сәйкес келетінін 14 – кестеден байқауға
болады:
Кесте
- 14
The Present Progressive шағын қазақ
тілі шақ формасымен салыстыру
Ағылшын тілі |
Қазақ тілі |
Қазақ тілі шақ формасы |
1. He is reading a newspaper in the library |
1. Ол кітапханада газет
оқып отыр |
Нақ осы шақ |
2. He is writing a new play |
2. Ол жаңа пьеса жазып отыр |
Нақ осы шақ |
3. He is not writing a letter now |
3.Ол хаты қазір жазып отырған
жоқ |
Нақ осы шақ |
4. She is leaving by the five o’clock train |
4. Ол сағат бестегі поъездбен
кеткелі тұр |
Ауыспалы осы шақ |
The Past Progressive ( Continious)
шағын салыстыру
- Бұл шақ аяқталмаған іс – әрекеттің, қимылдың белгілі бір мезгіл ішінде, көрсетілген уақытта болғанын білдіруде қолданылады: on Friday - жұма күні, in the morning - таңертең т.б. аяқталмаған іс - әрекеттің осы көрсетілген мерзімге дейін созылғандығын, тіпті одан кейін де болғандығын білдіреді.Мысалы, I was working in the garden on Friday morning - Мен жұма күні таңертең бақшада жұмыс істеп жатқанмын. Bolat was ordering lunch when I entered the restaurant
- Мен мейрамханаға кіргенде Болат тамаққа тапсырыс жасап жатыр екен.
- Созылыңқы өткен шақтағы етістіктер мына үстеулермен де тіркеседі: always – әрқашан, constantly – ылғи, never – ешқашан. Мысалы, She was never eatin out – Ол ешқашан сырта тамақтанбайтын еді. He was constantly finishing his office - hours at 6 in the evening - Ол ылғи жұмыс күнін кешкі сағат 6 - да аяқтайтын еді.
Мұндай сөйлемдер жоғарыдағы
үстеулермен тіркескенде түрлі реңкке
ие болады.
Енді The Past Simple шағы мен
the Рast Progressive (Continuous) шағын салыстыралық.
Созылыңқы өткен шақ қимылдың
өткен шақтағы созылыңқылығын, тура сол
кездегі тағы бір қимыл үстінде жалпы
өткен шақта болғанын көрсетеді:
Almas was going to school when he met his friend.
Almas was going to school - Алмас мектепке бара жатқанда
– созылыңқы өткен шақ, өткен кездегі
аяқталмаған іс – қимыл, he met his friend – (ол)
досын кездестірді – өткен шақтағы басқа
бір қимыл.
When Saken came home,
his wife was preparing breakfast - Сәкен үйге келгенде, оның әйелі
ертеңгі асты әзірлеп жатқан еді. My husband
was sleeping when the waiter knocked at the door - Даяшы есікті
қаққанда менің күйеуім ұйықтап жатқан
еді. It was raining hard when I got off the bus and asked the passer
by the way - Мен автобустан түсіп, жүргіншіден
жолды сұрағанымда, жаңбыр қатты жауып
тұрған еді. I was waiting the bus from 7 till 8 o’clock –
Мен сағат жетіден сегізге дейін автобус
күтіп тұрдым. I was writing a composition while he was looking
through the journals – Ол журналдарды қарап отырғанда,
мен сол кезде шығарма жазып отырдым.
- Созылыңқы өткен шақ, өткен кездегі көрсетілген мезгілдегі тоқтаусыз, толассыз болған іс – әрекетті әсірелей көрсету үшін де қолданылады да, етістік төмендегі сөздермен тіркеседі: from … till - бір уақыттан … дейін, шейін, қазақ тіліндегі шығыс септігінің – дан, - ден, - тан, - тен, - нан, - нен жалғауларының мағынасына сәйкес, all day long – күні бойы, all night long – түні бойы, the hole day – күні бойы, the holе morning (evening, night) – таңертеңнен бері, бүкіл кеш (түні) бойы т.б. Мысалы, We were playing chess from 9 till 11 o’clock in the morning – Біз таңертеңгі сағат 9 – дан 11- ге шейін
шахмат ойнап жатқан едік.
- Созылыңқы өткен шақ екі аяқталмаған созылыңқы іс - әрекеттің белгілі бір мерзімде бірдей болып жатқандығын көрсету үшін де қолданылады: Мысалы, While you were writing letters, it was raining
there - Сіз хат жазып отырғанда, онда жаңбыр жауып тұрған еді. While you were writing letters they were discussing
business matters – Сіз хат жазып отырғанда, олар іс мәселелерін талқылап жатқан еді. Ағылшын тіліндегі созылыңқы өткен шақ формасын қазақ тілі шақ формасымен салыстырғандағы жедел өткен шақ формасына сәйкес келетінін төмендегі 15 – кестеде нақты көрсетілген.
Кесте - 15
The Past Progressive ( Continious) шағын қазақ тілі
шақ формасымен салыстыру
Ағылшын тілі |
Қазақ тілі |
Қазақ тілі шақ формасы |
1. It was raining at five o’clock. |
1. Сағат бесте жаңбыр жауып тұрды. |
Жедел өткен шақ |
2. In june thst firm was carrying on negotitations
for the purchase of wheat |
2. Маусым айында бұл фирма бидайды
сатып алу жөнінде келісім жүргізді. |
Бұрыңғы өткен шақ |
3. I was working in the library from three till five. |
3. Мен кітапханада сағат үштен
беске дейін жұмыс істеп отырдым. |
Жедел өткен шақ |
The Future
Progressive (Continious) шағын
салыстыру
Созылыңқы іс әрекеттің келешекте белгілі
бір уақытта басталып, сол көрсетілген
кезеңге дейін болатындығын білдіру үшін
мына мезгіл пысықтауыштар қолданылады:
at 5 o’clock – сағат 5 – те, at that moment – сол
сәтте, at midnight – түн ортасында т.б. Бұл
кезең былай анықталуы мүмкін:
- дәл уақытты көрсетумен. I shall be doing home tasks at 5 o’clock - Мен сағат 5 - те үй тапсырмасын орындап жатамын. She will be reading telexes and cables at 10 in
the morning - Ол телекстер мен жедел хаттарды
таңертеңгі сағат 10 - да оқып
жатар.
- Басқа болашақ іс – қимыл арқылы, бұл қимылды білдіретін етістік жалпы осы шақта тұрады: Мысалы, She will be reаding telexes ans cables when the manager comes to the office – Басшы кеңсеге келгенде ол телекстермен жеделхаттарды оқып отырар. Қазақ тілімен салыстырғанда бұл келер шақпен сәйкес келеді.
- Егер іс - қимыл белгілі бір кесімді уақыт аралығында тоқтаусыз жүріп жатса, етістік созылыңқы осы шақта қолданылады: Мысалы, She will be reаding telexes and cables from 10 till 11 - Ол телекстер мен жеделхаттарды сағат 10 - нан 11 - ге дейін оқып отырмақшы. Бұл қазақ тіліндегі мақсатты келер шаққа сәйкес келуі мүмкін.
- Егер болашақта істелетін іс -қимылдың жақын арада міндетті түрде істелетіндігіне күмән болмаса: Мысалы, I shall be visiting him tomorrow - Мен ертең оған кіріп шығамын. He will be leaving for france tonight – Ол бүгін түнде Францияға жүрмекші (жоспарлы түрде). Бұл сөйлем мақсатты келер шаққа сәйкес. We will be working tonight – Біз бүгін түнде жұмыс істемекпіз. (Мақсатты келер шақ) We won’t be sleeping - біз ұйықтамаймыз. Бұл сөйлем қазақ тіліндегі ауыспалы келер шаққа сәйкес. Ағылшын тілінен аударғанда сөйлем мағынасына қарай қазақ тіліндегі мақсатты келер шақ және ауспалы келер шақ формасында жасалуын төмендегі 16- кестеден байқай аламыз:
Кесте – 16
The Future Progressive (Continious) шағын қазақ тілі
шақ формасымен салыстыру
Ағылшын тілі |
Қазақ тілі |
Қазақ тілі шақ формасы |
1. I shall still be working at five o’clock |
1.Мен сағат бесте жұмыс
істеп отырамын |
Мақсатты келер шақ |
2. If you come after eleven o’clock, I shall be
sleeping |
2. Егер сіз он бірден кейін келсеңіз,
мен ұйықтап жатамын. |
Ауыспалы келер шақ |
3. I shall be preparing for my examination in May. |
3. Мен емтиханға мамыр
айында дайындаламын. |
Мақсатты келер шақ |
4. He will be meeting us at the station |
4. Ол бізді вокзалда
қарсы алады. |
Мақсатты келер шақ |
The Present Perfect шағын
салыстыру
- Етістіктің бұл шағы бұрын басталған істің, жай –күйдің, қалыптың сөйлеушінің сөйлеп тұрған кезіне дейін созылғанын, болып жатқандығын аяқталмағандығын көрсетілетіндігін білдіріп for … - дан бері, since – содан бері сөздері қолданылуы арқылы жасалады: I have been teacher for 20 years - Мен жиырма жылдан бері мұғалім болып істеймін.We have known the Omirzhanovs for 40 years – Біз Өміржановтар отбасын 40 жылдан бері білеміз.The Alimbekovs have lived in Almaty since 1960 – Алимбековтар
отбасы Алматыда 1960 жылдан бері
тұрады.
- Етістіктің бұл шағы бұрынғы кезден, осы уақытқа дейінгі іс – қимылды көрсету үшін созылыңқы шақтарда қолданылмайтын to hear, to see, to forget т.б. етістіктермен қолданылады: He has heard about his arrivial in London - Ол оның Лондонға келгендігін естіді. I haven’t seen my family for 2 days - Мен отбасымды көрмегеніме 2 күн болды. [ 35, 125]
- Етістіктің бұл шағы мына мезгіл үстеулермен қолданылады: already – әлдеқашан, never – ешқашан, ever – қашан болса да, often – жиі, seldom – сирек, always – әрқашан, hardly ever – ешқашан, so far – өте алыс, just – қазір ғана, yet – әлі (болымсыз сөйлемде) – әлдеқашан, содан бері (сұраулы сөйлемде), lately – кейінгі кезде, соңғы уақытта, жақында, recently – жақында. Бұлар негізгі етістіктердің алдында, ал yet, lately, recently сөздері сөйлемнің соңында келеді. Мысалы, We have just come in – Біз қазір ғана кірдік. He has not finished reading yet – Ол әлі оқып біткен жоқ. We have heard much about him recently – Біз ол жайында соңғы кезде көп естідік. Yet – сұраулы және болымсыз сөйлемдерде, ал ever сұраулы сөйлемде қолданылады: I haven’t seen the Tower of London yet - Мен Лондондағы Тауэрді әлі көрген жоқпын. Has he bought a ticket yet? – Ол билетті әлі сатып алған жоқ па? Have you ever filled in the card? – Сіз мына карточканы бұрын соңды толтырып па едіңіз?
- Бұл шақ бұрын болған іс – әрекет нәтижесін қазіргі кезбен байланыстырғанда қолданылады: Мысалы, She has broken her arm, that is why she can’t work – Ол қолын сындырып алғандықтан, жұмыс істей алмайды. I have opened the window, that is why it is cool
- Мен терезені ашқандықтан ауа тазарды.
- Жаңа хабар, жаңалық осы кезбен байланысты іске асырылғанда қолданылады: Мысалы, Have you heard? We have received an order from
White and C0 lately – Eстідіңіздер ме…? Біз жақында Уайт және оның компаниясынан тапсырыс алдық. Егер бұл жаңалық болған уақыт дәл көрсетілсе, оны білдіретін етістіктің шағы өзгереді: We received an order from White and C0 at
5 in the evening – Біз Уайт және компания тапсырысын кешкі сағат 5 – те алдық. Қазақ тіліне аударғанда екі сөйлем де өткен шақта тұр, ал 17- кестеден Аяқталған осы шақ формасын қазқ тіліне аударғанда үш түрлі шақ категориясында қолданылуын салыстырмалы түрде байқай аламыз:
Кесте - 17
The Present
Perfect шағын қазақ тілі
шақ формасымен салыстыру
Ағылшын тілі |
Қазақ тілі |
Қазақ тілі шақ формасы |
1. I have written me exercises, here they are. |
1. Мен жаттығуды жаздым.
Олар міне |
Нақ осы шақ |
2. I have known him for three years |
2. Мен оны үш жылдан бері білемін |
Бұрынғы өткен шақ |
3. After I have read the book, I’ll give it to you. |
3. Кітапты оқып болған соң, саған
беремін. |
Мақсатты келер шақ |
The Past Perfect шағын
салыстыру
- Бұрын аяқталған іс – әрекеттің дәл уақытын көрсету үшін мына мезгіл пысықтауыштармен by предлогы тіркесіп қолданылады: by Saturday – сенбіге қарай, by tһat time – осы уақытқа дейін, by the end of the year – жыл
аяғына дейін, by 5 o’clock – сағат
5 –ке дейін т.б. Мысалы, I had looked
- through the report by 12 o’clock - Мен сағат 12 -ге дейін баяндаманы қарап шықтым.
- Бұрын болған іс – әрекеттің орындалуы кезінде, екінші бір іс – әрекеттің нәтижелі аяқталғанын білдіру үшін қолданылады: By the time I came to the office they had signed
the contract - Мен кеңсеге келгенше, олар келісім шартқа қол қойыпты. Бұрын болған іс – әрекет, жалпы
өткен шақта қолданылады.
- Бұл шақ сабақтас бағыныңқылы
сөйлемдерде after – содан кейін, содан соң сөзінен
кейін қолданылады: Мысалы, After they had signed the contract the left better - Олар өздері келісім шартқа қол қойғаннан кейін, иықтарынан
ауыр жүк түскендей
сезінді.
- Сабақтас бағыныңқылы құрмалас
сөйлемде, бағыныңқы сөйлем before – оған дейін , соның алдында деген
сөзбен тіркесе келсе, The Past Perfect басыңқы сөйлемде тұрады: I had already answered the telex before I came to the office - Мен кеңсеге келгенше, ол телекске жауап беріп қойыпты.
Төмендегі 18 – кестеге қарайтын болсақ,
The Past Perfect шағында
берілген шақ формасын қазақ тіліне аудара
отырып жедел өткен шақ және ауыспалы
өткен шақ формаларында берілгенін байқаймыз.
Кесте – 18
The Past Perfect шағын қазақ
тілі шақ формасымен салыстыру
Ағылшын тілі |
Қазақ тілі |
Қазақ тілі шақ формасы |
1. I had translated the article by five o’clock
|
1. Мен мақаланы сағат
бестерде аудардым |
Жедел өткен шақ |
2. We sent hi a telegram yesterday as we had not
received any letters from him for a long time. |
2. Біз одан көп уақыт хат алмағандықтан,
кеше телеграмма салдық. |
Ауыспалы өткен шақ |
The Future
Perfect шағының
қолданылуы
- Келешектегі болатын нәтижелі іс – әрекеттің белгілі бір кезеңде болатындығын білдіргенде қолданылады: а) егер болашақта болатын іс – әрекеттің іске асуы, нәтижесі белгілі уақыт арқылы берілсе, by предлогы мезгіл пысықтауыштармен тіркесе қолданылады: We shall have cleaned the rooms by 7 o’clock – Біз бөлмелерді сағат 7 – ге дейін тазалап қоямыз. ә) бізге белгілі іс – әрекет басқа бір болатын іс - әрекеттің басталуына дейін, нәтижелі іске асса: We shall have cleaned the rooms when you come – Сіздер келгенше, біз бөлмелерді тазалап қоямыз.
- Жалпы осы шақта тұрған, келешекте болатын басқа бір іс – әрекет мезгіл, шартты бағыныңқылы сөйлемдерге before, met сөздермен келсе, Future Perfect қолданылады: When we met next time, you’ll have produced the new model – Келесі кездескенімізде, сіздер жаңа модельді шығарасыздар. He will have sent a telegram to his family before goes sightseeing around London – Ол Лондон төңірегіндегі көрікті жерлерге барарда, отбасына жеделхат жібереді. Егер бұл шақта already – әлдеқашан үстеуі тағы басқа пысықтауыштарымен қолданылса, онда олар shall, will көмекші етістігінен кейін келеді: By the end of the year we’ll already have produced the new model – Осы жылдың соңына қарай, біз жаңа модельді шығара бастаймыз.