Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа
Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.
Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер
Көтерілістің осынша кең ауқымда таралуы ең алдымен Кенесарының халық
алдындағы зор беделінің дəлелі болды. Сонымен бірге Кенесарының тартып
алынған жерлерді қайтаруды, салынған бекіністерді жоюды, алым жинау мен əр
түрлі салық салуды тоқтатуды патша үкіметінен талап етуі жəне оның қазақтарға
тиесілі жерлерді қайтару үшін Қоқан мен Хиуа хандықтарымен күресуі – қазақ
халқының өмірлік мүдделеріне сай келді.
Кенесары “қазақтардың
ежелгі тəуелсіздігін қалпына
Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізді.
Көтерілістің əлеуметтік негізі де кең болды. Негізгі қозғаушы күші қазақ
шаруалары болды. Мемлекеттілікті
қалпына келтіру жолындағы
егіншілер де, старшындар да ,сұлтандар да тартылды. Өкінішке қарай, Кенесарыны
қолдау жөнінен билердің, старшындардың, сұлтандардың бəрі бірдей дəйекті
болмай шықты.
Кенесары əскері қатарында қазақтың барлық үш жүзінен есімдері дүйім жұртқа
əйгілі, неғұрлым беделді батырлар: Ағыбай, Иман (Амангелді батырдың атасы),
Жоламан Тіленшиев, Жеке батыр, Сұраншы, Байсейіт, Бұғыбай жəне басқалары
болды.
Айрықша айта кетерлік жəйт: көтеріліске басқа да ұлт өкілдерінің қатысуы.
Көтерілісшілер қатарында қазақтармен қатар орыстар, өзбектер, қырғыздар,
татарлар жəне басқалар болды.
Кенесарының соғыс қимылдары 1838 жылдың көктемінде Ақмола приказын
қоршауға алып, өртеуден басталды. Бекініс коменданты əскери старшина
Карбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген
бекіністен əрең дегенде қашып шықты. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай
даласы өңіріне қоныс аударды. Кенесары бұл қадамды 1836-38 жылдары Исатай
36
Таймановтың басшылығымен көтеріліс болған Кіші жүз кеңістігіне көтерілісті
тарату мақсатымен жасаған еді.
1841 жылдың қыркүйегінде қазақтың үш жүзінің беделді билері мен сұлтандары
Кенесары Қасымовты қазақ жерінің ханы етіп сайлады. Қазақ мемлекеттілігі
қалпына келтірілді. Бұл кезде Орынбор өкімет орындарымен уақытша бітім
жасалып, бір-біріне шабуыл жасамауға келіскен болатын. Осы жағдайды
пайдаланып 1841 жылдың күзінде көтерілісшілер Қоқан хандығына қарсы соғыс
əрекеттерін жандандырады. Олардың Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек
бекіністерін басып алады. Бұл жеңіс бостандық жолындағы күрескерлерді
жігерлендірді.
Қоқан билеушілерінің 1836 жылы Саржан Қасымовты қарақшылықпен өлтіруі,
1840 жылы əкесі Қасым төрені, сондай-ақ ағалары Есенгелді, Ержан сұлтандарды
жəне Абылайдың басқа ұрпақтарын сатқындықпен қырып салуы Кенесарының
Қоқанға қарсы көзқарасын қатайта түсті. Азаттық күресінің ең басынан өзі қаза
тапқанға дейін Кенесары хан қазақтарды Қоқан билеушісінің езгісінен азат ету
бағытын ұстады.
Кенесары құрған мемлекет құрамына Ертіс, Еділ, Жайық əскери шептеріндегі
аудандардан басқа жерлердің бəрі кірген. Алғашқы кезден бастап хан өз
мемлекетінде əр түрлі қайта құруларды жүзеге асыра бастады. Кенесарының қайта
құрушылық қызметі ел билеуді ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды.
Қазақ мемлекетінің басында Кенесарының өзі тұрды. Оның жанында ең жақын
жəне сенімді адамдарынан құрылған Хан Кеңесі жұмыс істеді. Ол кеңесуші орган
ролін атқарды. Шешуші дауыс Кенесарының өзінде болды.
Халық Кеңесі шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таралуын, түсіндірілуін жəне
орындалуын арнаулы
басқару қызметі қадағалап
қарамастан мемлекет
басқару ісіне қабілетті
Хан дипломатиялық қызметті ұйымдастыруға ерекше зор мəн берді. Ол Ресейдің,
Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хат жолдап отырды. Оның хаттары
мазмұнының айқын нақты, талаптарының дəлелді болуымен ерекшеленеді.
37
Кенесары мемлекетті сот, елшілік, қаржы, əскери іспен жəне азық-түлік жинау
мəселелерімен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарды. Салық жинау жүйесі
тəртіпке келтірілді – жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына
түсетін бірыңғай салықпен алмастырды. Қантөгіс қақтығыстардың жалғасуы
материалдық жəне өзге де құралдарды керек етті, əлбетте, бұл салық
ауыртпалығының ұлғайтылуына əкеп соқты.
Əскери күштерді ұйымдастыруда да біршама жаңалықтар енгізілді. Кенесары
жиырма мың жігіттен тұратын əскер құрды. Өзі бас қолбасшылықты жүзеге
асырды, сонымен қатар соғыс жоспарларын жасап, үлкен жорықтар алдындағы
жауапты шешімдерді қарайтын əскери кеңес құрды. Оның жауынгерлері жорық
шатырымен жəне азық-түлікпен əруақытта қамтамасыз етіліп отырды. Əскер
жүздіктерге жəне мыңдықтарға бөлінді. Сондай-ақ Кенесары əскери іске жүйелі
түрде баулуды алғаш рет жолға қойды. Оның əскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде
əскери өнерге үйретілді. Қатаң əскери тəртіп орнатуға ерекше көңіл бөлінді.
Кенесары сатқындық үшін өлім жазасын қолданған.
Кенесарының шаруашылық саласындағы шаралары да ерекше көңіл аударуға
тұрарлық. Ол қазақтар арасына егіншілікті таратуға тырысты. Отырықшылық пен
егіншілікке көшу идеясы шындығында Абылай ханнан қалған еді. Осы істі
Кенесары ары қарай жалғастырмақ болды. Алайда патша өкіметінің өкілдері бұған
өз қарсылықтарын білдірді. Олар айырбас сауда үшін қазақтардың мал
шаруашылығымен айналыса бергені дұрыс деп білді. Бұл саясат шенеуніктердің
бірінің əскери губернатор
Сухтеленнің атына жолдған
көрінеді: “Мен қырғыздардың мəңгілік бақташы, көшпенді болғанын, еш уақытта
астық сеппегенін жəне ғылымды білмегенін былай тұрсын, тіпті, қолөнерді де
білмегенін шын көңілден тілеймін”.
Орынбор өкімет билігінің қарсылығына қарамастан, Кенесары өз ойын
табандылықпен жүзеге асырды. Егіншілікпен айналысатын руларға барынша
көмектесті.
Кенесарының сауда саясатының да өзіндік ерекшеліктері болды. Көпестер
керуендерінен алынатын баж едəуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды тонауды
38
тоқтатты, кейде керуенбасыларын өзі қабылдап, тауарлар алып өткені үшін баж
төлеуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып отырды.
Жалпы алғанда, Кенесары өзінің қайта құруларымен қазақ қоғамының əлеуметтік-
экономикалық дамуын
тежеген патриархалдық-рулық
формасын жойып, шаруашылықтың егіншілік, сауда сияқты неғұрлым алдыңғы
қатарлы түрлерін құруға алғышарт жасады.
Хандық басына келген соң Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресті
бұрынғысына қарағанда неғұрлым батыл жалғастырды.
Осы кезден бастап өкіметтің бұл көтерілісті басу жөніндегі жоспарларына
өзгерістер енді. ХIХ ғасырдың 40-жылдарына дейін жоғары дəрежелі əскери-
əкімшілік шендер жалпыхалықтық қозғалысты қару қолданбай басуға үміттенді.
Алайда көтерілістің кең ауқымға таралуы патша өкіметін қатты алаңдатты.
Сондықтан Кенесары
ханға қарсы нағыз соғыс
“Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауы керек” деген қарарға қол қоя отырып, I
Николай 1843 жылғы 27 маусымда Кеенесарыға қарсы кең көлемде соғыс
жорығына рұқсат берді. Əскери старшина Лебедевтің 300 адамнан тұратын отряды
алдыңғы соққы беретін күш болуға тиіс елі, кейіннен оның отрядындағылар саны
1900 адамға жетті; 1843 жылдың тамызында А.Жантөрин жəне Б.Айшуақов
сұлтандар бастаған екінші топ жарақталды. Қарсыласушы жақтардың 1843 жылғы
7 тамыздағы шайқасы үкіметке көздегендей нəтиже бермеді. Полковник Бизанов
бастаған қарулы топ көтерілісшілердің негізгі тобын кездестірмей, Орск бекінісіне
қайтып оралды. Өлкені жақсы білетін Кенесары шабуылға шығып, 1844 жылғы 20
шілдеден 21 шілдеге қараған түні Жантөрин сұлтан отрядының тас-талқанын
шығарды.
Əскери старшина Лебедев сылбырлығы жəне дереу көмек көрсетпегені үшін əскери
отрядқа басшылық етуден шеттетілді. Жеңіспен жігерленген Кенесарының негізгі
күштері 1844 жылғы 14 тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасап,
маңындағы елді мекенді, форштадты өртеп, 40 адамды тұтқынға алды.
Көтерілісті басу үшін
Орынбор жағынан полковник
əскерлердің сібір
тобын генерал Жемчужников
39
отрядтарының қудалауынан құтылып кетті. Үкіметтік топтарды абыржушылық
жайлады. Оның үстіне Кенесарымен ұзаққа созылған соғыс үкіметтің талай
қаржысын шығындатты. Мұнымен қоса Орынбор губернаторы В.А.Перовский мен
Сібір губернаторы В.Д.Горчаков арасында Кенесарыға қарсы күрес жолы жөнінде
екіұдай көзқарас қалыптасты. Перовский бұрынғысынша жанжалды бейбіт жолмен
шешуді, ал Горчаков көтерілісті қарулы күшпен басып-жаныштауды жақтады.
Орынбор бастықтары Кенесарыға өз елшілері Долгов пен Гернді жіберіп, олар
ханның алдына қабылдауға болмайтын шарт қойды: көтерілісшілерге үкімет
белгілеген шектеулі аймақ шегінде көшіп жүруге рұқсат етілді. Патша елшілері өз
мақсаттарына жете алмай кейін қайтты. Бұл орайда Долгов Орынбор əкімшілігіне
Кенесарының барлық орыс бекіністері жойылып, басып алынған жерлер қазақтарға
қайтарылған, дала
өңіріндегі талап-тонау мен зорлық-
жағдайда ғана өзінің Ресей протекторатын қабылдауға келісетіні туралы жауабын
жеткізді.
Ендігі жерде өкімет көтерілісшілерді Орталық Қазақстаннан ығыстырып шығаруға
тырысты. Сол жерлерге өз бекіністерін салу арқылы Кенесарыны көтеріліс
орталығын Ұлы жүзге көшіруге мəжбүр етті.
Сібір өкімет орындары Кенесары жасақтарының аймаққа келуінің алдын алу
мақсатымен , халық
жəне мал санағын жүргізуді
Вишневский басқаратын зеңбірегі бар едəуір əскери күштер жіберді.
Қарсыластарының күш басымдығына байланысты Кенесары Іле өзенінің оң
жағалауына өтіп, алатау қырғыздарына қауіп төндіре Алатау бөктеріне көшті. Хан
солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті, алайда олар бұл
талаптарды орындаудан бас тартты. 1847 жылдың сəуірінде 10000 əскері бар
Кенесары қырғыз жерлеріне басып кірді. Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 жəне 25
сəуір аралығында қазіргі Тоқмаққа жақын жерде болды. Таулы жер ханға өз
артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік бермеді, оның өз қолында бар жеңіл
зеңбіректермен атуды барынша пəрменді түрде пайдалануға мүмкіндігі болмады.
Сонымен қатар, ұрыс даласын кейбір сұлтандар мен билердің тастап кетуі
жағдайды қиындатты. Кенесары жəне 30-дан астам сұлтан тұтқынға түсті,
40
қалғандары жан-жаққа бытырап кетті. Қырғыздардың тұтқынына мыңнан астам
сарбаз түсіп, құлақ естіп көрмеген қатыгездікпен өлтірілді. Қазақтың соңғы ханы
осылай қаза тапты.
Ханның жеңіліс табуы мен қайтыс болуы орыс отрядтарының Іленің арғы
жағындағы өлкеге жəне Солтүстік Қырғызстанға одан əрі тереңдей енуіне қолайлы
жағдай жасап, аймақты Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті.
Кенесары көтерілісінің біршама қарама-қайшылықтары да болды: бір жағынан
қазақтарды азат ету үшін Қоқан хандығымен күрессе, ал екінші жағынан бейбіт
жатқан қырғыз ауылдарын қырғынға ұшыратты. Сонымен қатар, өзін ашық
қолдаудан бас тартқан қазақ руларына қарсы қатыгездігі де болды.
Осылайша қазақ халқының ХIX ғасрдағы аса ірі ұлт-азаттық көтерілісі бұл жолы
да жеңіліспен аяқталды, бірақ ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының
жадында өшпес із қалдырды. Кенесары Қасымов басшылық еткен қазақ
халқының күресі империяның отаршылдық саясатына ең табанды, қажырлы
қарсылық көрсеткен жəне ұзаққа созылған көтерілістер қатарына жатады.
3-тарау. Қазақстан Ресей құрамында
3.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар.
1822 жылы белгілі
мемлекет қайраткері М.М.
“Сібір қырғыздары туралы жарғы” жасалды. Оның басты міндеті Қазақстандағы
тəуелсіздіктің соңғы қалдықтарын жойып, қазақ даласын империя құрамына
қосып алу болды. Осы мақсатпен Орта жүз жерлерінде хандық билік жойылып,
сыртқы округтер ұйымдастырылды. Олардың басына “округтік приказдар”
қойылды. Приказдарды аға сұлтандар басқаруға тиіс болды. Оларға заседательдер
ретінде 2 “құрметті қырғыз” жəне 2 орыс тағайындалды.
Аға сұлтан сұлтандар жиналысында 2 жылға сайланды. Заседательдер де сол
мерзімге тағайындалды. Аға сұлтанға “Ресей қызметінің майоры” деген əскери
41
атақ берілді. Үш жыл қызмет еткеннен кейін олардың “орыс дворянына лайық”
деген диплом сұрауға құқығы болды.
Округ құрамына 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Əрбір округтің қатаң
межеленген жері болды. Бұл округтің тұрғындары басқа округтің жеріне жергілікті
бастықтың арнайы рұқсатынсыз өте алмайтын еді. Өз бетімен өтіп кетудің қандайы
болсын қатаң жазаланды.
Болыстардың басында болыстық ағамандар тұрды, олар патша өкіметіне шын
берілген сұлтандар мен билерден сайланды. Болыстарды басқаратын сұлтандар
мен билер 12 класты шенеуніктерге теңестірілді.
Болыс 10-12 ауылдан тұрды, оларды ағаман билер басқарды. Əр ауылда 50-
ден 70-ке дейін шаңырақ болды.
Орта жүздегі хандық билік осы Жарғы бойынша таратылды. Ал 1824 жылы
“Орынбор қырғыздарының жарғысы” бойынша Кіші жүздегі хандық билік те
жойылып, Батыс Қазақстан даласы билеуші сұлтандар басқарған үш алқапқа –
батыс, орта жəне шығыс алқаптарға бөлінді. Халық алдында олардың салмағын