Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2015 в 01:37, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері. Зерттеудің аталған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- етістіктердің шығу тарихына, жазған филологиялық ғалымдардың жұмыстарына, зерттеулеріне назар аудару.
- қазақ тіліндегі етістік мағынасының әр түрлі қалыптасқан тұжырымдарға
шолу жасау және жеке мәселелерге зерттеу нысанына қатысты өз пікірімізді
білдіру;
- етістік шақтарының және олардың ағылшын тілі мен айырмашылығын салыстыру арқылы, ерекшеліктеріне тоқталу;

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ……………………………………………………………….....31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі.doc

— 519.00 Кб (Скачать файл)

Қысқартылған түрі:

had been – ‘d been

      Етістіктің бұл шағының болымсыз түрі көмекші had етістігінен кейін,been етістігінің алдында келетін not болымсыз демеулігі арқылы жасалады:

had not been + Participle I

We had not been waiting for Buyers nearly two weeks – Біз сатып алушылырды екі аптаға жуық күтпедік.    

I

had not been waiting for

Мен күтпедім

We

had not been waiting for

Біз күтпедік

You

had not been waiting for

Сіз(дер) күтпедіңіз (дер)

He/she/it

had not been waiting for

Ол күтпеді

They

had not been waiting for

Олар күтпеді


Қысқартылған түрі:

had not been  - hadn’t been

     Бұл шақтың жалпы сұраулы түрі had көмекші етістігінің бастауыштың

алдында, ал одан кейін been және негізгі етістіктің тіркесуі арқылы

 жасалады:

Had you been waiting for the Buyers nearly two weeks? – Сіздер сатып алушыларды екі аптаға жуық күттіңіздер ме?

Had

Had

Had

Had

Had

I

been waiting for?

Мен күттім бе?

We

been waiting for?

Біз күттік пе?

You

been waiting for?

Сіз (дер) күттіңіз (дер) ме?

He/she/ it

been waiting for?

Ол күтті ме?

They

been waiting for?

Олар күтті ме?


      The Future Perfect Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы Бұл шақтың болымды түрі to be етістігінің The future Perfect, аяқталған келер шақта shall/will have been, ал негізгі етістік Рarticiple I, осы шақ есімше формасында тұруы арқылы жасалады:

Shall/will have been + Participle I

By Tonight I will have been working for 4 hours  - Мен бүгін кешке қарай 4 сағат бойы жұмыс істемекшімін.  I shall have been working  - Мен жұмыс істемекпін.

I

shall

have been working

Мен жұмыс істемекпін

We

shall

have been working

Біз жұмыс істемекпіз

You

will

have been working

Сіз(дер) жұмыс істемексіз(дер)

He/she/it

will

have been working

Ол жұмыс істемек

They

will

have been working

Олар жұмыс істемек


Қысқартылған түрі: Shall/will have been – ‘ll have been

       Бұл шақтың болымсыз түрі shall/will көмекші етістіктерінен кейін келетін  not демеулігі арқылы жасалады: I shall not have been working for 4 hours – Мен 4 сағат бойы жұмыс істеп отырмаймын. 

I shall not have been working – Мен жұмыс ісиеп отырмаймын

I

shall

not have been working

Мен жұмыс істеп отырмаймын

We

shall

not have been working

Біз жұмыс істеп отырмаймыз

You

will

not have been working

Сіздер жұмыс істеп отырмайсыздар

He/she/it

will

not have been working

Ол жұмыс істеп отырмайды

They

will

not have been working

Олар жұмыс істеп отырмайды


Қысқартылған түрі: shall/will have been – shan’t, won’t have been

      Бұл шақтың жалпы сұраулы түрінде көмекші shall/will етістіктері бастауыштың алдына келеді:

shall / will have been P.I.?

Shall I have been working for 9 hours? – Мен 9 сағат бойы жұмыс істеймін бе?

Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының қолданылуындағы көмекші етістіктерді пайдалану аса маңызды роль атқарады. Сондықтан ағылшын тілінде етістік шақтарын сөйлем құрағанда көмекші етістіктерге көп көңіл бөлінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

     2. 1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері 

     Ағылшын тілін оқып үйренуде елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір саласы – етістік. Етістік іс – қимылды, әрекетті білдіре отырып, осы іс- әрекеттің сөйлеушінің сөйлеп тұрған сәтімен байланысты өту кезеңін де көрсетеді.

      Қазақ тіліндегі тәрізді ағылшын тілінде деетістіктің жақ, сан, шақ категориясы бар. Негізінен етістіктер жекеше түрде осы шақта 3 – ші жақта ғана өзгеріске ұшырайтындықтан, етістіктің жақ категориясы көп қиындық тудырмайды. Тек to be  етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек.

      Ал шақ категориясы өте күрделі. Active Voice - те 16 шақтық формасы бар. Ағылшын тілінде етістіктің шақтары басты 4 шаққа: Present, Past, Future, Future – in the Past негізделеді. Бұл топтар мағынасы мен жасалуына қарай әрқайсысы 4 түрге бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

Кесте - 1 

Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының құрылу үлгісі

Шақтар

Indefinite

(-)

Continuous

(be + V4)

Perfect

(have + V3)

Perfect Continuous

(have been+V4)

1

Present (v1)

       

2

Past (v2)

       

3

Future(will+ v1)

       

4

Future in the Past

(would+v1)

       

    

    Кестеден көріп тұрғанымыздай, Present - V1(етістіктің 1- ші формасы), Past – V2(етістіктің екінші формасы),  Future- will + V1(will көмекші етістігі және етістіктің 1- ші формасы), Future in the Past- would+ V1(would көмекші етістігі және етістіктің 1- ші формасы) арқылы жасалады.

     Ал енді топтарға келсек, Indefinite–те өзгеріс жоқ, Continuous- be +V4, Perfect - have + V3, арқылы жасалады. Мұны оқушыға жете түсіндіріп берсе, оқушы Perfect Continuous - ты осыған сүйене отырып, өзі жасап шығара алады. Ол үшін мына әдісті қолданамыз.

    Perfect                                                Continuous

have + V3                                             be + V4

көмекші етістік алдында тұрған етістіктің формасына ауысады, яғни Perfect                                                Continuous- have +  be 3 +V4 немесе have + been + V4 арқылы жасалады. Мұнда соңғы етістік сөйлемнің мағынасын ашатын негізгі етістік екенін оқушыға түсіндіріп кетеміз. Мысалға to invite етістігін алайық.

V1 -           V2 -          V3 -          V4 -

Invite -     invited -       invited -    inviting

 Осы етістікті Past  Indefinite - те жазуға тапсырма берсек:

Past  -  V2, Indefinite  - те өзгеріс жоқ, олай болса Past  Indefinite - те етістік

invited болып түрленеді. Немесе Future Perfect Continuous - те жазсақ:

Future                         Perfect               Continuous

will + V1                  have + V3               be + V4

 олай болса, to invite

Future Perfect Continuous - те  - will + have + been + inviting болады.

Кесте - 2

Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жасалу ерекшеліктері

to invite

 

Indefinite

Continuous

Perfect

Perfect Continuous

1

Present

 

was/were + inviting

   

2

Past

       

3

Future

     

will+have+been+ inviting

4

Future-in the Past

       

Past         Continuous

V2          be + V4 бұдан was/were + inviting шығады.

     Жоғарыда көрсетілген  1, 2 – кестелерде көрсетілген ағылшын тіліндегі етістіктің шақ категорияларының жасалуының ерекшеліктері байқалады. Осы шақ категориялары қазақ тілі шақ категорияларымен салыстыра отырып қарастырылды.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Ағылшын және қазақ тілдерінің шақ категорияларына   салыстырмалы тұрғыда зерттеу

     Ағылшын және қазақ тілдерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда теориялық сипаттама беру арқылы, зерттеу барысында ең алдымен қазақ тіліндегі «шақ» сөзінің мағынасын тереңінен ашып крсете алдық. Сонымен шақ  - іс – әрекеттің өткенде болған, қазір, келешекте жүзеге асатын т.б. мезгіл мерзімін білдіретін етістік категориясы. Етістіктің үш – осы шақ, өткен шақ, келер шағы бар. Әр шақтың нақтылы, жалпылама түрлері болады. Олар белгілі жұрнақтар қосылып жасалады.Ғалым Е.М Арынның еңбектеріне сүйене отырып  «Шақ» сөзін зерттей келе «Шақ категориясы» деген ұғымның пайда болғанын аңғардық. [8, 367]

    Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты, бірте - бірте  дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқан, өзіне лайық орныққан жүйесі бар аса бай грамматикалық категория. Әдетте, шақтың мазмұны, соған лайық, формалары мен қызметтері адамның сөйлеп я сөйлесіп отырған кезіне байланыстырыла айқындалады. Өйткені амал я әрекет, қимыл я қозғалыс тәрізді үрдістердің қай - қайсысы  болсын не сөйлесіп отырған уақытқа дейін істеліп тынған, не сол сөйлесіп отырған уақытта істеліп жатқан (әлі тынбаған), не сөйлесіп отырған уақыттан кейін істелінбекші амалдар есебінде қабылданады (оқыдым; оқып отырмын, оқымақшымын).

     Бірақ шақтарды бір -  бірінен ажыратуда  қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтыр, бір жағынан, шақ мазмұнының бір - бірімен ұштастығымен, соған орай, шақ формаларының бір - бірінен  жіктері ашылмағандығымен байланысты болса, екінші жағынан, шақ категориясымен рай категориясының бір - бірінен мазмұн шегі де ажыратылмағандығымен байланысты. [9, 322,]

Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық мағынасы

төмендегідей болады:

1) Үнемі қайталанып, дағдыға айналған іс - қимыл, сөйлеп тұрған кезде болып

жатқан қимыл, іс - әрекет.

  1. Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс - әрекет.
  2. Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін болуға тиісті қимыл - іс - әрекеттер. Мысалы,

Өнер, білім бар жұрттар

тастан сарай салғызды (Алтынсарин).

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі (Абай)

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі