Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа
Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.
Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер
бұрынғысынан да күшейе түсті. Орал казактарының бейбіт ауылдарға шабуылдары
жиілеп кетті, ал жергілікті патша əкімшілігі оларды көтермелеп отырды.
1790 жылдың тамызында Нұралы хан Уфада қайтыс болды Патша əкімшілігінің
күш-жігері нəтижесінде 1791 жылдың қыркүйегінде оның інісі Ералы хан болып
сайланды. Бұл көтерілістің жандануына себеп болды. 1792 жылдың жазына қарай
29
көтеріліс бүкіл жүз аумағын қамтыды. Сол жылдың күзінде Сырым Датов Елек
қалашығын шабуылмен алмаққа əрекет жасады, бірақ ол сəтсіз аяқталды.
Көтеріліс партизандық соғыс сипатын алды.
Халықтық қозғалыстың жаңа өрлеуі кезеңінде Сырым Датовтың жалтақтығы мен
солқылдақтығы көрінді. Ол хан билігін жою талабынан бас тартты. Ералы ханға
қарсы күрес жүргізе отырып, хандық биліктен дəмелі сұлтандар тобына қолдау
көрсетті.
1794 жылдың жазында Ералы хан қайтыс болды, біраз уақыт патша үкіметі жаңа
хан сайлауға шешім қабылдай алмады. Тек 1796 жылдың қазанында Нұралының
ұлы Есім хан болып жарияланды.
1796 жылдың қысы аса ауыр болып, мал жұтқа ұшырады, халық арасында аштық
жайлады. Осыған қарамастан Есім хан көтерілісті басу үшін белсенді əрекеттер
жасай бастады. Оған жауап ретінде 1797 жылдың наурызының 26-нан 27-не
қараған түні көтерілісшілер отряды хан ауылына шабуыл жасап, Есім ханды
өлтірді. Жағдай күрт шиеленісп кетті. Игельстром қайтадан губернатор болып
тағайындалды. Жаңа қалыптасқан жағдайда патша əкімшілігі өзінің тактикасын
өзгертті – 1797 жылдың тамызында Əбілқайырдың ұлы Айшуақ басқарған Хан
кеңесі құрылады. 1797 жылдың қазанында Айшуақ хан болып сайланды, оған
сұлтандар мен старшындар қолдау көрсетті. Сұлтандар мен ру ақсақалдарының
бітімге келуі Кіші жүздегі шиеленісті бəсеңсітті, көтеріліс бірте-бірте ______________əлсіреп,
тоқтады. Сырым Датов Хиуа хандығы аумағына көшіп кетті. Көп кешікпей сол
жақтан Сырым Датовтың у беріліп өлтірілгені туралы хабар жетті. Аса күшті ұлт-
азаттық қозғалыстар
санатындағы Сырым Датов
аяқталды. Халық көтерілісінің жеңіліс табуына сұлтандармен мəміле жасасқан
билер мен ақсақалдардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда,
Сырым Датовтың солқылдақтығы мен жалтақтығы себеп боды. Оның үстіне патша
үкіметінің Жайық пен Еділ арасындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етуі
жайылымдар туралы мəселенің өткірлігін уақытша бəсеңдетті, көтеріліс
себептерінің бір маңызды мəселесін алып тастады.
30
1783-1797 жылдардағы
халық бұқарасының күресі
аса маңызды оқиға болды. Қозғалыс ұлттық сана-сезімнің өсуінежəрдемдесті жəне
ұлт-азаттық сипатта болды.
2.2 Исатай
Тайманов пен Махамбет
1801 жылы 1 Павел патшаның Жарлығына сəйкес Жайық пен Еділ өзендерінің
төменгі ағыстарының аралығында Ішкі немесе Бөкей хандығы құрылды. Патша
үкіметі бұл қадамды Кіші жүзде күннен-күнге жанданып келе жатқан
отаршылдыққа қарсы күресті бəсеңсіту үшін жасаған еді. Бұл аумаққа көшіп
барған Кіші жүз қазақтарын Нұралының ұлы – Бөкей басқарды. 1812 жылғы 7
маусымда ол ресми түрде хан болып жарияланды. Бөкей хандының орыс
жерлерімен шекаралас болуы ол жерлерде патша əкімшілігінің ықпалын күшейтті.
ХIХ ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хандығында қазақ халқына
экономикалық қысым еселене түсті. Жəңгір ханның жүргізген саясатының кей
жақтары қазақ қауымына кері əсерін тигізді: шаруашылық өмір құлдырады, халық
жоқшылыққа ұшырап, кедейленген қожалықтар едəуір көбейді. Жер мəселесі одан
əрі шиеленісті. Патша əкімшілігінің озбырлығы да зор қайғы-қасірет əкелді. Хан
билігінің беделі мен ықпалы күрт құлдырады.
Осындай жағдайда қазақтың малшы-шаруалар бұқарасының ханға қарсы жəне
отаршылдыққа қарсы көтерілісі болып, ол 1836-1838 жылдары хандықты дүр
сілкіндірді. Бұл көтеріліс бастапқыда хандықтың Каспий теңізіне жапсарлас
жатқан оңтүстік бөлігін қамтыды. Бұл қолайлы, бай жайылымдықтар кінəз Юсупов
пен граф Безбородконың иелігінде болатын. Жерінен айрылған қазақ шаруалары
осы жерлерге жалгерлік жер алуға, болмаса балық кəсіпшілігіне жұмысшы болып
жалдануға үміттеніп келе бастады. Бірте-бірте бұл жердегі халық тығыздығы күрт
артты. Билеушілер бұл жағдайды өз пайдасына қолданып қалуға тырысып, алым-
салықты күрт көбейтіп жіберді. Осындай жағдайда халық көтерілісі басталды.
31
Көтерілісті беріш руының ағаманы, батыр Исатай Тайманов пен осы рудан шыққан
батыр əрі ақын Махамбет Өтемісов басқарды. Жалпы, халық-азаттық қозғалысы өз
дамуында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңнің басында рулар наразылығының
тұтануына Жəңгірдің 1833 жылы қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий
бойын мекен еткен руларға билеуші етіп тағайындауы себеп болды. Көтерілісшілер
де, қарапайым көшпелілер де, Қарауылқожаны аяусыз қанаушы ретінде, ірі өсімқор
саудагер жəне күш қолданып басқаруды жақтаушы ретінде білетін. Сондай-ақ оның
шыққан тегі қожа болғандықтан, халық оның билеуші болуға құқықсыз деп санады
.Алайда, халықтың
жолдаған өтініштерін хан
халық ханға қарсы ашық күреске шықты. Екінші кезең көтерілісшілердің ханға
қарсы аттануынан басталып (1837 жылдың басы), олар жеңіліске ұшырауған – 1837
жылғы қарашаның орта шеніне дейін созылады. Үшінші кезең- көтерілісшілердің
Исатай мен Махамбет бастаған шағын тобының Жайықтың сол жағасына өткен
кезінен, Ақбұлақта болған ұрыста біржола жеңіліске ұшырау (1838 жылғы шілде)
кезеңімен аяқталады.
Көтеріліс басшысы Исатай Таймановтың халық бұқарасын басқарудан зор
тəжірибесі жəне əскербасылық қасиеттері бар еді, ерлігімен жəне батылдығымен
ерекше көзге түсті. Оған қосылған жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын
Махамбет Өтемісов халық арасында өр мінезімен жəне терең ойлылығымен ғана
емес, сонымен қатар
қатардағы көшпелілердің
болып үлгерген еді.
Алғашқы кезде Жəңгір хан Исатай мен Махамбетті өз жағына тартуға тырысты.
Алайда оның бұл əрекеттері қалағандай нəтиже бермеді. Осы кезде Жəңгір оларды
ашықтан-ашық қудалауға жəне оларға қарсы күш қолдану шараларына көшті. Ол
Махамбет Өтемісовты тұтқынға алғызды. Исатай Таймановты ұстауға əзірлік
жүргізді. Оларға ниеттес ауылдарды құнарсыз жерлерге көшірді. Осындай
жағдайда азаттық күресі бүкіл хандықты қамтыды.
Көтерілістің барлық кезеңінде оның негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, мұның
өзі ордада терең əлеуметтік жіктелу үрдісі болғанын дəлелдеді. Көтерілістің
32
бағытын, дəлелдері мен идеологиясын көп жағынан оның шаруа мүддесін қорғау
сипаты анықтады.
1837 жылдың ______________көктеміне
қарай қарулы қарсыласудың
Қозғалыс қамтыған аудандарда хан басқаруының берекесі кетті. Көтерілісшілер
шонжарлардың үйлерін өртеп, мүлкін тартып алды, ханды жақтайтын ауылдардың
қоныстарынан малдарын айдап əкетті. 1837 жылдың қазанында Исатай Тайманов
хан ордасын қоршауға алды. Бұл кезде көтерілісшілердің саны 2000-нан асқан еді.
Жəңгір хан Орынбор губернаторынан əскери көмек сұрайды. Көтерілісшілерге
қарсы бүкіл операцияларды үйлестіру, оларға басшылық ету үшін Орынбордан
подполковник Геке шықты. Жазалаушы отрядтардың күш басымдығын түсінген
көтеріліс басшылары шегінуге шешім қабылдады. Алайда олар жазалаушылардың
қуғынынан ұзап кете алмады.
15 қараша күні Тастөбе алқабында 2000 солдат пен хан адамдарынан тұратын Геке
отряды мен көтерілісшілер арасында кескілескен шайқас болып, онда
көтерілісшілер 100-ге жуық адамынан айрылды. Ұсақ топтарға бөлініп, олар əр
түрлі бағыттарға бытырап кетті. Олардың басын біріктіруге бағытталған көтеріліс
басшылары əрекеттерінен нəтиже болмады. Исатай мен Махамбет бастаған шағын
топ Жайықтың екі жағына қойылған əскери тосындардың тығыз желісіне
қарамастан, 1837 жылдың 13 желтоқсанынан 14 желтоқсанына қараған боранды
түнінде Жаманқала форпосты түбінен өтіп, Жайықтың арғы жағындағы кең далаға
сіңіп үлгерді.
Бөкей хандығындағы шаруалар көтерілісі осылай аяқталды. Бірақ ол Жайықтың
сол жағасына ауысты. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер қаруларын
тастаған жоқ, айналасына өз жақтастарын шоғырландыра берді.1838 жылдың
көктеміне қарай ірі көтерілісшілер отрядын құрып алды. Бұл Жəңгір хан мен оның
жақтастарының үрейін туғызды. Олар көтерілісшілерді түпкілікті жоюға
дайындалды.
1838 жылғы 12 шілдеде көтерілісшілердің 500 адамнан тұратын негізгі тобы
Ақбұлақ жəне Қиыл өзендері арасында подполковник Геке басқарған біріккен ірі
жазалау отрядымен түйісті. Болған ұрыста көтерілісшілер нағыз ерлік пен
33
жанқиярлық көрсетті, бірақ күш мүлде тең емес еді. Көтерілісшілер талқандалып,
олардың басшысы Исатай Тайманов қаза тапты.
Көтеріліс талқандалғаннан кейін отаршылдық өкімет орындары мен хан билігін
жақтаушылар көтеріліске тілектес бейбіт ауылдарды қатыгездікпен қудалай
бастады. Арнаулы жазалаушы отрядтар көтеріліске белсене қатысушыларды қолға
түсіріп, көптеген
ауылдарды талап-тонауға
Исатай ______________Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен шаруалар көтерілісі
жеңіліс тапты. Нақты сол тарихи жағдайда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Екі
жақтың күші тепе-тең болған жоқ. Сонымен қатар шаруалар көтерілісінің аясы тар
əрі шектеулі болды. Қазақстанның басқа бөліктеріндегі азаттық күресімен
байланысы болмады.
2.3 Кенесары
Қасымов бастаған азаттық
ХIХ ғасырдың алғашқы
ширегінде патша үкіметі
саяси өзгертулер енгізуді қолға алды. Империя құрамына əлі ене қоймаған қазақ
жерлерін басып алуға белсенді əрекеттер жасады. Сол кезде Орталық Азияда
қалыптасқан жағдайдың да өзіндік əсері болды. Ағылшын əскерлерінің
Үндістанды басып алып, Ауғанстан жеріне енуі патша өкіметін алаңдатпай
қоймады. Өзінің осы аймақтағы позициясын нығайтудың бір жолы –тез арада қазақ
жерлерін толықтай өзіне бағындыру, сол арқылы Орта Азияға өз үстемдігін
орнатуға жол ашу болды. 1822 жылы қабылданған Сібір қырғыздарының жарғысы
далалық аймақтағы
басқару жүйесін түбірімен
жүйесі енгізілді, ол бойынша қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылға бөлінді.
Олардың белгілі бір территориясы болды. Əкімшілік билікті жүргізген аға
сұлтандар өкімет позициясының нығайтылуына қызмет етуге тиіс болды.
Сұлтандардың, билер
сотының құқықтары шектеле
құрулар нəтижесінде қазақтардың дəстүрлі көшіп-қонатын жерлері тарылды,
құнарлы жерлер орыс казактарына тартылып беріле бастады. Осындай жағдайда
ірі халық көтерілістерінің алғы шарттары пісіп, жетілді.
34
Қазақстанда патша өкіметінің отарлық саясатының күшеюіне қарсы халық
бұқарасының наразылығы ХIХ ғасырдың 20-30 жылдары негізінен жергілікті
жерлерді қамтыды. Солардың ішіндегі ең ірілерін Саржан Қасымов пен Жоламан
Тіленшиев басқарды.
Батыр Жоламан Тіленшиев Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы болған. Бұл
көтерілістің басталуына Табын руы мекендеген жайылымға, өзендерге, тұзды
көлдерге бай Жаңа Елек ауданын патша өкіметінің тартып алуы себеп болды.
Алғашқы кезде бұл мəселелерді бейбіт жолмен шешпек болған Жоламанның
əрекеттерінен нəтиже шықпады. Осы сəтсіздіктерден кейін Жоламан қарулы күрес
жолына түсуге мəжбүр болды. Оның отрядтары шекара заставаларына, билеуші
сұлтандардың қоныстарына шабуыл жасай бастады. Патша əкімшілігі көтерілісті
жою үшін қайта-қайта
______________жазалау
олардың шамасы жетпеді. Кейіннен Кенесары көтерілісі басталған кезде
Жоламанның отрядтары оған көмекке келді.
Осы жылдары Орта жүздегі отаршылдыққа қарсы күресті Саржан Қасымов
басқарды. Саржан көтерілісіне түрткі болған 1822 жылғы Сібір қырғыздары
туралы жарғының енгізілуі еді. Патша үкіметі бұл Жарғыны жүзеге асыруға бірден
кірісе қойған жоқ. Алдымен халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу,
оларды жүргізіліп жатқан қайта құрулар халық мүддесін қорғайды деп иландыру
қажет болды. Тек 1824 жылы қазақ даласына алғашқы Қарқаралы жəне Көкшетау
дуандарын құру үшін екі экспедиция жіберілді. Бұл приказдар патша өкіметінің
Қазақстанды одан əрі бұғаулау ісінің басталуы рөлін атқарды.
Қарқаралы жəне Көкшетау дуандарының өз беттерінше күреске көтерілген халық
бұқарасына Саржан сұлтан басшылық етті, ол 1824 жылдан 1836 жылға дейін
патша старшындары мен аға сұлтандарға қарсы қажымай-талмай күрес жүргізді.
Саржан дуандарды жоюды, қазақ даласынан əскерлерді əкетуді жəне қазақтардың
бұрынғы еркіндіктерін қайтаруды талап етті. Патша өкіметіне қарсы күресте
одақтас керектігін түсінген Саржан Ташкент құсбегімен келісімге келді. Алайда
олардың арасындағы алауыздықтар нəтижесінде 1836 жылы ташкенттіктер
Саржан мен оның ұлдарын айуандықпен өлтірді. Көтеріліс басшыларының
35
өлтірілуі көтерілісті тоқтата алмады. Ендігі жерде ол Кенесары сұлтанның
басшылығымен кең құлаш жайды.
Қазақтардың ХVIII –ХIХ ғасырларда болған барлық басқа көтерілістерінен
Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты.