В.В.Путиннің президенттігі жылдарындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 22:34, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып отырған жетекші мемлекеттердің бірі – Ресей болып табылады. Ресей халықаралық саяси өмірде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мирасқоры бола отырып 1990 жылдары өзінің бұрынғы позицияларынан біршама айырылғанмен, бүгінде ол бұрынғы КСРО сияқты әлемдік саяси өмірдің жоғарғы деңгейіне көтеріле алды. Оның бұл жетістіктерінде егеменді Ресейдің саяси басшылары үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Ресейдің 2000 жылдан басталған кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қол жеткен жетістіктері 2000-2008 жылдары Ресей Федерациясының Президенті болған Владимир Владимир Путиннің есімімен тікелей байланысты.
2-ТАРАУ. В.В.ПУТИН – РФ. ПРЕЗИДЕНТІ: ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ..............................31-57
2.1. В.В.Путиннің әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалары және
олардың нәтижелері..................................................................................31-45
2.2. В.В.Путиннің сыртқы саясатының ерекшелігі және оның басым
бағыттары...................................................................................................

Файлы: 1 файл

Россия.doc

— 474.50 Кб (Скачать файл)

1992 жылы Ленинград қалалық кеңесінің  Марина Салье және Юрий Гладков  басшылық еткен депутаттық жұмысшы тобы («Салье комиссиясы» аталған) Сыртқы байланыстар бойынша комитетінің төрағасы ретінде В.В.Путинге Санкт-Петербургті шикізатқа алмастырылған азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасына байланысты махинациялар жасады деген айып тағады. Аталған жұмысшы тобының қорытындысы бойынша шикізат нарықтық бағамен салыстырғанда қатты төмендетілген бағамен сатылған (сирек кездесетін металл скандия бойынша – 2000 есеге төмендетілген), ал керісінше, азық-түлік жоғарылатылған бағалармен сатып алынып отырған; келісімдер күмән туғызатын «бір күндік» фирмалармен, сондай-ақ, басшылығында қылмысты элементтер тұрған фирмалармен жасалған; келісім-шарттар үлкен заң бұзушылықпен рәсімделген және қажет болған жағдайда заңсыз деп жариялануы мүмкін еді. Топтың санауы бойынша оның әрекетінің нәтижесінде қалаға 122 млн. долларды құрайтын қаржылық шығын келтірілген. Қалалық кеңес жұмыс тобының қорытындысын мақұлдап, соның негізінде Анатолий Собчакқа Путинді отставкіге жіберуді және материалды прокуратураға беруді ұсынды.

1994 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың маусым айына дейін В.В.Путин Санкт-Петербург қаласының мэрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Осы Санкт-Петербург мэриясында В.В.Путинмен жұмыс істегендердің көпшілігі (Игорь Сечин, Дмитрий Медведев, Виктор Зубков, Алексей Кудрин, Алексей Миллер, Герман Греф, Дмитрий Козак, Виктор Иванов, Сергей Нарышкин, және тағы басқалар) кейін 2000 жылдары Ресей Федерациясы үкіметінде, Ресей Федерациясы әкімшілігінде және мемлекеттік компаниялардың басшылығында жауапты лауазымдарды иеленді [15]. 

В.В.Путиннің келесі мемлекеттік қызметтері Мәскеу қаласында жалғасты. Ол үшін Мәскеу бейтаныс бір өңір еді. Дегенмен де, В.В.Путин осындағы үш жылдық жұмысында президент істерін басқарушының орынбасары қызметінен Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына дейінгі аралықты жүріп өтті.

А.Собчактің мэрлік сайлауда жеңіліс табуынан соң 1996 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеуге Ресей Федерациясы президентінің істерін басқарушы Павел Бородиннің орынбасары қызметіне жұмысқа шақырылады. 1996 жылы 2-қарашада «Наш дом - Россия» қозғалысының петербургтік бөлімшесінің басшылысы болып сайланады. 1997 жылы 26-наурызда РФ. Президентінің жарлығымен Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – Ресей Федерациясы президентінің Бас бақылау басқармасының бастығы болып тағайындалады. В.В.Путин бұл орында Алексей Кудринді алмастырған болатын. Путиннің сөзіне сенсек бұл қызметке оны Кудриннің өзі ұсынған. В.В.Путин осы лауазымды атқара жүріп те бірқатар жетістіктерге жетеді. Путиннің айтуынша Бас бақылау басқармасының қорғаныстық тапсырысты орындауға байланысты тексерісінің нәтижесі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрі Игорь Родионовтың 1997 жылдың мамыр айындағы қызметінен кетуінің басты себептерінің бірі болған. 1997 жылдың маусым айында В.Путин «Наш дом - Россия» Санкт-Петербургтік аймақтық ұйымы кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды. 1997 жылы 19-қыркүйекте ол Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік бойынша Ведомоствоаралық комиссиясының құрамына кіргізіледі [16]. 

В.В.Путин 1998 жылы 25-мамырда Ресей Президенті Әкімшілігінің басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұл қызметте аймақтармен жұмысқа жауапты болды. В.Путин сонымен бірге, Президент Әкімшілігінің Бақылау басқармасының бастығы қызметін атқаруды жалғастырды. Кейін, бұл орында оны маусым айында Николай Патрушев алмастырған еді. Соңғы қызметке тағайындалғанға дейін В.В.Путин Кремльдегі ең ықпалды адамдардың бірі болып есептелді. 1998 жылы 15-шілдеде С.Шахрайдың орнына жанында құрылған мемлекеттік биліктің федералдық органдарымен және Ресей Федерациясы субъектілерінің мемлекеттік билік органдарының арасындағы билік жүргізу мен өкілеттілікті шектеу туралы келісім-шартты дайындау бойынша Ресей Федерациясы Президентінің жанынан құрылған комиссия басшылығына келді.

1998 жылы 25-шілдеде В.В.Путин Президент Жарлығымен Ресей Қауіпсіздік федералдық қызметінің (ФСБ) директоры болып тағайындалды. 1998 жылдың 1-қазанында Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің құрамына енгізілді. 1998 жылдың 18-қарашасында Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің жаңа құрамына мүше болды. 1998 жылдың 1-желтоқсанында Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстарды оңтайландыру бойынша ведомоствоаралық комиссиясының құрамына кірді.  

1998 жылдың желтоқсан айында Нәсілдік кемсітушіліктен қорғаудың халықаралық қорының құрылтай кеңесінің құрамына енді. Осы жылдың 1-желтоқсанында Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын реттеу бойынша ведомствоаралық комиссияның құрамына енді [17]. 

 

 

1.3. В.В.Путиннің  РФ. үкімет басшысы ретіндегі қызметі (1999 ж.)

 

Владимир Владимирович Путиннің саяси карьерасындағы бетбұрысты кезең 1999 жылы басталды. Ол 1999 жылы 9-тамызда Ресей Федерациясының үкіметі төрағасының қызметін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Сол күні өзінің теледидардан болған мәлімдемесінде Борис Ельцин В.В.Путинді өзінің ізбасары деп атады. Ал, 1999 жылдың 16-тамыздан – ол үкіметтің төрағасы болды [18]. Осылайша, В.В.Путиннің саяси және мемлекеттік қызметінің жаңа кезеңі басталды және онда Б.Ельциннің шешуші рөл атқарғандығын атап өткен жөн.

В.В.Путиннің үкімет басшысы ретінде қызмет атқарған 1999 жыл Ресей үшін күрделі жыл болған еді. Бұл уақытта елдің ішкі және сыртқы саяси ахуалы да мәз емес болатын. Осы бір жылда В.В.Путин үкімет басшысы ретінде сыртқы саясатқа қарағанда ішкі саясатпен көп айналысты. Әрине, оның тікелей қызметі елдегі осы ішкі әлеуметтік және экономикалық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету екендігі түсінікті. Оның үстіне, сыртқы саясатпен айналысатын президент бар болатын. Дегенмен, оның осы уақыттан Ресей сыртқы саясатының көшбасшысы ретіндегі харизмасы көріне бастады.

Ресейдің ішкі саяси тұрақтылығын бұзып, үлкен әлеуметтік-экономикалық шығын әкелген Кавказ мәселесі болды. Осы орайда 1999 жылы қыркүйек айында Буйнакскіде, Мәскеуде және Волгодонскіде тұрғын үйлерді жарудан көрінген бірнеше террористік актілер жасалды. Соның салдарынан 300 адамнан аса бейбіт тұрғын қаза болды. Жабық сот отырысының үкіміне сәйкес бұл жарылыстар араб жалдамалылары Әмір Хаттаб пен Әбу Омар тапсырыс етуімен ресейлік өкіметті Дағыстандағы болып жатырған оқиғалардан жырақ әкету мақсатында қарашайлық және дағыстандық ваххабиттермен жүзеге асырылған. Бұл уақытта Дағыстанда федеральдық әскерлер және осында Шешенстаннан басып кірген Шәміл Басаев пен араб жалдамалысы Хаттаб басшылық еткен қарулы жасақ арасында ұрыстар жүріп жатырған еді. Дағыстанға шабуыл жасаған жасақшылардың ядросын шет елдік жалдамалылар мен Әл-Каидамен байланысты «Исламдық халықаралық бітімгершілік бригадасының» жауынгерлері құрады [19].

Халықаралық терроризм мәселелері бойынша эксперттердің айтуынша Хаттаб террорист Усамо бин Ладенмен тығыз байланыста болған. Соңғысы бұған дейін 1998 жылы Кения және Танзаниядағы американдық елшіліктердің ғимаратын жаруды жүзеге асырған және 2001 жылы 11-қыркүйектегі Бүкіләлемдік сауда орталығының ғимаратына террористік шабуыл жасаған. Тұрғын үйлерді жаруды орындаған адамдардың араб жалдамалыларымен тікелей байланыстары (Хаттабтың диверсиялық-террористік лагерлерінде оқыту және т.б.) террористердің өздерінің мойындау мәлімдемелерімен және куәгерлердің түсініктемелерімен де дәлелденген. Басаев болса бұл жарылыстарға ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеді. Ол өзінің Бесланда тұтқындарды басып алуға 2 күн қалғанда В.Путинге жазған құпия хатында да осы мәселелерге өзінің қатыстылығын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Осы хатында Басаев сондай-ақ, бейбіт келісімге келудің шарттарын ұсынады.

Бірқатар дерек көздерінің ақпараты бойынша, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасының бір мәлімдемесіне сәйкес Дағыстанға террористердің басып кіруі РФ Президентінің жақын тобының біріне кіретін кәсіпкер Борис Березовскиймен ұйымдастырылған және қаржыландырылған. Журналист Андрей Пионтковскийдің пікірінше бұл оқиғалар Б.Березовскийдің жалпы басшылығымен ельциндік «отбасымен» жүзеге асырылған «Мұрагер» операциясының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл қадам «Отбасыға» болуы мүмкін биліктің ауысуы, жемқорлық айыптаулар жағдайларында жеке бастың және мүліктік қол тигізбеуін қамтамасыз етуі тиіс болатын [20].

1999 жылы қыркүйек айында «Московский  Комсомолец» газетасы Б.Березовскийдің  Қазыбек Махашев және Мовлади  Удуговпен сөйлесуінің барысын  жариялайды, газетаның пікірінше, бұл  Березовскийдің шешен жасақшыларының  Дағыстанға басып кіруі алдында  шешендермен белсенді ынтымақтасқандығын дәлелдейді. Березовский бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып, өзінің Мәскеу мен Волгодонск қалаларында болған терактілердің түп тамырын Шешенстаннан іздеу қажеттігін мәлімдейді. Березовскийдің айтуынша, оның шешендік сепаратистердің көпшілігімен, оның ішінде, Удугов және Басаевпен де сөйлесулері болған; ол: «жақында ғана Басаевтың өкілімен сөйлестім» деп мәлімдеді, бірақ, оның сөзінше, олардың аталған баспасөз құралы жариялаған әңгіменің мазмұнына ешқандай қатысы жоқ.

Шешен сепаратистерінің сайты Шешенпресс те Дағыстанға жасалған шабуыл Березовскиймен және ресейлік өкіметпен ұйымдастырылды деген тұжырымды жоққа шығарады.

Түрлі қайраткерлер және ұйымдармен сондай-ақ, басқа да версиялар ұсынылды. Солардың бірі бойынша Путинге тұрғын үйлердің жарылуы тиімді болуы мүмкін: бұл оған Шешенстанға әскерді кіргізу алдында қолайлы қоғамдық пікір туғызу үшін, сайлау алды рейтингін көтеріп, президент сайлауында жеңіске жету үшін керек болған. Сонымен бірге, айыптаушылардың пікірінше, жарылыстардың провокациялық шығу тегін дәлелдейтін бірқатар фактілер табылған. Соның біріне сенсек, Рязандағы тұрғын үй астына Қауіпсіздіктің федералдық қызметінің қызметкерлері жарылғыш құрылғы орнатқан (ресми версия бойынша оған тек имитация жасалған).

Дегенмен, басқа деректер жарылғыш заттар әкелген қарашайлық террористер шешендік сепаратистердің жақтастары болғандығын және олардың шынымен Мәскеу мен Волгодонскіде жарылыстарды жүзеге асыруды жоспарлағандықтарын растайды. Бірақ, олардың көздегендері тұрғын үйлер емес еді, тек әскери және әкімшілік ғимараттар. Сонымен бірге, балама версиялардың тұспалдауы бойынша Қауіпсіздіктің федеральдық қызметінің тыңшылары оларды алжастырып, олар әкелген жарылғыш заттарды тұрғын үйлерді жару үшін пайдаланған [21].

1999 жылы оппозиция, оның ішінде, сол уақытта ықпалды болған  Лужков – Примаков тобының  тарапынан Б.Ельцинге жемқорлықпен  айналысты және ауыр қылмыстар  жасады деген айыптаулар тағылады. Олар Б.Ельцинді соттық ізге  түсулермен қорқытты. Бұл тұрғыда, баспасөзде осы шудың 1999 жылы «Мұрагер» операциясы бойынша Ельциннің отбасымен жүргізілген Путинді президенттікке жетелеудің кешенді шараларымен байланысты деген пікірлер айтылды. Осы пікірге сәйкес аталған шаралардың жүзеге асуында Борис Березовский үлкен рөл атқарған.

Осылайша, 1999 жылы үкімет басына келген В.В. Путинге кезінде және қазірдің өзінде осындай мәлімдемелермен күрес жүргізуге, сондай-ақ, Б.Ельциннің атына кір келтірмеу бағытында жұмыстануға тура келіп отыр. Сол үшін В.В.Путиннің Ресей Федерациясының Президенті қызметін атқарушы болып тұрғандағы алғашқы қол қойған мемлекеттік актісі «Өз қызметін аяқтаған Ресей Федерациясының Президентіне және оның отбасы мүшелеріне кепілдеме беру» жөніндегі қаулы болды. Бұл қаулы бұрынғы президентке, яғни, Борис Ельцинге жеке басына қол тигізбеуге кепілдеме берді [22].

Ресей баспасөзінде әр уақытта В.В. Путиннің жеке байлығын бағалау шулы мәселеге айналып отырады. 1999 жылы Лурье-Савельеваның мақаласында В.Путиннің Испанияда қонақ үй мен виллалар сатып алғандығы жөнінде жазылады, сондай-ақ, осында В.Путинді миллионер ретінде әлемдегі қаржы саласы бойынша ең ықпалды 600 адамның қатарына қосқан «Global Finance» журналының мәліметтеріне сілтеме жасалады. Ұлттық стратегия институтының директоры С.Белковскийдің 2007 жылы 12-қарашада немістің «Die Welt» басылымында жариялаған материалында В.Путиннің «нарықтық бағасы 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын Сургутнефтегаздың 37 % акциясын бақылауында ұстайтындығын» мәлімдейді. «Одан басқа ол Газпромның 4,5 % акциясын бақылайды. Мұнай сататын Gunior компаниясында В.Путин өзінің өкілі Геннадий Тимченко арқылы 50 % акцияға ие. Былтырғы жылы оның айналымы 40 млрд., ал таза пайдасы – 8 % млрд. АҚШ долларын құрады». Gunior мұнай трейдерінің тете иесі Торбьон Торнквист Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында «Путиннің досы» бизнесмен Геннадий Тимченко Gunior –дың арқасында 10 жылдың ішінде әлемдік мұнай нарығының басты ойыншысына және мультимиллиардерге айналды. Соңғысы «Форьбес» журналының орысша нұсқасында 2008 жылы мамыр айына арналған бай ресейліктердің «Алтын жүздігінде» 2,5 миллиард АҚШ долларын құраған ауқатымен 43 орында тұрды. Осы аталған журнал Г.Тимченконы және тізімнің тағы бір дебютанты – Юрий Ковальчукті – «Владимир Путиннің жақсы таныстары» ретінде ұсынды. Юлия Латынина «Путиннің досы» мемлекеттік қауіпсіздік органының бұрынғы қызметкері және қазіргі Gunior компаниясының басшысы Геннадий Тимченконың Путиннің онымен бөлісу не бөліспеуіне қарамастан баяу фактісінің өзі жемқорлық болып табылады деп есептейді. Себебі, оның ойынша Gunior «Роснефть» мемлекеттік компаниясының тарапынан жеткізілген мұнайдың және ирактік мұнай бойынша «Зарубежнефтьтің» операциялары арқасында қаржылық салмаққа ие болған, бұл дегеніміз «мемлекеттің қалтасынан жеке кәсіпке ақша салу» болып шығады [23].  

Станислав Белковский өзінің «Бизнес Владимира Путина» атты мақаласында президент орнындағы қызметінде В. Путин бірінші кезекте үлкен көлемдегі қаражаттарды шет елдерге аудара отырып, өзінің жеке басының мүддесін көздеп отыр деп жазады, ал оның ұлттық мүддені көздеген көшбасшылық имиджі Белковскийдің пікірінше мемлекеттік және кремльді қолдаушы бұқаралық ақпарат құралдарымен жасалған. С.Белковский 2007 жылы желтоқсан айында The Guardian газетасына берген сұхбатында: «Әрине, Путиннің аты-жөні бірде-бір акционерлердің тізімінде жоқ. Бұл офшорлық компаниялар мен қорлардың сатылы мүліктік жасырын сызбасы болып табылады. Оның ақырғы нүктесі – Цугта (Швейцария) және Лихтенштейнде. Владимир Путин бенефициар – иеленуші сияқты» - деп, түсініктеме берді [24].    

Юлия Латынина да В.Путин ірі кәсіптердің іс-жүзіндегі иесі, бірақ олардың барлығы оған жақын адамдардың атына жазылған деп есептейді; автор олардың қатарына «Юганскнефтегаз» компаниясының мұнайын эскпортқа шығаруды жүзеге асыратын Gunior компаниясын да жатқызады [25]. В.Путиннің өзінің байлығы жөніндегі сұраққа «мен Еуропадағы, мүмкін әлемдегі, ең бай адаммын, бірақ менің байлығым материалдықпен өлшенбейді, мен эмоция жинақтаумен баймын. Сондай-ақ, мен Ресей халқының осы Ресей сынды ұлы мемлекеттік басқаруға екі рет сенім білдіргені үшін баймын» - деп, жауап берді. Оның миллиардтаған байлығы туралы пікірді В.Путин «мұрыннан шұқып тауып алынған» деп, атады [26].   

1999 жылдан бастап В.В.Путиннің  Ресейдегі беделі күрт өседі. Әлеуметтік сұраулардың қорытындысы бойынша В.Путинді қолдайтын ресейліктердің саны 1999 жылғы 14 %-дан 2007 жылы 79 %-ға дейін артады. Левада-Центрдің мәліметі бойынша Владимр Путиннің Ресей Федерациясының президенті орнындағы қызметін қолдаудың деңгейі 2007-2008 жылдары 79 %-дан 87 % аралығында ауытқып отырған. Президенттің қызметін Ресей халқының 12-19 %-ы мақұлдамаған [27]. ВЦИОМ орталығының сауалнамасына сенсек 2005 жылы ақпан айында В.Путиннің қызметін халықтың 68 %-ы қолдаған. Сол ВЦИОМ орталығының мәліметі бойынша 2006 жылғы шілде айында Владимир Путин Ресей халқының 87 %-ның қолдауын иеленген, оның ішінде, 60 %-ы зерттеу жүргізіп жатырған мезетте оған толық сенім білдірген [28].

Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Владимир Милов «Путиннің беделін асыра бағалаудың қажеті жоқ. Бұл шынайы бедел емес, теледидармен, жасанды жасалған бедел. Билік басындағылар оны барлығынан жақсы біледі. Шын мәнісінде олар қазіргі өздерінің бастықтарын көрде көріп отыр. Олардың көзқарастарын өзгертіп, үкімет басшысына бағынатындығына сену қиын; бұл адамдар өздерінің аппараттық позицияларын көтеру мақсатында жаңа бастыққа бірінші болып жүгіретін болады» - деп, есептейді [29].

Информация о работе В.В.Путиннің президенттігі жылдарындағы