Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.
36. лекция. Сыр
байындағы Жанқожа бастаған
1.
2.
3.
ХІХ ғ 20 ж бастап Хиуа хандықтары Сырдария қазақтарын алым-салықпен қыспаққа ала бастады. Арал бойының тұрғындары Хиуа хандарының билігін мойындамай азаттық көтеріліске шықты. Аса күрделі көтерілісті Жанқожа Нұрмұхамедов басшылығымен болған Сырдарияның төменгі жағын мекендеген қазақтар көрсетті. Олар Хиуаның әскери бекіністеріне қайта-қайта шабуыл жасап, елді-мекендері мен халқын ойрандады. 1843 ж Жанқожа жасақтары Қуандариядағы бекіністерді қиратып, 1845 ж көктемінде Хиуа ханы осы бекіністі қалпына келтіруге жіберілген 2 мыңға тарта адамы бар хиуалық әскер бөлімшесін талқандайды. Патша әкімшілігі казактардың отбасын Сырдарияның төменгі бойына қоныстандыра бастады. Қоныстанушылардың саны жылдан-жылға арта бастады. Казак әскерлеріне Сырдарияның құнарлы жерлері берілді. Бұл орайда қазақтар өз жерлерінен ығыстырылып, кейбірі орыс келімсектері мен чиновниктеріне жалданып жұмыс жасады. Осының бәрі 1856 ж Сырдария егіншілерінің көтерілісіне әкеліп соқтырды. Сөйтіп, бұрындары Жанқожа Ресей әскери басшылықтарының хиуалықтарға қарсы күресінде одақтасы ретінде көрінсе, енді Ресейдің отарлау саясатына қарсы белсенді күрескер болып шықты. 1856 ж аяғына таман бүкіл Қазалы өңірін соғыс өрті шарпыды. 1857 ж 9 қаңтарында көтерілісшілер мен Фитингофтың отряды арасында шешуші ұрыс болды. Жанқожада 5000-ға дейін әскер болғанымен көтерілісшілер жеңіліп қалады. Шайқастан кейін Фитингоф көтерілісшілерді Сырдарияның оң жағалауына яғни, Хиуа хандығының шебіне өтуге мәжбүр болады.
Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы - 1822 және 1824 жылдары патша укіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды.
Мазмұны
|
XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді.
Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.
Басқарудың жаңа жүйесін енгізу
Басқарудың округтық жуйесі енгізілетін болды. Сөйтіп жаңа округтар құрылды. Округтар болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл әкімшіліктерінен тұрды. Әр округта 15—20 болыс, әр болыста 10—12 ауыл, ал әр ауылда 50—70 үй болатын болды. Сыртқы округтағылар Сібір қырғыздары (қазақтары) облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл каласында орналасты.
Әкімшілік бірліктерін құру кезінде патша үкіметі өзіне қолайлы жағдайды босқа жіберіп алмай, көшпелілердің рулық бөліністерін де ұмытқан жоқ, олардың қыстаулары мен жазғы жайылымдарын да мұқият еске алды. Далалықтардың бір округтың аумағынан екінші округқа ауысуына ондағы өкімет билігінің келісімі бойынша рұқсат етілді.
Округтарды сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды болыстар, ал ауылдарды - ауыл старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және полицейлік қызметтерді қоса атқарды.
Әр округта аға сұлтан басқаратын Округтық приказ (мекеме) құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседателъ және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ» қатысуға тиісті болды. Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.
Сыртқы округтардағы сайлау тәртібі
Ауыл старшындарын көшпелілердің өздері сайлайтын және оларды бұл лауазымды қызметке округтық мекеме бекітетін. Сайлау үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Сұлтандар старшындарды сайлауға қатыспайтын. Сұлтандардың қатарынан сайланып қойылатын болыстар өздерінің қолындағы өкімет билігін балаларына мұра етіп қалдыру құқығын иеленді. Биліктің ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргізілді.
Кейінгі кездерде болыстық қызметке сүлтан емес, қарапайым қазақтардың да сайлануына рүқсат етілді. Бірақ ондай адамдардың патша өкіметіне сіңірген еңбегі зор болуы тиіс еді. Сол арқылы патша үкіметі Шыңғыс әулетін билік құрылымынан бірте-бірте шеттете бастады.
Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздері ғана, ал оның құрметті қазақтардан іріктелетін екі заседателін билер мен старшындар ғана сайлайтын. Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдері екі жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық басқарма бастығының бекітуінсіз өз өкілеттігін жүзеге асыруға кірісе алмайтын. 1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын болды.
Округтық приказдың қатаң белгіленген міндеттері болды. Ол атап айтқанда,
жақсарту;
Басқарудың жаңа жобасын өмірге бірте-бірте және ауыртпалықсыз енгізу үшін патша үкіметі барлық алым-салық түрлерін өтеуге бес жылдық жеңілдік белгіледі. Бұл жылдар ішінде ауруханалар мен мектептер салу үшін ерікті түрде төленетін алым-салық қана жиналып келді.
Жеңілдік мерзімі өткеннен кейін округтардың халқы мал басының санына қарай 100 бастан бір бас мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды. Бірақ ондай салық түйе басына салынған жоқ. Өйткені мұның өзі сауда керуенін көбейту үшін қажет еді. Алым-салық үшін мал санағы үш жылда бір рет өткізіліп тұрды. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен жолаушыларға көлік жағынан да көмек көрсетуге тиіс болды.
Округтық приказдардағы ресейлік заседательдер және казактар жер өңдеп, егін салудың, бау-бақша өсірудің және омарта шаруашылығын жүргізудің үлгісін көрсетуге міндетті болды. Отырықшы өмір салтына көшкен және осы айтылған жұмыстарда табысқа жеткен қазақ отбасыларына жергілікті өкімет билігі тарапынан сыйлықтар беріліп тұрды. Бірақ қазақтардың диқаншылыққа жаппай көшуі бәрібір байқалған жоқ.
Дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ халқы егіншілікпен айналысуға жатырқай қарады, мұның өзі сіңірі шыққан кедейлердің - жатақтардың ғана ісі саналды. Округтардың халқы тұзды көлдерден қанша тұз өндіріп аламын десе де ерікті болды. Тұз өндіру олардың ездерінің тұтыну қажеті үшін де, руластарына сату үшін де керек еді.
Патша үкіметі сауда-саттықты қолдап, көтермелеп отырды. Әрбір қазақ езінің өндірген енімін округ аумағында да, одан тыс жерлерде де сатуға құқықты болды. Сұлтандар сауда керуендерін шетелдерге де, Сібір шекара шебіне де жіберіп тұру қүқығын сақтап қалды. Тап осындай құкықты орыс көпестері де пайдаланды. Сыртқы округтарды басып өтетін сауда керуендерінен ешқандай да баж салыгы алынбайтын тәртіп орнатылды.
Денсаулық сақтау, дін және халыққа білім беру салаларындағы жаңалықтар
«Жарғы» енгізілгенге дейін қазақ даласында ем жасау ісімен халық емшілері ғана (сынықшылар, бақсылар, тәуіптер және басқалары) айналысып келген болатын. Патша үкіметінің билігі жүрісімен жағдай өзгере бастады. Әр округта екі емші жұмыс істей бастады. Тұрақты жұмыс істейтін ауруханалар пайда болды. Жергіліікті әкімшілікке халықты шешек ауруына қарсы егуден өткізу міндеттелді.
«Жарғы» бойынша жергілікті билік орындарына христиан дінін таратумен аты шыққан діни миссионерлердің қазақ даласындағы қызметін күшейту тапсырылды. Бірақ оларға «ешқандай да ықтиярсыз мәжбур етпей, кәдімгідей сенімін арттыру және көзін жеткізу» тәсілі арқылы әрекет ету қажеттігі ескертілді.
Рас, кейінгі оқиғалардың көрсеткеніндей, патша үкіметі бұл міндетті жүзеге асыра алған жоқ. Өйткені христиан дінін таратушы миссионерлерге қазақтар тарапынан көрсетілген қарсылық өте күшті болды.
«Жарғының» жағымды жақтарының бірі қазақтардың балаларын Ресейдің ішкі аумағындағы губерниялардың оқу орындарына оқуға жібере алатындығы болды. Алайда бұл құқықты қазақтардың ілуде біреуі ғана пайдалана алды. Оның үстіне, қазақтар өз балаларының орыстанып кетуі мен шоқындырылуынан қатты шошынды.
«Жарғы» қазақ даласына бірте-бірте енгізіле бастады. Басқарудың жаңа тәртібі ең әуелі шекара шебі маңындағы және «өздеріне қамқорлық жасауды өтінген, бодандыққа адал болуға ант еткен» руларға енгізілді.
1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерістер енгізілген түрінде 60-жылдардың ортасына дейін қолданылып келді. Жаңадан округтар ашудың алдын ала белгіленген нақты жоспары болған жоқ еді. Шекаралық әкімшіліктен шенеуніктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бірінен соң бірі жиі шығып тұрды.