Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа
Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.
Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер
Ресейдің азаматтық құқық заңдарының ықпалымен қазақтың дағдылы құқығында
48
борышкер мен
несие берушінің өзара
жауапкершілікті анықтайтын ережелер жəне т.б. пайда болады.
Қазақтардың дағдылы отбасы-неке құқығында да айтарлықтай өзгерістер
орын алды. Қызды оның келісімінсіз күйеуге беруге рұқсат ететін қазақ ғұрпы,
сондай-ақ əмеңгерлік өзінің бұрынғы маңызын жоғалтты.
Х1Х ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда азаматтық заңдармен қатар,
жалпыимпериялық қылмыстық заңдар едəуір дамыды. Олар қазақ даласында
жүргізілген отаршылдық
саясаттың пəрменділігін
буындарының бірі болды.
1867-1868 жылдардағы
ережелерде жасаған қылмысы
қылмыстық заңдар негізінде жауап беретін қылмыстардың тізбесі белгіленді.
Бұл тізбеге мынадай қылмыстар енгізілді: сол кездегі мемлекеттік құрылысқа
опасыздық жасау, өз тайпаластарын өкіметке қарсы қою, өкімет орындарына
көрінеу қарсыласу, поштаға, қазыналық жəне əскери көліктерге шабуыл жасау,
телеграф желілерін зақымдау, христиандарды жəне христиан дінін қабылдауға
ниет білдірген адамдарды, лауазымда адамдарды өлтіру.
Қазақстанның салық жүйесіне де айтарлықтай өзгерісткр енгізілді.
Біріншіден, түтін салығы 1 сом 50тиыннан 3 сомға дейін өсті. Патша
үкіметіне адал қызметі үшін Уəли, Бөкей хандардың жəне Айшуақ сұлтанның
ұрпақтары салықтан босатылды.
Екіншіден, ауылдан табыс іздеп кетуге мəжбүр болған қазақтар 1 сом 50 тиын
көлемінде паспорт төлемін төлеген.
Үшіншіден, болыс билеушісін, іс жүргізушіні, ру старшындарын,
аламандарды асырау үшін халықтан жылына 300 сом мөлшерінде алым жиналып
отырылды.
Төртіншіден, Қазақстанның оңтүстік облыстарының отырықшы халқынан
харадж (өнімнің оннан бір бөлігі), зекет (тауар құнының қырықтан бір бөлігі),
танап салығы (ақшалай салық) жиналды.
49
Бесіншіден, қоғам қажеттері үшін – жол, көпір жөндеу , мешіттер мен
мектептер салу, ауруханаларды ұстау жəне т.б. шаралар үшін – “қара шығын”
жиналды.
Салықты ру старшындары
мен болыс билеушілері жинады.
кең түрде пайдаланып, кей кезде салықты жылына бірнеше рет жинауға, болмаса
өз руын салықтан босатып, оның есесіне басқа руларға артық салық салдыруға
дейін барды. Салықтың көлемі мүліктік жағдайды ескермеді.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша халық ағарту, халыққа дəрігерлік
көмек көрсету салаларына
қатысты біраз шаралар
бастауыш мектептер мен дəрігерлік пунктер ашылып, уездік дəрігерлер
тағайындалды.Əкімшілік орталықтарда пошта бөлімдерінің ашылуы да маңызды
роль атқарды.
ХIХ ғасырдың аяғында Қазақстанда жаңа реформа жүзеге асырылып, ондағы
əкімшілік құрылымға, салық жүйесіне жəне сот құрылымына біршама өзгерістер
енгізілді. 1891 жылы “Далалық облыстарды басқару туралы ереже” қабылданып,
ол 1917 жылға дейін сақталды. Қазақстан ауқымы облыстарға, уездерге, болыстар
мен ауылдарға бөлінді. Сырдария облысынан басқа облыстардың бəрі Дала
генерал-губернаторлығының құрамына енді.
Генерал-губернатор мен əскери губернаторлардың құқықтары мен міндеттері
өзгеріссіз қалды. “Ережеде” уезд басшыларының құқықтары біраз кеңейтілді.
Көптеген қалаларда полициялық басқармалар ашылды. Қазақстанда қоныс аудару
басқармалары құрылды.
Реформалардың жүзеге асырылуы нəтижесінде Қазақстанға капиталистік
элементтер ене бастады.Қазақ жерлерін отарлау нəтижесінде орыс капитализмі
кеңінен дами бастады. Жаңа əкімшілік басқару жүйесінің орнатылуы жергілікті
халықты отарлық езгіде ұстауға көмектесті. Жалпы алғанда, бұл реформалар орыс
капитализмі мүддесі үшін жүргізіліп, қазақ даласында отаршылдық саясатты
нығайтт
50
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер.
ХIХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамы материалдық өндірісінің
негізі бұрынғыша көшпелі мал шаруашылығы болып қала берді. Қазақ руларының
белгілі бір көшіп жүретін аймағы, қысқы қоныстары болды. Жазғы жайылымдар
мен қысқы қоныстар белгілі бір талаптарға сай келуі тиіс болды. Жазғы жайылым
үшін шұрайлы шөбі мен тұщы суы мол жер таңдап алынды.
Қысқы қонысты таңдап алар талаптар да ерекше болды. Олар қар басып
қалмайтын, бораннан ықтасыны бар жерден таңдап алынды. Қыстақтың жұқа қар
жамылғысының астындағы мал жейтін шөбі жеткілікті болуы тиіс. Қазақтардың
малы жыл бойы тебіндеп далада жайылып жүрді.
Қазақтардың шаруашылығының жайылымдық-көшпелі жүйесі экстенсивті
сипатта болды. Малшы қазақтың тағдыры ең алдымен табиғат жағдайына тəуелді
болды. Олардың малының көбі дүркін-дүркін қайталанып тұрған жұттан қырылып
қалып отырды. Мысалы,
1839 жылғы ______________халық жадында ォа
қалған жұт бүкіл қазақ даласын қамтыды. Мал-жанынан айрылған қазақтардың бір
бөлігі күнкөріс іздеп көрші Том губерниясының жеріне кетуге мəжбүр болды. Ол
жерде олар Локтев заводына жұмысшы болып орналасты немесе орыс
шаруаларына жалданып жұмыс істеді.
Көшіп жүретін аймақтың кеңдігі мал шаруашылығының ең басты шарты
болып саналады. ХVIII ғасырдың бас кезінде орын алған ірі саяси оқиғалар
дəстүрлі шаруашылық жүйесінің экономикалық апатына алып келді. Қазақтар
шаруашылығының құлдырауымен қоса, халық ауа көшіп, қалалар, егіншілік
алқаптар, қолөнер өндірісі, Қазақстанның оңтүстігіндегі бүкіл қазақ халқы жаппай
қайыршыланып, ашаршылыққа ұшырады.
Қазақтардың едəуір көпшілігі тəжіктер мен өзбектер арасына сіңісіп кетті. Бір
бөлігі Ташкент пен Бұхара маңында орнығып қалды, оларға ォқұрамаサ деген ат
берілді.
51
Тек ХVIII ғасырдың 40-жылдарынан бастап қана қазақтар экономикасында
алғашқы оңға басушылық байқалады. Ол мал санының көбеюінен, қазақтардың
айырбас саудаға тұрақты қатысуынан көрінеді. Ш.Уəлиханов қазақтар ХIХ
ғасырдың орта шенімен салыстырғанда ХVIII ғасырда əлдеқайда бай болған деп
санады. Оның айтуынша ォ сол дəуірде 10 мың үйір жылқысы болған қазақтар аз
болмағанサ.
ХVIII ғасырдың ортасында Жоңғар мемлекетінің жойылуы қазақтардың бір
бөлігінің шығысқа қарай қоныс аударуына себеп болды. Бұл рулардың көбі кезінде
жоңғар қысымынан өз жерлерін тастап, батысқа кетуге мəжбүр болған- дар еді.
Енді олар жерлері жаудан босаған соң кері қайта бастаған. Алайда олардың бұл
қоныс аударуы Цин империясы мен Ресей мемлекеті тарапынан қарсылыққа
кездесті. Дегенмен
қабылданған шаралар
тоқтата алған жоқ.
Орта жүз қазақтары Құлынды
Сібір казак əскері мен Колыван-Воскресен тау-кен зауыттары елді мекендеріне
жақын жерлерде көшіп жүрді.
Ертістің оң жағалауындағы бос жатқан жерлерді Орта жүз қазақтарына
пайдалануға беру мəселесі I Павел патшаның 1799 жылдың 26 қарашасындағы
жарлығында қарастырылды. Осы рұқсатты пайдаланып керей руының 15 мың
шаңырағы Ертістен өтіп, кейіннен Құлынды деп аталып кеткен бос алқапқа
орналасты. Осы жайында Х1Х ғасырдың белгілі ақыны Сегіз Сері:
Сол аймақ иесіз дала аталыпты,
Барған ел биелері көп құлындап,
Сол себеп ォҚұлындыサ- деп аталыпты,- деген өлең жолдарын қалдырған.
Феодал шонжарлардың қауымдық жерлерді тартып алуы жəне патша
өкіметінің отаршылдық
саясаты қазақтардың мал
кейбір өзгерістер енгізді. Жазғы жайылымдар мен қысқы қоныстардың маңызды
аудандарын өкімет орындарының басып алуы негізгі қазақ рулары көшетін
жолдардың бағыт-бағдарын бұзды. Осының əсерінен көшу аймағы өзгерді, жер
тапшылығынан қазақ руларының бір бөлігі жартылай отырықшылыққа көше
бастады. Жазда жайлауға көшуді жалғастыра берсе, қысқа қарай өз малдарына шөп
52
дайындай бастады. Қазақтардың шөп шабуға көшуі мал шаруашылығына белгілі
бір тұрақты сипат берді, оның қолайсыз табиғат жағдайларына төтеп бере алуын
күшейте түсті.
Шаруашылық өмірдегі өзгерістер жəне шекаралас орыс жерлерімен сауда
байланыстарының күшейе түсуі мал құрамына əсер етті. Бұрынғысынша мал
шаруашылығының басты салалары қой жəне жылқы өсіру болғанымен, ірі қара
мал өсіру де кең тарай бастады. Орта Азиядағы керуен саудасының өсуіне
байланысты көлік құралы ретінде түйенің де маңызы арта түсті.
Сонымен бірге қазақтарда егіншілік те едəуір дамыды. Мұнымен негізінен
қазақ кедейлері – егінші деп аталған жатақтар айналысты. Егіншілікке өте
бастаудың басты себебі жер тапшылығы болса, сонымен қатар орыс қоныс
аударушыларының да ықпалы болды. Қазақтар барлық жерлерде өздерінің
егістіктерін қолдан суарумен айналысты. Олар негізінен егістерін өзендер мен
көлдердің жағалауларына салды. Қазақтардың өз егістіктеріне қолдан суландыру
əдісін қолданғаны
жайында генерал-майор
ォБұқтырма қамалының сырт жағынан, Нарым тауының етегі мен тау бұлақтарынан
жыралар арқылы келіп жатқан сумен толтырылған едəуір көлемді егістік жерлерді
көрдім. Жердің топырағы тастақ болғанымен, ылғалдың, қолдан суарудың
нəтижесінде мұнда тары дақылы бітік өседіサ.
ХIХ ғасырдың басында Том губерниясына қарасты Би округіне кіретін
Белағаш даласына қазақтар көптеп келіп орналаса бастады. Олардың басты күн-
көріс көзі егіншілік болды. Əр түрлі рулардың өкілдері болғандықтан Белағаш
қазақтары өздерін Қырық ру деп атаған.
Қазақтар қолдан суландыруда біраз жетістікке ие болғанымен, тұтас алғанда
егіншілік қарабайыр сипатта болды. Топырақ өңдеу техникасы өте төмен деңгейде
еді. Қазақтардың көпшілігі жерді ағаш соқамен, темір кетпенмен өңдеді. Тек орыс
селоларына жақын тұрған қазақтардың болмашы бөлігі ғана темір соқа сатып
алып, жерді соның көмегімен өңдеді.
53
ХIХ ғасырдың ортасына қарай егіншілік кəсіптің мал шаруашылығынан
кейінгі екінші түріне айналды. Енді бұл кəсіппен тек кедейлер ғана емес, ауқатты
қазақтар да айналыса бастады.
Қазақтар аң аулаумен де ертеден айналысқан, əсіресе түлкі мен қарсақ
аулаудан көп кіріс түсті. Аң терісі қазақтардың тек өз мұқтаждығына ғана
жұмсалып қоймай, сонымен бірге едəуір мөлшерде сатуға түсіп тұрды.
Қазақтардың басқа кəсіптерінен балық аулауды атап өтуге болады. Мұнымен
қазақтардың ең кедей бөлігі айналысты. Олар балықты тормен, аумен аулады.
Қазақтар алғашқы кезде балықшылықпен тек өз қажеттерін өтеу үшін ғана
айналысса, кейіннен оны сату үшін де аулады. Мысалы, ХIХ ғасырдың ортасында
Зайсан көлі мен оған келіп құятын өзендер бойында балықшылық біршама кең
дамыды.
Тұз өндіру де кең тарады. Қазақстанның батысында, солтүстігі мен солтүстік-
шығыс аймақтарында қазақтар тұз өндіріп, оны сатумен айналысты.
Қазақтардың шаруашылығында əр түрлі қолөнер кəсібі айтарлықтай орын
алды. Тері илеу, оқ-дəрі, бояу дайындау, ағаш пен сүйекке ою-өрнек салу, металл
мен жүн өңдеу дамыды.
ХIХ ғасырдың басында қазақтар бірсыпыра қолөнер бұйымдарын ішкі қазақ
базарында сатты. Дегенмен қолөнер бұйымдары негізінен сол заттарды өндірген
шаруашылықтардың өз қажеттерін өтеуге ғана пайдаланылды.
Өнеркəсіп бұйымдарына, ең алдымен кеңінен тұтынылатын заттарға деген
қажеттілік қазақтарды көрші мемлекеттермен тауар айырбастауға итермеледі.
ХVIII ғасырдың өзінде - ақ белең ала бастаған орыс-қазақ саудасы ХIХ ғасырдың
бірінші жартысында кең өріс алды. Орынбор, Троицк қалалары, Петропавл,
Пресногор, Омбы, Семей қамалдары Қазақстанмен сауда жасаудың негізгі
орталықтарына айналды.
Левшиннің деректеріне
жылдарында орыс
көпестері тек Сібір
150 мыңға дейін жылқы жəне 100 мыңға дейін өгіз сатып алып, күміспен
есептегенде жалпы сомасы 8 миллион сомға сауда жасаған. Мұнымен қатар
54
мыңдаған түйе, мыңдаған тонна тері, қой терісі, қозы елтірісі, киіз, кілем жəне
басқа тауарлар сатып алынған.
Егер орыс көпестері қазақтардан мал жəне мал шаруашылығыны шикізатын
сатып алса, ал қазақтар олардан шұға, кенеп, өңделген тері, қытай жібегі, темір,
шай, қант, ағаш, ыдыс-аяқ, мал емдеуге қажетті дəрілер сатып алып отырған.
ХIХ ғасырдың бірінші жартысында патшалық Ресейдің Орта Азиямен сауда
жасауында Қазақстанның транзиттік маңызы өсе түсті. Ресейдің Орта Азия
хандықтарымен керуен саудасы қазақ жерлері арқылы 5 бағдар бойынша
жүргізілді:
1. Петропавл қаласынан
Ташкентке, Қоқанға жəне
Ақмола приказы, Ұлытау елді мекені арқылы жүріп, одан əрі Шу өзенін кесіп өтеді
де, Созақ, Түркістан қалалары арқылы Ташкентке барады.
2. Петропавлдан Құлжаға. – Баянауыл, Қарқаралы, Аягөз, Қапал
арқылы.
3. Семейден Шəуешекке
– Аягөз жəне Көкпекті
соң Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейлері арқылы.
4. Семейден Құлжа мен Қашғарияға - Аягөз, Қапал арқылы.
5. Семейден Қоқанға. Керуен Аягөз, Қарқаралы, Шу, Ташкент
арқылы өтті.
Орта Азиядан Ресей негізінен мақта жəне мақтадан иірілген жіп сатып алып
отырды. Бұл сол кезде Ресейде тоқыма өндірісінің дамуына байланысты еді.