Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция

Описание работы

1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.

Файлы: 1 файл

Тарихтан лекция модул бойынша.docx

— 453.34 Кб (Скачать файл)

Исатайдан ажыраған 12 адамдық топты (ұлы Досмұхамбет, әйелі Дінбаян) ұстап, Оралдағы түрмеге жапты. Бұл кезде қазақ жерінде Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс жайыла бастаған еді. 1838 жылы қаңтарда қатары 100 ге жеткен Исатай жасағы Терек бекінісіне жақындап, Орал әскери шебіне қауіп төңдірді.

Исатайдың ендігі мақсаты:

1. Ішкі Ордаға қайта  оралып, Жәңгір тобына күтпеген  жерден соққы беру.

2. Көтерілісті бүкіл Ішкі  Ордаға тарату.

3. Нарын құмында бекініп, Жәңгірден кек алу.

4. Орыс помещиктері басып  алған жерлерді шаруаларға қайтару.

Көтерілістің жеңілуі: Исатай басқарған көтерілісті тез талқандау үшін, Орынбор губернаторы В.А.Перовский барлық күштерді жұмылдыра бастады. В.А. Перовский бұл көтерілістің Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліспен бірігуінен сескенді. Подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтар Исатай қолын талқандау үшін аттанды. Исатай 500 сарбазымен сұлтан Айшуақұлына соққы беру үшін, Қайыпқали тобынан бөлінді. Айшуақұлы тобының Гекке тобымен қосылып, үлгергенін батыр байқамады.

1838 жылы шілденің 12-сінде  Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер  Гекке мен Айшуақұлы басқарған  отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған  Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді. Көтерілісшілерден 70–80 сарбаз өліп, Қожахмет, Балабек бастаған  алты адам тұтқынға түседі. Ал  Махамбет 1846 жылы қазанда хан  жендеттерінің қолынан қаза болды. Қолға түскен көтерілісшілерді  Гекке жазалады. Қожахмет Өтемісұлы, Балабек Нұржанұлы, Бекен Сарыұлы 8 жылға Ригаға, Ұса Төлегенұлы  мен Жәнібекұлы Сібірге жер  аударылды. Көтерілісті қанға бояған  қазақ феодалдары және казак  офицерлері, солдаттары марапатталды. Сөйтіп 1836–1838 жылдардағы көтерілістің  негізгі мақсаттары орындалмады.

Көтерілістің жеңілу себептері:

• Үстем тап өкілдерінің опаздығы.

• Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмады.

• Қару – жарақтың теңсіздігі.

• Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

• Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы.

• Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

Нәтижесі:

• Салық мөлшеріне шек қойылды.

• Патша үкіметі қазақ старшиндарымен санасатын болды.

• Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.

• Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару мен байланыста екенін көрсітті.

• Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Көтерілістің тарихи маңызы:

1. Жәңгір хан және оның  маңайындағылардың озбырлығына  белгілі дәрежеде шек қойылды.

2. Патша үкіметі аз  болса да, көтеріліске қатысқан  қазақ ауылдарының мүдделерімен  санаса бастады.

3. Көтеріліс қазақ үстем  тап – феодалдарының опасыздығын  дәлелдеді.

 

 

 

 

 

 

 

35. Лекция. Кенесары  Қасымұлы бастаған шаруалар көтеріліс.

1. Көтерілістің  алғышарттары.

2. Көтерілістің  мақсаты.

3. Көтерілістің  қозғаушы күштері, ерекшелігі, тарихи  маңызы.

       1. Көтерілістің алғышарттары. Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтүстікке қоныс аударған Саржан Қасымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жүз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.

         2. Көтерілістің мақсаты:

     1. Патша үкіметінің  отарлау саясатына шек қою.

2. Патша үкіметінің құрамына  кірмеген өңірлердің дербестігін  сақтау.

3. Қазақ жеріне бекіністер  мен әскери шептердің салуын  тоқтату.

4. Қазақтарды Қоқан бектері  мен Хиуа хандығының езгісінен  азат ету.

3. Көтерілістің  қозғаушы күштері, ерекшелігі, тарихи  маңызы. Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай

Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты:

1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып  алу.

2. Көшпелі феодалдық дербес  мемлекеттің негізін салу.

Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өкілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары сұлтан басшылық жасайды.  Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі

Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынады, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды.  Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы

1 және 7 тамызда көтерілісшілер  казактардың Орынборлық тобымен  шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың  тобы ешқандай нәтижеге жетпей  Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21-шілдеде  көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы  басқарған отрядты 

женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне

қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генераль-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары:

1. Қазақ жерлеріндегі  округтік приказды жою.

2. Абылай хан кезіндегі  қазақ жерінің дербестігін қалпына  келтіру.

3. Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қойған екінші талаптары. Әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра–Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды.

Патша әкімшілігінің қойған талаптары:

1. Кенесарыға басқа елдермен  дипломатиялық байланыс жасауына  тыйым салу.

2. Көтеріліске қатысқан  қазақ руларына үкімет межелеген  жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат  ету.

    Кенесарының Орынбор  казактарының иелігін Россия  империясының бір бөлігі ретінде  мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге  кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары  ауылында болған елшілір талаптарын  орындата алмай Орынборға қайта  оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын  мойындата алмағандықтан, келіссөздер  тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастыра түсті. (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды).Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:

1. Билер сотын жойып, хандық  сот енгізді, нәтижесінде Жоғарғы  сот билігін Кенесары өз қолына  шоғырландырды.

2. Арнайы қаржы тобын  құрды. Қаржы мекемесі алым-салық  жинаумен және керуендерден баж  салығын алумен айналысқан.

3. Салық жинайтын қызметкерлер  тобын сайлады. Салық саясатындағы  негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар  жинайтын алымды хан қазынасына  түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға  Кенесарының талаптануы деу керек. Кенесары мал шаруашылығымен  айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын  сақтап қалды.

4. Ірі феодалдардан алынған  мал мен дүние мүлікті бөлу  тобын кұрды.

5. Хандық Кеңестің қабылдаған  шешімдерінің орындалуын қадағалап  отыратып және Кенесарының үндеулерін  таратуға жауап беретін басқару  ісін сайлады.

6. Отырықшылықты дамытты.

7. Барымтаға шек қойды.

8. Дипломатиялық қызмет  ұйымдастырды.

9. Әскери істе жасақтарды  жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң  әскери тәртіп орнатты.Опасыздарға  өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді.

10. Бұйрығын орындамағаны  үшін Кенесары «шік» деп аталатын  ерекше жаза қолданған (кікәлі  адамның басына қалышпен не  пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары  кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта құрушылық  қызметі ел билеуді ұйымдастырудың  барлық жағын қамтыды.

Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары  Кенесарыны қолдамады.

2. Қазақ халқы арасында  рулық алауыздықтар, руға жіктелу  басым болды.

3. Россия билеушілерінен  жеңілдіктер алған ақсүйектердің  бір бөлігінің орталықтанған  феодалдық мемелекет қуруға мүдделі  болмауы.

4. Көтерілісті қолдамаған  ауылдарға Кенесары аса қатты  жаза қолданды.

5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда  Кенесарыны қолдамады.

6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен  соғысып, күшін сарқыған Кенесары  қолы Россияға қарсы тұра алмады.

 

 

Көтерілістің тарихи маңызы:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған  көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан  жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа  қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.

2. XIX ғасырдың бірінші  жартысындағы Россиядағы азаттық  көтерілістерінің құрамдас бөлігі.

3. Патша үкіметінің Қазақстанның  оңтүстік өңірінің отарлауын  біраз уақытқа кешеуілдете түсті.

4. Қазақ елінің ішкі  қайшылықтарының Россия саясатымен  байланыстылығын көрсетті.

5. Патша үкіметінің Қазақстан  жерінде отарлау саясатын жүргізіп  отырғанын көрсетті.

6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің  өскендігін дәлелдеді.

Көтерілістің жеңілу себептері

  • Көтерілістің ұйымдастырылуы нашар болды;
  • Үстем тап өкілдері (билер, старшындар) арасындағы алауыздық;
  • Ру арасындағы қайшылықтар;
  • Көтеріліске шыққан әр түрлі топтар арасындағы байланыстардың нашарлығы;
  • Жазалаушы казак отрядының қару-жарағы мен күштерінің мықтылығы;
  • Қазақ феодалдарының Орал казактарына сатылуы;
  • Қазақ шаруалары арасындағы әр түрлі жағдайлар т. б.

Көтерілістің тарихи маңызы. 1783–1797 жылдардағы Кіші жүздегі шаруалар көтерілісі – XVIII ғасырдағы Жайық бойындағы ірі халықтық қозғалыс. Бұл көтеріліс белгілі бір мөлшерде халықтың патша үкіметіне қарсы көтеріле алатынын дәлелдеді. Көтерілістің дүмпуі біразға дейін басылмады. Бұл көтеріліс патша үкіметі отарлау саясатын ашық жүргізіп отырғанын дәлелдеді.

1801 жылы патша үкіметі қазақтарға Жайықтың оң жағына жайғасуына рұқсат берді. Бұл – Сырым Датұлы басқарған көтеріліс нәтижелерінің бірі.

Информация о работе Ежелгі дәуірдегі Қазақстан