Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2015 в 01:37, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері. Зерттеудің аталған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- етістіктердің шығу тарихына, жазған филологиялық ғалымдардың жұмыстарына, зерттеулеріне назар аудару.
- қазақ тіліндегі етістік мағынасының әр түрлі қалыптасқан тұжырымдарға
шолу жасау және жеке мәселелерге зерттеу нысанына қатысты өз пікірімізді
білдіру;
- етістік шақтарының және олардың ағылшын тілі мен айырмашылығын салыстыру арқылы, ерекшеліктеріне тоқталу;
Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ……………………………………………………………….....31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66
ҚОСЫМША
Етістіктің лексика – семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексика – семантикалық, лексика – грамматикалық және грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қата, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе - жүйе категориялар - етістктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс еңгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақтылық және салттық категориялары да бар. Бұлар етістіктің нағыз грамматикалық сипаттарының белгілі көрсеткіштері делініп есептелінеді – деп Ысқақов Ахмеди етістікті сипаттаған болса [38,222] ғалым С. Арпабековтың «фонетика, лексика, морфология, синтаксис» деген оқулығында, «етістік - заттың қимылын, іс - әрекетін күй жайын білдіретін сөз табы» - деп қысқа ереже берсе. [7,45] Ал Қазақ тілі энциклопедиясында Е.М. Арын етістік сөзінің мағынасын тереңінен ашып әрі кең ауқымда зерттеген. Егер осы зерттеуге сүйеніп қарайтын болсақ, онда «етістік - қазақ тіліндегі негізгі сөз таптарының бірі. Оның өзіндік ерекшеліктері мол: семантикалық сипаты сан алуан, грамматикалық қасиеті әр жақты, түрлену жүйесі мен грамматикалық категориялары әр қилы, синтаксистік қызметі мен тіркесу, басқа сөзбен байланысу қабілеті өте кең, құрамы мен құрылысы қат – қабат. Семантикалық жағынан етістік табиғат пен жаратылыс шеңберінде, қоғамдық өмірде адамның абстракты ойы мен санасында пайда бола алатын алуан түрлі қимыл, іс – әрекет, қозғалыс, амал, қалып, жай – күй, ойлау, сөйлеу, көру, есту, бағыт - бағдар беру бейнелеу т.б. процестерге қатысты ұғымдарды білдіреді» - деп түсінуге болады. [8, 121]
Ал ағылшын тіліндегі етістік мағынасын қазақ тіліндегі етістікпен салыстырып көрейік:
Сөз таптарының бірі – етістік ( the Verb ) заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөз табын етістік деп Г. Рысбаеваның Ағылшын тілі грамматикасында осылай деп көрсетілген болса, [ 35, 73] онда З. Баданбекқызының Ағылшын тілі оқулығына сүйенетін болсақ, Ағылшын тілінің етістігін қазақ тілімен салыстыра отырып, былай деп көрсеткен: «Етістік заттың, құбылыстың – әрекетән білдіретін сөз табы. Етістік ағылшын тілі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі, қолданыс аясы кең, аса бай грамматикалық категория. Етістік қазақ тілінде жақтарға, шақтарға байланысты не істейді? Не істеп жатыр? Не қылды? т.б. сияқты сұрақтарға жауап берсе, ағылшын тілінде де шақтарға, жақтарға байланысты What does (He, she, it(smb.) do? What do I, we, you, they do? What did I, we, you, they, he, she do? тағы басқа сұрақтарға жауап береді, деп З.Баданбекқызы ашып көрсеткен болатын.Атап айтар болсақ әрине қазақ тілі болсын не ағылшын тілі болсын тілдің негізгі грамматикалық ұғымдары зерттелінген. [ 11, 76]
Т.М. Жималенкованың еңбегіне сүйенетін болсақ , онда «етістік – ол іс – қимылды, әрекетті білдіретін сөз таптарының бірі» - деп қысқа әрі нақты етіп көрсетсе[ 15, 89], біз нақты әрі түсінікті етіп айтқанын Ю.С. Масловтың еңбектерінен байқай аламыз. Масловтың айтуы бойынша «етістік сөз таптары ретінде, грамматикалық мағынаны тереңнен аша отырып уақыт немесе мезгіл белгісінің динамикалық түрде, ағып қозғалыста болуын білдіреді» [5, 35] - дегендей, яғни осы айтылған ғалымдарға сүйене отырып, етістік туралы өзімізге мынадай түсінік қалыптасты яғни « етістік - іс – қимыл, мезгіл, уақыт қозғалысын білдіретін грамматика саласындағы сөз таптарының бірі» Сол себептен етістік формаларының сыр - сипаттарын бір - біріне байланыстырмай, алды - алдына талдау, қашан да болсын , ағат болмақшы деп түйіндейміз.
2.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы.
Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы деп айтылу себебі , ағылшын тілі етістігі әр шақта өзіне тән ерекшеліктер арқылы ғана қолданылады. Енді біз ағылшын тіліндегі етістік шақтарын жеке – жеке қарастырайық:
The Present Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Етістіктің жалпы осы шағының болымды түрі to демеулігінсіз үш жақта да жіктелетін негізгі етістіктерден жасалады:
I Speak
You speak
He speaks
She speaks
We speak
You speak
They speak
Мен сөйлеймін
Сіз сөйлейсіз
Ол сөйлейді
Ол сөйлейді
Біз сөйлейміз
Сіздер сөйлейсіздер
Олар сөйлейді
The present simple шағында етістікке үшінші жақта, жекеше түрде - s, - es жалғаулары жалғанады:
My daughter studies at the University – Менің қызым Университетте оқиды.
My friend reds cables in the morning – Менің досым жеделхаттарды таңертең оқиды.
- s, - es жалғауларының жазылу тәртібі
3 – жақта жекеше түрдегі етістікке жалғанатын - s, - es жалғауларының жалғануы және жазылуы инфинитивтің (тұйық етістіктің) соңғы әрпіне байланысты болады:
әріп тіркестеріне аяқталса, онда - es жалғанады:
to go – goes
to wash – washes
to pass – passes etc.
Do
not + V (infinitive)
Does
He does not study at the University – Ол университете оқымайды.
You do not know him – Сіз оны білмейсіз.
Қысқарған түрі: do not – don’t, does not – doesn’t
Бұл шақтағы сөйлемнің жалпы сұраулы түрі do, ал ΙΙΙ – жақ жекеше түрде does көмекші етістігінің бастауыштың алдында келуі және одан кейін келетін to демеулігінсіз негізгі етістіктен жасалады: Do you go to the theatre? - Сіз театрға барасыз ба? Does he recommend you to see a performance at the theatre? – Ол сізге театрдан қойылымды көруге ұсыныс жасай ма? Do they live here? - Олар осында тұра ма?
Past Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Бұл шақтағы етістіктердің (regular – дұрыс, irregular – бұрыс) болымды түрінің жасалуының екі жолы бар.
Regular verbs – Дұрыс етістіктер
Дұрыс етістіктің өткен шақ формасында етістікке – ed, - d жұрнағы жалғанады, ол Past Participle, өткен шақ есімшеге де сәйкес келеді. He stayed at home – Ол өткен түнде үйде қалды. My parents arrived in Britain yesterday
– Менің ата – анам Британияға кеше келді.
Етістіктерге – ed, - d жұрнақтары жалғанғанда төмендегі оқу ережесін есте сақтаған жөн:
а) егер сөз - d - дан басқа ұяң дауыссызға және дауыстыға аяқталса , онда – ed, - d [d] болып оқылады:
lived [‘livd]
stayed [steid]
opened [‘oupәnd]
ә) егер сөз – t, - d дауыссыздарыеа аяқталса, онда ed [d] болып оқылады:
lasted [‘la:stid]
wanted [ ‘wontid]
б) егер сөз қатаң дауысызға аяқталса, онда [t] болып оқылады:
worked [‘wә:kt]
helped [‘ helpt]
Етістіктерге – ed, - d жұрнақтары жалғанғанда сөздердің төмендегі жазылу ережесін білу қажет:
а) егер етістік соңы оқылмайтын – е әрпіне аяқталса, оған тек - d жұрнағы жалғанады:
to live – lived
to love – loved
to like – liked
ә) егер етістік у- әрпіне аяқталып, оның алдында дауысты келсе, у- өзгермейді:
to play – played
to stay – stayed
to enjoy – enjoyed
б) егер етістік у- әрпіне аяқталып, оның алдында дауыссыз тұрса, у - і - ға өзгереді:
to study – studied
to defy – defied
to fry - fried
Irregular verbs – Бұрыс етістіктер
Кейбір етістіктердің өткен шақ (Past Simple) формасын сөздегі дауыстылардың алмасуы, сөздің түбегейлі өзгеруі арқылы жасалады да, бұлар бұрыс етістіктер деп аталады:
to see – saw
to go - went
to write - wrote
to bring - brought
to eat - ate
Ағылшын тілінде жалпы өткен шақта етістіктер жаққа, түрге жіктелінгенімен, өзгермейді. Ал қазақ тілінде етістіктер өткен шақта түрленеді, жекеше, көпше түрлерге бөлінеді.
I |
saw, went saw, went saw, went saw, went saw, went saw, went |
Мен көрдім, кеттім |
You |
Сіз көрдіңіз, кеттіңіз | |
He,she,it |
Ол көрді, кетті | |
We |
Біз көрдік, кеттік | |
You |
Сіздер көрдіңіздер, кеттіңіздер | |
They |
Олар көрді, кетті |
Сөйлемнің болымсыз түрі көмекші Did және болымсыз not демеулігі жекеше, көпше түрде де, барлық жақтар үшін негізгі етістіктің алдында келуі арқылы жасалады:
Did not + V (infinitive)
I |
did not work (didn’t work) does not work |
Мен жұмыс істемедім |
You |
Сіз жұмыс істемедіңіз | |
He,She, It |
Ол жұмыс істемеді | |
We |
did not work |
Біз жұмыс істемедік |
You |
Сіздер жұмыс істемедіңіздер | |
They |
Олар жұмыс істемеді |
Сөйлемнің жалпы сұраулы түрі, жекеше, көпше түрде де, барлық жақтар үшін бастауыштың алдынан келетін did көмекші етістігімен, ал бастауыштан кейін келетін негізгі етістк to демеулігінсіз қолданылады:
Did Did Did Did Did Did |
I |
work? work? work? work? work? work? |
Мен жұмыс істедім бе? |
You |
Сіз жұмыс істедіңіз бе? | ||
He,She, It |
Олар жұмыс істеді ме? | ||
We |
Біз жұмыс істедік пе? | ||
You |
Сіздер жұмыс істедіңіздер ме? | ||
They |
Олар жұмыс істеді ме? |
The Future Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Ағылшын тіліндегі The Future Simple, жалпы келер шақ Ι жақтағы жекеше және көпше түрдегі shall көмекші етістігінен, ал басқа жақтар үшін will көмекші етістігі мен негізгі тұйық етістіктің to демеулігінсіз жасалады:
We shall be busy tomorrow – Ертең менің қолым тимейді
The waiter will bring the menu – Даяшы ас мәзірін әкеледі
He will have milk before going to bed – Ол ұйықтар алдында сүт ішеді Қысқарған түрі: shall/ will =’ll
Бұл шақтың болымсыз түрі shall, will көмекші етістіктерінен кейін келетін not болымсыз демеулігінен жасалады.
We shall not stay at home on holiday – Біз демалыста үйде болмаймыз
My son will not study at school – Менің ұлым мектепте оқымайды
I shall not go home tomorrow – Мен ертең үйге бармаймын
Қысқарған түрі: shall not = shan’t, will not = won’t
Етістіктің бұл шағының жалпы сұраулы сөйлемі shall, will көмекші етістіктері бастауыштың алдынан келуі арқылы жасалады:
Shall we stay at home on holiday – Демалыста біз үйде боламыз ба?
Will he go to France – Ол Францияға бара ма?
The Present Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы
түрінде қолданылуы. Бұл шақтың болымды түрі көмекші to be етістігінің
жалпы осы шақ (Present Simple) түрлері мен негізгі етістіктің осы шақ есімше (Present Participle) түрінен жасалады:
to be + Present Participle (V + ing) = am, is, are + Present Participle
I am writing – Мен жазып отырмын
You are speaking – Сіздер сөйлесіп отырсыздар
He is standing near the window – Ол терезенің жанында тұр
Етістіктің бұл шағының болымсыз түрі to be етістігінің жалпы осы шақтағы түрлері мен not демеулігінің тіркесуі арқылы және негізгі етістіктің осы шақ есімше түрінен жасалады:
Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі