Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 22:34, дипломная работа
Қазіргі әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып отырған жетекші мемлекеттердің бірі – Ресей болып табылады. Ресей халықаралық саяси өмірде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мирасқоры бола отырып 1990 жылдары өзінің бұрынғы позицияларынан біршама айырылғанмен, бүгінде ол бұрынғы КСРО сияқты әлемдік саяси өмірдің жоғарғы деңгейіне көтеріле алды. Оның бұл жетістіктерінде егеменді Ресейдің саяси басшылары үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Ресейдің 2000 жылдан басталған кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қол жеткен жетістіктері 2000-2008 жылдары Ресей Федерациясының Президенті болған Владимир Владимир Путиннің есімімен тікелей байланысты.
2-ТАРАУ. В.В.ПУТИН – РФ. ПРЕЗИДЕНТІ: ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ..............................31-57
2.1. В.В.Путиннің әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалары және
олардың нәтижелері..................................................................................31-45
2.2. В.В.Путиннің сыртқы саясатының ерекшелігі және оның басым
бағыттары...................................................................................................
Президент әкімшілігімен бірқатар жастар ұйымдары құрылады, олардың бағдарламаларының басты мәселесі Ресейдің егемендігі мен тұтастығын сақтап қалу, елді жетілдіру шараларын жүзеге асыру және азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. В.Путин өз президенттігі уақытында тұрақты түрде кездесіп тұрған жастар ұйымы бұл – «Наши» аталған ұйым болды. Бұл ұйымға сын көзбен қараған американдық «The Weekly Standart» газетасы аталған ұйымның белсенділерін «нашистер» деп атаса, ұйымның өзіне – «Путинъюгенд» деген атау береді.
Бұған дейінгі В.Путинге қолдау көрсеткен жастар ұйымы «Идущие вместе» болды. «Идущие вместе» ұйымы ашық түрде Мәскеуде Театр алаңының алдында Владимир Сорокин, Баян Ширянов және В.Ерофеевтің кітаптарын өртеумен әйгілі болды. Тіпті, бұл ұйым В.Сорокинге өміріңе қауіп төндіреміз деп қоқанлоқы көрсетеді. Осындай жастар ұйымдарының бірқатарының іс-әрекеттері үлкен сын-пікір туғызды. Мәселен, «Наши» ұйымының белсенділері өздерінің қарсыластарының автомобильдерінің дөңгелектерінің астына тырма тастап, сол арқылы заң бұзушылық жасайды және де қозғалысқа қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді. Сонымен қатар, «Наши» қозғалысының мүшелері Мәскеудегі Ұлыбританияның елшісі сэр Энтони Брентонның, сондай-ақ, шведтік және эстондық елшілердің ізін аңдумен көзге түскен. Олардың бұл әрекеттері 1961 жылғы басқа мемлекет өкілдерінің өміріне қол сұқпау туралы Вена конвенциясын қатаң бұзу болып табылады.
Жоғарыдағы аталған жастар ұйымдарының қызметі бір жағынан Ресейде жастар арасындағы шовинизм мен расизм (нәсілге бөліну) белгілерінің күшеюіне ықпал етті. Жалпы, В.Путин президенттігі тұсында Ресейде осы шовинизм мен расизмнің (нәсілге бөліну) өсуі байқалған. Бұл құбылысты сынаушылар билікті ұлттық азшылықтар мен адамдардың жекелеген топтарына, оның ішінде, ең алдымен құқық қорғаушыларға қатысты күш көрсету мен жеккөрушілікті насихаттауға жол беріп қойды деп айыптап, барлық жауапкершілікті өкімет органдарына аударды [49].
2.2. В.В.Путиннің сыртқы саясатының ерекшелігі және оның басым бағыттары
2008 жылы 28-маусымда В.В.Путиннің қаулысымен жаңа «Ресей Федарциясының сыртқы саясатының тұжырымдасы» бекітіледі. Бұл құжатқа сәйкес елдің сыртқы саясатының негізгі мақсаттары ретінде: елдің берік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақты, әділ және демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастыру мақсатында жалпы әлемдік үдерістерге ықпал ету, Ресейдің қарыштап дамуы үшін қолайлы сыртқы ахуалды қамтамасыз ету, ресейлік шекара шептері бойымен тату көршілік тізбегін құру, Ресейдің ұлттық басымдықтарымен айқындалатын өзекті міндеттерді шешу үдерісінде мүдделер сәйкес келетін шет елдермен және мемлекетаралық бірлестіктермен қарым-қатынаста келісімді іздеу, шет елдерде ресейлік азаматтар мен отандастарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, Ресей Федерациясының әлемде жылы қабылдануына ықпал ету.
2000-2007 жылдары президент В.В.Путин «Сегіздік тобының» («Үлкен сегіздік») 2000 жылы Окинавада (Жапония) өткен, 2001 жылы Генуяда (Италия) өткен, 2002 жылы Кананаскисте (Канада) өткен, 2003 жылы Эвианда (Франция) өткен, 2004 жылы Си-Айлендте (АҚШ) өткен, 2005 жылы Глениглсте (Ұлыбритания) өткен, 2006 жылы Санк-Петербургте (Ресей) өткен және 2007 жылы Хайлигендаммда (Германия) өткен саммиттеріне қатысты. 2000 жылдың 6-8 қыркүйегінде В.Путин Нью-Йоркте өткен Мыңжылдық саммитінің (ресми атауы «БҰҰ 21 ғасырда») жұмысына қатысты [50].
2001 жылы маусым айында В.В.Путин АҚШ Президенті Джордж Бушпен (кіші) бірінші рет Словенияның астанасы Люблянда кездесті. 2004 жылдың соңында өткен Украинадағы президенттік сайлау барысында ресейлік өкімет Ресеймен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) шеңберінде экономикалық ынтымақтасуды және орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл статусын беруді қолдаған Украинаның аймақтар партиясының үміткері – Виктор Януковичке қолдау көрсетті.
2004 жылы 14-қазанда В.В.Путин Пекинге сапары барысында Қытай Халық Республикасына Тарабаров аралдарын және Үлкен Уссурий аралдарының жартысын (барлығы 337 шаршы шақырым) беру жөніндегі келісім-шартқа қол қойды; сонымен бірге, аталған даулы ауданда екі ел шекарасын белгілеу үдерісі басталды. Ал даулы аралдардың территориясы екі елдің арасында теңдей бөлінді. 2005 жылы 24-ақпанда В.Путин Братиславада (Словакия) Дж. Бушпен кезекті рет кездеседі. Кездесудің басты тақырыбы Ресейдегі демократияның ахуалымен байланысты мәселе болды.
2005 жылы 25-сәуірде В.В.Путин
Халықаралық мәселелер мен дағдарыстық жағдайлардың алуан түрлілігі және күрделігі Ресей Федерациясының сыртқы саяси қызметінде олардың әрқайсысының басымдығын дер кезінде айқындауды талап етеді. Сыртқы саяси міндеттерді шешу барысында саяси-дипломатиялық, құқықтық, әскери, экономикалық, қаржылық және тағы басқа тетіктерді пайдалану олардың Ресейдің сыртқы саяси мүдделерін қамтамасыз ету үшін нақты маңызымен сәйкес болуы тиіс.
Ресейдің сыртқы саясатының жаңа тұжырымдасының басым бағыттарының бірі – жаңа әлемдік жүйені қалыптастыру. Ресей тең құқылық, мемлекеттердің өзара сыйластығы және өзара тиімді ынтымақтастығы принциптеріне және халықаралық құқыққа негізделген халықаралық жүйенің тұрақты жүйесінің болуына мүдделі. ХХІ ғасырда халықаралық қарым-қатынастарды реттеу және әлемдік саясатты басқарудың орталығы Біріккен Ұлттар Ұйымы болуы тиіс. Бұл ұйым өзіне балама жоқтығын және ерекше заңдылыққа ие екендігін дәлелдеді. Ресей БҰҰ-ның орталықтандырғыш және басқарушылық рөлін нығайтуға бағытталған шараларды жан-жақты қолдайды. Ол үшін:
Сыртқы саясаттың жаңа тұжырымдамасындағы екінші басым бағыт халықаралық қарым-қатынаста құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету. Ресей бұл бағытта халықаралық қарым-қатынаста құқықтық негіздерді дамытуды, халықаралық-құқықтық міндеттемелерді қадағалауды қолдайды. Халықаралық заңдылықты қолдау және нығайту – Ресейдің халықаралық аренадағы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Құқықтың үстемдік құруы мемлекеттердің мүдделерінің сәйкес келмеуі жағдайында теңдікті қадағалау барысында, сондай-ақ, жалпы алғанда әлемдік қауымдастықтың мүдделерін қамтамасыз ету барысында мемлекеттердің бейбіт әрі жемісті ынтымақтастығын қамтамасыз ететін құрал. Халықаралық құқықтың сақталуы Ресейдің, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін маңызды болмақ. Ол Ресей:
Жаңа сыртқы саясат тұжырымдамасының келесі басым бағыты – халықаралық қауіпсіздікті нығайту. Ресей стратегиялық және аймақтық тұрақтылықты бір мезгілде нығайту барысында халықаралық қарым-қатынастағы күштердің факторы рөлін төмендетуді қолдап келеді. Осы мақсаттарда Ресей Федерациясы:
Сонымен В.В.Путиннің реформалары мен жалпы президенттігінің қорытындылары қандай болмақ? Британдық тарихшы, Оксфорд университетінің бұрынғы тарих профессоры Норман Стоун жазғандай Путиннің жоғарғы деңгейде танымал болуының негізі оның Ресейді тарихи тенденциядан алып шығуында болып табылады, яғни, бұған дейінгі жағдай жалғаса бергенде Ресей мемлекет ретінде құрып кетуі мүмкін еді. Стоунның айтуынша Ресейдегі бала туу соңғы жылдарда орын алған ахуалға қарамастан өсуі сатысына көтерілді, және бұл халықтың болашаққа сенгендігін білдіреді. В.Путиннің еңбегі ретінде терроризммен күреске бағытталған сәтті шараларды жүргізу, көпұлтты ел болып табылатын Ресейдегі сепаратистік пиғылдың болмауы, экономиканың жедел дамуы аталып өтіледі. Н.Стоунның пайымдауынша экономикалық өсім тек ғана мұнайға бағаның өсуі есебінен қалыптаспаған.
Н.Стоунның пікірінше жалпы халықтың көңіл-күйінің көтерілуі де байқалады: бұл тұрғыда орыстар бұдан былай олардың артында өз елі тұратындығына сене бастады. Ресейді Борис Ельцин басқарған тұста алыстан олардың үкіметі тек клоундардан тұратындай көрінді, осыны ескерген Артур Кестлер айтқандай «жақыннан клоунның маскасы арасында қаһарлы болып тұрады». Ол жылдары заңсыз жолмен табылған ақшалар шет ел асып жатты, қарапайым орыс адамының өмір сүру деңгейі толық кедейшілікке дейін құлдырады, жағдайы келгендердің барлығы елден қашып кетіп отырды. Шет елдіктер Ресейге нашар жасырылған жеккөрушілікпен қарады – ал Ресейде қылмыскер болып есептелгендерге британдықтардың пана беруі адамдардың ашу-ызасын келтірді [55].
Энергетикалық саясат институтының президенті Владимир Масловтың пікірінше В.Путинмен басталған реформалардың барлығы сәтсіз аяқталды немесе аяғына дейін жеткізілмеді. Мұндай реформалар қатарына саясаттанушы бірінші кезекте зейнеткерлік реформасын, мемлекеттік медициналық сақтандыру және жеңілдік берілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реформасын жатқызады. Оның пікірінше соттық реформасының, жергілікті өзін-өзі басқару реформасының, сондай-ақ, әскери реформасының осындай тағдыры болды. Әсіресе, халыққа үлкен ауыр соққан тұрғын-үй – коммунальдық шаруашылығын реформалау болды: оның нәтижесінде оларға баға өскенмен, қызмет көрсету жақсармады. Милов сондай-ақ, жаңа Еңбек кодексінің және банк реформасының кемшіліктерін атап өтеді, ол шаралардың нәтижесінде мемлекеттік банктердің үлесі 50 %-дық межеден асып кеткен. Сарапшы «В.Путин қызметке кіріскеннен кейін бастаған барлық реформалары сәтсіз аяқталды. Әкімшілік реформаның сәтсіздігін және үкіметтің үш сатылы құрылымының тиімсіздігін іс жүзінде мойындады» - деп, жазды.
Ресейлік әлеуметтанушы Игорь Эйдман В.Путин президенттігі тұсында түпкілікті қалыптасқан қоғамдық-саяси құрылысты «шенеуніктік олигархияның билігі» деп бағалайды. Ол « бұл өкіметте – экономикада мемлекеттік-монополистік капиталдың, басқаруда құқық қорғау органдарының, идеологияда клерикализм мен мемлекеттілік үстемдігі болып табылатын оңшыл диктатураның белгілері бар» - деп, жазады.