1.4
Діни экстремистік бағыттағы
қылмыс жасаушы тұлғаның криминологиялық
сипаттамасы және оның типологиясы
Осы бағыттағы қылмыс жасаушы
тұлғаның криминологиялық сипаттамасы
мен оның типологиясын жасау
үшін әуелі әлеуметтік-демографиялық,
психологиялық және қылмыстық-құқықтық
сипаттамасын саралауға тура
келеді. Г.Г. Исмуханованың зерттеуі
бойынша Қазақстан Республикасы
халықтарының этникалық құрамы 118
этностар тұрады. 1999 жылғы жасалған
халық санағы бойынша жалпы
халықтың мемлекет аумағында
қазақтар 53,2%, орыстар 30%, 16,8% қалған
этностар құраған. Қазіргі уақытта ұлттар
мен этностар арасында татулықты сақтауға
бағытталған мемлекет саясатының дұрыс
жолға қойылып келеді.
А.Д. Дәрменовтың зерттеуі бойынша
экстремистік бағыттағы жасалған
қылмыстарды жасаушы тұлғалардың
көпшілігін ер адамдар құрағанын
айтады. Ер адамдар мен әйелдер
бұл жөніндегі қарым-қатынасында
89% ер адамдар құраса, 11% әйелдер
құраған. Жалпықылмыстық қылмыстар
жасаудағы әйелдердің меншікті
салмағы келтірілген көрсеткіштерден
3 еседен артық. Осы орайда әйелдер
жасайтын экстремистік бағыттағы
қылмыс деңгейінің өсуі орын
алып отыр.
Дәрменовтың зерттеген жұмысы
бойынша, экстремистік бағыттағы
қылмыс жасап сотталғандардың
үштен бір бөлігі ( 35,4% ) 25 – 29 жас
аралағындағылар, 18 – 24 жас аралығындағылардың
да көрсеткіші шамамен осылай
( 34,5% ). Осы қылмысты жасаушылар
ішкі дүниетанымы тұрақталмаған,
қалыптаспаған немесе ол үшін
экстремизмнің немесе ұлтшылдықтың,
шовинизмнің пайда болуы оның
санасының ішкі ыңғайлығын қамтамасыз
ететін қажеттілік б.т.
Бұл зерттеушінің отбасылық қылмыскер
тұлғасының қалыптасуындағы зерттеудің
жүргізілуі жаңашылдықтан ерекшеленетін
қосымша тұжырымдама жасауға
мүмкіндік берген. Ереже бойынша
қылмыскер отбасының не білім
деңгейінің төмендігі немесе
діни ағым белгілеген іс-әрекеттің
қатаң ережелері мен нормаларын
бойына сіңірген. Біржағынан бұл
отбасы ата-анасы жоғары білімділер
( ереже бойынша бұл жоғары
гуманитарлық білім ) ол отбасы
фундаменталды, радикалды идеологтардың
экстремистік көзқарасына ортақтасады,
осының нәтижесінде жеткіншек
әр түрлі ағымдардың тарихымен,
саясатымен еш кедергісіз танысады.
Сының салдарынан ол экстремистік
топтағы діни ағымның идеологы
болып шыға келетіндігін айтады.
Сонымен қатар мына тұжырымға
келеді: 2001 – 2005 жылдары арасында
сауатсыздары жоқ болған, толық
емес орта білімді тұлғалар 32%
, орта білімділер – 28% , аяқталмаған
жоғары білімді тұлғалар –
32% , орта білімділер – 28% , аяқталмаған
жоғары білімділері – 30% , жоғары
білімділері – 10% құраған.
А.Д. Дәрменовтың зерттеуі көрсеткендей,
ниеттемеге байланысты қылмыстық
әрекеттерді келесі типтерге
бөлуге болады:
- импульстік
әрекеттер. Бұл жағдайларда күштеушілік
эмоциялық ұстамсыздыққа байланысты
ахуалға тікелей әсерді көрсетеді;
- діни жеккөрушілік,
дұшпандық, қылмыстық мінез-құлықтың
орталық итермелеуші күші және
негізгі мақсаты. Бұл кезде
күштеулік арқылы базалық, ішкі
агрессиялық тұлға орнатылуы
жүзеге асырылады, ол ахуалға
тәуелді емес;
- қоғамдық-қауіпті
салдарды күрт жоғарлататын топтық
ниеттеменің нәтижесі ретінде
экстремистік бағыттағы әрекеттерді
жасау.
Экстремистік бағыттағы қылмыс
жасаған тұлғаның аталған типтері
таза күйінде көрінбей, белгілі
бір үйлесімде көрініс береді.
Өйткені қылмыскерлердің жеке, әлеуметтік
психологиялық ерекшеліктерін аталған
типтердің бірінің шеңберінде ғана бейнелеуге
болмайды.
« Адам » ұғымына оның бойындағы
екі жақтың: әлеуметтік және биологиялық
жақтардың ажырамас бірлігі кіреді.
« Жеке бас » ұғымы оған
тән әлеуметтік белгілерді ғана
білдіреді. « Қылмыскердің жеке
басы » ұғымынпайдаланғанда қылмыс
жасаған адамның « әлеуметтік
кейіп » ғана ескеріледі. Қылмыскердің
жеке басындағы биологиялық және
әлеуметтік жақтардың арақатынасы
туралы айтыс тікелей нақты
іс-тәжірбиеге алып келеді. Биологиялық
факторға басымдық беретін авторлар
қылмыскерді зерделегенде психиатрдың
немесе психологтың маңыздылығын,
ал әлеуметтік фактор шешуші
деп есептейтін іс-қимылды түзеудің
әлеуметтік бағдарламалары жайында
жазады. Қылмыскерлердің жеке басын
криминологтер екі аспектіде
бір уақытта зерделейді: бір жағынан
әлеуметтік байланыстар мен әсерлердің
обьектісі ретінде, екінші жағынан
– мақсатты бағыты бар, өзгертетін
белсенді әрекетке қабілетті
субьект ретінде. Мынандай жеке
бастық сипаттамалар криминологиялық
зерделеу заттары болып табылады:
1) « обьективтік » немесе әлеуметтік
позициялар мен рөлдер; жеке бастың
әрекеті; 2) « субьективтік » мұқтаждық-сылтаулық
өріс; сананың құндылық-нормативті
сипаттамасы.
Әрбір әлеуметтік ұстанымға субьектілердің
үш тобы жарыса жасаған рөлдер
сценарийі сәйкес келеді: 1) мемлекет
жасаған және ресми міндеттеулшер
( заңдар, заңға тәуелді актілер
) жүйесінде көрініс тапқан; 2) қоғам
жасаған және көпшілік қабылдаған
және қоғамдық пікір қолдаған
іс-қимыл нормалары: моральдық,
эстетикалық, діни және басқа
нормалар нысанында; 3) биресми құрылымдар
( отбасы, бірге демалатын топтар,
әріптестер тобы ) жасаған және
тосылатын іс-қимылдың жазылмаған
ережесі, оның әлеуметтік нысанында.
Субьектілердің соңғы тобына
өз іс-қимыл нормаларымен және
әлеуметтік тосу нысанымен қылмыстық
құрамалар да кіреді.
« Адамның жеке басының сылтаулық
өрісі » дегеніміз « оның
өмір бойы қалыптасып дамыған
сылтауларының жиынтығы ». Кейбір
авторлар сылтаулар мен мақсаттардың
жиынтығы туралы айтуға болады
дейді.
Ал енді діни экстремистік
бағыттағы қылмыс жасаушы тұлғаның
қылмыстық ниеті мен мақсатын,
сылтауы, ойлауы, іс-қимылы және
басқа да жақтарын криминологиялық
сипаттамасын талдауға кірісеміз.
Дін жолында, әрі өнегелі жолда
жүрген адам неге қылмыс жасайды?
Оған қылмыс жасауға не нәрсе
итермелейді?
Әлбетте шынайы діннің негізін
жақсы білген адам ешқандай
жаманшылыққа бармайды. Яғни қылмыс
жасамақ түгіл, күнә жасамауы
қажет. Әрине бұл кемел адамның
белгісі болып табылады.
О.Ф. Лобазова адамдардың діни
санасы екі деңгейге бөлінетіндігін
айтады: 1) Кәдуілгі діни сана;
2) концептуалды ( тұжырымды ).
Кәдуілгі діни сана деңгейі
эмоциялық сәтті қабылдаумен
сипатталады. Кәдуілгі діни санада
діни сенімдер тегеуірінді (дәстүрлі
) және динамикалық ( қөңіл-күй
) күштің нәтижесінде жинақталады
және дамиды.
Концептуалдық діни сана деңгейі
болса, Құдай, табиғат және
басқа нәрселер жөнінде діни
көсемдермен толықтырылады.
Ислами діни әдебиеттерде адамдардың
үш түрлі сенім типтерінде
болатындығын көрсетеді. 1) Хақиқи; 2)
истдидлал; 3) тақлиди.
Хақиқи ( ақиқи ) – шынайы діни
сенімі таза жүрекпен болатындығын,
Жаратушысын ақыл-санасымен танитын,
діни санасы мығым орныққан, әрі
жоғары деңгейде көрінетін, ақиқат
сенімі болатын адамдардың діни
сенімі және діни санасы ( Пайғамбарлар,
діни ғұламалар, әулиелер және
т.б ).
Истидлал ( дәлелді ) – діни сенімге
адамдардың өзінің ақыл-санасымен,
қоршаған табиғаттағы жаратылыстардың
бір жүйелігіне қарап, әрі өздерінің
ғылыми немесе шығармашылық еңбектерінің
нәтижесінде келуі.
Тақлиди ( кәдуілгі немесе әуесқой
) – ата-бабасы ұстанған діни
сенім жолымен, яғни асылында
діни қағидаларды терең біле
бермейтін, тек тұрмыстық деңгейде
ғана діни санасы қалыптасқан
адамдар.
Діни экстремистік бағыттағы
қылмыс жасаушы адамдардың көпшілігінің
кәдуілгі діни санасы қалыптасқан
деуге болады. Яғни діни сананың
қалыптасуына діни білімнің маңызы
зор. Ал діни экстремистік бағыттағы
қылмыс жасаушылардың көпшілігінің
діни білімі төмен болып келеді.
Алайда діни білімі жоғары адамдар
діни экстремистік бағыттағы қылмыс жасамайды
деуден аулақпыз. Діни сауаты шамалы болса
да, ұйымдастырғыш, әрі адамдарды соңынан
ерте алатын адамдар болады.
Діни экстремистік бағытта қылмыс
жасаушы тұлға болып қалыптасуына
діни экстремистік ұйымның басшыларының
немесе идеологтарының идеологиялық
үгіт-насихаты, әрі осы идеяларды
өзіндік санасымен қабылдауы
әсер етеді. Осының нәтижесінде
оның санасында « менің жасайтын
іс-әрекетім » діни қағидалармен
негізделген делінген түсінік
қалыптасады. Қалған адамдардың
сенімі, дүниетанымы еш қызықтырмайды.
Сонымен қатар осындай тұлғаның
санасында « менің іс-әрекетімде
ешқандай күнә болмайды, мен дұрыс
жасап жатырмын, өйткені Құдайдың
қалауын, әрі бұйрығын орындап
жатырмын, сондықтан бұл ешқандай
қылмыс болмайды » делінген
ұғым қалыптасады.
Жоғарыда аталған « Хизбут-тахрир
» діни экстремистік ұйымының
құрамындағы діни экстремистік
бағытта қылмыс жасаушы тұлғаның
діни санасына әсер ететін
негізсіз идеологиялық « қағидалар
» бар. Ислам дінінің негізіне
және қолданыстағы заңдарға қайшы
келетін діни экстремистік идеологиялық
қағидалары мыналар болып табылады:
- Халифат құру; « Кімде-кім өмірінде халифат құруға атсалыспаса, надан, мүшрик ( Аллаһ Тағалаға серік қосушы ) болып өледі » деп үрейлендіру; ҚР конституциясы 5 бабы, осы баптың 4 тармағы, « Діни Қоғамдық бірлестіктер » туралы заңының 5 бабы, « Саяси партиялар » туралы заңының 5 бабы, « Экстремизмге қарсы іс-қимыл » туралы заңының 3 бабы, ҚР Қылмыстық кодекстің 164,
170, 337 баптары және басқа да баптары бойынша бұл ұйымның мақсаттары мен заңсыз іс-әрекеттері айыпталады.
- Шариғат емес мемлекетте үгіт-насихат ( жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю ) парыз емес деп есептейді. Тек Халифаттық мемлекет құрылғаннан кейін парыз болады деулері; Бұл Құран аяттарына ( 3:104,
7:199 ) қарама қайшы, яғни пікір айтып күпірлік жасау.
- « Пайғамбарлар пайғамбар болғанша күнәға батып, шатасқан » деп негізсіз айтуы; яғни бұл жерде « пайғамбарларда күнә жасаған » деп өздерінің күнәсін, қылмысын бүркемелеуге, әрі ақталу үшін негіз етіп алуы. Негізгі сылтауларының бірі болып табылады. Бұл жерде де Құран мен Пайғамбар хадистерін мойындамайтындықтары көрініп тұр. Дінді тек бүркемелеу үшін қолданады.
- Қияметте ( ақыр заманда ) Мұхамммед Пайғамбардың шапағатын мойындамаулары; Бұл да өздерінше Пайғамбарды жай әшейін адам есептеулері және шапағат жайлы айтылған хадистерді мойындамайды. Бұл да Құран аяттарына ( 2:155,
21:28 ) қарама қайшы болып табылады.
- Құранда және хадистердегі баяндалған қабыр азабы мен қабырдегі сұрақ-жауап болатындығына сенбеулері; Біз жасаған қылмысымызға қабыр азабын көрмейміз деп нық сенімде болуы. Бұнда да Құран аяттарына ( 20:124, 6:98 ) қарама қайшы күнә іс.
- Қияметте кәпірлер ( Құдайға сенбеушілер ) азаптарын көріп болғаннан кейін мұсылмандар ( Құдайға сенушілер ) сияқты тозақтан шығарылып, жұмаққа кіреді деп есептеулері; Яғни не істесең істей бер, кәпір немесе қылмыскер болсаң да түбі жақсылыққа жетіп, жұмаққа кіресің деген сенімде болу. Бұл Құран негізіне ( 2:81, 98:6 ) қарама-қайшы күнә іс.
- Порнографиялық, ұятсыз суреттер мен бейне фильмдер қарауға рұқсат беруі; Бұл жерде де Құран аяттарына ( 17:32, 24:30 ) қайшы күнә болып табылады. Бұндай арсыз нәрселерге өз беттерінше рұқсат деу себептері осындай жолда жүргендерді өздерінің қатарына қосудың бір амалы болып табылады.
- Шағын дүкендер ашып, онда доңыз еті мен арақ-шарап сатуды және шұжық құрамында доңыздың еті бір пайыздан аспаса, жей беруді жөн көру; Яғни бұл жерде де Құран аяттары ( 2:173,
5:90-91 ) мен Пайғамбар хадистеріне қарсы шығу үлкен күнә болып табылады. Бір жағынан арақ ішетін, шошқа етін жейтін мұсылман болсын, басқа болсын ұйым қатарына қосудың немесе осындай дүкен иелері мен дүкен қызметкерлердің, тіпті көпшіліктің қолдауы бола ма деген дәмеленген қитұрқы ниеттері мен әрекеттері.
Міне « Хизбут-тахрир » діни
экстремистік ұйымның осындай
Құран аяттарына және Пайғамбар
хадистеріне қайшы келетін күнәлі
болып табылатын сенімдері мен
іс-әрекеттері бар. Сонымен қатар
« Хизбут-тахрир » діни экстремистік
ұйымдағы діни экстремистік бағыттағы
қылмыс жасаушы тұлғаға санасына
әсер етуші нәрсе мына идеяда
болып табылады. « Хизбут-тахрир
» діни экстремистік ұйымның
негізін салушы Тақиюддин ән-Набаханий
өзінің « Шахсиятул Исламия
» ( Ислам тұлғасы ) атты кітабында:
« Пенденің істеген іс-әрекеті
Аллаһтың жазған әрекетіне жатпайды
», - деген сөзі хизбутшылардың
тағдырға сенбейтіндіктеріне дәлел.
Бұл ұстаным Пайғамбар қайтыс
болғаннан кейін пайда болған
Мұғтазила мен Қадария делінген
Ислам негіздерінен ауытқыған
діни экстремистік ағымдарда
болады. Бұл да Құран аяттары
( 25:2, 37:96, 54:49 ) мен хадистерге қарама
қайшы күнә болып табылады.
Діни экстремистік бағыттағы
қылмыс жасаушы ( « Хизбут-тахрир
» ұйымның мүшесі ) осындай негізсіз
діни экстремистік бағыттағы
идеологиялық ең шеткі көзқарастары
мен мақсаттары арқылы, қоғамға
қауіпті іс-әрекет жасай отырып,
өздерінің негізсіз Құран аяттарын
бұрмалап, әрі оның аяттарына
қарсы шығады, сонымен қатар Пайғамбар
хадистерін мойындамайды. Әрине
діни экстремистік бағыттағы
қылмыс жасаушы тұлға болып,
тек бұл ұйымның мүшелері ғана
есептелінбейді. Қазіргі Қазақстан
Республикасында көптеген діни
экстремистік ұйымдар мен секталар
кездеседі. Әуелі құқықтық, діни
сараптама жасау негізінде, тиісті
қылмыстық дәлелді материалдар
мен сарапшылардың қорытындысы
бойынша « Діни экстремистік
ұйым немесе секта » деп
үкім беру соттардың еншісінде
болып табылады. Қазіргі уақытта
діни экстремистік бағыттағы
әрекет еткендерді, яғни жеке
қылмыскер тұлғаларды былайша
саралап бөлуге болады:
- Діни, саяси және басқа негіздер бойынша мемлекет, қоғам және азаматтарға қарсы қауіпті іс-әрекет жасаушы тұлғалар;
- Мемлекеттің ұлттық заңдарды, мемлекеттік нышандар мен рәміздерді мойындамайтын, патриоттық мұраттарды қолдамайтын, халықтың денсаулығына қажетті шараларды қолдануда әрекетсіздік ететін және басқа да іс-әрекеттерді жасаушы тұлғалар;
- Тарихи қалыптасқан қоғамның шариғатқа негізделген ұлтт<span
class="Normal__Char" sty