Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2015 в 01:37, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері. Зерттеудің аталған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- етістіктердің шығу тарихына, жазған филологиялық ғалымдардың жұмыстарына, зерттеулеріне назар аудару.
- қазақ тіліндегі етістік мағынасының әр түрлі қалыптасқан тұжырымдарға
шолу жасау және жеке мәселелерге зерттеу нысанына қатысты өз пікірімізді
білдіру;
- етістік шақтарының және олардың ағылшын тілі мен айырмашылығын салыстыру арқылы, ерекшеліктеріне тоқталу;

Содержание работы

Кіріспе …………………………………………………………………………....3
Ι Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының грамматика саласында алатын орны
1.1 Грамматика және оның саласы - морфология …………………………......6
1.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік сөз табы………………….……10
1.3 Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы …………....13
ΙΙ Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі
2.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері ……..28
2.2 Ағылшын және қазақ тіліндерінің шақ категорияларын салыстырмалы тұрғыда зерттеу ……………………………………………………………….....31
2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктің шақ категорияларын салыстыру ………………………………………………………………………..47
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………..………………….………….64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………....…...66
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі.doc

— 519.00 Кб (Скачать файл)

Бірімен - бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр (Жамбыл). Бұл сөйлемдердегі қалмайды, құлпырар, жатыр етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес. Салғызды деген салғызу қимылының сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдірсе, қалмайды құлпырар етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын, ал жатыр етістігі бұл қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр.

     Мерзімдік мәнді білдіретін сөздердің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, Ертеңгі елдің қамын ойлайтын азаматтарымыз азып - тозғанын көрген қария қатты күрсініп, үлкен ойға кетті. («Ана тілі») деген сөйлемде ертеңгі сөзі мезгілдік мән білдірсе де, оларда шақтық қасиет жоқ. Бұл сөзде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық мағына жоқ. Демек, шақтық мағына сөздің жалпы мағынасынан ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық тұлға болу керек.

     Сонымен, сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де - үшеу. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді. Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріледі. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше, және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады.

      Күрделі  етістікке жіктік жалғау оның  құрамындағы көмекші етістікке  жалғанады.

       Қазіргі  қазақ тілінде шақ категориясы  мофологиялық белгісіне, шақтық  мағынасына қарай өткен шақ, осы  шақ, келер шақ болып үшке бөлінеді.

       Ағылшын  тілінің қазақ тілінен өзгешелігі  – етістіктің шақтары төрт  топқа бөлінеді:

Ι. Simple Tenses - Жалпы (белгісіз) шақтар тобы.

II. Progressive (Continious) Tenses - Созылыңқы шақтар тобы.

III. Perfect Tenses - Аяқталған шақтар тобы.

IV. Perfect progressive (Continiuos) Tenses - Аяқталған созылыңқы шақтар тобы.   

   Ι.  Simple Tenses - Жалпы (белгісіз) шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:

   1. The Present IndefiniteTense немесе The present Simple Tense -  Жалпы (белгісіз) осы шақ.

   2. The Past Indefinite (Simple) Tense - Жалпы (белгісіз) өткен шақ.

   3. The Future Indefinite (Simple) Tense - Жалпы (белгісіз) келер шақ.

II. Progressive (Continious) Tenses - Созылыңқы шақтар тобы үш шаққа     бөлінеді:

  1. The Present Progressive Tense – Созылыңқы (Нақ) осы шақ.
  2. The Past Progressive Tense - Созылыңқы өткен шақ. 
  3. The Future Progressive Tense - Созылыңқы келер шақ. 

III. Perfect Tenses - Аяқталған шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:

  1. The Present Perfect Tense – Аяқталған осы шақ.
  2. The Past Perfect Tense – Аяқталған өткен шақ. 
  3. The Future Perfect Tense – Аяқталған келер шақ.

IV. Perfect progressive (Continiuos) Tenses - Аяқталған созылыңқы шақтар тобы үш шаққа бөлінеді:

  1. The Present Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы осы шақ.
  2. The Past Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы өткен шақ.
  3. The Future Perfect Progressive Tense - Аяқталған созылыңқы келер шақ. [12, 79]   

Қазақ тіліндегі етістік шақтарын жеке - жеке қарастырайық. Ағылшын тілімен салыстырғандағы өзгешеліктерін қарастырайық:

  1. Өткен шақ.

  Өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің  сөйлеу кезінен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы. Базаралы жағынан жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай болған (Әуезов). Орыс - Қазақ  балаларының арасындағы ырың - жырың ит - жығыстары аяқталғанша айлар өтіп кетіп еді (Мүсірепов). Сол жайды жанкүйер, жақындар арасында күйзеліп айтқан шақтарында еңкілдеп жылап та жіберетін (Ауезов). 

     Берілген мысалдардағы болған, өтіп кетіп еді, жылап та жіберетін деген етістіктер болу, өту, беру, жылау қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр. Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ грамматикалық формасымен мағыналық ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.

    а) Жедел өткен шақ. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне – ды, - ді, - ты, - ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып , жіктеліп қолданылады. Нәргүл қолындағы көйлегін тастай беріп, шар айна алдында ұршықтай үйірілді (Райымқұлов). Қалмақтың қақты қара жорғасына, Айналды ақ алмастар қорғасынға (Жансүгіров). Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман (Абай).

     Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің тұлғаларына тікелей жалғанады. Әнші үш қайырмасын айтып тоқтайын деп еді, Базаралы тоқтаттырмады (Әуезов). Күрсініп сұлу бұрын көз тайғызды, Асықтық әлсіретті, лебі тартып (Байзақов).   Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің   -ма, - ме, -ба, - бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жасалады.

Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп

бермедім (Абай).

     Төмендегі 3- кестеден көрінетіндей жіктік жалғаулары жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады:

Кесте – 3

Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі

жақ

жекеше

көпше

Ι

- м 

- қ, - к 

ΙΙ

- ң/ анайы түрі

ңыз/ - іңіз/ сыпайы түрі  

-ндар, - ңдер/ анайы түрі /

-ңыздар, -ңіздер /сыпайы түрі/   

ΙΙΙ

Жұрнағы жоқ, нөлдік тұлға

 - 


 

 ә) Бұрынғы өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс - әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді. Жортар осы ортаның қолбасы, батыры болған. Тыныштықты білмеген, барымта соғыс десе қолды- аяққа  тұрмайтын қызулы жас болыпты (Әуезов). Аттардың төртеуі де тұмарлаған, Мен айтқан сөзге шыдап тұра алмаған (Әзірбаев).

    Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

     а) Бұрынғы  өткен шақ - ған,- ген, -қан, - кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады. Ту ұстап, тұлпар мініп, ел қорғауға, Азамат азамат па аттанбаған (Тоқмағанбетов). Ашынбай топқа енбеген, Алысқан сайын өрлеген, Айбынды бауырым Төлеген (Әбілев).[ 20, 18]

    Төмендегі 4- кестеде бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісінің бірінші жолы көрсетілген:

Кесте - 4

а) Бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің бірінші үлгісі.

жақ

жекеше

көпше

Ι

- мын/ -мін, -бын/ -бін, -пын/ -пін      

- быз/ біз,- мыз/- міз,- пыз/- піз

    

ΙΙ

- сың/ -сің

- сыз/ - сіз   

- сындар/- сіндер

- сыздар/- сіздер   

ΙΙΙ

 Жұрнағы жоқ, нөлдік  тұлға 

 

     ә) Бұрынғы өткен шақ етістікке көсемшенің – ып, - іп, - п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Ауылынан аттанып кеткен соң сыртымнан мені сұрапты (Жансүгіров). Баяғыда Мысыр елінің әрі ақылды, әрі әділ кедей- кепшікке қамқоршы бір сұлтаны дәурен кешіпті («Мың бір түн»).

       5- кестеге  қарайтын болсақ, бұрынғы өткен  шақтың жіктелуінің екінші түрін  көруге болады: 

   Кесте - 5

  ә) Бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің екінші үлгісі

жақ

жекеше

көпше

Ι

- пын/- пін 

-пыз/ -піз 

ΙΙ

-сың/ -сің 

  - сындар/- сіндер

 

- сыз/ - сіз 

- сыздар/- сіздер   

ΙΙΙ

- ты, -ті 

-


 

     Бұрынғы өткен  шақтың күрделі түрі – ған/ - ген, - қан/  - кен тұлғалы есімшеге немесе  - ып, - іп, - п тұлғалы көсемшеге (еді) көмекші етістігінің  тіркесуі арқылы жасалады.Есімше түрінде  көмекші етістігі екен түрінде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде ( еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі.Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен (Әуезов).Кеше кешқұрым едәуір қар жауып, таңға жақын басылған еді (Сәрсенбаев).Жиреншенің қайда екенін Ұлжан білмеп еді (Әуезов).

     6 – кестеде бұрынғы өткен шақтың жіктелуінің күрделі түрінің үлгісі көрсетілген:

     Кесте - 6 

       Бұрынғы өткен шақ күрделі  түрінің жіктелу үлгісі

жақ

жекеше

көпше

Ι

оқыған едім (екенмін)

оқып едім

оқыған едік (екенбіз)

оқып едік

ΙΙ

оқыған едің (екенсін)

 

оқыған едініз

оқып едің

оқып едініз

оқыған едіңдер/

екеңсіндер

оқыған едіңіздер

оқып едіңдер

оқып едіңіздер

ΙΙΙ

оқыған еді/ екен/

оқып еді

оқыған еді/ екен/

оқып еді


 

      б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің - атын/ - етін,

-йтын / - йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақтық, бірде келер шақтық мағынада қолданылады. Ол күйдің себепшісі  - бұл екеуінің аңшы інісі Шәке болатын(Әуезов). Есеней малымен, билігімен ғана айналысып жүре беретін (Нұршайықов).

      Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Бұдан бұрынғы кештерде сиырлардың алдынан әндеткен қыз - келіншектер де шығатын еді (Мұқанов).

     Ауыспалы өткен  шақтың болымсыз түрі етістікке -ма,- ме, -ба, - бе, - па,

- пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: Олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын (Мұқанов).

     Ал ауыспалы  келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. Жадағай болған соң панасы болмайтын еді (Әуезов). Құдалыққа бүгін кешке баратын едік (« Ана тілі»).

      Ауыспалы  өткен шақтың жіктелуін төмендегі 7 – кестеде көресетілген:

      Кесте - 7 

Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі.

жақ

жекеше

көпше

Ι

білетінмін

білетінбіз

ΙΙ

айтатынмын, айтатын едім

білетінсің, айтатынсың, айтатын едің

білетінсіз, айтатынсыз, айтатын едіңіз

айтатынбыз, айтатын едік

білетінсіңдер, айтатынсыңдар, айтатын едіңдер

білетінсіздер, айтатынсыздар,

айтатын едіңіздер

ΙΙΙ

білетін, айтатын, айтатын еді


 

     Есімшенің -атын/ -етін,- йтін/ - йтын түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтық мағынасы көбінесе ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады.Бейсенбі жай сөйлесе де, үнемі қапысыз есеппен сөйлейтін (Әуезов). Олар тау басына бүгін шығатын (ауызекі тілден) Бірінші сөйлемде үнемі сөзінің негізінде сөйлеу қимылының болып кеткені байқалады (ауыспалы өткен шақ). Екінші сөйлемде бүгін сөзі арқылы шығу қимылының әлі болмағаны аңғарылады (ауыспалы келер шақ).

     Осы  шақ

     Осы шақ  сөйлеп тұрған сәтпен байланысты  қимылдың, іс - әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістік шақтарының салыстырмалы анализі