Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

көшіп-қону үрдісін  тоқтатуға мүмкіншілігі жоқ еді. Сондықтан 1767 жылы алым

деп аталатын жалдау ақысын төлеген жағдайда бұл жерлерді қазақтардың

пайдалануына беруге мəжбүр болды.

Қазақ-қытай қатынастарының маңызды екінші проблемасы сауда  болатын.

Қытайларға атты əскерін толықтыру үшін қазақ  жылқысы өте қажет болды, ал

қазақтар қытай  тауарларына мүдделі еді. Дегенмен Цин өкіметі орындары

Қазақстанмен сауданы  қатаң бақылап, шектеп отыруға тырысты.

Қалыптасқан жағдайда Орта жүзді Ресей протекторатында  ұстау шекаралық өкімет

орындарының негізгі  міндетіне айналды. Бұл үшін Сібір  əкімшілігі үш бағытта:

аумақтық экспанция , дипломатиялық амалдар жəне сауда-экономикалық

байланыстар арқылы əрекет жасады. Жоңғарияның əлсіреп, кейіннен жеңіліс табуы

Ресейдің əскери экспанциясына қолайлы жағдай қалыптастырды. Солтүстік

Қазақстан, Алтай  өңірінде жер тартып алу кең белең  алды, жаңа бекіністер

17

салынды. 1752 жылы Үлбі, Бұқтырма жəне Нарын бойындағы жерлердің  Ресейге

қосылғандығы туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен

Телецк көліне дейін  бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен

Зайсан көліне дейін  Бұқтырма шебінің бекіністері пайда  болды.

Жаңадан аннекцияланған жерлерді олар шаруашылық игергеннен кейін ғана

бекітіп алуға болатынын  шекаралық өкімет орындары түсінді. Сондықтан осы

жылдары Алтайға  Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа  мен əртектілер, сондай-ақ

Ресейдің солтүстік  губернияларының қазыналық шаруаларынан тілек білдіргендер

көшіп келді.

Сонымен бірге шекаралық  өкімет орындары қазақтарды шекаралық  аудандардан

ығыстырып тастау жөнінде  шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер  алқасы

қазақтар “...Ертістің оң жағасына өткізілмесін” деген  нұсқау берді. 1764 жылы

қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан жəне орыс бекіністеріне 30 шақырымнан

жақын жерде көшіп  жүруіне мүлде тыйым салынды. Келесі жылы бекіністердің

коменданттарына қазақтарды Тобылдағы Звериноголов бекінісінен  Өскеменге

дейінгі бүкіл шепті  бойлай 10 шақырымдық өңірге жібермеуді талап еткен нұсқау

берілді, мұның өзі  оларды 13 500 шаршы шақырым жақсы  жайылымдарынан

айырды.Осы шаралардың барлығы қазақтардың өздеріне көші-қон  өрісін

таңдауына мүмкіндік  бермеді, олардың шаруашылық жағдайын қиындатты.

Ресейдің экспанцияшыл саясаты сонымен бірге бейбіт, дипломатиялық əдістермен

ұштастырылды. Мұны ең алдымен Ресейдің Сібірдегі əскери күшінің əлсіздігі

туғызды. Екінші жағынан, оларға қарсы агрессияшыл Цин  империясы мен Орта

жүз бен Ұлы жүздің жақсы ұйымдасқан, əрі іс жүзінде  тəуелсіз тайпалары тұрды.

Қазақтарды Ресей  протекторатында ұстап тұру үшін өкімет өзінің қолынан келетін

барлық шараларды  қолдануға тырысты. Осыған байланысты қазақ даласына

бірқатар елшіліктер мен миссиялар жіберіледі. Олар қазақтың ең ықпалды

билеушілерін өз жағына тартуға тырысты. Алайда ХVIII ғасырдың 50-60 жылдары

Орта жүзге жіберілген көптеген елшіліктер Ресейдің бұл аймақта  қандай да болсын

түпкілікті орнығып  алуына қол жеткізбеді.

18

Ресейдің өкімет орындары өлкені экономикалық жағынан  игермейінше, Орталық

Азияға экспанция  жасау мүмкін еместігін жақсы  түсінді. Алайда ХVIII ғасырдың

орта шенінде  Орта жүз қазақтарымен сауда айналымы аз болды жəне негізінен

Троицк арқылы жүзеге асырылды. Оған қоса, 40-жылдардың аяғында  Ямышевск

жəне Омбы бекіністерінде сауда жасауға рұқсат етілді. Орыс көпестері негізінен

ыдыс-аяқ, керамика, мата, қазан сатты; қазақтар малмен, аң терісімен, мал

шарушылығы өнімдерімен  сауда жасады. Алайда ХVIII ғасырдың 50-70

жылдарында Орта жүз бен Ұлы жүздің негізгі  сауда əріптесі Цин империясы

болды.

Осы жылдары Орта жүзде ғана емес, Ұлы жүзде де жəне ішінара Кіші жүзде де

Абылай сұлтанның  билігі нығайды. Бұл жағдайға Абылайдың  Цин империясына

тойтарыс беруі  жəне Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерді қайтарып алуы

себепкер болды. XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай  Қазақ мемлекеті

Абылайдың белсенді сыртқы жəне ішкі саяси қызметі нəтижесінде  біршама мықты

əрі біртұтас мемлекетке айналды.

1771 жылы Абылай  жалпы қазақтың ханы болып  сайланды. Ол ең алдымен ішкі

саяси жағдайды нығайту  мақсатында іс-əрекеттер жүргізді. Биліктің

орталықтандыруын  нығайтуға ұмтылды. Абылай жүздер мен  үлкен бірлестіктерді

басқаруды өз балаларына тапсырды. Сонымен қатар, ханның рөлі де арттырылды.

Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шыцғару  құқығын өзі

алды. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқықтары  біраз шектелді. Ішкі

саяси мəселелерді  шешуде Абылай ханның халық арасындағы беделінің өте

жоғары болуы  да өзіндік əсер етті.

Абылайдың сыртқы саясатыда  икемділігімен жəне ымырышылдығымен

сипатталды. Оның Ресей  мен Қытай сияқты күшті мемлекеттерімен  қарым-

қатынасының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан айырмашылығы болды.

Отаршыл империялардың  күш-қуатын түсінген хан, бір жағынан, Ресей

протекторатын танудан  бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі

державаның да ықпалының  күшеюіне жол бермеуге тырысты.

19

Ал оның оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша  болды.Абылайдың күш

салуы арқасында  Ташкент, Сайрам, Созақ, Шымкент қалалары қазақтарға

қайтарылды. Сонымен  Абылай ханның XVIII ғасырдың 70-жылдарындағы сыртқы

саясаты Қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның

халықаралық аренадағы  жағдайының нығаюына жеткізді.

Абылайға дейін  де, одан кейін де бірде-бір қазақ  ханының мұндай шексіз билігі

болған жоқ. Көреген  саясатшы, шебер дипломат Абылай өзіне  ергендердің

сүйіспеншілігіне  бөленді. Оны халық көзі тірісінде  əулие деп атады. Бұған ханның

жеке қасиеттері де едəуір дəрежеде себепші болды. Текті  əулеттен шыққанына

қарамастан, балалық  шағында оның бақташы да, түйеші де болуына, жоңғарларға

қарсы соғысқа қатардағы  жасақшы ретінде қатысуына жəне шайқаста батыр атағын

алуына тура келді. Абылай мұсылманша жақсы сауатты  болды, оқып, жаза білді.

Ол сирек кездесетін саясатшы, тамаша қолбасшы жəне дипломат болды. 1781

жылы Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние  салып, Қожа Ахмет

Йассауи кесенесіне жерленді.

Абылай қайтыс болғаннан  кейін Ресейдің Орта жүз жеріне неғұрлым белсенді

түрде енуіне жағдай жасалды. Билікке келген оның ұлы  Уəли хан əкесінің саясатын

жалғастыруға ұмтылды, алайда оның қарсыластарының наразылығын  шебер

пайдалана отырып, Ресей оның Орта жүздегі ықпалын  əлсіретуге тырысты. Ал

1816 жылы екінші  хан болып Бөкей сайланды.

ХIХ ғасырдың алғашқы  ширегінде Ресей өзінің “Шығыс саясатын”  жандандыра

түсті. Оның бірнеше  себептері болды. Осы кезде ағылшын  əскерлері Үндістанды

жаулап алып, Ауғанстан  жеріне баса-көктеп кірген болатын. Бұл  осы аймақтағы

ағылшын-орыс бақталастығын  күшейтті. Қазақстанның орасан зор  стратегиялық

маңызы нақ осы  жылдары неғұрлым айқын көрінді.Тек  осында нақты орнығып

алып, содан соң  ғана ортаазиялық хандықтарға қарсы  жорықты іске асыруға

болатын.

ХIХ ғасырдың басында  Қазақстан Ресейге тек сөз  жүзінде ғана бағынды жəне онда

да тұтас емес еді. Өйткені оның бір бөлігі Қоқан  мен Қытайдың ықпал өрісінде

болғандықтан патша  өкіметі бірінші кезекте қазақтардың  саяси тəуелсіздігінің

20

қалдықтарын құртудан бастады. Осы мақсатпен негізінен  үш бағытта жүргізілетін

бірқатар шаралар  жүзеге асырылды, олар:

1. Гарнизондарды  қаптата отырып, бекіністер салуды  жеделдетуден жəне

осы бекіністерге жапсарластыра  казактардың тұрақты елді мекендерін орнатудан

көрінген əскери тұрғыда бекініп алу бағыты;

2. Округтар мен  округтік приказдар құрып, əкімшілік  басқару реформаларын

жасап, соның нəтижесінде  қазақтардың саяси құқықтары  күрт шектелетін,

басқарудың дистанциялық (бөліктік) жүйесін енгізуден көрінген саяси тұрғыда

орнығып алу бағыты;

3. Қазақтардың жерлерін  жаппай басып алудан, салық салуды  жəне əр түрлі

монополияларды (балық  аулауға, ағаш кесуге т.б. монополия  алу секілді) енгізуден

көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты.

Осындай шаралардың жиынтығы, сайып келгенде, патша  өкіметінің Қазақстандағы

отарлау саясатының мазмұнын айқын көрсетеді. Патша  өкіметі өзінің жаулап алу

саясатында, бір  жағынан, қарулы күшке, отарлау аппаратына, екінші жағынан,

қазақ шонжарларының  феодалдық басшы тобына сүйенді.

Біріншіден, сұлтандар  мен билерге жеке меншік құқығымен  қыстауларды жəне

жайлауларды өздерінің  жеке меншігі ретінде иеленуге рұқсат етілді.

Екіншіден, сұлтандар  мен билер аға сұлтан, болыс  билеушісі т.б. ретінде əкімшілік

қызметке тағайындалды. Қызметке орналасқан сұлтандар мен  билерге дворяндар

əулетінен деген  атақ берілді.

Үшіншіден, сұлтандар  мен билер салықтардан жəне басқа  да міндеткерліктерден

босатылды. Оларға үкімет пайдасына заттай төлем, түндік басынан жəне басқа да

алым жинау құқығы берілді.

Шонжарлар мен билерге  арқа сүйеу саясаты, бір жағынан, халық бұқарасын

қанауды күшейтті, əрі қазақ қоғамының таптық саралану процесін тездетті. Екінші

жағынан, сұлтандар  мен билердің жеке меншік құқығымен  жер иелене алатынын

бекіту көшпелі  қауымды ыдыратып жəне сол арқылы феодалдану процесін

шапшаңдатты. Мұның  қазақ қоғамы тарихи дамуының одан арғы барысында оң

мəні болғанын айта кету керек.

21

ХIХ ғасырдың екінші ширегі Қазақстанды əскери отарлаудың шешуші кезеңі

болды. Ресейдің қазақ  даласына жүз жылдан астам уақытқа  созылған өңмеңдеуі,

оңтүстік аймақтарды қоспағанда, өлкенің барлық дерлік аумағының империя

құрамына қосылуына  əкеп соқты. Бұл Қазақстанның саяси  бытыраңқылығының,

күрделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес, сонымен қатар  Ресейдің сөзсіз

əскери басымдығының нəтижесінен болды.

Қазақстанның бүкіл  дерлік территориясын батысынан  шығысына қарай бекіністері,

форттары, форпостары, пикеттері бар үздіксіз əскери шептер тізбегі қоршап жатты.

Сонымен ХIХ ғасырдың ортасына қарай Қазақстанның басым  бөлігі Ресей

құрамына енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4 Қазақстанның  Ресей құрамына кіруінің аяқталуы

ХVIII ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі

саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Х1Х ғасырдың 

басында Оңтүстік Қазақстан  ортаазиялық феодалдық мемлекттер –Хиуа, Бұхара

жəне ең үлкен  дəрежеде – Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866

жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың  үстемдігі орнады.

Ұлы жүз руларының  басым көпшілігі Қоқан ханының  қол астында болды. Қоқан

хандары басып алған  жерлерінде тек феодалдық тонау  мақсатын көздеп қана

қойған жоқ, сонымен  бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған. Қоқан хандығына

бағынышты қазақтар өте ауыр салық езгісін бастан кешті. Қазақтардан алынатын

салық екі түрге  бөлінді: малдан – зекет, егістіктен – харадж. Қазақтарға олардан

басқа да міндеткерліктер  жүктелді. Мəселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге,

қамал қабырғаларын жөндеуге т. б. мəжбүр болды. Əскери іс-қимыл  кезінде əрбір

қазақ өз атымен Қоқан  бегіне келуге міндетті болды, ал сол  əскери қызметі үшін

ешқандай ақы  алмады.

22

Ауыр езгіні бастан кешкен қазақтар қоқан билеп-төстеушілігіне қарсы талай рет

көтеріліске шықты. Омар хан басқаруының соңғы жылдарында тұтанған көтеріліс

ерекше сипат  алды. Көтерілісті Тентек төре басқарды. Оның төңірегіне жиналған

12 мың қол Қоқан  əскери бекіністерін қоршап алып, қалалардың бірінен соң бірін

ала бастады. Көтерілістің қарқынынан шошынған Омар хан арнайы əскер жіберіп

оны басты.

Оңтүстік Қазақтанға Қоқан билеушілері ғана емес, сонымен  қатар олармен

бақталас Бұхара жəне Хиуа феодалдары да қызығушылық  көрсетті. Қазақстанның

оңтүстігінде белсенді саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеулі болған Бұхара

билеушілері өздерінің  Қоқан мен Хиуаға қарсы күрестегі  табиғи одақтастары

ретінде қазақ сұлтандарына ара-тұра қолдау көрсетіп отыруды жөн  көрді.

Ал Хиуа ханы Мұхаммед Рахим 1815-1816 жылдары екі рет қазақтарға қарсы

шапқыншылық ұйымдастырып, қазақ сұлтандарының бір бөлігіне өз үстемдігін

мойындатты.

Орта Азия хандықтарының  Қазақстандағы белсенділіктерін орыс өкіметі де мұқият

қадағалап отырды.

Қоқан билеушілерінің экспанциясынан сескенген Ұлы жүз  өкілдері 1818 жылы

патша үкіметіне  өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш жасады.. 1819

жылғы 18 қаңтарда орыс үкіметі өтінішті қарап, Ұлы жүз  қазақтарын ресми түрде

Ресейдің бодандары  деп жариялады.

ХIХ ғасырдың екінші ширегінен бастап Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу

жөніндегі экспанциясы  белсенді жүргізіле бастады. Ол екі  жолмен: біріншіден,

қазақ даласына бірқатар əскери-барлау жəне жазалау экспедицияларын

ұйымдастыру; екіншіден, дала арқылы өтетін “стратегиялық  жағынан тиімді

жағдайда болған бекіністер шебін” салу арқылы жүзеге асырылды. Аймаққа

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі