Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Августа 2013 в 14:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы. Кеңестік Одақтың ыдырауы нәтижесінде, мемлекет тәуелсіздігінің жариялануы Қазақстан Республикасында демократиялық, құқықтық институттардың, ашық нарықтық экономикалық және әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі бар әлеуметтік мемлекет пен дүнияуи азаматтық қоғамның құрылуына негіз болды. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастыққа халықаралық-құқықтық қарым-қатынастардың толыққанды субьектісі ретінде кіреді. Аталған жиынтық бүкіл елдердің бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік құндылықтардың сақталуына және әлемдік қауымдастықты сақтау мен дамытудың жаңа жолдармен анықтайды.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................4

І – тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы.
Діни экстремизмді зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері.........14
Діни экстремистік бағыттағы қылмыстардың ахуалы, құрылымы және
динамикасы........................................................................................................39
1.3 Діни экстремизмнің таралуы мен дамуының себептік-факторлық
кешені.................................................................................................................46
1.4 Діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы және оның типологиясы....................................53

ІІ –тарау. Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері
2.1 Діни экстремизмді ескерту, алдын-алу және оның жолын кесудегі құқық қорғау органдары әрекетінің тиімділігі..................................................................61
2.2 Діни экстремизмді алдын-алудағы мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық құрылымдардың жүйесі............................................................................................75

Қорытынды..............................................................................................................88
Әдебиеттер........................................................

Файлы: 1 файл

Экстремизм.docx

— 125.84 Кб (Скачать файл)

     Діни экстремистік бағыттағы  қылмыстарды зерделеу, анықтау, дәлелдеу  діни экстремизмнің алдын-алу,ескерту,  оның жолын кесу және толыққанды  күресуге, әрі бұл қылмыспен күресуде  дұрыс бағыт алуға пайдасы  зор. 

      Сонымен діни экстремистік бағыттағы  қылмыстар туралы құқықтық анықтама  мына мазмұнда тұжырымдадым: «  Діни экстремистік бағыттағы  қылмыстар – конституциялық құрылымға, қоғамдық және ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұтастығы мен аумақтық мызғымастығына, конституция кепілдік беретін азаматтардың және басқа да субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне, діни сенім немесе өзіндік ар-ождан бостандығын бұзуға бағытталған қоғамға-қауіпті, қылмыстық-жазаланатын, тікелей қасақана ниетпен жасалатын іс-әрекеттер жиынтығы ».

          Жоғарыда аталған ұғымдардың  құқықтық анықтамалардың берілуі  және « дін » делінген ұғымның  теология және заң ғылымдары  тұрғысынан синтезделген құқықтық  анықтамасының жасалуы Қазақстан  Республикасындағы діни экстремизм  құбылысын дұрыс түсінуге жетелейді.  Осымен бірге мемлекеттегі діни  экстремизмнің пайда болуының, таралуының, дамуының себептерін анықтауға,  алдын-алуға, болдырмауға, жолын  кесуге, осы бағыттағы қылмыстарды  ашуға, дұрыс тергеуге және  де діни экстремизмге қарсы  мемлекеттік, құқықтық органдар  мен қоғамдық ұйымдардың заңды  күресуіне мүмкіншілік береді. Асылында  теориялық негізде қисынды жасалынған  нәрсенің, практикадағы маңызы зор. 

      Жалпы Қазақстан Республикасы  аумағында тіркелгені, тіркелмегені  бар діни негізсіз сенімдерімен  адамдардың, азаматтардың имандылығына, денсаулығына, өміріне, еркіне, отбасылық  берекелі тұрмысына, қоғамға,  тіпті мемлекетке қауіпі бар  діни ұйымдар мен секталар  қаптап кетті. Яғни діни экспансия  жолдармен қауіп төндірілуде.  Бұл жөнінде көптеген бұқаралық  ақпарат құралдарында айтылыпта,  жазылыпта жүр.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы  аумағында, әсіресе, « Иегова  куәгерлері », « Салафилер »  ағымы, « Кришнайттер » сектасы,  « Ахмади » жамағаты сектасы,  « Евангелие » протестандық  секта және де басқа да түрлі  харизматикалық жеке тұлғалардың  топтары өз жұмыстарын жүргізуде.

      Бұл ұйымдарға қатысты әлемде, көптеген мемлекеттерде, бізде  де қоғамдық пікір қарсылығы  бар. 

      Мұндай ұйымдар мен секталардың  зияндары өте көп. Осындай секталардан  туындаған мәселелер еш шешілмей  келеді. Семинар-кеңестерде әр дайым  айтылып жүргендей, осыны алдын алмаса, жоғарыда аталған ұйымдар мен секталарға қарсы қоғамдық толқулар болуы мүмкін.

       Мысалы, « Иегова куәгерлері »  сектасы көптеген мемлекеттерде  заңмен қудаланды. Тіпті Европа  комиссиясы мен халықаралық сот  қарауында Швеция, Швецария және  басқа мемлекеттердегі осы аталған  сектаның заңсыз әрекетерін әшкереленді.

      М. Бұлутай өзінің көптеген ғылыми еңбектерінде осындай ұйымдар туралы дәлелдеп, шырылдап қаншама уақыттан бері айтып келеді. Бұл жөнінде көптеген зиялы қауым өкілдері, парламент депутаттары және басқа да адамдар айтып жүр. Бұл әшейін жеккөрушіліктен, көре алмаушылықтан және басқа мақсаттардан туындаған пікірлер емес.  

      Жалпы ғылыми зерттеулер нәтижелерінен, әрі қоғамдық пікірлер мен нақты өмірдегі жағдайдан байқалғандай, осындай ұйымдар мен секталардың зардаптары әлі де дұрыс сараланбай, зерделенбей келеді. 

      Алдағы уақытта тиісті заңдар көпшілік тиімді қабылданып, негізсіз ұйымдар мен секталардың заңсыз, әрі қоғамға қауіпті іс-әрекеттері тоқталады деген үмітіміз бар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы  діни экстремистік бағыттағы  қылмыстардың ахуалы, құрылымы және динамикасы

 

       Ең әуелі Қазақстан Республикасында  тіркелген барлық конфессиялық  ұйымдардың жалпы діни ахуалы  туралы, олардың өзара қатынасы, осы діни ұйымдардың таралып,  дамуын және шешілмеген мәселелерін  талдаудан бастауды жөн көрдік. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін  алғаннан кейін, алғашында жас  мемлекет болғандықтан, экономикалық  қиыншылықты көрді. Мемлекеттің,  қоғамның дәстүрлі жақтары, яғни  саяси, экономика, мәдениет, әсіресе  рухани салаларын бақылау әлсіз  жағдайда болды. Кеңес одағы  ыдыраған кейінгі діни ренессанстың  туындауы қоғамдық-саяси өмірде  конфессиялық фактордың жоғарлауына  мүмкіншілік туғызды.

       Е.С. Мақашевтің айтуы бойынша  бүгінде діннің әлеуметтік консолидациялау  мен саяси мобилизациялауды атқару  мүмкін екендігін және оны  атқарып жатыр. Ол конфессионалдық  аясының таралуына мына обьективті  процесстердің әсерінің болғандығын  көрсетті:

- қоғамдық  өмірді демократияландырудың қажеттілігі;

- посткеңестік  кеңістікте идеологиялық вакуумның  ( бостықтың ) болуы;

- әлеуметтік-экономикалық  қиындықтардың болуы;

- шетелдік  мемлекеттердің мүдделері.

           Статистикалық мәліметтер бойынша, 1989 жылдың 1 қаңтарына дейін 671 діни  қауымдастық, 20 конфессия мен деноминациялар  болды, ал 1995 жылдың 1 қаңтарында 1180 діни бірлестік, конфессия саны 30-ға жетті, 1997 жылдың 1 қаңтарында 30 конфессияның 1642 діни бірлестігі  жұмыс жасады, 2001 жылдың 1 қаңтарында 2300 діни бірлестік, ал қазіргі  мәлімет бойынша 46 конфессия, 4000-нан  астам діни бірлестік қызмет  жасауда. Мәліметтен байқалғандай, 1989-2008 жылдар аралығында конфессиялар  саны 20-дан, 46-ға дейін өскен. Сонда  19 жылда 26 конфессия қосылған. Ал  осы конфессиялардың діни бірлестіктерінің  саны 671-ден, 4000-нан асқан. Бұнда  да 19 жылда 3329 –дай діни бірлестік  қосылған. Бір жағынан зерттеушілердің  айтатыны, Қазақстан Республикасында  118 ұлт пен этностар тұрады. Сондықтан  көпұлтты және көпконфессиялы дейді. Осы аргументтер әр түрлі конфессияларға пайда болуына негіз болуы заңдылық дейді.

       Бұл жерде ескеретін нәрсеміз, « Діни сенім бостандығы және  діни бірлестіктер » туралы  заңның 9-бабында « Діни бірлестікті  кемінде кәмелетке толған 10 азаматтың  бастамашылығымен құрылады »  - делінген. Бұл да діни бірлестіктің  көптеп ашылуына себеп болды.  Сонымен қатар 2000 жылдан экономикалық  жағдайдың дұрысталуы, көптеген  адамдар, әсіресе кәсіпкерлер  немесе басқа да қаражаты барлар, көптеген ғибадатханаларды салды.  Әрине осы сияқты факторлар  діни бірлестіктердің санының  артуына септігін тигізді. 

         Дәстүрлі діни бірлестіктерден  бөлек, дәстүрлі емес ұйымдар  оп-оңай тіркеліп кеткен. Ол кездегі  діни бірлестіктерді тіркеу процедурасы  нақты діни сараптамадан өткізу  мүлдем болмады дейтін болсақ, қате болмайды.           

     Қазақстан Республикасындағы діни  экстремистік бағыттағы қылмыстар  қазіргі уақытта негізінен Қылмыстық  кодекстің 164 мен 170 баптары және  Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылы « Экстремизмге қарсы  іс-қимыл туралы » заңының баптары  бойынша көбіне жасалынады.

       Бұл қылмыс түрінің жоғары  латенттігіне байланысты қазіргі  таңдағы статистикалық есептің  жағдайында діни экстремистік  бағыттағы қылмыстардың шынайы  масштабын бағалауға мүмкіншілік  бермейді. Дегеменде 2001-2007 жыл және  де биылғы 2008 жылдың І-тоқсанды  қоса алғанда, осы аралықтағы  діни экстремистік бағыттағы  қылмыстардың жалпы тіркелген  қылмыскерліктің ішіндегі деликтік  үлестік қатысы 0,05 құрайды.

     Қазақстан Республикасында бұл  қылмыс түрінің жалпы тіркелген  қылмыскерліктің төменгі орындарын  алса да, Қылмыстық кодекстің  164 және 170 баптары бойынша қарастырылатын  қылмыстар ( 2006 -2008 І-тоқсан ), алдынғы  жылдармен салыстырғанда ( 2004-2006 жылдар) 46 есе өскен. Бұл діни  экстремистік бағыттағы қылмыстардың  жылдан жылға көбейгендігін және  қоғамға қауіпті екендігін көрсетеді.

       Әлемдегі лаңкестіктің және діни  экстремизмнің күшеюіне байланысты, Қазақстан Республикасы Бас прокуроратураның 2005 жыл 12 ұйымды жазылған арызы  бойынша Астана қаласы сотында  қарады. Сот құрамында судьялар, Бас прокуроратра, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері қатысқан сот отырысында бұл мәселе Қазақстан Республикасы атынан Астана сотының 12 ұйымды діни-саяси экстремистік ұйымдар екендігін таныған туралы үкімі шықты. Бұл ұйымдардың  барлығы басқа мемлекеттерде құрылған экстремистік ұйымдар. Яғни Таяу шығыс, Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстан Республикасына көршілес мемлекеттерден шыққан экстремистік ұйымдар. Жалпы бұл ұйымдардың аттарына және де іс-әрекеттеріне қарағанда көбінесе саяси, сепаратистік, экстремистік мақсаттарға байланысты құрылған. Әрине дінді тек идеологиялық қалқан ретінде, оның өзінде бұрмалап, өздерінің түпкілікті мақсаттарына жету үшін пайдаланады. Сонымен қатар бұлардан басқа экстремистік ұйымдар жоқ екен деуге болмайды.

      Жоғарыда аталған 12 экстремистік  ұйымдардың ішінен Қазақстан  Республикасының аумағында әсіресе  « Хизбут-тахрир » халықаралық  діни экстремистік ұйымның мүшелірінің  қоғамға қауіпті заңсыз әрекеттері  соңғы жылдары көрінді. Бұл  ұйымның осы жердегі басшылары  мен мүшелеріне қатысты қылмыстық  істер қозғалып, біразы сот үкімімен  сотталды. Көптеген мүшелері өз  еріктерімен бұл заңсыз партиядан  шыққандығын жариялады. Дегенмен  де әлі де бұл ұйымның жасырын  мүшелері болуы мүмкін.

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексіндегі 164 бабы бойынша қарастырылатын  қылмыстар динамикасы былайша  көрсетіледі: 2001-2002 жылдары ешкім  сотталмаған, 2003 жылы 8 кісі сотталса, 2004 жылы 2 кісі, 2005 жылы 20 адам сотталды, оның ішіндегі 16 адам 164 баптың 1- тармағы,  қалған 4 адам аталған баптың 2-ші  тармағы бойынша. Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексіндегі 164 бабы бойынша  жазаланатын қылмыстардың динамикасын  былайша қарстыруға болады: 2000 жылы  қылмыстық іс қозғалған базалық  көрсеткіші бойынша 100 ( 2 іс ), 2001 жылы - 0, 2002 жылы – 50, 2003 жылы – 4 есе, 2004 жылы – 3,5 есе, 2005 жылы 46 есе, 2006 жылы – 51 есе, 2007 жылы – 52 есе  болды. Бұның ішінде әсіресе  діни экстремистік бағыттағы  қылмыстардың қатысы бар. 

      А.Д. Дәрменовтың зерттеуі бойынша  ( 26 қылмыстық іс ) Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексі бойынша жазаланатын  қылмыстардың 94 % экстремистік мазмұндағы материалдарды таратумен, ал қалған 6%, экстремистік мазмұндағы материалдарды дайындау түрінде ( жасырын типография, өндіріс) жасалынған. Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратуда 42% , парақшалар, 29% , брошюра, 11% , кітаптар, 5 %, журналдар, 4 %, шарият сызбалары, 4% , бейнекасетталар, 3% , аудиокасетталар, 2 %, дәптерлер түрінде қолданылған.

      Халықаралық « Хизбут-тахрир »  діни экстремистік ұйымның заңсыз  іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы  мына аумақтарында Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарында, әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысында  және де басқа да жерлерде  болды. 

      Бұл діни экстремистік ұйымның  іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодекстің баптарына  қайшы, әсіресе 170 бап бойынша  қылмыстық жауапкершілікке тартып, жазаланатын қылмыстың құрамын  көрсетеді. Бұл ұйымның басты  мақсаты – Халифалық ортақ  мемлекет құру. Яғни көптеген  мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан  Республикасының конституциялық  құрылысын күшпен құлатуға немесе  өзгертуге не оның аумақтық  тұтастығын күшпен бұзуға шақыру.

     Жоғарыда көрсетілгендей бұл  ұйым мүшелеріне қатысты істерді  қозғалуының және де сотталғандардың  жылдан жылға өсу динамикасы  бар. Жалпы осы қылмыстарға  байланысты сот процестерінде  мыңдаған куәгерлерден жауап  алынып, айғақты заттар ретінде  56000 үнпарақ, 5000 астам діни экстремистік  мазмұндағы әдебиеттер, 1456 дана түрлі  мәлімет тасымалдау құралдары, 28 комьпютер, қазіргі заман талабына  сай баспа құралдарының 45 дана  жабдығы мен өзге оргтехникалар  алынды.

      Сонымен қатар Алматы, Астана, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда,  Қарағанды,  және Павлодар облыстарынан 167 адам өз еркімен партия қатарынан  шығып, экстремистік мазмұндағы 5000 адам астам әдебиеттер тапсырған.  Олардың өз кінәларын мойындап  келуіне байланысты, ешбірі қылмыстық  жауапкершілікке тартылған жоқ. 

     Бұл діни экстремистік ұйымның  Қазақстан бойынша басшысы, қаржылық  директоры, типографиялық қызметке  жауапты адам, Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Кентау және Екібастұз қалаларындағы ұйымның ұяшықтарының басшылары өз еріктерімен БАҚ-дар арқылы басқа мүшелерін партиядан шығуға үндеді.

        Осы ұйымның басқа мемлекеттердегі,  әсіресе, Орта Азия аумағындағы  ахуалы, құрылымы және динамикасы  жөнінде қысқаша талдама жасадық: 2006 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы  мен Қырғызстан Республикасының  ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің  бірлескен заңды шараларымен  Қырғыстан Республикасындағы Ош  қаласында орналасқан « Хизбут-тахрир  » діни экстремистік ұйымның  Орта Азиялық аумағы бойынша  ақпараттық-талдау орталығын таратылды.  Бұл орталықтың басшысы болған, мемлекетаралық іздеу жарияланған  Өзбекстан азаматын ұсталып, Өзбекстанға  жіберілген.

     Жалалабад қаласында осы партияның  Орта Азия бойынша штаб-квартираның  басшысы тұтқындылған. Ол 2000 жылдан  бері экстремистік әрекеттері  үшін Өзбекстан, Тәжікстан және  Қырғызстан Республикаларының арнаулы  қызмет органдарының іздестіруінде  болған. Оны тергеу барысында  мына мән-жай анықталған. Оның  Қазақстан Республикасы аумағында  2002 – 2004 жылдар аралығында  «  Хизбут-тахрир » діни экстремистік  ұйымның астыртын құрылымдық  бөлімшесін қалыптастыруға негізгі  ықпалы болғандығы дәлелденген.  Ол экстремистік әдебиеттерді  тарату каналдарын реттеп отырған. 

      Халықаралық заңдарға сәйкес, Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге  қарсы күрес туралы Шанхай  конвенциясы ( Шанхай, 2001ж. 15 маусым ) және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан  және Өзбекстан Республикаларының  арасындағы терроризмге, саяси  және діни экстремизге, ұлтаралық  ұйымдасқан қылмысқа және тараптардың  тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне  өзге де қауіп-қатер төндіруге  қарсы күрес  жөніндегі бірлескен  іс-қимыл туралы Шарт ( Ташкент  қ., 2000ж. 21 сәуір ) негізінде бірлескен  заңды шараларымен Орта Азия  мен ТМД елдерінің кейбір мемлекеттерінде  « Хизбут-тахрир » діни эктремистік  ұйымның белсендігін біршама  төмендетті. Тәжікстан Республикасында  осы ұйымның 56 мүшесі ұсталып,  олардан 16500 дана баспа өнімдерін  тәркілеген. Өзбекстан Республикасында  кейінгі кезде 30 астам осы ұйымды  жақтаушыларын қылмыстық жауапкершілікке  тартқан. 2007 жылдың алғашқы 4 айында Бішкек, Жалалабад, Тоқмақ, Ош қалаларында бұл ұйымның мүшелері ұсталған. Сонымен қатар Ресей Федерациясында Қазан, Тюмень, Нижний Новгород, Челябинск, Тобольск қалаларында « Хизбут-тахрир » діни экстремистік ұйымның мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресудің криминологиялық және құқықтық аспектілері