Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция

Описание работы

1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.

Файлы: 1 файл

Тарихтан лекция модул бойынша.docx

— 453.34 Кб (Скачать файл)

1768—1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П.С Паллас (1741 — 1811) басқарды. Ол экспедицияның жұмысына белгілі ғалымдар, саяхатшылар И.П. Фальк және И.Г. Георги қатысты. Экспедиция бағыты Солтүстік-батыс, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның жерлерін басып өтетін болып белгіленді.

Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалган саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773). Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.

Зерттеуші ғалым И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың, сондай-ақ олардың тұрмыстық әдет-ғұрыптарының, тұрғын үйлерінің, киім-кешектерінің және басқа да назар аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы» атты жан-жақты да байсалды жазылған жұмысын әзірлеп, жария етті. Ол кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы аса құнды деректер келтірілген.

Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының Қазақстан туралы еңбектері

Ресейдің зерттеушілері Қазақстандағы жұмыстарын өлкені отарлаудың мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізді. Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрған И.К. Кириллов (1689—1737) «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазып қалдырды.

Онда автор қазақ пен қарақалпақ жерлерін егжей-тегжейлі сипаттады: табиғат жағдайларын, пайдалы қазба байлықтарын және сауда жолдарын көрсетіп берді. Ол Ресейдің Орта Азия халықтары және қазақтармен сауда-экономикалық байланыстар орнатуының мүмкіндіктерін және мұның пайдалы екенін дәлелдеп шықты.

В.Н. Татищев (1686—1750) Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы әрі белгілі географ болды. Ол Орынбор өлкесінде өзінен бұрынғы ізашар ғалымдар бастаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде өлкедегі орыс емес халықтардың, соның ішінде қазақтардың да тарихын, тұрмыс-тіршілігін және мәдениетін сипаттап жазды.

Кіші жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеуде Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычков (1712—1777) кызықты еңбектер жазып қалдырды. Өзінің іргелі еңбектерінің арқасында «Орынбор өлкесінің Колумбы» деген даңққа бөленді. Ол кезде Орынбор өлкесіне Кіші жүздің жерлері де карайтын.

Рычков «Орынбордың тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» деген құнды еңбектерін жазды. Ол еңбектерде казақтардың Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі кезінде келгені жөнінде, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің құрамына өтуінің барысы туралы егжей-тегжейлі баяндайтын деректер бар.

Автор Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шекаралық шептерінің салынуын, Ресейдің Орта Азия және қазақ даласымен сауда-саттық байланыстарының қалай орнатылғанын бастан-аяқ баяндайды. Ол Орынбордан Бұхараға бара жаткан көпестерге жергілікті халықтардың тарихы жөнінде, тіпті араб тілінде жазылған болса да, әдебиеттер ала келуге тапсырыс беретін. П.И. Рычков Е. Пугачев көтерілісіне байланысты окиғаларды да жан-жақты суреттеді. Ол қазақ халкының тілі мен мәдениетін терең білді, қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинастырды.

1759 жылы белгілі тарихшы және Сібірді зерттеуші Г.Ф. Миллердің (1705—1783) «Сібір патшалығының тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Онда ол Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихы мен этнографиясының сипаттамасын береді.

XVIII ғасырдың аяқ кезінде және бір орыс офицері И.Г. Андреевтің «Қыргыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы» (1795) еңбегі жарық көрді. Автор Сібір шекаралық шептерде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді.

Ол өзінің кітабында Орта жүз қазақтарының тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары жан-жақты суреттеледі, сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады.

Өскемен бекінісінде қызмет еткен орыс офицері генерал-майор А.Д. Скалон алғашқылардың бірі болып бірегей орыс-казақ сөздігін жасады. Мұның өзі жергілікті халықты орыс мәдениетіне тартудың алғашқы қадамдары және орыстардың қазақ тілін үйренуге деген талпынысының бірі болды.

Қазақ әдебиеті

XVIII ғасыр қазақ халқы мәдениетінің  тарихында ерекше орын алады. Көшпелі өмір салты жағдайында  халықтың ауыз әдебиеті, жыраулық дәстүрі, музыка өнері ерекше дамыды.

Қазақтардын жоңғар басқыншыларына қарсы күресі, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы дала тұрғындарының ұлт-азаттық қозғалысы сол кездегі ақын-жыраулардың негізгі тақырыбына айналды. Қазақ әдебиеті тарихында Ақтамберді Сарыұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Тәтіқара, Үмбетей Тілеуұлы сияқты көрнекті ақындар мен жыраулар ерекше орын алады.

Қазақтың көрнекті жырауларының бірі — Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675—1768). Ол жоңғарларға қарсы көптеген жорықтарға қатысқан және батыр ретінде де белгілі болған жырау. XVIII ғасырдың 50-жылдарында жоңғарлардан азат етілген жерлерге қазақтардың қайта оралуын басқарды. Ақтамберді жыраудың бүкіл шығармашылығы елді ерлікке, қаһармандық пен батылдыққа үндеуге арналды. Оның кесенесі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Жүрекжота шоқысының баурайында осы уақытқа дейін бой көтеріп тұр.

XVIII ғасырда казақтардың арасында  атақ-даңқы кеңінен жайылған жырау, қазақтардың әдет-ғұрып заңдары  мен шежіресінің ғажайып білгірі, би әрі данышпан дипломат, мемлекет  қайраткері Бұқар Қалқаманұлы (1693—1787) болды. Ол қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Далба тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі Қалқаман батыр да ерлігімен және жау жүрек батылдығымен халыққа кенінен танымал болған еді. Халық арасында Бұқар жырау «Көмекей әулие» атанды. Бұқар жырау көптеген терең ойлы, ғибрат аларлық өсиет өлеңдер шығарды. Олардың негізгі идеясы Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау мен нығайту мәселесіне арналды. Бұқар жырау Абылайдың тұсындағы дамагөй билердің бірі. Ол Абылайдың ең жақын кеңесшісі әрі сенімді серіктерінің бірі болды. Өзінің толғауларында Абылайды прогресшіл мемлекет кайраткері ретінде мадақтады:

Бұқар жыраудың өз замандастарынан ерекше бір қасиеті шындықты бетің бар, жүзің бар демей, әрқашан тура айтқан. Болашақты болжай білетін көріпкелдік дарыны да болған. Ол өзінің жыр-толғауларында патша үкіметінің алыстьт көздейтін отаршылдық саясатының зардабы болашақта кандай болатынын күні бұрын сезіп, болжай білді.

Бұқар жырау шығармаларының негізгі тақырыбы — туған елге, өскен жерге деген шексіз сүйіспеншілік, отаншылдық, қазақ батырларының ерлігін мадақтау. Сыртқы жаулардан қатер төнген кезде халықты жұмылған жұдырыктай бірлікке, топтасқандыққа шақырды. Жырау жауға қарсы азаттық күрестің каһармандарын - Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек сияқты басқа да көптеген батырларды мадақтап, жырға қосты.

Ол Қазақстанның өз алдына күшті, бір орталыққа бағынған әрі тәуелсіз мемлекет болуын армандап өтті. Бұқар жыраумен замандас және оған рухы жағынан жақын Үмбетей Тілеуұлы (1706—1778) болды. Ол жоңғарларға қарсы жорықтардың бәріне де қатысты. Қазақ батырларының көрсеткен ерлігін жырлады. Қазақ халқының қас батыры Қанжығалы қарт Бөгенбайды жоқтау және оның өлімін Абылай ханға естірту сияқты жырлары халық жадында сақталған.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде Тәтіқара, Шал, Көтеш жыраулардың жырлары халық арасында кеңінен таралды.

Тәтіқара жырау қазіргі Қостанай облысының аумағындағы Сарыкөл деген жерде дүниеге келді. Цинь империясына қарсы соғысқа қатысты. Абылай ханның төңірегіне топтасқан жақын серіктерінің бірі болды, оның көптеген әскери жорықтарында ерлігімен көзге түсті. Ол өзінің ерлігі арқылы қазақ сарбаздарын Отан үшін қандай да болсын қиыншылықтардың алдында бас имеуге шақырды. Оның шығармалары жауынгерлерді жауға қарсы ерлікпен шайқасуға, туған елге адал болуға үндеді, Абылайханның батырларын мадақтап, даңқын арттыруға арналды.

Суырыпсалма ақындар Көтеш (1745-1818) пен Шал (Тілеуке Күлекеұлы) (1748-1819) өз замандастары өмірінің моральдық және этикалық жақтарына арналған толғаулар шығарды, сондай-ақ көшпелілердің діни сенімі мәселелерін де қозғады. Олардың жырлары Қазақстанның барлық жеріне жетігі, жатқа айтылып жүрді. Халық Шал ақын деп атап кеткен Тілеуке Күлекеұлы қазіргі Ақмола облысының аумағында туған.

Ол Есіл өзенінің жағасында атақты Күлеке батырдың отбасында дүниеге келген. Ақын ретінде он бес жасынан танылды. Ақын өтірікті, жағымпаздықты өлердей жек көрді, адамгершілік ар-намысты бәрінен де жоғары қойды. Өз тайпаластарының арасындағы достықты, бірлікті және ауызбіршілікті мадақтап, жырға қосты. Ақын бүкіл қазақты топтасып қуатты ел болуға, қайырымдылык пен әділеттілікке шақырды.

XVIII ғасырдағы казақ ақындары  мен жыраулары шығармаларының  басым көпшілігі ұрпақтан ұрпаққа  ауызша жеткізіліп келді. Тек  ХІХ-ХХ ғасырларда ғана қазақ және орыс зерттеушілерінің ел аузынан жазып алуы арқасында баспа бетінде жарық көрді.

Тарихи әңгімелер

Жазба әдебиет болмағандықтан халық ауыз әдебиетінің тарихи әңгімелер деген жанры күшті дамыды. Ондай әңгімелерді әдетте көпке белгілі ақылды адамдар — билер мен шешендер айтатын. Дәстүрлі қазақ қоғамында олар керемет зор сый-құрметке бөленетін.

Тарихи әңгімелер де негізінде суырып салып шығарылған өлеңдер сияқты ұрпақтан ұрпаққа ауызекі әңгіме түрінде жеткізіліп келді. Әр рудың өзінің көпті көрген тәжірибелі өз шешендері болатын. Дәстүрлі той, астарда олар, даланың қызыл тілге шебер шешендері, өз тыңдаушыларын қызықты тарихи ертегілермен, әңгімелермен таныстыратын.

Тарихи әңгімелерде данышпандық нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жиі айтылатын. Мұның жастарды тәрбиелеуде зор маңызы болды. Жастар естіген әңгімелерін есте сақтап, одан үлгі-өнеге алды. Атап айтқанда, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би айтыпты деген әңгімелер мен нақыл сөздер біздің заманымызға дейін жеткен. XVIII ғасырдағы тарихи әңгімелердің негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі мен Еділ қалмақтарымен болған соғыстар. Белгілі фольклоршы әрі көрнекті қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы тақырыптағы көптеген тарихи әңгімелерді жинастырды.

XVIII ғасырда әрбір казақтың отбасында  өзіндік шежіресі болатын. Бұл сөздің шығу тегі түркі-монғол тілімен сабақтас келеді. Монғолдарда «цэжере» сөзі «есте сақтау» деген мағына береді. Түркілердің «седжере» деген сөзі де осы мағыналас. Көшпелі өмір салтын ұстанған қоғамда генеалогияны білу міндетті, тегін білмеген тексіз саналды.

Егер қожалар мен сұлтандар өздерінің шығу тегін жазбаша шежіре арқылы анықтаса, дала төсінде көшіп-қонып жүрген қазақтар бұл ақпаратты ауызша айтылатын деректерден алды. Шежіре қазақ қоғамында маңызды рөл атқарды:

  • біріншіден, ел билеушілерінің көшпелі қоғамды басқаруына,
  • екіншіден, ата тарихымызды кезең-кезеңімен есте сақтауға көмектесті. Әрбір көшпелі қазақ халқының өткен өмірін өз отбасы, ру-тайпасының тарихи көрінсі ретінде қабылдады. Тарихи оқиғалар оның ата-бабаларының өмірі төңірегінде өтіп жатқандай көрінді. Даңқты ата-бабалар туралы деректер қосымша ақпараттармен толықтырылып отырды. Есімдері ел аузында аңызға айналған ата-бабалары жайлы шежіре деректері арқылы қаныққан қазақтар жас ұрпақты солардың тамаша өмірінен үлгі-өнеге алатындай етіп тәрбиелеуге тырысты.
  • Үшіншіден, шежіре қоғамды әлеуметтік реттеп отыру міндетін де атқарды.

Мәселен, отбасылық неке қатынастарын, мал жайылымдарын бөлу мәселелерін қадағалады. Үлкен ас, тойларда, құрылтай жиналыстарында қонақтарды жол-жобаларымен орналастыруда да, халықтық жасақтар құрудың ежелден қалыптасқан тәртібін сақтауда да шежіренің реттеушілік рөлі зор болды. Бірте-бірте шежіре жазбаша сипат ала бастады.

Бұл іспен ең бірінші кезекте Ресей дипломаттары мен ғалымдары, өлкенің әскери және азаматтық әкімшіліктері, сондай-ақ қазақ қоғамының сауатты бөлігі айналысты. Қазақтар арасынан алғаш шежіре деректерін жинастырып, жазып қалдырғандар Әлихан Бөкейханов, Мәшһүр Жүсіп Көпейүлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және басқалар болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42. Лекция

XVIII ғасырдағы өнер және музыка

1.

2.

3.

XVIII ғасырдағы қазақтардың рухани  өмірінде музыка өнері елеулі  орын алды. Музыкалық шығармалардың негізгі түрлері ән мен куй болды. Олар халық арасына жеке орындаушылардың ән айтуы, күй тартуы, сондай-ақ хормен орындауы арқылы таратылды. Сөз етіп отырған кезеңде қазақтарда 20-дан астам саз аспабы болды. Олар домбыра, қобыз, шертер, жетіген,сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ, сыбызғы, дауылпаз, тағы басқа аспаптар еді.

Атақты қобызшылардың бірі Тілеп Аспантайұлы (1757—1820) болды. Ол 13 жасынан қобыз тарта бастады, «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлерін шығарды. Керей руынан шыққан дәулескер домбырашы әрі ақын Байжігіттің «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Қайың сауған», «Аңшының зары» атты тамаша күйлері бар.

Қазақтың айбынды ханы Абылай да көптеген күйлер шығарған. Қазақтың әндері мен күйлері барлық мерекелік той-думандарда орындалатын. Суырыпсалма талантты ақындарды анықтау үшін айтыс өткізілетін. Онда ақындар қоғамдық өмірдегі алуан түрлі оқиғаларға өздерінің бағаларын жұрт алдында ашық айтатын. Қоғам өмірінің жақсы жақтарын мадақтап үлгі етумен қатар, келеңсіз кемшіліктер, жаман мінез-құлықтар келеке етіліп, қатты сынға алынатын. Сондықтан да дала тұрғындары өздері мен руластарының кадір-қасиетіне кір шалдырмауға тырысатын.

Информация о работе Ежелгі дәуірдегі Қазақстан