Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

Тауар-ақша қатынастарының пайда болуы батырақшылықты тудырды. Х1Х

ғасырдың бірінші  жартысына тəн белгі қазақтардың  арасында ォшет кəсіптіңサ

пайда болуы еді. Шеттен табыс іздеп кеткен қазақтардың  көпшілігі балық

аулайтын кəсіпшіліктерде  жұмыс істеп, Шеп бойындағы ауқатты  тұрғындарға

жалданды. Аз ғана бөлігі тау-кен өндірісінде жұмыс істеді.

Қазақ қоғамы əлеуметтік жағынан ォақсүйекサ жəне ォқарасүйекサ болып екіге

бөлінді. Алғашқыларына  төрелер мен қожалар жатты.

55

ォАқсүйекサ өкілдері ерекше феодалдық кастаны құрап, қазақтың рулық

қауымының құрамына кірмеді. Төрелер сословиесі қазақтардың  əлеуметтік, саяси

жəне əскери өмірінде зор рөл атқарды. Тек солар  ғана хан сайлана алды.

Төрелердің пұрсатты жағдайы қазақтардың дағдылы  құқығы - əдеттің

көптеген нормаларында ресімделді. Əрбір сұлтан көшпелілердің  бір ұлысын

басқаруға жəне өз билігінде белгілі бір жайылымдық жұрты болуына құқылы

болды.

Алайда ХIХ ғасырдың басындағы саяси жəне шаруашылық өмірде орын алған

өзгерістер сұлтандар  қауымының екіге бөлінуіне алып келді. Олардың бір бөлігі

орыс отаршылдық аппаратына қызметке кірсе, қалған бөлігі өздерінің

пұрсаттылығының көп  бөлігінен айрылып қалды.

Көшпелілірдің басқа  бір пұрсатты тобы мұсылман діні қызметшілерінің

сословиесі –  мұрагерлік пұрсаттылықты пайдаланған, қазақ қоғамының рухани

өмірінде маңызды  рөл атқарған қожалар боды. Барлық салт-жора ғұрыптары –

сүндеттеу, үйлену тойы, жерлеу жəне ас беру қожалардың тікелей  қатысуымен

өткізілді, оларды қожалар Құран оқып заңдастырып  отырды. Алайда исламның

дала өңіріндегі өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қожалардың көшпелі

қоғамдағы саяси  ықпалы мардымсыз болды.

ォҚарасүйектердіңサ қатарына билер, тархандар, батырлар, ақсақалдар

санаттары жатты. Олардың  арасында билер сословиесі өте маңызды  орын алды,

олар сот билігі қызметін жүзеге асырды. Билердің шешен, бай, тапқыр адамдар

болуы қажет еді. Руаралық жəне жүзаралық дауларды шешуге қабілетті билер

көшпелілер арасында жоғары беделге ие болды.

ХVIII-ХIХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ қоғамында  əскер басылары –

батырлардың маңызы мен саяси ықпалы зор болды. Олар ержүрек жауынгерлер, ат

жалында ойнаған  шабандоздар жəне əскери жасақтардың  қолбасылары ғана емес,

сонымен қатар көшпелі  қоғамның ең таңдаулы əлеуметтік топтарының бірі болды.

Сондай - ақ батырларды қазақ хандықтарының көрші мемлекеттермен өзара

қатынастарында  дипломатиялық сипаттағы жауапты  тапсырмаларды орындауға

тартып отырды.

56

Қоғамға сіңірген əр түрлі еңбектері үшін пұрсаттылықтар, мысалы, салық

төлеуде жəне басқа  да жағдайларда пұрсат берілген адамдар  – тархандар да белгілі

бір орын алды Олар көшпелі ұжымдарды басқару жүйесінде  беделді қызмет

орындарына ие болу құқығын пайдаланды.

Қазақтардың үстем  табының саны ең көп тобы – ақсақалдар - көшпелі

қауымдардың барлық буындарында əлеуметтік-реттеушілік  міндеттерді жүзеге

асырды. Қазақтарда ақсақал деген атқа өте құрметті, бай тəжірибесі бар, ықпалды

адамдар ғана ие болды.

Х1Х ғасырдың ортасына қарай қазақтарда жаңа əлеуметтік топ  – байлар

көрнекті рөл  атқара бастады. Бұрындары ォбайサ деген термин барлық бай

феодалдарға қатысты  айтылса, қарастырылып отырылған кезеңде  байлар деп сауда

мен өсімқорлық ақшаға қатысты істердің дамуына байланысты пайда болған

ерекше қоғамдық топты айтты. Мұндай байлар сұлтандар  ортасынан да, ру

шонжарлары ортасынан  да, сондай-ақ ォқарасүйекサ шонжарлар арасынан да

шықты.

Қазақ қауымының  еркін мүшелерін шаруалар құрады. Бұл кездері олардың

арасында да əлеуметтік жіктеліс жедел жүріп жатты. Кедейленген  шаруалар

жатақтар мен  мал-жанынан айрылып, аз ақы үшін байдың жұмысын істейтін -

қоңсылардың қатары көбейді. Сонымен қатар қазақтардың  ең қайыршыланған

бөлігі байқұстар  болды. Олар шеп маңындағы ауқатты  казактарға болмашы ақы

үшін жалданып, малын  бағып, жерін жыртты, үй іші жұмысының  алуан түрін

атқарды. Бұдан басқа  байқұстардың бір бөлігі бай-феодалдардың қарамағында

қалып, үй қолөнершілері  ретінде жұмыс істеді.

1844 жылы Орталық  Қазақстанда Благодат-Стефанов мыс  қорыту заводы

салынып, оның жұмысшыларының басым көпшілігін қазақ байқұстары құрады.

Александров күміс-қорғасын, Николаев, Богослов балқыту заводтарында да

қазақтар жалданып жұмыс істеді. Олар завод иелеріне басыбайлы тəуелді болды.

Жұмыс таң атқаннан кеш батқанға дейін созылды. Тұрмыстық  жағдайы аса ауыр

болды. Оларға жалақы орыстармен салыстырғанда бірнеше  аз төленді.

57

Тəуелді адамдар  қатарына құлдар да жатты. Бұл кезде  құлдар əлеуметтік топ

ретінде құрып біту шегінде тұрды. 1822 жылғы Жарғы  бойынша қазақтарға жаңа

құл сатып алуға  тыйым салынды, ал 1859 жылы Батыс Сібір  генерал-губернаторы

қазақ сұлтандары мен  байларынан олардың кол астындағы  барлық құлдарға

бостандық беруін талап  етіп, қолхат алды. Қазақ мемлекетінің əлсіреуі жəне

сыртқы соғыстардың  тоқтатылуы құл алудың негізгі көздерін жойды. ХIХ

ғасырдың 60-жылдарына  қарай бұл топ мүлдем жойылды.

ХIХ ғасырда төленгіттердің де рөлі төмендеді. Бұрындары олар хан  мен

сұлтандардың əскери қызметшілері болды, жауапты дипломатиялық

тапсырмаларды жиі  орындады. Кейіннен олар басқа қазақ  рулары арасына сіңісіп

кетті.

Шаруалардың үстем  тапқа кіріптарлықтары əр түрлі  жолмен жүзеге

асырылды. Алым-салықтар төлеп, міндеткерліктер өтеп тұрды.

3.3 ХIХ  ғасырдың соңғы ширегіндегі патша  үкіметінің отарлық саясаты

Қазақстанды отарлаудың аяқталуы ХIХ ғасырдың ортасындағы  Ресейдегі

буржуазиялық реформалармен  тұстас келді. Крепостниктік құқықтың жойылуы

Ресейде аграрлық мəселелерді  түпкілікті шеше алмады. Орыс шаруаларының

толқулары жалғаса  берді. Осындай жағдайда үкімет шаруалардың  назарын басқа

жаққа бұрып, оларды революциялық көңіл-күйден аластатпақ болды. Аталған

мəселені шешудің  бір жолы – орыс шаруаларын шығысқа, жаңадан отарланған

жерлерге қоныс  аудару еді.

Жалпы қазақ жерлеріне  қоныс аудару саясатын үш кезеңге  бөлуге болады:

1. ХVI ғасырдың аяғынан  – ХVIII ғасырлардың басына дейін  “еркін”

отарлау кезеңі. Бұл  кезде қазақ жерлеріне орыстың  қашқын крепостной

шаруалары, каторгадан ______________қашқан қылмыскерлер, діни реформаға  қарсы шығушылар

(“кержақтар”) өз  еріктерімен келіп бірте-бірте  қоныстана бастады.

2. ХVIII ғасырдың бірінші  ширегінен – ХIХ ғасырдың 60-

жылдарына дейінгі  əскери отарлау кезеңі. Қазақ жерлерінің Ресей құрамына ену

58

кезеңін қамтитын бұл  кезеңде казак əскерлері көптеп қоныс аударды. Əсіресе Х1Х

ғасырдың басынан  бастап олардың саны күрт өсті.

3. ХIХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталған жаппай  шаруаларды

қоныс аудару кезеңі.

Бұл кезде патша  өкіметінің саяси мақсаттары елдің  экономикалық

мүдделерімен тығыз  байланыста болды. Жаппай қоныс аудару саясаты бір

жағынан, орыс шаруаларының жерге тапшылығын жоюды көздесе, екінші

жағынан, жаңадан  құрылған əкімшілік - басқару жүйесіне ”əлеуметтік тірек” құру

мақсаты қойылды. Сайып  келгенде, Ресейдің қазақ жерлерінде ықпалын

арттырудың бір  жолы орыстардың жергілікті тұрғындардан сан жағынан

басымдығын қамтамасыз ету еді.

Крепостниктік құқық  жойылған кейін төрт жыл өткен  соң 1865 жылы Алтай

округіне Ресейдің ішкі губернияларынан шаруаларды еркін  қоныс аудару туралы

патша жарлығы жарық  көрді. 20 жыл ішінде (1865-1884 жж) 200 000 қоныс

аударушы көшіп  келіп, оларға 1,5 млн десятин жер  бөлініп берілді.

1867-1868 жылдардағы  реформаға сəйкес қазақ жерлерінің  мемлекет меншігі

болып табылуы қоныс  аудару саясатын кең ауқымда жүргізуге  жол ашты. 1868

жылы Жетісу облысының  губернаторы Г.А.Колпаковскийдің  бастамасы бойынша

“өлкені орыстандыру  мақсатында” шаруаларды орналастыруға  рұқсат етілді. 1883

жылға дейін қолданыста болған “ Жетісуға шаруаларды қоныстандырудың

уақытша ережелеріне” сəйкес еуропалық Ресейден алғашқы  келіп

қоныстанушылар  Воронеж шаруаларының 242 отбасы болды. Шаруаларды тарту

үшін 1868 жылдан бастап Жетісуға көшіп келгендердің отбасындағы  ер

адамдардың əрқайсысына 30 десятина жер бөлінетін, шаруашылық жүргізу үшін

қарыз берілетін  жəне 15 жылға салықтардан босатылатын  ереже қолданылды. 80-

жылдардың орта шенінде  мұнда егіс салуға жарамды жер  жетіспейтін болды,

сөйтіп үлес мөлшері 10 десятинаға дейін, ал жеңілдікті кезең 5-10 жылға дейін

қысқартылды.

ХIХ ғасырдың 80-жылдарында Еуропаны қамтыған аграрлық дағдарыс

Ресейге де келіп  жетті, мұның үстіне 1880 жыл ашаршылық  жылы болды. Осының

59

салдарынан Ресейдің еуропалық аудандарынан империяның шет аймақтарына

шаруалардың көшіп  келуі күшейе түсті. 1881 жылдың аяғында  қоныс

аударушылар туралы уақытша ережелер қабылданды. Онда шаруалардың шет

аймақтарға тиісті ұйымдардың рұқсат етуімен ғана қоныс  аударуына жол берілді.

1889 жылғы 13 шілдеде  “Село тұрғындары мен мещандарының  қазыналық

жерге өз еркімен  қоныстануы туралы жəне аталған сословиелердің адамдарын ерте

уақытта қоныстанғандарға жатқызу тəртібі туралы” ереже  күшіне енгізілді. Қоныс

аударуға Ішкі істер  жəне Мемлекеттік меншік министрлігі  ұйымдарының арнаулы

шешімі бойынша  ғана жол берілді. “Құрметке лайық”, “сенімді” қожайындарға

ғана рұқсат беруге өкім етіліп, олар қоныстануға арналған жерлерге жіберілді.

Дала өлкесінде  бұлар Ақмола, Семей жəне Жетісу облыстары болды. 1889 жылғы

ереже Қазақстанды  Ресейден қоныс аударушыларға іс жүзінде ашып берді.

Шаруаларды жаппай қоныс аудартумен өлке халқының демографиялық

құрылымы өзгертіліп қана қоймай, сонымен қатар байырғы  мекендеушілердің

пайдалануынан мал  шаруашылығы үшін де, ұлғайып келе жатқан егіншілік үшін

де жарамды жерлер зорлықпен тартып алынды. 1885-1895 жылдар аралығында

ғана Ақмола облысында  қазақтардан 251 779 десятина жер тартып алынып, 24

қоныс аудару учаскесі құрылды, ал шектес Семей облысында 33 064 десятина жер

тартып алынды. Қоныс  аударушылардың үлкен ағыны, əсересе  Жетісу облысына

келіп жетті. 12 жыл  ішінде (1863-1880 жж) мұнда 3324 отбасы көшіп  келді,

солардан 2099 отбасы ауылдық жерге, ал 1225 отбасы қалаларда  орналасып қалды.

1891-92 жылдардағы  аштықтан кейінгі жаңа көші-қон  тасқыны жəне 1893

жылы Сібір темір  жолының батыс учаскелерін салудың  аяқталуы үкіметке қазақ

халқының жəне өз бетімен қоныс аударып келген шаруалардың жер пайдалануын

тəртіпке келтіру  қажеттігін алға қойды. Бұған қоныс  аударушылардың жергілікті

халықпен де, бұрыннан тұрып жатқан шаруалармен де көптеген жанжалдары

мəжбүр етті.

Жерінен айрылған қазақтар шекаралас Қытай жəне Монғолия жерлеріне

қоныс аударуға да мəжбүр болды. Қазақстанның қиыр шығысында  орналасқан

Бұқтырма өңірін отарлау нəтижесінде жүздеген қазақ  түтіндері өз ата-

60

мекендерінен айрылып, жат жер, бөтен елге қоныс аударуға мəжбүр болды. Бұл

процесс, əсіресе, XIX ғасырдың 70-жылдары кең құлаш  жайып, халықтың басым

көпшілігінің кедейленіп, шаруашылық күйреуінің басты себебі болды.

Осы кезде көшпелі  халықтың пайдалануындағы бос жерлердің  сапасын

зерттеу мен көлемін  анықтау мақсатында экспедициялар  құрылды. 1896-1903

жылдар аралығында земство статистигі Ф.А.Щербина басшылындағы экспедиция

Ақмола, Семей жəне Торғай облыстарының 12 уезіне статистикалық  сипаттама

жасап, қазақтардың  шаруашылығы туралы бағалы мəліметтер жинады.

Үкімет экспедиция қызметкерлерінің алдына: алуға арналған жердің

мүмкіндігінше көп  мөлшерін табу жəне олардың егіншілік  үшін жарамдылық

дəрежесін анықтау  міндетін қойды. Əр түрлі аймақтар бойынша  қазақтардың жер

пайдалану нормаларын əзірлеу, ал осылайша жасалған “артық жерден” қоныс

аудару қорын  ресімдеу көзделді.

Царизмнің аграрлық саясатының отаршылыққа бағытталуы бірте-бірте

көшпелі жəне отырықшылықты  халық санының ара салмағының өзгеруіне əкеп

соқтырды. Шаруашылықтың: отырықшылықты-мал шаруашылығы жəне

отырықшылықты- егіншілік  сияқты жаңа түрлері құрылды. Х1Х  ғасырдың аяғында

көшпелі шаруашылықтар  Қазақстанның жекелеген далалық  аудандарында:

Сырдария маңайы аудандарында, Орталық Қазақстанның далаларында,

Бетпақдаланың айналасында, Маңғыстауда, Семей, Ақмола облыстарында ғана

сақталып қалды. Солтүстік аудандарда енді егіншілікпен жəне шөп шабумен

айналыспайтын таза көшпелі шаруашылықтар сирек  кездесетін. Көшпелілік

негізінен алғанда  ескі феодалдық тұрғыдағы , көбінесе ғасырлық дəстүрлерінің

күштілігіне орай жаңа оқиғалардың қысымына əлі де төтеп  бере алған байлардың

шаруашылықтарында сақталып қалған еді. Əйтсе де бұл  көшпелі

шаруашылықтардың  да бұрынғы көшпелі шаруашылықтардан кейбір

айырмашылықтары болды.

Ресейдің ішкі аудандарынан қоныс аударушылармен қатар Қазақстан

аумағына Қытайдан келушілер де қоныстандырылды. Құлжа  өлкесінің Цин

империясына қайтарылуына байланысты дүнгендер, ұйғырлар мен  қазақтар

61

Қазақстанға жəне көршілес Қырғызстанға қоныс аударуға ниет білдірді. Бұл

жағдайды орыс өкіметі  Қытайдың Құлжадағы экономикалық жағдайын əлсіретуге

жəне аймақтағы  өзінің ықпалын күшейтуге пайдаланды.

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі