Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2015 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлар рухани қажеттіліктің өзектілігі жастардың қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруін алға қойып отыр. Студент жастардың болашағы, білімі, мәдениеті кәсіби білім беру жүйесіндегі іс әрекеттерге тікелей байланысты. Сондықтан жоғарғы оқу орны болашақ мамандарды мәдениетті, жан-жақты етіп жетілдіруге міндетті. Қазіргі кезде бұл мәселе әлемдік деңгейде қаралуда.

Содержание работы

КІРІСПЕ
1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ МӘДЕНИЕТ ТҰРҒЫСЫ
1.1 Қарым-қатынастың психологиялық сипаттамасы
1.2 Студенттердің қарым-қатынасының этно-мәдени негіздері
1.3 Педагогикалық қарым-қатынастың сипаттамасы

2 ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ЖӘНЕ ИГЕРУІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ.
2.1 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы
2.2 Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу нәтижелері
2.3 Ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ПСИХОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАРЫМ.doc

— 644.50 Кб (Скачать файл)

2. Сематикалық барьер: сөз  мәнінің ерекшелігі (жаргондар).

3. Стилистикалық барьер: коммуникатор тілінің стилі, жағдайға  сәйкес келмегенде немесе рецепиенттің  психологиялық көңіл күйіне сәйкес  келмеуінде көрінеді.

4. Логикалық сөздер: коммуникатордың  ұсынған логикалық тұжырымдамалары  өте күрделі болғанда туындайды. Ер адам және әйел адамдар  логикасы деп бөлінуі. Ал, қарым-қатынастың  әлеуметтік мәдени ерекшеліктеріне  – саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді  жатқызуға болады.

Қарым-қатынастың интерактивті жағы – адамаралық қарым-қатынастың адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты терминдер. Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек қана алмасу емес, ортақ іс-әрекеттер жоспарланып, бірлескен формалары, нормалары қалыптасуындағы болуы. Қарым-қатынастың түрлерін талдауы мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрлерін талдауға итермелейтін мотивтерді де қарастыру керек.

Әр түрлі зерттеулерде адамдармен қарым-қатынасқа түсуінде бірнеше маңызды әлеуметтік түрткілер айқындалған. 10 (25б.)

1. Ортақ жетістіктерді  барынша жоғарылату мотиві.

2. Өзінің жетістігін барынша  жоғарылату немесе индивидуализм.

  1. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві.
  2. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату.
  3. Жетістіктердегі айырмашылықтарды неғұрлым төмендету.

Әр түрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін әрекеттесуді координация жүйесіне туғызуға болады.

 

 

 

 


У  max


 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                        


 


 

 

                                                                                                             Х         

                                                                                              max

 

У – бойынша өз мақсатына бағытталуы, Х – басқалардың мақсатына бағытталуы.

 

 

Қ – нүктесі қарсы әрекет, яғни толығымен өз мақсатына бағытталу. 10 (26б.)

А – нүктесі аластаушылық. Басқаның жетістігін төмендету мақсатымен өз мақсатын жоғалту (агрессия).

К – нүктесі көгіштік. Бұл жағдайда адам өз мақсаттарын басқаның мүдделеріне айырбастайды.

Ы – нүктесі ымыраға келу. Мұнда өз мақсаттарына және басқалардың мақсаттарына бағыттаушылыққа бірдей  көзқараста болу, бірдей келісімге келу.

Б – бірлескен іс-әрекет. Қандай мақсаттар болмысын бірлескен әрекетте болуы.

Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен қажет болғанда ғана бірігуі керек. Араласуы және арақатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі, ақпарат алмасуы керек.

Қарым-қатынас- өзарақатынас.

Алайда, қарым-қатынас еш уақытта дербес болмайды. Психологияда, философияда қарым-қатынас іс-әрекет арасындағы байланысты ашу өте күрделі. А.Н. Леонтьев бойынша қарым-қатынас және іс-әрекет бір-бірімен қатар қарастырылатын, бірінсіз-бірі түсіндірілетін және дербес жағдайы.

Б.Ф. Ломов қарым-қатынас, іс-әрекет бір-біріне тең емес. Қарым-қатынас іс-әрекеттен өз алдында бөлек қалыптасады және ол адамдар арасындағы әрекет (белсенділік тудыру формасы). Қарым-қатынас пен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда іс-әрекет қыры көріне отыра, ерекшелігін, индивидуалдылығын көрсетеді. Бұл қосарлы пән: бір жағынан: іс-әрекет пәні, екінші жағынан: адам өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы.

Сонымен іс-әрекет қарым-қатынастың бір қыры. Ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы. Бұлардың барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрады. Қарым-қатынас үрдісінде енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекетпен ажырамас, адам өз-өзін қалыптастыратынтәжірибе игереді. Алайда, адамның дамуы қарым-қатынассыз іске асырылмайды.

1. Адам өмірі мен өмір  сүруі үшін жасаған кез-келген  әрекетіндегі жиынтығын іс-әрекет  деп қарастырамыз.

2. Кез келген іс-әрекет  қоғамдық және табиғи қажеттілікке  байланысты орындалады.

3. Кез келген іс-әрекеттің  себебі және мақсаты болады, сондай-ақ, оның түрлері шексіз.

Әрбір адамның тәжірибесі, оның іс-әрекеті мен түрлері өзгелердің іс қоғамдық тәжірибелер арқылы байып, жаңа сипаттарға ие болып отырады. Адам өзінің іс-әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларға тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның бәрі тіл арқылы және қарым-қатынастың көмегімен дамиды. Петровский қарым-қатынасты, біріншіден; адамның қатынас жасауы, екіншіден: ақпарат алмасуы, әрекеттесуі және үшіншіден: өзара әрекеттесуі деп түсіндіреді.

Қарым-қатынас жасау жолдары:

1. Тіл арқылы

Лоссуель тілдік қарым-қатынас тізбегін төмендегідей көрсетеді:

 

                                                                                            2

                                                1


                                                                                                                            


 

                                                                                                                       3

 

                          5                                                                 4                                                                                     

1 – кім береді?

2 – не береді?

3 – қалай берді?

4 – қандай?

5 – кімге берді?

Осылайша қайтымды реакция жүреді.

2. Бейне, жест, мимика, қалып.

Адамның бейнесі маскадан, киімнен, манерадан құралады. Бет бейнесі көрсететін физиологиялық маска белгілі бір ой, сезім, қатынас негізінде болады.

Қарым-қатынастың динамикалық қыры мимика мен жестте көрінеді.

Мимика дегеніміз – дәл сол уақыттағы беттің динамикалық бейнесі.

Жест дегеніміз - әлеуметтік түрде дағдыланған әрекет, қимыл, бірақ сөздік емес, қарым-қатынас құралдарыга киімдер мен заттар алмасуы жатады. Тактильді бұлшықет сезімталдығы, қимыл-әрекет жасауда бұлшықеттің қимылға түсуі. Сондай-ақ адамдар арасындағы дистанция:

1. Интимді 

2. Жеке адамдар арасындағы

3. Әлеуметтік орта

4. Публистикалық (фотосуреттер арқылы)

Қарым-қатынас жасаудың қатаң түрде реттелінген жүйесі:

1. Коммуникативтік (ақпарат  алмасу)

2. Синефикативтік (мимика, жест)

3. Эксомассивті (хабарлы, мәнерлі)

Қарым-қатынас сәтті болу үшін қасындағы адамды түсіну және ең бастысы мұны персепция деп атайды.

Бодалев А.А. бойынша перцепция – бұл:

1. Идентификация

2. Эмпатия

3. Рефлексия

4. Децентрация

5. Каузальді атрибуция

6. Ореол эффектісі

7. Стереотипизация

Бұл деп отырғанымыз, қатынас жасау үшін төмендегідей қасиеттер болу қажет. Оны психологияда механизм деп атайды. Қарым-қатынасты жақсарту, дамыту жағдайында қолдану.

1. Кез келген адам басқа  адамның орнына өзін қоя алу.

2. Өзін-өзі білу, өзін-өзі  тануы, өзін-өзі бағалауы.

3. Басқа адамдардың позициясын  қабылдай алуы.

4. Себепті басқа біреуден іздеуі.

5. Сырт келбетіне қарап  ондағы қасиетін жақсы жаққа  бейімдеу.

6. Қасиеттердің танылуы.

Қарым-қатынас мәдениетін дамытуға мүмкіндік алу жеке басындағы үйірсектікті, жұртқа жұғысу жолын қарастыру, осы бағытта үздіксіз жұмыс жүргізу дұрыс деп санайды қазақ психологі, профессор Қ.Б. Жарықбаев.

Сонымен, психолог Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б. жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

 

Қазіргі ғылым мен білімдегі адамның жалпы психологиялық мәдениеті туралы ұғым.

Психологиялық мәдениетті біз тұлғаның жалпы мәдениеттің бөлімі ретінде қараймыз. Мәдениет ұғымына 200 ден аса анықтамалар мен мінездемелер бар. 8 (14б.)

Мәдениет объективті (нәтиже, іс-әрекет жемісі, оларды құраушыдан тыс өмір сүреді) сол сияқты субъективті (адамға тән мінездеме) формада өмір сүреді. Философияда мәдениеттің анализінің бірнеше деңгейі бөлінген: қоғам мәдениеті, әлеуметтік топ мәдениеті, жеке адам мәдениеті.

Тұлға мдениеті өзіне білімділікті, тәрбиелілікті басқа адамдармен қарым-қатынаста өзіне алған, қоғамдық тарихи тәжірибелерді кіргізеді.  (Л.С. Выготский)

Мәдениет – пайдейя грек тілінен – Ежелгі Грецияда пайда болған. Алғаш рет мәдениет термині Цицеронның «Тискуланская беседа» (б.э.д 45 ғасыр) деген жұмысында кездеседі. Цицерон оны адамның ақыл-ойына, психикасына әсер ету деп қарастырады. В.С. Библер мәдениеті 3 контексте қарайды: қарым-қатынас, рухани құндылықтар, шығармашылығы іс-әрекеті. В.С. Библер мұны диалог формасы ретінде қарайды.

О.С. Гозман өз анықтамасында білім мәдениетінің үндесуі дейді.

Мәдениет дегеніміз – тұлғаның кейбір гармонияларға жетуі. Бұл гармония оған әлеуметтік тұрақтылық қоғамдық өмірге және еңбекке араласу, сол сияқты тұлғаның эмоционалдық комфорт береді. Тәрбиенің бағдары ретінде тұлға мәдениетінің аспектілерін О.С. Гозман былай көрсетеді:

  • өзін-өзі анықтаудың мәдениеті
  • көркем-эстетикалық
  • адамгершілік-экологиялық
  • демократиялық-құқықтық
  • интелектуалды
  • физикалық
  • қарым-қатынас мәдениет және отбасы қатынасы
  • саяси
  • экономикалық және еңбек мәдениеті

Біз адам мәдениетінің үш түрін қарастырамыз. Акспологиялық, процессуалды іс- әрекеттік, шығармашылық. Осы позицияларға сәйкес жеке адамға тән мәдениеттің нақты аспектілері талданады (психологиялық, экологиялық, саяси, құқықтық, экономикалық, педагогикалық, адамгершілік, валеологиялық, физикалық).

Жалпы адам мәдениетінің көп түрі бар. Қазіргі философиялық, психологиялық, социологиялық, педагогикалық және басқа әдебиеттерде «коммуникативтік мәдениет», «рухани мәдениет», «физикалық мәдениет», «адамгершілік мәдениеті», «педагогикалық мәдениет» ұғымдары кең қолданылады. Адамның жалпы мәдениет құрылымындағы психологиялық мәдениеттің орнын анықтау үшін біз оның негізін талдау арқылы оның көп түрін анықтадық. Нәтижесінде адам мәдениетінің үш түрі көрсетілді:

  1. Онтологиялық негіз тұлға мәдениетінің жалпы түрлерін адамның тұрмыс сферасындағы өмірі сферасындағы көрінісіне қарай мінездеме береді. Бұл  топқа еңбек мәдениетін, рухани мәдениетті жатқызады.
  2. Адамның қажеттілік түріне қарай және соған сәйкес белсенділігіне, іс әрекетіне, коммуникативтік мәдениетіне, мінез құлықтың ойын мәдениетіне, таным әрекетінің мәдениеті, еңбек мәдениеті, эмоция мен сезім мәдениеті, тамақтану мәдениеті, адамгершілік мәдениеті, сексуалды мәдениет, өмірдегі өзін-өзі анықтау мәдениет алдыңғы феноменологиялық негізге жақын.
  3. Ғылым негізінде адамның мәдени тәжірибесін көрсететін ғылым мен өнер аймақтарындағы (математикалық, психологиялық, экономикалық, филологиялық, тарихи, экологиялық, көркем-          педагогикалық) түрлері «Адамшыл жалпы психологиялық мәдениеті» уғымынпа анықтама берейік. Көптеген жерлерде бұл ұғым кездессе де, бірақ анықтама берілмеген.

      Біз бұл  ұғымды «Жалпы психология мәдениеті» және «Кәсіптік психология мәдениеті» болып екіге бөлеміз.

      Психологиялық  мәдениет өмір әрекеттерінің  әртүрлі сфераларында (кәсіптік  тұлғаның) ерекшеліктеріне қарай (ұлттық, жыныстық, жас ерекшелігіш) қаралады.

      Кәсіптік  психологиялық мәдениет кәсіптік әрекеттердің спецификасына (мұғалім, дәрігер, менеджер), шешетін жұмыстарға қарай анықталады.

      Біздің  анализдің пәні адамның жалпы  психологиялық мәдениеті. Ол функциясына, мақсаттарына, параметр белгілеріне, күнделікті кең ортада шешімдерді шешуге дайындап (іс-әрекеттің тар ерекшеліктеріне қарамастан) нақты кәсіптік іс-әрекетке жатпайтын кең түрдегі әлеуметтік рөлдерді орындауымен мінездемді.

      «Адамның  психологиялық мәдениеті» ұғымын  толық түсіндіру үшін оның  функцияларын анықтау керек.

Информация о работе Психолог студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстануы және игеруін эксперименталды зерттеу процедурасы