Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.
Олар басқарудың жаңа жүйесін қабылдаудың көшпелі халыққа пайдалы да тиімді болатынын егжей-тегжейлі түсіндіруге күш салып бақты. Сөйтіп халықтың көшпелі тобының келісіміне қарай жаңа округтар құрыла бастады. Мәселен,
1854 жылы Ертістің оң жағалауындағы қазақтар үшін Семей ішкі округы ашылды. 1856 жылы Жетісу жерінде Алатау ерекше округы ашылды. Бұл екі округты орыс офицерлерінің арасынан тағайындалған бастықтар басқарды.
Батыс Сібірдің генерал-губернаторы мен Омбы облыстық басқармасының бастығы Орта жүзді басқаруды қолға алды. Бұдан кейін енді солтүстік-шығыс аймақтардағы қазақтарды басқару жөніндегі орган қүру көзделінді. Сөйтіп 1838 жылы патша үкіметі Сібір қырғыздарын (қазақтарын) шекаралық басқару басқармасы құрылды.
Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті.
Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды.
Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті.
Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.
1831 жылға дейін Кіші жүз қазақтары ресми құжаттарда шекара шебіне жақын және далалық жерлерде тұратындар деп екі топқа бөлінетін. Шекара шебіне жақын тұратындар 1831 жылдан бастап дистанцияларға, ал олар старшындықтар мен ауылдарға бөлінді. Дистанциялар жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерге айналды. Оларды дистанция бастықтары басқарды. Дистанциялар барған сайын көбейе түсті.
1850 жылы олардың саны Кіші жүз жерінде 57-ге жетті. Уақыт өте келе дистанция бастықтарытың билігі алыстағы ауылдарда да жүргізілетін болды. Дистанция бастықтары түтін салығы деп аталған салықты жинаудың барысын қатты қадағалады, әр үй басына салынатын «түтін салығының» мөлшері 1,5 күміс ақшаға (сомға) тең болатын.
«Орынбор қырғыздары туралы жарғының» кемшілік тұстары көп еді. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» шықты. Ендігі жерде Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясы аумағының бір бөлігі деп жарияланды. Кіші жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргізді. Оның құрамына төрағаның өзі, орынбасары, төрт кеңесшісі және қазақтардан сайланатын төрт заседатель, ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік, адам және мал дәрігері кірді.
Жаңа ереже бойынша билер сотына барынша шектеу қойылды, ол ұсак-түйек мәселелерді ғана қарайтын болды. Үкіметке карсы әрекеттер жасау, кісі өлтіру, қарақшылық жасап ел тонау, барымта алу сияқты қылмысты істерді әскери coт қарады. Ал ұрлық жасау, алаяқтық, бұзақылық, 50 сомнан жоғары мүліктік талап сияқты істер Ресей империясы шекара комиссиясының жанындағы жалпы заңдар негізінде қаралды. Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтардың жағдайы олардың Орта жүздегі қандастарына қарағанда әлдеқайда ауыр еді.
1844 жылы Кіші жүз жеріндегі шекара шебіне жақын тұратын қазақтар үшін қамқоршы деген қызмет пайда болды. Оның негізгі міндеті шекара шебіне жақын тұратын қазақтарды отырықшы орыс халқының озбырлығынан қорғау еді. Қамқоршы далалық қазақтар шекара шебінен Ресейдің ішкі жағына өтіп кеткен жағдайда ғана олардың құқықтарын қорғай алатын. Басқарушы сұлтандардың жанында шешек ауруына қарсы егу жұмыстарын жүргізетін бір-бірден қазақ фельдшері болды.
Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті.
Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды.
38. Леция
ХVІІІ ғасырдағы қазақ елінің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы
1.
2.
3.
17 - ғасырдың
аяғы мен 18-ғасырдың басында Қазақ хандығы
аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ қоғамының
өндіргіш күштері өте өндірістік қатынастар
бұрынғысынша патриархаттық феодалдық
қалпына еді. Көшпелі және жартылай көшпелі
мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялы
күштеріне байланысты болды. Феодалдық
негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың
еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып
қала берді. Қазақ хандығына үстемдік
еткен әскери - феодалдық шонжарлар арасында
ішкі тартыс пен алауыздық туып ұлғая
берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге
(ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін
еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші
хандар үш жүздің ұлы ханына сөз жүзінде
бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке
саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің
қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар
да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, Қазақ
хандығы саяси тұрғыдан бөлшектенген
елге айнала бастады. Саяси берекесіздіктің
экономикаға тигізген зардабы күшейіп,
жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар
бұрынғыдан да әлсіреді, жоңғар феодалдарының
шапқыншылығы салдарынан сыртқы базарлармен
де сауда-саттық байланыс үзіліп қалып
отырды .
Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен
тұрмысына қыруар қиыншылықтар туғызды.
Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл
атқарып келген оңтүстік Қазақстандағы
қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар
құлдырап кетті. Жекелеген хандардың (Хақназардың,
Тәуекелдің, Тәукенің және т.б. Қазақтың
барлық жүздерін біріктіріп, біртұтас
қазақ хандығын құрмақшы болған әрекеттері
көшпелі қоғамның табиғаттың өзінен туындаған
объективті себептердің салдарынан сәтсіздікке
ұшырап отырды. Қазақ жүздерінің арасында
орнықты саяси - экономикалық байланыстар
қалыптаспады.Әсіресе орта жүз бен кіші
жүз арасындағы байланыстары нашар болды.
Әрбір жүздің әдет правосы негізінде реттеліп
отыратын өзінің көшім қоным жері болды.
Мәселен, кіші жүз қазіргі батыс Қазақстанның
жерін мекендеді. Оның жазғы жайлауы үстірт
жазығында сондай ақ Ор, Жазық, Елек, Жем,
Темір өзендерінің сағаларында Мұғалжар
тауларында орналасса, қысқы қыстаулары
Ырғыз өзені мен онң салалары өңірінде
және Ырғыз бойының оңтүстігіне таман,
Сырдарияның төмеңгі ағысында, Арал теңізінен
батысқа қарай, Маңғыстау түбегінде, Атырау
жазығында, Нарын құмында орналасты. Орта
жүз орталық Қазақстанды мекендеді, ал
оның жазғы жайлауы мен қысқы қыстауы
Сарысу өзенінің бойын, Есілдің бастауын,
Тобылдың салалары мен Торғай өзенінің
бойын, Ұлытау таулары және оған шектес
көлдер өңірін қамтиды. Ұлы жүз оңтүстік
шығыс Қазақстанды мекендеді.
Қазақ хандықтарының 18-ғасырдың алғашқы
үштен біріндегі ішкі саяси өміріне тән
нәрсе ортақ шешімге келуді талап еткен
мәселелерді шешу үшін үш жүздің үшеуінің
мезгіл мезгіл өтіп отыратын біріккен
жиналыстары еді. Сұлтан және Қалыби билердің
айтуынша үш жүздің өкілдері жыл сайын
маслихат құру үшін Сайрам маңындағы таулардағы
Мәртөбе жотасына жиналып отырған. Мұнда
“қай жерді қыстап, қай жерді жайлау керектігі,
тыныштықты қалай сақтап, қалай соғысу
керек екендігі” туралы мәселелер талқыланады
. Кеңестерде көші қон, жерлерді бөлу, көшіп
қонудың тәртібі, тайпа аралық және ру
аралық дау шараларды шешу, соғыс және
бітімге келу, сыртқы қатынастар мәселелерімен
қоса аса маңызды эконмикалық және саяси
мәселелер бойынша шешімдер қабылданып
отырды. Ру басыларының ханға вассалдық
көзқарасының тұрақтылығы Тәуке тұсында
қазақ хандығы беріктігінің саяси негізі
болған. Вассалдық қарым қатынастар жүйесіндегі
негізгі нәрселер төмендегінше көшіп
қонғанда өз иесінің нұсқауын қолданудың
міндеттілігі, сыртқы саяси қарым қатынастардың
хан арқылы жүргізілуі, сұлтанды ел басқарушы
етіп ханның тағайындауы, не болмаса тануы,
соғыс жәрдемінің көрсетілуі ең ақырында
вассалдардың жоғарғы өкімет иесіне және
оның атағына нұқсан келтірмеуін, қорғауға
міндеттілігі Қазақ хандығы жағдайының
қалыптан тыс ауырлауына ішкі алауыздықпен
бірге сыртқы шапқыншылық себеп болды,
бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше
шиеленісті. 18-ғасырда жоңғар феодалдары
Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы
базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды
керуен жолдары өтетін территорияны да
басып алуға тырысты. “1681-1685-жылдарда
жоңғар феодалдары оңтүстік Қазақстанға
бірнеше рет шабуыл жасады, Сайрам қаласын
қиратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды
күйретті. 18 - ғасырдың бас кезінде жоңғар
әскерлерінің бір тобы Сарысу өзеніне
жетсе, екінші бір бөлігі орта жүздің шығыс
солтүстік аудандарына басып кірді” .
Қазақ ханы Әз Тәуке береке бірлікті барынша
күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау
үшін қажырлы қайрат жұмсады. Ол қырғыздармен,
қарақалпақтармен, одақтаса отырып күрес
жүргізді. Бұл күреске ақыл-қайрат, күш-көмегі
тиетіндердің бәрін төңірегіне топтауға
тырысты. Түркістан маңындағы Тауке ханның
ордасын бұл кезде “әскери адамдардың
айнала қоршай қонған еді. 1710-жылы жауға
қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау
үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің
өкілдері бас қосты. Халық жасақтары құрылды,
бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай
ығыстырды”
Өйткені бұл кезде қазақтар бытыраңқы
болды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар
феодалдары шабуылды қайта бастады, 1716
- жылы бұлардың әскерлерінің негізгі
бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық
бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың қосыны
Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун
өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Жоңғарлар 17-ғасырдың екінші жартысы мен
18-ғасырдың басында әскерін жарақтап әбден
күшейтіп алды. Олар Сібірдегі орыс қалалары
мен бекіністеріне айырбас сауда жасап,
олардан қару жарақ сатып алып отырды.
“Жоңғар әскерлері жорық кездерінде жүз
мың адамға дейін жетті, бұлардың әскерінде
қолға түскен тұтқындардан болған құлдар
пайдаланылды. Әскер ішінде қатаң тәртіп
сақталынды, бұл тәртіпті бұзғандар қатты
жазаланып отырды”.
Жоңғар феодалдары өзінің әскеи күшіне
сене отырып, Моғолстан хандығы мен қазақ
хандығының жоңғарларға іргелес жатқан
өңірлеріндегі ұлан байтақ жайылымдарды
иеленіп алды. Бұрын ойрат-жоңғар тайпаларының
біразы қазақ хандығына бағынған болса,
енді жоңғарлар басып алған кезде қазақ
тайпаларының біразы жоңғар хұнтайжыларына
бағынып алым-салық төлеп, аманат беріп
отыратын болды. Сөйтіп, жоңғарлардың
өріс-қонысы Батыс Монғолиядан Іле өңіріне
дейін созылды. Және қазіргі шығыс, шығыс
оңтүстік Қазақстан территориясының бір
бөлігін алып жатты
39. Лекция
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа
1. Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
2. 1868 - 1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер.
Бұл реформа
Ресейде крепостниктік құқының жойылуымен
және бірқатар буржуазиялық реформалардың
қабылдануымен тұстас келді. Капиталистік
қатынастардың ұлт аймақтарға таралуы
да осы кезден басталды. Ресейде капитализм
дамуының екі жағы болды. Ол кең өріс ала
бастады.
ХІХ ғасырдың орта шенінде іске асырылған
сот, земство, халық ағарту және басқа
да реформалар Ресейдің құрамында дамыған
шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей
қоймады. Патшалы Ресейдіқ ұлттық аймақтарды
шикізат қоры және көзі ретінде сақтау
саясаты Қазақстанды да қамтиды.
Негізінде екі генерал-губернаторлыққа
бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ
елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша
үкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз
байланысты еді. 1822 жылғы "Сібір қазақтарының
жарғысы" мен 1824 жылғы "Орынбор қазақтарының
жарғысы" жақа капиталистік қарым-қатынастар
өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық
даму талабына сай болмады
XIX ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың
басқару жүйесін өзгерту үшін статс-секретарь
И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды.
Комиссия бүкіл қазақ даласын екі облысқа
— орталығы Торғай өңірінде болған —
Батыс, орталығы Сергиопольде немесе Қарқаралыда
ұйымдастыру көзделген Шығыс облыстарға
бөлуді ұсынды. Комиссия ұсыныстары Орынбор
генерал-губернаторы А. П. Безакқа тапсырылды.
1864 жылы 29-қыркүйек күні А. П. Безак Орынбор
қазақтарының облыстық басқармасынан
қажетті мәліметтер жинастыруды талап
етті. 1865 жылы А. П. Безактық отставкаға
шығуына байланысты онық орнына жаңа губернатор
Н. А. Крыжановский тағайындалды. И. И. Бутков
комиссиясының пікірлері мен ұсыныстары
қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін
өзгертуді дайындау Ішкі істер министрлігі
кеңесінің мүшесі Гирс басқарған "Дала
комиссиясына" жүктелді. Комиссия мүшелігіне
Бас штабтан полковник А. К. Гейнс, Орынбор
өлкесінен полковник К. К. Гутковский,
Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан
капитан А. П. Проценко енді. 1865 жылдың
5 маусымындағы II Александр патшаның әмірі
бойынша қазақ жерін зерттеп білу сұрақтары
дайындалды. Әкімшілік басқарудың жақа
жүйесіне сай келетін мәселелердің көпшілігі
сонда қамтылған еді: өзіндік ауыртпалықтар,
жерді иеленудің түрлері, сот істері, ағарту
ісі, алым-салық, діни мәселелер, т.
б. Алайда реформаны әзірлеуде бұқаралық
көпшіліктің көңілі ескерілмеді. Ғалым
Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеуді
халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде
қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде
реформаны тезірек іске асыруды көздеген
комиссия ат төбеліндей феодалдық тап
өкілдерімен ақылдасып, мәліметтерді
солардан жи-нады. Батыс Сібір генерал-губернаторлығында
комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші
сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор
өлкесінде билеуші аға сұлтан Сейдәліұлынан,
тағы да басқа халық мүдделерінен алшақ
тұрған шонжар, ауқатты ақсүйектерден
жиналған мәліметтерге сенім артты.
Гирстың басшылығымен, құрамында Баллюзек,
Л. Мейер, А. П. Проценко болған комиссия
Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын,
В. Д. Дандевиль, А. К. Гейнс және басқалар
енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын
басқару жөнінде реформа жобасын дайындады.
1867 жылы шілденің 11-інде II Алек-сандр патша
"Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару
туралы ережені", 1868 жылғы қазанның
21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын
басқару туралы уақытша ережені" бекітті.
Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа
бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс
Сібір. Азаматтық және әскери билікті
қолдарына шоғырландырған генерал-губернаторлықтар
жеке облыстарға бөлінді. Орынбор және
Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына,
Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан
генерал-губернаторлығына, Ақмола және
Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына
біріктірілді. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей
хандығының жері Астрахань губерниясына,
ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ
әскери округінің басқаруына, кейіннен
Закаспий облысына енгізілді. Әскери және
азаматтық биліктің генерал-губернатор
қолында шоғырлануы 1867—1868 жылдардағы
реформаның бір түйінді жері болды. Ал
Түркістан генерал-губернаторлығына,
сонымен қатар Қытай және Иран сияқты
елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге
де рұқсат берілді.
Облыс басында тұрған
әскери губернатор сонымен қатар сол облыстағы
қазақ әскерінің үкімет тағайындаған
(наказной) атаманы болып есептелді. Әскери
губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын
облыстық басқармалар ұйымдастырылды.
Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот
және жарлықты іске асыру. Облыстық басқарма
істерін қадағалау вице-губернаторларға
тапсырылды. Облыстық басқарма төрағасының
жанында арнайы кеңесшілер болды.
Облыстар уездерге бөлінді. Сырдария облысында:
Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата,
Ташкент, Ходжент және Жизақ; Батыс Қазақстан
облысында Орал, Атырау, Калмыков, Жем
(Темір); Торғай облысында Елек, Қостанай,
Ырғыз және Торғай; Ақмола облысында —
Көкшетау, Омбы, Петро-павл, реформа қабылдағаннан
кейін бір жылдан сон, орталығы Атбасарда
Сарысу уезі; Семей облысында — Баянауыл,
Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейіннен
Павлодар, Өскемен уездері); Жетісу облысында
Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл және
Тоқмақ уездері.
Генерал-губернаторлар тағайындап отырған
уезд бастықтарына көмекші екі кісінің
біреуі жергілікті шонжар топ өкілдерінен
алынды. Уезд бастықтарына полиция да,
әскери бөлімдері де, уездегі мекемелер
де, бекіністер де бағынды. Уездер территориялық
принципке негізделген болыстарға, ал
болыстар 100—200 шаңырақтан тұратын ауылдарға
бөлінді. Ірі ақсүйек-терден іріктеп алынатын
болыс және ауылнайлар патша үкіметінің
Қазақстандағы отаршылдық саясатына тірек
болды. Шыңғыстың тұқымдары — сұлтандар
үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз
етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан
босатылды. Реформаның таптық мазмұнын,
отаршылдық бағытын осыдан да көруге болады.
Сырдарияның отырықшы елді мекендерінде
полициялық және басқару билігі ақсақалдар
қолына берілді. Облыстық әскери-губернаторлар
бекіткен ақсақалдар сайлаушылар жиындарында
үш жылға сайланатын. Ауылдық және болыстық
старшындар сияқты(2) ақсақалдарға да олардың
билік көрінісі ретінде қоладан құйылған
белгі және мөр тапсырылатын. Ақсақалдарды
сайлау болыстарды сайлау сияқты күреспен,
ру аралық таласпен өтетін.
1867—1868 жылдардағы реформалар арқылы әскери-сот
комиссиялары мен уездік соттар құрылды.
Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері
патша үкіметінің отаршылдық саясатын
жүргізу құралы болды. Сырдария облысында
қазылар соты сақталынса да, әскери-уездік
соттардың дау-жанжалдарды шешудегі рөлі
басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістердің
бір айта кететін жайы — ол ескі шариғаттық
патриархалдық-феодалдық салттардың күнделікті
өмірге әсеріне шек қойды. Әрбір болыста
төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына
қарай) билер сайлайтын еді. Шын мәнінде,
әскери губернаторлар бекіткен билер
мен қазылар соттары патша үкіметінің
Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің
төменгі буыны болды. Уездік және әскери
соттар бұқараны қанауды үдетті. 1861 жылғы
крепостниктік құқыны жою жөніндегі заң
сияқты 1867—1868 жылдардағы реформалар қоғамның
түбірлі қайшылықтарын шеше алмады. Реформа
арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды.
Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын,
үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын
әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне
енді.
"Ереже-реформа" Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи
байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар
қалыптасты. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге
ентелеп ене бастаған капиталистік құбылыстар
бай патриархалды қарым-қатынастардың
қауымды артқа тартатын түбірін әлсіретті.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан
қазақтардың да күнделікті өмірінде қалыптасқан
өзгерістер аз емес. Ауыл тұрғындарының
өз арасында таптық жіктелудің салдары,
мысалы, жатақшылықтың қалыптаса бастағанынан,
яғни кедейленген қазақтардың қалаларға,
оның алғашқы өндіріс орындарына тартыла
бастағанынан да көрініп қалады. Осы реформа
салдарының куәсі болған Абай Құнанбайұлы,
Ыбырай Алтынсарин сияқты алдыңғы қатарлы
ойшылдар оның теріс жақтарын өз шығармаларында
талай мысқылдаған еді.
2. 1868 - 1869 жылдардағы
Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер.
Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген
маңызына қарамастан, қазақ даласында
отаршылдык езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер
салуға көшпелі шаруалардың жері тартып
алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері
мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен
феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз
да ауыр жағдайын шиеленістірді. Өсімқорлық
саудамен айналыса бастаған ақсүйектер
күнкөрісінің барысы еңбекшілерге әкімшілік
басқару жағынан қысымды үдетті. Мал-жайымен
көшпелі өмір сүрген кедейлерге "Уакытша
Ереженің" жерді пайдаланудағы жаңа
кағидалары тіпті қолайсыз еді. Қазақ
даласы бойынша барлығына міндетті (әрине,
ауқаттыларды қоспағанда) шаңырақ салығы
енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген
бұл салық әсіресе әлеуметтік корғансыз
жандарға тіпті ауыр еді. Земство салығын
қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілген салық
қазақ шаруаларының басым көпшілігін
ауыр жағдайға душар етті. Патша үкіметінің
осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде
төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек,
шаруалар халінің мүшкіл болғанына көз
жеткізу қиын емес.
Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі
деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану
ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің
көзқарасына жат болды. Қыстау мен жаздық
коныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық
басқару органдары қарамағында қалуы
рулар арасын шиеленістірді. Патша үкіметі
отарлық саясатының осындай және басқа
ауыртпалықтары 1868 - 1869 жылдары Орал мен
Торғай облыстарын, 1870 жылы Маңғыстауды
қамтыған казақ шаруалары күресінің тұтануына
себепші болды.
1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың
қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай
өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа
карсы бағытталды. Айта кететін бір жайт,
бұл халық қозғалысын басқарғандар өз
артықшылықтарынан, ежелгі жеңілдіктерінен
айырылған ру басылар еді. Олардың басым
көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне
ұтымды пайдаланып, ел мұқтаждығына селқос
қарады.
Қаруланған казақ шаруалары патша үкіметінің
отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына
қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар
патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай
қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың
6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген,
фон Штемпель басқарған 200 атты және бір
рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл
өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі
маңында көтерілісшілердің 20 мың қолы
шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары
қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы
мүшкілденіп, азық-түлігі және жемшөбі
таусылған олар әскери шепке кайтып кетуге
мәжбүр болды.
Бұл көтерілістің сонымен қатар антифеодалдық
сипаты да бар. 1869 жылдың наурыз, маусым
айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға
қарсы 41 рет шабуыл жасады, оған жалпы
саны 3 мың көтерілісші қатысты.
Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық
сипат алған көтеріліс жергілікті отаршыл
басқару жүйесін және Петербург сарайын
шошындырды.
Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға
бірқатар ірі әскери күш жіберілді. Подполковник
Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор
Н.А.Веревкин бастаған мұздай қаруланған
жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына
алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады.
Көтерілістің жеке құрамаларына басшылық
еткен сұлтан Хангали Арсланұлы, билер
Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалар
Рысқұлұлы, Досұлы, т.б. солқылдақтықтың
салдарынан шаруалардың үмітін ақтамады.
Нашар қаруланған, араларында ауыз бірлік
болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген
Орал, Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске,
ұшырады. Маңғыстау түбегіндегі көтерілістің
басты себебі де Орал, Торғай облыстарындағы
қозғалыстармен мазмұндас және 1867-1868 жылдардағы
"Уақытша Ереженің" қатал отаршыл
талаптарымен байланысты еді. "Ережелерді"
іске асырудағы алғашқы адамдардың өзі-ақ
түбек тұрғындарының негізгі тобы — адайлықтардың
қарсылығын туғызды. 40 мыңға жуық шаңырақтан
тұратын адай елі екі жылдың ішінде 160
мың сом салық төлеуге тиісті еді.
Көтеріліске түрткі болған — патша жазалаушыларының
адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға
жақындауы болды. 1870 жылғы наурыздың ортасында
Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник
Рукин құрамында 36 казак, 4 офицер, тілмаш
Бекметұлы, би Майұлы және 60 адамы бар
топпен "Ережеге" қарсылық ретінде
ел түкпіріне көшуге бел байлаған адайлықтарды
күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінің
маңайында бақташылар - Досан Тәжіұлы,
Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық қазақтар
жазалаушыларға тұтқиылдан тап берді.
Шаруалар қоршауында калған жазалаушылар
ұйымдасқан қарсылық көрсете алмады. Жазалаушылар
талқандалды, подполковник Рукин атылып
өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып,
бүкіл Маңғыстауды азаттық қозғалыс жалыны
шарпыды. Көтерілісшілерді басқа да әлеуметтік
топтар қолдады, Николаевск станицасы
мен Александровск форты слободкасының
балық аулау кәсіпшілігіндегі ауқаттылардан
тартып алынған қайықтардан өзінше "флотилия"
құрған көтерілісшілер тобы он мыңға жетті.
1870 жылғы сәуір айының 5-і күні қазақ шаруалары
мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск
фортына шабуыл жасады. Форттың сыртындағы
бірнеше маяк (бекініске ұқсас бақылау
пункті) өртелді. Әскери гарнизонның азық-түлігі
сақталған төменгі бекініс орны талқандалды,
саудагерлердің үй-жайын от шарпыды. Тек
патша өкілдерінің зеңбіректерді іске
қосуы ғана көтерілісшілерді шегінуге
мәжбүр етті.
Маңғыстаудағы көтеріліс Орынбор мен
Оралдың отаршыл билеушілерін шошындырды.
Орыс әскерінің бас штабында үрей туды.
Бұл кезде Ирандағы ағылшын әскерінің
күшеюіне байланысты, патша үкіметі өзінің
оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру мақсатында
Хиуа хандығына қарсы жорыққа әзірленіп
жатқан. Осыған орай Красноводск маңайында
ірі әскер тобы шоғырланған еді. Маңғыстаудағы
көтеріліс осы күштің тылында қалды. Көтерілісті
жаныштау Кавказ билеушісіне жүктелді.
1870 жылдың мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға
Апшерон полкінің батальоны екі атқыштар
ротасы, шептік батальонның бірнеше ротасы,
Терек қазақтарының 2 ротасы .және 4 зеңбірек
жеткізілді. Бұл осал қаруланған көшпелі
қазақтарға зор кауіп еді.
Көтеріліс аяусыз жанышталды.
Үш ай бойы патша әскері Маңғыстаудан
кетпеді. Орынбор генерал-губернаторы
Н.А.Крыжановский әскери министр Милютиннің
"бұларды келістіріп жазалау" керек
деген нұсқауына сай көтерілісшілерді
кудалаудан аянған жок.
Осы жеңіліске байланысты қозғалыстың
басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тәжіұлы, И.Көлұлы
және басқалар 3000-ға жуық шаңырақты ертіп,
жазалаушылардан ығысқан бойы Хиуа хандығына
өтіп кетті.
Маңғыстаудағы көтерілісте антифеодалдық
сипат әлсіз болды. Оның себебі адайлықтардың
өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты
олардың арасында рулық-патриархаттык
құбылыс әлі де болса күшін мейлінше сақтап
қалған еді. Көтерілістің Орал, Торғай
өлкелеріндегі қозғалыстан бір ерекшелігі
- қазақ жалдама жұмысшылары тұңғыш рет
күреске белсене қатысты. Көтерілістің
жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан
да шиеленістіре түсті. Кавказ әкімшілігінің
талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан
57 901 сом қосымша салық жиналды; адайлықтар
соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой
өткізуге міндеттелді
40. Лекция
Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті
1 Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер
2 Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының Қазақстан туралы еңбектері
3 Қазақ әдебиеті
4 Тарихи әңгімелер
5 Музыка өнері және айтыс
6 XVIII ғасырдың соңында ашылған мектептер
Қазақстанның XVIII ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті - XVIII ғасырда патша үкіметі Қазақстанның тарихын, этнографиясын, географиясын белсенді түрде зерттей бастады. Ол зерттеулер Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының үлкен бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуді қабылдаган 30-40-жылдардан кейін бұрынғыдан да күшейе түсті. XVIII ғасырда қазақтардың өздерінің ежелгі бірегей мәдениетінің төлтумалығын сол күйі сақтап қалган болатын. Олардың мәдениетінде ақындардың, жыраулардың және билердің шығармашылығы көрнекті орын алды. XVIII ғасырдың аяқ кезінде Ресеймен шекаралас аймақтарда алғашқы мектептер ашылды.
Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер
Қазақтар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.
Қазақстанды XVIII ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасын жасаудың бастамашысы болды.