Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа
Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.
Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер
1881-1883 жылдары Жетісу жеріне 45 мың ұйғыр мен 5 мың дүнген көшіп
келді. Олар Үсек, Шарын, Шілік, Талғар өзендерінің бойына орналастырылды.
Осы жерлерде Жаркент, Ақкент, Ақсу-Шарын, Малыбай, Құрама жəне Қарасу
болыстары құрылды.
Сонымен царизмнің қоныс аудару саясаты нəтижесінде Қазақстанның
демографиялық құрылымы өзгерді. 1897 жылғы жалпы санақ мəліметтері бойынша
Қазақстандағы қазақтардың саны 87,1 дейін пайызға қысқарды.
Сауданың маңызының өсуі қазақтардың мал табыны құрамында да өзгерістер
енгізді. Крепостниктік құқық жойылғаннан кейін орыс көпестері жылқы сатып
алуға зор қызығушылық танытты. Осыған байланысты қазақ байлары жылқы
үйірлерін көбейте бастады. Тек Қостанай уезінде ғана 1865-1879 жылдар
аралығында мал түліктеріндегі қойдың үлес салмағы 86 пайыздан 44,6 пайызға
дейін кеміп кетті, ал жылқылардың үлес салмағы 6,8 пайыздан 37,7 пайызға дейін
өсті. Ресейдің ірі қалаларындағы сиыр етіне деген сұраныстың өсуі қазақтардың ірі
қара мал өсіруге ден қоюына себеп болды.
Қазақ жерлеріне капиталистік қатынастардың ене бастауы жəне қоныс
аударушылық қозғалыстың дамуына байланысты көшпелілердің отырықшылыққа
өтуі тездеді. Шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына тартып беру арқылы
патша əкімшілігі қазақтардың егіншілікпен кең түрде айналысуына да шек қоюға
тырысты. Осы тұрғыда
Орынбор өлкесіндегі бір
көңіл аударарлық. Ол Орынбор əскери губернаторы граф П.П Сухтеленге былай
деп жазған: ォ Мен қырғыздардың басына жұмақ орнатқысы, оларға білім бергісі,
сөйтіп оларды Еуропа халықтары шыққан биікке көтергісі келетін филантроптарға
еліктей алмаймын. Мен қырғыздардың ешқашан егін екпеуін, ғылым түгілі тіпті
қолөнерді де білмеуін бүкіл жан-тəніммен қалаймын, бірақ, сонымен бірге, оларды
біздің нанды жеуге, біздің жай шұғаны, Ресейдің осындай басқа да қарадүрсін
бұйымдарын пайдалануға үйреткім келер едіサ.
62
ХIХ ғасырдың соңғы
ширегінде Қазақстанда
Алғашқы кезде Қазақстанда негізінен өнеркəсіптің екі саласы жəне жергілікті
жерде шикізаттарды өңдеу саласы дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші, кен-зауыт
өнеркəсіптері, сондай-ақ ауыл шаруашылық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату
жөніндегі өнеркəсіп. Тау-кен өнеркəсібі Алтайда жəне Орталық Қазақстанда
дамыды. Кен орындары жеке кəсіпкерлерге сатылды. Қазба байлықтары мол кен
орындары қазақтардан
аса арзан бағамен сатып
көпес Ушаковқа Қарағанды тас көмір кен орнын небəрі 255 сомға, ал Жезқазған
мыс кен орнын 100 сомға сатты.
Бұл кен орындары жыртқыштықпен игеріле бастады. Олардың негізінде
Спасск-Воскресен жəне Успен мыс кеніштері құрылды. Солармен қатар көпес
Поповтың күміс-қорғасын балқыту кəсіпорындары да жұмыс істеді.
1898 жылы Воскресенск Кен-өнеркəсіп қоғамы құрылды. Оның мақсаты
Павлодардан Балқашқа дейінгі далалық аймақтағы тас көмір мен мыс рудаларын
өндіру болды.
ХiХ ғасырдың аяғына қарай мыс өндіруден Қазақстан Орал мен Кавказдан
кейінгі орынға шықты.
Патша үкіметі алтын өндіруге баса назар аударды. ХIХ ғасырдың 70-80
жылдарында бұл сала қарқынды дамып, жаңа кен оындары іске қосылды. Мысалы,
1879 жылы Өскемен, Зайсан уездерінде ғана 73 кен орындары ашылып, жұмыс
істей бастады. 1884-1904 жылдар аралығында бұл аймақта тағы да 137 жеке
меншік кен орындары ашылды. Жалпы 1882-1892 жылдар арлығында Қазақстанда
алтын өндіру 13,31 пұттан 23,38 пұтқа дейін өсті.
Тұз өндірісі де дамыды. Тұз тек жергілікті қажеттерді өтеу үшін ғана емес,
сонымен қатар өлкеден тыс жерлерге сату үшін де өндірілді. Батыс Қазақстандағы
Басқұншақ, Елтон, Елек тұз кəсіпшіліктері, өлкенің солтүстік-батысындағы
Коряков, Поволжье, Қарабаш тұз кəсіпшіліктері жұмысшылар саны көп əрі ірі
капиталистік кəсіпорындарға айналды.
Мал шаруашылығы
шикізатын өңдеу жөніндегі
негізінен Ақмола жəне Семей облыстарында пайда болды. 1888 жылы Семей
63
облысында 63 ォзауытサ - 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1
май қорытатын, 23 кірпіш, 2 сыра ашытатын жəне басқа да 4 зауыттар болып,
оларда 262 жұмысшы істеген, жалпы шығарған өнімдері 230 147 сомға жеткен.
1886-1895 жылдар аралығында ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін
кəсіпорындар саны 1086-дан 2124-ке дейін өскен.
Жалпы алғанда, ХIХ ғасырдың аяғында Қазақстан өнеркəсібі Орталық
Ресейдегі капиталистік өнеркəсіппен салыстырғанда əлдеқайда баяу дамыды.
Қазақстан негізінен шикізаттың арзан көзі ретінде қарастырылды. Бұл жерлерде
ескі техника қолданылды, өнім сапасы төмен болды. Жалдамалы
жұмысшылардың басым көпшілігін кедейленген қазақ шаруалары құрады, олар аса
ауыр жағдайда жұмыс істеуге мəжбүр болды.
Өнеркəсіптің даму үрдісі өлкеде қатынас- жол мəселелерін шешуді талап етті.
Транссібір темір жолының салынуының зор маңызы болды. Енді тасылатын
тауарлар көлемі артты. ХIХ ғасырдың аяғында құрылысы басталған Орынбор-
Ташкент темір жолы Қазақстанның оңтүстігін еуропалық Ресеймен жалғастыратын
болды.
ХIХ ғасырдың ортасынан бастап өлкеде сауда-саттық тез дами бастады.
Қажетті өнеркəсіп тауарлары Ірбіт, Нижегород жəрмеңкелерінен де əкелінді.
Өлкенің өз ішінде де жəрмеңкелер маңызды рөл атқара бастады. Семей
облысындағы Қоянды жəрмеңкесіне көпестер Орта Азия, Қытай, Шығыс
Түркістаннан келетін болды. ХХ ғасырдың басында мұндағы сауда айналымы 4
млн. сомды құрады.
Қазақстанның Монғолия жəне Шыңжаңмен шекаралас болуы шет елдермен
сауда жасауға кең мүмкіндік ашты. 1860 жылы Ургада (Улан-Батор) орыстың
тұңғыш коммерциялық фирмасы құрылып, Үлбі, Алтай, Бұқтырма сияқты
қыстақтар арқылы Өскемен көпестері байланыс орнатты.
Қытаймен сауданың дамуына аумақтың шектестігімен бірге 1881 жылы Цин
империясы мен Ресей арасындағы Петербург шартына қол қою игі ықпал жасады..
Верный, Семей, Зайсан қалалары мен қоныстары, сондай-ақ Қатон-Қарағай, Қорғас
жəне басқалары сияқты кеден пункттері бұрынғысынша сауда орталықтары
64
ретінде маңызын сақтап қалды. Қытайдан тері, жүн, кесек күміс жəне əсіресе шай
көп тасылды. Сауда айналымы жылдан жылға артып отырды. Мысалы, 1895 жылы
Зайсан кедені арқылы -315 475 сом 64 тиын, Алқабек арқыл – 119 203 сом, Қатон-
Қарағай арқылы – 42 666 сом; барлығы – 560 206 сом 25 тиынға қытайдың түрлі
тауарлары əкелініп; ал осы мекендер арқылы 607 554 сом 45 тиынның тауары
Қытайға апарылған.
4-тарау. ХУ111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті.
4.1 Халық ауыз əдебиеті.
ХVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырында қасіретті із қалдырған, қаралы
кезең болғандығы тарихтан белгілі. Қазақ халқының қайғылы халін бейнелейтін
“Елім-ай” əні сол тұста шықты.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған қиын екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман?
Басымыздан бақ-дəулет ұшқан заман!
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман бағы заман?
Баяғыдай болар ма тағы заман?
Қарындас пен қара орын қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын...!
Мұнша қысым қылдың ғой қатты құдай,
Қабырғама қара жер батты құдай.
Жаяу жүрсем табаным құрысады
Тым болмаса бермедің атты құдай!
65
Мына заман қай заман, қай-қай заман,
Ұл айрылған атадан дай-дай заман.
Бауырынан айрылған жаман екен,
Күн бар ма екен көрісер есен-аман?
Жоңғар шапқыншылығына байланысты зарлы өлеңдермен бірге, елдің ерлігін,
адамгершілікті, қайырымдылықты, ерлікті, батырлық пен батылдықты дəріптейтін
өлең-жырлар, толғаулар, аңыз-əңгімелер ел арасына кең тарады. Əбілқайыр,
Абылай, Есім, Жəңгір сияқты хандар, Ер Олжабай, Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Малайсары, Жалаңтөс батыр, Саурық батыр, Шақшақ
Жəнібек, Тайлақ батыр, Бəсентиін Сарымалай тағы басқа осындай ерлігі мен
тапқырлығы аңызға айналған қазақтың қасиетті ұлдары туралы деректер жыр-аңыз
болып кейінгі ұрпаққа аз жетпеген. Сол жырлардың қатарындағы “Қап қағылған”,
“Шаңды жорық” деген өлең-жырларда өлімнен, қауіп-қатерден тайсалмай,
халықтың азаттығы үшін алысып, ақтық демі біткенше шайқасқан батырлардың
ерлігі баяндалады.
Жоңғар шапқыншылығын өз шығармаларына өзек етіп, азаттық жолындағы күрес
кезінде ерлігі, ақылдылығы, парасаттылығымен аты шыққан Абылай ханға
байланысты жыр толғаған ХVIII ғасырдың белгілі ақыны Бұқар жырау болған. 1693
жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданының жерінде туып, 94 жыл
өмір сүрген жырау ғұмырының бірсыпыра уақытын хан сарайында өткізіп, ел
басқару ісіне белсене қатысқан. Оның пəлсапалық ой-санаға негізделген
толғауларымен бірге нақты өмір шындығын баяндайтын өлең-жырлары да аз
болмаған. Оларда ол қазақ халқының ұлттық бірлігін, берекелі тірлігін
қалыптастыруға, əділдікті, дұрыстықты орнықтыруға күш салған.
Бұқар өмірінің барлық кезеңдерін бастан өткізіп, одан халқы үшін, ел-жұрты үшін
ғибрат жасай білген ақын. Жоңғарлармен соғыста қиындықтың талайын бастан
кешірген ол бір жырында: оныншы тілек тілеңіз: он ай сені көтерген, омыртқасы
үзілген, аязды күнде айналған, бұлтты күнде толғанған, тар құрсағын кеңейткен, тас
емшегін жібіткен, анаң бір аңырап қалмасқа. Он бірінші тілек тілеңіз: он бармағы
66
қыналы, омырауы жұпарлы, иісі жұпар аңқыған, даусы қудай саңқыған, назыменен
күлдірген, құлқынымен сүйдірген, ардақтап жүрген бикешің, жылай да жесір
қалмасқа, - деп, зобалаң шақтың қасіретін көрмеуге тілек қылады.
Бұқар жыраудың бірқатар шығармаларының мазмұны Абылай ханмен байланысты.
Ол Абылайға алқалы ақыл айтып, оның жетістігін сүйсініп, мақтап, кемшілігін
сынап, мінін айтудан тайынбаған.
Бұқармен тұстас одан кейін өмір сүрген ХVIII ғасырдағы ақын жыраулардан
Ақтамберді (1675-1768), Үмбетей жырау (1706-1778), Көтеш ақын (1745-1818), Шал
ақын (1748-1819), Тəтіқара т.б. жоңғар шапқыншылығы, ерлік пен қайсар батырлық
туралы толғаған жыр-толғаулар қалдырды. Олардың ішінде “Дұшпаннан көрген
қорлығым, сарысу болды жүрекке, он жетімде құрсанып, қылыш ілдім білекке,
жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке”, дейтін жоңғарларға қарсы қанды
майданға қатысып, талай шайқасты басынан өткізген Ақтамберді, “Жалаң қия
жерлерден жазбай түсіп түлкі алған, білегі жан бүркіттің тегеурініндей Бөгенбай”
деп осы батырды мадақтайтын Үмбетей сияқты ақындардың мұрасы қазақ
мəдениетінің алтын қазынасы болып табылады.
ХVIII ғасырдағы орыс патшаның қол астына өтуі қазақ халқының тағдырындағы
бетбұрыс кезең болды. Бірақ мұндай өзгерістерден қазақ халқының тағдыры
жеңілдеген жоқ. Мұны халық жақсы түсінді. “Былай барсаң қоқан бар, қоқаңдаған
əкең бар, Былай барсаң қалмақ бар, күшіңді ептеп алмақ бар,Былай барсаң қытай
бар, жапырағыңды бұтай бар, Былай барсаң орыс бар, балаңды берсең қоныс бар”,-
деп ақ патшаға бағынуға, бодандыққа мəжбүр қазақтар Қайырлы ақын айтқандай,
“Айқайлап шыққан ақбөкен, қашып қайда құтылар – құрулы қақпан жатқан соң,
жылқыдан шыққан қашаған, қашып қайда құтылар – мойнына бұғау түскен соң”, -
дегеннің керіне ұшырады.
Қазақ даласына қаулап еніп келе жатқан отаршылдық саясат пен оның зиянды
зардаптарын, халықтың мұңын, наразылығын жыр еткен халық поэзиясының
өкілдері аз болған жоқ. Солардың бірі “Кенесары - Наурызбай” дастанын жазған
Нысанбай жырау. Өзінің көркемдік қасиеті, шеберлігі, шешендігі, ұтқырлығымен
ерекшеленетін бұл туындыда Кенесары, Наурызбайлардың халықтың қамын жеген
67
нағыз халық көсемдері болғаны, олардың серіктері Бұғыбай, Байзақ, Құрман,
Бұхарбай, Ағыбай сияқты
батырлардың ерліктері
ХIХ ғасырдың алғашқы жартысындағы халық поэзиясының көрнекті өкілдері
қатарына Сыр бойының жырауы Жанкісі, Аягөз өңірінен шыққан найманның
атақты ақыны Дулат Бабатай ұлын жатқызуға болады. Адалдықты, əділдікті
орнатуға ат салысқан олар билеуші хан, төрелердің əділетсіздігін, құлқын
құмарлығын айыптады. Солардың бірі – Дулат ақын Барақ сұлтанды: “ Құрық
бердің ұрыға, Момынды алдың қырыңа, малсыздарды таптадың, малдыларды
жақтадың, тентекті жасқап қақпадың, арамдарды ақтадың, өсекшіні мақтадың,
арамдық болды баққаның, қашан сенің ашылар, момындарға құрылған, қанды қара
қақпаның. Қарағысыз ел мен жұрт, төрелік түскен дағыңа, ие болмай айрылдың,
атаңның алтын тағына, қара толқын жау толды, шығыс, батыс жағыңа, тұлпардан
туған тұқым ең, ере алмадың жабыға”, -деп өлтіре мінейді.
Өз заманының шынайы шежіресін жасаған өр ақын Махамбет Өтемісов (1803-1846)
болды. Оның шығармаларында өткір тілмен, орамды сөз ұйқастарымен қазақтың
қайсар жігіттерінің, оның ішінде Исатай сияқты бөлек туған қаһарман тұлғалы
ерлерінің бейнесі сомдалған. Махамбет жырлары қазақ халқының бостандығы мен
теңдігі жолындағы жорықтарда жұртқа рух берген, қайрат-жігер үстеген
туындылар.
Махамбет заманында өмір сүрген, бодандық ноқтасын киген қазақ халқының ауыр
халін керемет суреттеген “Зар-заман” ақындық мектебінің өкілдері Шернияздың
(1807-1867), Шөже (1808-1895), Орынбай (1813-1890), Шортанбай (1818-1881),
Сүйінбай (1822-1895), Балқы жырау (1839-1911), Мұрат Мөңке ұлының (1843-