Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

экспедицияны жіберу туралы жарлығы шықты. Оның құрамында 3017 адам болды.

Мақсаты – “қалалар салу үшін алтын, күміс жəне мыс кендері  көздерін табу”.

Алайда 1715 жылы басталған  экспедиция сəттіз аяқталды. Жоңғарлардың

шабуылына ұшыраған отрядтың тек 700 адамы ғана қоршаудан  шығып, 1716 жылы

Ямышев жəне Омбы бекіністерінің негізін салды. 1717 жылы полковник И Ступин

басқарған экспедиция ұйымдастырылып, олар Железинка (1717), Семей (1718)

бекіністерін салды. 1719-1720 жылдары И Лихарев бастаған экспедиция Өскемен,

Коряков (1720) бекіністерін салды. Осы əскери бекіністер Жоғарғы  Ертіс қорғаныс

шебін құрады.

Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ қоғамындағы əртүрлі  шиеленісті

мəселелерді шеше алмады. Жоңғар хандығы тарапынан жаңа шабуыл қаупі

сақталып қалды. Осы кезде Иран шахы Надирдің Хиуа хандығына шапқыншылық

жасап, Сырдария бойындағы  аймақтарға қауіп төндіруі де жағдайды біраз

ауырлатты. Жоңғар басқыншылығы қазақ қоғамының əлеуметтік қатынастарында

да терең із қалдырды. Елдің қаңыратылып, күйзетілуі кедейлердің  санын

көбейтті.Осы кезде  Болат ханның қайтыс болуына байланысты қазақ

жасақтарының жетекшілері  билікке таласа жанжалдасып қалды  да, мұның өзі

ойраттардың жағдайын жеңілдетіп, қазақ халқының жоңғарларға  қарсы күресіндегі

көптеген құрбандықтары  мен күш-жігерін жоққа шығарды.

Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет –қазақ

жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету жəне елде күшейе түскен феодалдық

бытыраңқылықты  жою міндеті тұрды.

Қазақтардың сыртқы жағдайларының күрделілігі одан аман шығудың

жолдарын іздестіре  беруге түрткі болды. 1726 жылы Кіші жүз  ханы Əбілқайыр,

ағамандар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай жəне басқалары Ресейден Кіші жүз

11

қазақтары үшін “қорғаушылық сұрауға” елші Қойбағарды жөнелтті. Бірақ  оның іс-

сапары сəтсіз аяқталды. Орыс жағы елшінің өкілеттігіне күмəн  келтірген сыңай

танытты. Шындығында Ресей басшылығы қазақ-жоңғар қақтығысында оқшау

позиция ұстауға  тырысты. Əйтсе де Əбілқайыр өзінің көздеген мақсатын аяқсыз

қалдырмайды. Ол 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі  арқылы Петербургке

өз елшілігін  жіберіп, Ресей императрицасынан өзін ұлысымен бірге Ресей

империясының бодандығына  қабылдауды өтінеді. Бұл жолы Əбілқайырдың

елшілігіне барынша  құрмет көрсетіліп, оның Құтлымбет  Қоштав бастаған 7

адамнан тұратын  елшілеріне бағалы сыйлықтар тартылады. 1731 жылдың 19

ақпанында императрица  Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей  бодандығына

қабылдайтыны жөніндегі  сенім грамотасына қол қойды. Қазақ елшілері Дала

өңіріне Сыртқы істер  алқасының тілмашы А.И.Тевкелев бастаған үлкен комиссия

қосылып, əскери күзет  ертіліп қайтарылды, олардың ішінде “ жерлерді сипаттау

үшін жіберілген екі геодезист – А.Писарев  пен М.Зиновьев болды” .

Əбілқайырдың сендіруіне иек артқан Ресей жағы бодандыққа өтуді Кіші

жүздің барлық сұлтандары мен ағамандары қалайтын болар деп  шешті. Алайда,

1731 жылы қазанда  А.Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы  Əбілқайырдың ақ ордасына

келгенде Ресей  азаматтығын қабылдау мəселесі бойынша  феодалдық ақсүйектер

арасында айтарлықтар  алауыздық бар екендігі анықталды. Барақ сұлтан бастаған

“қарсы партия”  келіссөздердің өтпеуіне шаралар жүргізді. Олар Əбілқайыр ханға

Ресеймен тек  əскери одақ құруға ғана өкілеттік  бергендерін алға тартып,

бодандыққа өтуге  үзілді-кесілді қарсы шықты.

Бөгенбай тобының  ханға қолдау көрсетуі тартысты біраз  бəсеңсітті. Сатып

алу, сөз байласу, ал кейде ашық қоқан-лоққы көрсетіп, қорқыту арқылыА.Тевкелев

хан ордасындағы  күштердің арақатынасын өзгертуге  қол жеткізді. Сонымен, 1731

жылдың 10-қазанында  хан ордасында Əбілқайыр бастаған 29 ақсақал ант берді.

Осылайша қазақ  жерлерінің Ресей құрамына енуі басталды.

Орта жəне Ұлы  жүздер Ресейге кейінірек қосылғанымен, Əбілқайыр хан

патша өкіметіне  өтініш білдіргенде бүкіл қазақ  халқы атынан сөз салған-ды.

Мұның өзі жоңғарларды  сөзсіз абайлаттырды жəне оларды орыс-қазақ

12

қатынастарының  онан əрі дамып бара жатқанына  секеммен қарауға мəжбүр етті.

Ресей императрицасының жарлығында сол кезде-ақ ресми түрде  азаматтығын алған

қазақтарды мазасыз  көршілерінің жауластық əрекеттерінен  сақтайтындығына

кепілдік беретін  пункттер болды: ”егер Сіздерге, қайсақтарға (қазақтарға) жаулар

шабуылдайтын болса, онда Сіздер олардан біздің күшімізбен қорғаласыздар”.

Кіші жүздің Ресей  азаматтығын алуының оң негізін  теріске шығармасақта,

Əбілқайырдың Ресей  əкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси  қарсыластарының

позициясын əлсіретуге, жеке билік жүргізу үшін күресте  өзінің негізгі

бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдакүнемдік мүддесін назардан тыс

қалдырмаған жөн.

Өз миссиясын  сəтті аяқтаған А.Тевкелев Найзатескен  алқабынан қайтар жолға

аттанды. 1733 жылы 2 қаңтарда ол Əбілқайырдың Петербургке жіберген жауап

елшілігімен Уфаға  жетті. Бұл миссияны ханның екінші ұлы  Ералы сұлтан

басқарды. Келіссөздер  нəтижесінде Кіші жүздің Ресей бодандығына  кіруі түпкілікті

ресімделді.

Алайда, Кіші жүз  Ресейдіің азаматтығын қабылдағаннан  кейін де

Қазақстандағы жағдай күрделі күйінде қала берді. Орта жəне Ұлы жүз шектеріне

жоңғарлардың тұтқиылдан басып кіру қатері сақталып қалды.

30-жылдардың екінші  жартысында Ғалдан-Церен Орта  жүздің шекарасына

əскер төге бастады. Осыған байланысты Ресей императрицасының 1734 жылғы

маусымда Орта жүзді  Ресей құрамына қабылдау туралы жарлығы  саяси жағынан

ақталды. Осы жылы Ұлы жүздің Жолбарыс хан бастаған бір топ билері мен

сұлтандары да Ресей  бодандығын қабылдауға ниет білдірді. Дегенмен бұл

аумақтардың көп  бөлігі іс жүзінде Х1Х ғасырдың ортасына дейін дербес күйінде

қалып келді.

Қосып алған жерлеріндегі шептерін нығайту үшін 1734 жылы арнайы

Орынбор комиссиясы құрылды. Оны Сенаттың обер-хатшысы  И.К.Кириллов

басқарды. 1735 жылы отаршылдық саясаттың тірегіне айналған бекініс, қазіргі

Орынбор қаласының  іргесі қаланды.

13

1737 жылы И.К.Кириллов  қайтыс болғаннан кейін Орынбор  өлкесінің

губернаторы болып  белгілі тарихшы, қабілетті əкім Н.Татищев тағайындалды. Кіші

жүз бен Орта жүздегі  ықпалды шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту оның

ең басты саяси  мақсаты болып қала берді.

Ресей империясы  мен қазақ жүздері арасындағы келісім-шарттарда көптеген

маңызды мəселелер  мүлде қарастырылмай, орағытылып өтіп отырды. Осы жағдай

əртүрлі түсінбеушіліктер тудырды. Əбілқайыр ханның Ресей  əскери күшінің

көмегімен өз ықпалын  нығайтпақ болған үміті де ақталмады. Орынбор

губернаторлығына  И.И.Неплюев тағайындалғаннан кейін  ол Əбілқайырдың

өзінің жеке билігін  əлсіретуге тырысты. И.И. Неплюев өз мақсатына жету үшін

күрестің ең жымысқы  əдістерін қолдануды тартынбай  жүргізді. Ұлтаралық

араздықты ұшықтыруға тырысты.

Көреген хан ойрат  қаупі жойылғаннан кейін Петербургтің жəне Орынбор

губернаторының  түпкі мақсаты бүкіл Қазақстанды  империяның отарына

айналдыру, өздеріне ұнамайтын ықпалды сұлтандар  мен ақсақалдарды əр түрлі

əдістермен жою, ал ханды айтқанынан шықпайтын орындаушы  деңгейіне дейін

төмендету екенін бірден-ақ аңғарды. Орыс əкімшілігі тарапынан  болған

дөрекіліктерге  ашуланған хан мен “бодандыққа  қылыштың күшімен емес, өз

еркіммен кірдім...”, “орыстар бізді қалмақтар мен  башқұртттар сияқты еткісі келеді,

бірақ біз ауыр езгіге көніп тірі жүргенше, өлуге дайынбыз”, “біз Жайықтың суы

кері аққанда  ғана отар боламыз” деп мəлімдеген болатын. ХVIII ғасырдың 40-

жылдарында Əбілқайыр  ханның бастамасымен біраз қақтығыстар  болды. 1748

жылы Барақ сұлтанның  адамдары Əбілқайырды өлтіріп кетпегенде бұл күрес ары

жалғасуы мүмкін елі.

Тұтас алғанда, қазақ  жүздерінің бір бөлігінің Ресей  бодандығын қабылдауын

екі тұрғыдан қарастыру  керек: бір жағынан, ол қазақтарды ойраттардың  жиі

қайталанған жойқын жорықтарынан, олардың ______________халық  үшін қырғынды салдарынан

құтқарды, ал екінші жағынан, кең байтақ дала өңірін біртіндеп  əскери-казак

қоныстары арқылы отарлаудың жəне қазақтардың мемлекеттілігін  жоюдың басы

болды.

14

1.3 XVIII ғасырдың  екінші жартысындағы Ресейдің  отаршылдық

саясаты. Абылай хан

екінші XVIII ғасырдың басындағы Қазқстанның ішкі ахуалы бұған өзіндік əсер

етті. Осы кезде  Ресейде I Петр жүргізген реформалар өз жемісін бере бастады.

Елдегі ірі экономикалық жəне саяси сілкініс Ресей мемлекетін одан əрі кеңейту

мəселесін қойды. Алдыменен  империяның шекарасына өте жақын  орналасқан

аймақ ретінде Батыс  Қазақстан жерінде мейлінше толық  жүзеге асырыла бастады.

Жер туралы мəселенің  осы аумақта ХVIII ғасырдың екінші жартысында ең басты

мəселе болғандығы сондықтан.

Бұл кезеңдегі қазақ  қоғамының ішкі қалыптасқан ахуалы да жағдайды

күрделендірді. Билік  иелері арасындағы күрес 1748 жылы Əбілқайыр  ханның

өлтірілуіне əкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру  жолындағы күш-жігер

едəуір дəрежеде əлсіретілді. ХVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақ

хандығының ыдырауына  себепші болған іріткі салушы күштер басым бола

бастады. Əбілқайыр  хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз иеліктері оның

мирасқорларынан аулақтап кетті. Кіші жүздің өз ішінде де билік  таласы асқына

түсті. Хан тағына отырған оның ұлы Нұралымен қатар  Кіші жүзде екінші хан

болып Батыр сайланды. Нұралы хан алғашқы кезден солқылдақтық танытып, ең

алдымен патша əкімшілігіне иек арта бастады.

Кіші жүз бен  Ресей арасындағы қарым-қатынас  протекторат негізінде құрылған

еді, яғни қазақтар сыртқы саясат жүргізу саласынан  басқа салаларда егеменді

болды. Сонда-ақ Ресей  жоғарғы билеуші-хандарды тағайындау құқығын өз

қолына алды. Оның есесіне Ресей қажет болған жағдайда қазақтарға əскери көмек

көрсетуге уəде берді.

15

Бұл шартты Ресей  жағы алғашқы кезден бастап өрескел  бұза бастады. Ресей

боданындағылардың қазақ жерлеріне шабуылы толастаған жоқ. Шекаралық

отрядтар бейбіт қазақ ауылдарына жиі шапқыншылық  жасап тұрды. Өздеріне

тыйым жоқ екенін көрген олар үшін қазақ ауылдарына шабуыл жасау біртіндеп

баю көзіне айналды.

Кіші жүз үшін маңызды мəселелердің бірі Жайық  пен Еділдің төменгі ағыстары

арасындағы жерлерге көшіп бару туралы мəселе болды. 1756 жылы патша жарлығы

шығып, ол бойынша  қазақтардың қыс кезінде өз малын  Жайықтың батыс жағына

айдап баруға тыйым  салынды. Осылайша ______________қазақ қауымдарын экономикалық

жағынан əлсіретіп, оларды сыртқы ықпалдан оқшаулап тастау міндеті жүзеге

асырыла бастады. Қалыптасқан  жағдай жер пайдалану мəселелері жөніндегі

шиеліністі күшейтті. Қазақтар өз кезегінде патша өкіметін осы шешімінен бас

тартқызу үшін əр түрлі əрекеттерге барды: хат  жазып, көптеген өтініштер

жолдады; өз еріктерімен  осы жерлерге көшіп бара бастады, бұл өз кезегінде

қазақтар мен  Еділ қалмақтары арасындағы қарым-қатынасты  шиеленістіріп, қарулы

қақтығыстарға алып келді. Патша əкімшілігін жеңілдіктер  жасауға мəжбүр ету

үшін қазақтар өз тарапынан орыс керуендерін тонап, Ресейдің Орталық Азиямен

қарым-қатынасын  біраз уақытқа тоқтатып тастады.

Осы кезеңде қазақтардың  басқа да көрші халықтармен қатынасы күрделі болды.

Нұралы хан өзі  билік еткен жылдары мемлекет қайраткеріне тəн қасиетін көрсете

алмады, əдетте ол оқиғалардың  жетегінде кетіп, өз тарапынан ешбір  өзгеріс енгізе

алмады.

Осы кезде Орта жүз  бен Ұлы жүздегі жағдай да шиеленісе  бастады. ХУ111

ғасырдың 50-жылдарынның  басында олар бірнеше рет жоңғар əскерлерінің

шабуылына ұшырады. Қонтайшы Ғалдан-Церен қайтыс болған соң Жоңғарияда

орын алған өзара  қырқыс осы құдіретті державаның əлсіреуіне жəне бүкіл

аумақтағы саяси  жағдайдың шиеленісуіне əкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды

пайдаланған қазақ  даласының билеушілері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің

істеріне белсене  араласа бастады. Орта жүз бен  Ұлы жүздің ресми ханы

16

Əбілмəмбет болып  қалғанына қарамастан, нақты билік  бірте-бірте ықпалды сұлтан

Абылайдың қолына жинақтала  берді.

1755 жылы басталған  қытай-жоңғар соғысының алғашқы  кезеңінде қазақтар

жоңғарларға көмекке  келді. Көреген саясатшы болған Абылай Жоңғарияның қазақ

қоныстарын қытай  экспанциясынан қорғап, аралық рөл  атқаратынын тамаша

ұғынды. Алайда, жоңғарлар  жеңіліс тауып, Цин империясының əскерлері қазақ

жерлеріне баса көктеп кірген кезде өз саясатын қайтадан қарастыруға мəжбүр

болды. Цин империясымен саяси жəне экономикалық байланыстарды  жолға қоюға

тілек білдірді. 1757 жылдың қыркүйегінде қазақ елшілері Пекинге жіберіліп, бітім

жасалды.

Қазақстанның Қытаймен бұдан кейінгі қатынастары негізгі  екі проблемаға

байланысты болды. Біріншісі жəне ең маңыздысы жер  проблемасы еді.Қазақтар

жайылымдарды, əсіресе  Ертіс пен Іле аңғарларындағы жəне Тарбағатайдағы бай

жерлерді қайтарып алуға ұмтылды. Циндер болса өздерін  Жоңғария

территориясының басты  мұрагері екендігін жариялады. Қытай  əскерлері жаңа

шекара шебіне орналастырыла  бастады. Алайда, олардың қазақ руларының

ғасырлар бойы қалыптасқан  Алтай, Тарбағатай өңірлеріндегі жайылымдарына

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі