Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2015 в 01:37, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері. Зерттеудің аталған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- етістіктердің шығу тарихына, жазған филологиялық ғалымдардың жұмыстарына, зерттеулеріне назар аудару.
- қазақ тіліндегі етістік мағынасының әр түрлі қалыптасқан тұжырымдарға
шолу жасау және жеке мәселелерге зерттеу нысанына қатысты өз пікірімізді
білдіру;
- етістік шақтарының және олардың ағылшын тілі мен айырмашылығын салыстыру арқылы, ерекшеліктеріне тоқталу;
Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ……………………………………………………………….....31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66
ҚОСЫМША
Қыр басынан етекке қарай болат арқан тартып, он шақты жұмысшы жүр (Мұстафин). Ол төрт шананы үйіре тастап, үстіне қамыс жапқан, уақытша күркенің астында отырмыз (Сәрсенбаев). Елу басылар сары шымылдырықтың ар жағына қол созып жатыр (Әуезов).
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар. Ол қалып етістіктернің көмекші отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуын да, бұлар грамматикалаларда нақ осы шақ деп беріледі. Осыдан анық көрінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізінде немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен (жіктелу шақ көрсеткіші емес) жасалады. Шақтық мән отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің өз семантикасында бар.
Көне кезде отыр – олтұрұр, тұр – тұрұр, жүр – жүрүр, жат – жатыр. Осы тұлғасын тек жатыр етістігі сақтап қалған. Сөз соңындағы - ұр, -үр қосымшасы процессуальдық мәнді, болып тұрған қимылды білдірген.
Сөйтіп қосымша түсіп қалса да, қосымша білдіретін мағына түбірге ауысқан қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр) осы күйінде шақ көрсеткіші де болып қалыптасқан. Сондықтан да қалып етістіктері тіліміздегі барлық етістіктерден өзгеше болып келеді. Әрі түбір етістіктер сияқты бұйрық райдың екінші жақ анайы жекеше түрімен сәйкес келеді: сен отыр, сен жүр, сен тұр, бірақ сен (жатыр емес) жат, әрі тікелей ешбір есімше, көсемше, шақ рай тұлғаларсыз - ақ қалып етістіктерінен жасалады да, ал тарихи тұрғыдан грамматикалық тұлғалары болған деген тұжырым жасауға болады.
Осы шақтың түрлері. Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ немесе ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
а)Нақ осы шақ. Нақ осы шақ қимылдың, іс- әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы жасалады. Жарғақ шалбарының ызба бауы салбырап, жүресінен отыр (Мүсірепов). Оң жағымда ер жүрек комиссарым Мадияр жатыр (Момышұлы). Көрінгенді қарғап, ауылға бүйідей тиіп бәйбіше жүр (Майлин).[26, 56]
Белгілі жұрнақтардың жалғануымен жасалған нақ осы шақтың жіктелуін төмендегі 8 - кестеден көруге болады:
Кесте - 8
Нақ осы шақтың жіктелуі
жақ |
жекеше |
көпше |
Ι |
отыр – мын, тұрмын, жатыр – мын, жүр - мін |
отыр - мыз, тұр - мыз, жатыр - мыз, жүр - міз |
ΙΙ |
отыр – сың, тұр – сың… отыр - сыз, тұр - сыз … |
отыр - сыңдар, тұр - сыңдар … отыр - сыздар, тұр - сыздар… |
ΙΙΙ |
Отыр, тұр, жатыр, жүр ( нөлдік тұлға) |
ә)Ауыспалы осы шақ. Ауыспалы осы шақ қимыл, іс - әрекеттің, дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й,
Тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы, Жиырма шақты жігіт, жас қайыңдарды бөренелердің үстіне лақтырады (Мүсірепов). Өзін -өзі күндейді, жақынын жалған мінейді (Абай).
Ауыспалы
осы шақтың болымсыз түрі
- пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Көбейту кестесін де жөнді білмейді (Қалдыбаев).
Төмендегі 9- кетеде ауыспалы осы шақтың жіктелуін көруге болады:
Кесте - 9
Ауыспалы осы шақтың жіктелуі
жақ |
жекеше |
көпше |
Ι |
айтамын |
айтамыз, |
ΙΙ |
айтасың, айтасыз |
айтасыңдар, айтасыздар |
ΙΙΙ |
айтады |
- |
Сонымен бірге процессуальдық
мәнді білдіретін, әсіресе баспасөз
тілінде ΙΙΙ жақта жиі
Келер шақ
Келер шақ қимыл, іс - әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Мысалы: Ал енді жол осы арадан екі айрылады (Майлин). Атымды айтпасам да аңғарарсың (Тұрмағанбет). Кейін біреуді көрсететін приговорлар өз қолдарында болмақ (Әуезов).
Келер шақтың түрлері
Мағыналық ерекшеліктеріне қарай келер шақ үшке бөлінеді:
а) Болжалды келер шақ. Болжалды келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді. Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап - күлмес (Абай).
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады, Бірақ оның ойлағанының бәрі бола бермес (Әуезов).
Болжалды келер шақ -с жұрнағы арқылы жасалған болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс - әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі, жігерлі, үзілді – кесілді мән беруге бейім болады. Амандық, тыныштық іздемеспін (Әуезов).
Кейде Ι жақ жіктік жалғауы -пын / - пін ықшамдалып - н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, барма - с - пын - бар - ма - н. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман, бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай).[1, 41]
Төмендегі 10 - кестеден болжалды келер шақтың үлгісі көрсетілген:
Кесте - 10
Болжалды келер шақтың жіктелуі
жақ |
жекеше |
көпше |
Ι |
бар - ар - мын, бар - ма - с - пын |
бар - ар - мыз, бар - ма - с - пыз |
ΙΙ |
бар - ар - сыз, бар - ма - с - сыз |
бар - ар - сың - дар, бар - ма - с - сың - дар, бар - ар - сыз - дар, бар - ма - с - сыз - дар |
ΙΙΙ |
бар - ар, бар - ма - с (нөлдік тұлға) |
ә) Мақсатты келер шақ. Мақсатты келер шақ қимылдың, іс - әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне - мақ / -мек, - пақ / - пек, - бақ / - бек жұрнақтарының жалғанып, одан кейін жіктік жалғауының үстелуі арқылы жасалады. Ол ертең өз еліне қайтпақ. Ноғайлының қалған әскері Ақторғын сұлуды көшіріп, Яссыға жетпек (Есенберлин).
Етістіктің - мақ , - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек жұрнақтарының үстіне - шы , - ші жұрнағы жалғанып, жіктелуі арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Етікбайды күзетке қойып, Петр мен Қойшығара бой жазып отырмақшы. Сосыңғы жұмыс өзінен - өзі шешіле бермекші (Майлин).
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі - мақ , - мек, - пақ, - пек, - бақ, - бек және - шы , - ші тұлғалы етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондай да жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Әлсізге тимекші емес. Мынау көріністен Абай безбек емес (Әуезов).
Төмендегі 11 - кестеге сүйенетін болсақ, мақсатты келер шақтың жіктелу кезінде қолданылатын жіктік жалғауларды көруге болады:
Кесте - 11
Мақсатты келер шақтың жіктелуі
жақ |
жекеше |
көпше |
Ι |
бармақ - пын |
бармақ - пыз |
ΙΙ |
бармақ - сың, бармақ - сыз |
бармақ - сыңдар, бармақ - сыздар |
ΙΙΙ |
бар - мақ (нөлдік тұлға) |
б) Ауыспалы келер шақ. Ауыспалы келер шақ та осы шақ сияқты - а, - е, - й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады. Ішімнен шыққан Құтжаннан кем көрмеймін (Әуезов). Осыдан Бүркітбайға бармадың ғой, ақ сүтімді аспанға сауамын (Нұршайықов). Шын ғашық сый болмас, Арызымды айтайын Құй болар, күй болмас (Абай)[ 1, 73]
Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір - бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Ауысплы келер шақтың болымсыз түрі етістіктің - ма / - ме, - ба / - бе, - па / - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Ыққаннан еш нәрсе шықпайды (Майлин)[ 26, 37]
Ауыспалы келер шақтың осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнді басқа сөздерден де байқалып отырады, Мысалы: Бүгінге місе тұтпай, ертеңге көз жібереміз (Мәуленов). [19, 519]
Ағылшын тілінің етістік шақтарына қарайтын болсақ, шақ формаларының жасалу жолдарында айтарлықтай ерекшеліктер көп. Мысалға, Ағылшын тілінде етістіктер үш шаққа ғана бөлініп қоймай, өз ішінен тағы
жалпы, созылыңқы, аяқталған және аяқталған созылыңқы болып бөлінеді.
Simplе Tenses - Етістіктің жалпы шақтары
Ағылшын тілінде
етістіктің жалпы шақтары
The Рresent Simple Tense (Жалпы осы шақ)
The Рresent Simple әдеттегі, дағдылы, күнделікті қайталанатын және ұзақ уақытқа созылатын жалпы іс - әрекетті білдіреді.
We play tennis at weekends.
He usually has breakfast very early.
Almas lives in Almaty.
The Рast Simple Tense (Жалпы өткен шақ)
Жалпы өткен шақ ағылшын тілінде іс - әрекеттің бұрын болғанын осы кезбен байланыссыз, оған қатыссыз екендігін көрсетеді. Жалпы өткен шақ қимыл - әрекеттің үнемі қайталанып отырғанын немесе жүйелі түрде болғанын білдіреді. Maksat wrote a letter to his mother twice a week. – Мақсат аптасына екі рет анасына хат жазып тұрды. Sanzhar turned off the light and went to bed. - Санжар шамды сөндіріп, ұйықтауға жатты. (Бұл сөйлем қазақ тіліндегі жедел өткен шаққа сәйкес аударылады). Saltanat and Erlan passed all their exams. Салтанат пен Ерлан Барлық емтихандарын тапсырып бітті. Қазақ тіліндегі жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ реңктері The рast Simple жалпы өткен шақта кездеседі.
The Future Simple - Жалпы келер шақ
Жалпы келер шақ қайталанатын дағдылы іс - әрекеттің, қимылдың болашақта іске асатындығын білдіреді: I shall wait for your downstairs - мен сізді төменде күтемін. The president will return by the end of the week - Президент аптаның соңына қарай қайтады. Saltanat will have her first exam
tomorrow - Ертең Салтанаттың бірінші емтиханы болады.
The Present Progressive (Сontinuous) Tense
Созылыңқы (нақ) осы шақ
Бұл шақ - іс - әрекеттің сөйлеу кезінде болып, жалғасып жатқанын аяқталмағанын білдіреді: Two o’clock in the afternoon now. Kambaruly is receiving the foreign businessmen - Қазір күндізгі сағат екі. Қамбарұлы шетел іскерлерін қабылдап жатыр. His secretary is making coffee - Оның хатшысы кофе әзірлеп жатыр.
The Past ( Continious) Progressive Tense
Созылыңқы өткен шақ
Созылыңқы өткен шақ іс - әрекеттің белгілі бір уақытта, өткен шақта болғанын, болып жатқанын, созыла іске асқанын мезгіл пысықтауыш немесе басқа бір қимыл арқылы көрсетеді де, созылыңқы іс - қимылдың басталу не аяқталу кезеңі белгісіз болады.
I was writing a letter when he telephone rang – Телефон шылдырлағанда, мен хат жазып отырғанмын. When I came home she was sewing a dress - Мен үйге келгенімде, ол көйлек тігіп отыр екен. When I saw him he was typing - Мен оны көргенімде, ол машинка басып отыр еді. When Richard came home Lizzie was sleeping - Ричард үйге келгенде, Лиза ұйықтап жатты.
The Future Progressive (Continious) Tense
Созылыңқы келер шақ
Бұл келешекте іске асатын, бітпеген іс - әрекеттің созылыңқылығын білдіреді.
Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі