетін ұмтылыстыруының негізі О.И. Мотковтың ойынша, бастапқыда қаланып, тұқым қуалаушылық бейімділікпен анықталады. Жалпы мәдени потенциалда ол «5 жағымды ұмтылыстарды» бөледі:

  • адамгершілік
  • эстетикалық
  • танымдық
  • мәдени психологиялық
  • физиологиялық психологиялы жетілу

 Сонымен, біздің көзқарасымыз  бойынша, бұл психологиялық мәдениет  мінездемесінде икем және ұмтылыстылығы дифференциалауға жеткілікті емес, адамның психологиялық мәдениеттің компоненттері көрсетілген. Н.Н. Обозов психологиялық мәдениет түсінігінде 3 компонентті қосады.

  • өзіңді және басқа адамдарды түсіну және білу
  • адекватты өзіндік бағалау және басқа адамдарды бағалау
  • тұлғаның күйлермен қасиеттерді өзіндік реттеу.

Бұл анықтама психологиялық мәдениеттің маңызды компоненттерін сипаттайды. А.А. Бодалев тұлғаның психологиялық мәдениетін қатынас мәселелері контекстінде қарастырады. Оның айтуынша, «гуманизм принципінде қаланған қатынас үшін, психологиялық мәдениет қажет, үш элементке біріктіру болатын негізгі жағдайлар: басқа адамдарды білу және олардың психологиясын дұрыс бағалау, олардың жағдайына және мінез-құлқына адекватты эмоционалды назар аудару және құқық бойынша олардың әрқайсысына мораль талаптарына сай қатынас әдісін таңдау».

Анықтағанымыз бойынша автор онда негізінен психологиялық мәдениетті бүтіндей емес, қатынастың психологиялық мәдениетін сипаттайды. Л.Д. Деминаның анықтауынша, бұл түсініктің мынадай компоненттері акценттеледі, психологиялық сауаттылық сияқты, өзіндік басқарудың қабылдауы мен тәсілі: «Психологиялық мәдениет – жүйелі түсінік, адам біліміне ішкі дүние дамуының негізгі факторлары мен заңдарын, тұлғаның психологиялық денсаулығы негізінде жатқан өзіндік басқарудың қабылдауы мен тәсілдерін қосады».

Психологиялық сөздіктердің бірінде «тұлғаның психологиялық мәдениетінің кейбір көрінулері: айқын және анық ойлау, сөйлеу, өз мінез-құлқын басқару, эмоциясы мен сезімін басқара алу, өзіндік тәртіп, жинақылық, ұйымдасқан, сыпайылық» (автор Н.И. Конюхов) деп айтылған.

Осылайша, отандық психологияда, «адамның психологиялық мәдениеті» түсінігіне анализін қорытындылағанда, аталған анықтамалардың әрқайсысы психологиялық мәдениеттің кейбір маңызды сипаттамаларын ашатынын, атап өтуге болады. Сонымен бірге, олардың әрбірін анализдей келе, жалпы орта білімнің мақсатты бағдары болып адамның жалпы мәдениеті жайлы біздің көзқарастарымызбен сәйкес келетін біз оларды кеңейту және толықтыру қажеттілігіне келдік.

Психологиялық мәдениетті зерттеудегі және анықтаудағы біздің ықпалымыз қазіргі мәдени зерттеулерге негізделген.

  • тұлға мәдениетінің функциялары;
  • адам мәдениетін құрастырушы негізгі құрылымдар (білім, норма, құндылықтар және т.б.);
  • адамның мәдениетінің процессуалды аспектісін игеру мәдениет және шығармашылық мәдениетпен бірлікте;
  • тәрбиелігімен және даму деңгеймен, оқығандығымен бейнелетін, адамның мәдениетті игеру нәтижесі.

Мәдениетті түсінуден шыға отырып:

а) іс-әрекеттің спецификалық адами тәсілдері,

б) жан құндылықтарының жиынтығы,

в) адамның шығармашылық болмысының өзіндік басқару процесі, сәйкесінше психологиялық мәдениеттің диагностикасы жүргізілетін, адамның психологиялық мәдениетінің құрылымдық элементтерін бөліп көрсеттік.  Сонымен бірге біз философиядағы бөлінген мәдениет компоненттеріне жүгіндік (нормалар, білімдер, мағына, құндылықтар, белгілер).

Тұлғаарлық және топаралық қарым-қатынастарды ұсынатын мәдени нормалар, былай бөлінуі мүмкін:

  • тудырушы және тиым салушы
  • жалпы адами, ұлттық, класстық, топтық
  • міндеттер деңгейі бойынша – міндетті және міндетті емес.

Әлеуметтік мінез-құлықтың нормалығымен адамның рөлдік функциясы және оған деген көз-қарастың рөлдік күтулері байланысты.

Білім таным процесінің нәтижесі ретінде пайымдаулар, түсініктер, теориялар, заңдарда да көрінеді. Ол ғылыми және ғылымға дейінгі, эмпирикалық және теоретикалық, практикалық және рухани бола алады.

Мағына – белгілер арқылы әлеммен байланысқан мәдени құрал. Мағына бейне, шартты белгілерде, жесттерде және сөздерді, киімде, рәсімдерде және т.б. көрінеді.

Массалық информацияда, адаммен қарым-қатынас барысында, дәстүрде, өмірлік тәжірибеде, эрудицияда, ойлау шеңберінде психологиялық сауаттылық көрінеді. Әрине, күрделі ұғымды және терминді және психологиялық заңды білмей-ақ, өмірлік психологиялық мәдениетті игеруге болады.

Адам іс-әрекетінің реттелу тәлімі құндылық, ал мінез-құлық күрделі мәдениет құрамына кіреді.

Құндылық – онсыз адам өмірі толық болмайды. П.С. Гуревич көрсеткендей, құндылықтарды шындыққа реттейді, ұғымға келтіреді, сәттерді бағалап, шындық аспектісін суреттейді. Олар шындыққа жатпайды, идеалды тілектерде нормативтарды көрсетеді.

Құндылық адам өміріне маңызды. Қалыптыға қарағанда құндылық объектіні таңдайды, қажеттілікті, әдістерді. Құндылық іс-әрекет мотивы бола отырып, тұлғалық ориентация құндылығына көшеді. 8 (18б.)

Әрбір адамның өмірінде, қоғамда асыра бағалау құндылығына қажеттілік туады. Рухани жүйеге байланысты құндылықтарға қоғам асыра ықпал етеді. Жаңа қоғамдағы анықтауда, өзіндік құндылық қатынас орнатуда мәселелерді туғызады.

Психологиядағы белгі психологиялық әрекеттің әртүрлі форма көріністерінде көрінеді (ертегі, түс көру, метафора) трактовкада, тұлғалық мағынада және адам әрекетіне ықпалын тигізеді. Мысалы: тіл метафоризацияны мәдениет аспектінің семиотикалық көрсеткіш болып табылады. Туған тілдің метафорикалық кеңістігі, адам әрекетінің әртүрлі көрінісі, адамның мәні, әрекеті осының бәрі психологиялық сауаттылыққа жатады.

Мәдени, психологиялық-педагогикалық әдебиетті зерттеу келесі адам мәдениетінің психологиялық құрылым компонентін анықтауға көмектесті. Әрекетіндегі бағдарлану болып табылады. 8 (19б.)

  1. білімділік және икемділік (психологиялық сауаттылық)
  2. психологиялық компетенттілік
  3. құнды – мағыналы
  4. рефлексивті – бағалық
  5. мәдени – шығармашыл

Мазмұн және функция компоненттің басты бөлінуі болып табылады. Салыстырмалы өзбеттілікте әртүрлі компоненттерде байланыс болады. Генезис  мәдениетін айқындайды. Егерде бір компонент болмаса адам мәдениетінің мінездемесі болмайды, себебі басты мәдениет құрамы көрсетілген. Мектеп жасында тұлғаның генезис мәдениетін көрсете отырып, оқу жүйесіндегі басты мәдениет процесін көрсетеді.

Психологиялық сауаттылық психологиялық мәдениеттің «азасын» көрсетеді. Осыдан жас ескеруі қабылданады, индивидуалды ұлттық және басқа ерекшелігі, ол – «тіл» мәдениеті. Оқу әрекетіндегі мәселені стандартты қорытынды алу және мәдениет ұғымына байланысты диагностикалық ақпаратты қорытындылауда біліммен және икемге қатысты болады.

Психологиялық сауаттылық психологиялық таным тәсілдері іс-әрекет тәсілдері арқылы белгілер жүйесі және олардың мағынасын игеруді көрсетеді. Бұл жерде тек білім туралы ғана емес, олардың қолданылуы, рөлдік мінез-құлық, әлеуметтік функциялар, дәстүрлер деңгейінде ереже, нормалардың орындалуында көрсетеді.

Біздің көзқарасымыз Е.А. Климовтың психологиялық сауаттылық психологиялық мәдениет дамуының төменгі деңгейі ретінде берген анықтамасына сәйкес келеді. Сауаттылық дегенде біз білімділіктің, компетенттіліктің, мәдениеттің қажетті минималды деңгейі деп түсінеміз. «Сауаттылық – мәдениеттің маңызды алғашқы негіздемесі, алғашқы рубеж, оны білім беру жүйесінде қажетті» (Б.С. Гершунский). Психологиялық сауаттылық – бұл әрбір қалыпты дамыған адам ие бола алатын мәдениетті игерудегі деңгей. Оның саналы және шартты түрде жоғарылауы тұлға дамуындағы негативті әсерлерге, оқу жүктемесінің шексіз көбеюіне әкелмеу керек. 8 (20б)

Мәдениетке қатынас міндетті түрде сауаттылық деңгейін жоғарылатудан басталмайды. Оқушыларды өзін және басқа адамдарды зерттеуге; өмірдегі қажеттіліктерді өз мүмкіндіктерін, өзінің «бастапқы» деңгейін, ішкі қайшылықтарын мойындау; және осы мотивациялық негізде сауаттылық және компетенттілікті жоғарылату эффективті болады.

Көптеген шетелдік ғалымдар сауаттылық және компетенттілік ұғымдарын ажырата алмайды. Олар сауаттылықты компетенттіліктің «алғашқы» деңгейі деп қарастырады.

Сонымен қоса, тұлға мәдениетінің құрылымында оның іс-әрекетін тудырушылардың бейнесі табылуы керек. Осы компетенттілікте психологиялық мәдениеттің мінез-құлықтық компоненті, процессуалды – іс-әрекеттік компоненті анық көрсетіледі. Компетенттілікте адам өмірде қамтыған бағалы тәжірибесі фиксацияланған, ол практикада қолданылуда бекітіліп, оң нәтиже алуға көмектеседі.

Шетел әдебиеттерінде компетенттілік ұғымы қандай да бір іс-әрекет, өмір, алынған білім және дағдыларды адекватты түрде қолданудың мәнін білу және түсінумен байланысты. Біздің елімізде компетенттілік мәселесі бойынша психологиялық зерттеулер 70-80 жылдары басталды. Әлеуметтік психологиялық және интелектуалды компетенттіліктің мәні тереңірек қарастырылады.

Психологиялық компетенттіліктің анықтамасын бергенде М.А. Холодная еңбегінде берілген компетенттілік анықтамасына сүйенеміз. 8 (21 б) «Компетенттілік – іс-әрекеттің сәйкес аймағында эффективті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін заттың – спецификалық білімді ұйымдастырудың ерекше типі».

Компетенттілік – тек қана кәсіби мәдениеттің құраушысы емес, ол жалпы кәсібиге дейін болуы мүмкін. Кәсіби психологиялық компетенттіліктің жалпыдан ерекшелігі шешімін міндеттер, мәселелер шеңберінде және олардың шешілу деңгейінде.

Психологиялық компетенттілік психологиялық сауаттылық негізінде іс-әрекеттің конструктивтілігі, эффективтілігі арқылы сипатталуы мүмкін, яғни адамның алдында тұрған міндеттер мен мәселелерді шешу үшін білім мен іскерлікті эффективті қолдануды білдіреді.

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы