В.В.Путиннің президенттігі жылдарындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 22:34, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып отырған жетекші мемлекеттердің бірі – Ресей болып табылады. Ресей халықаралық саяси өмірде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мирасқоры бола отырып 1990 жылдары өзінің бұрынғы позицияларынан біршама айырылғанмен, бүгінде ол бұрынғы КСРО сияқты әлемдік саяси өмірдің жоғарғы деңгейіне көтеріле алды. Оның бұл жетістіктерінде егеменді Ресейдің саяси басшылары үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Ресейдің 2000 жылдан басталған кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қол жеткен жетістіктері 2000-2008 жылдары Ресей Федерациясының Президенті болған Владимир Владимир Путиннің есімімен тікелей байланысты.
2-ТАРАУ. В.В.ПУТИН – РФ. ПРЕЗИДЕНТІ: ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ..............................31-57
2.1. В.В.Путиннің әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалары және
олардың нәтижелері..................................................................................31-45
2.2. В.В.Путиннің сыртқы саясатының ерекшелігі және оның басым
бағыттары...................................................................................................

Файлы: 1 файл

Россия.doc

— 474.50 Кб (Скачать файл)

2004 жылы 1-қыркүйекте шешен террористерімен  Бесландағы №1 мектеп басып алынды. Осы шабуылмен байланысты оқиғалардың  нәтижесінде 331 адам қаза болды, оның ішінде, 318-і тұтқындар. Олардың 186-сы балалар еді. 728 тұтқындар және Бесланның тұрғындары, сондай-ақ, Қауіпсіздіктің федеральдық қызметінің, милиция және әскери қызметкерлердің 55 жауынгері жараланды. Осындай террористік актілердің барлығы В.В.Путинге президенттік қызметті атқаруда үлкен ауыртпалықтар туғызды [41].

Террористік актілерден басқа президенттің өзінің атына және де Ресей Федерациясының қарулы күштерінің атына үлкен сын туғызған 2000 жылы 12-тамызда «Курск» сүңгуір қайығының батып кетуі болды. Бұл күні сүңгуір қайықтың бортында жарылыс орын алып, одан 118 адам қаза болады. Бірақ жарылыстан 23 адам тірі қалып, олар көмек шақыруға тырысты. Алайда, құтқарушылар қайықта қалған матростарға дер кезінде көмек бере алмай, олар да қаза болады. Ресми дерек көздері орын алған апат туралы бірден мәлімдеуге асықпады және сүңгуір қайықтың батып кетуінің нақты себептері мен ондағы қалыптасқан шынайы ахуалды жасыруға тырысты. Оның үстіне құтқару шаралары тек бір күн өткеннен кейін, яғни, 13-тамызда сағат 18.30-да басталады. Ұзақ уақыт бойы Ресейдің Әуе-теңіз флотының басшылығы өзіміздің қолымыздан келеді деген желеумен шет елдіктердің көмегінен бас тартып келді.

Апат болған күндері В.Путин Сочиде демалысын өткізіп, онда су шаңғысын тебумен айналысып жатты. Осында президентпен бірге келген «кремльдік ортаның» журналистері кейін жоғарыдағы көріністі В.Путиннің өмірбаянындағы ұятты дақ ретінде бағалады. Кейін В.Путиннің өзі сүңгуір қайықтың батып кеткендігі жөнінде толық ақпараттар алмадым деп ақталды. Осы оқиғадан соң 5 күннен кейін ол матростардың өмірін құтқарып қалуға барлық мүмкіндіктер жасалды деп мәлімдеді. 22-тамыз күні В.Путин Североморскіге ұшып барып, онда қаза болған теңізшілердің тума-туыстарымен кездеседі. Кездесу барысында В.Путин Курск қайығының батып кетуінің себебі не болғандығына, неліктен адамдарды құтқарып қалуға мүмкіндік тумағандығына жауап бере алмайтындығын айтты. Теңізшілердің туыстарымен кездесуден кейін В.Путин келесі күнге белгіленген жерлеу шарасына қатыспауды шешіп, Мәскеуге жол жүріп кетеді.

Теле журналист Сергей Доренконың ішінде теңізшілердің жесірлері қатысқан «Курск» сүңгуір қайығының батып кетуі туралы бағдарламасынан кейін Доренконың айтуынша В.Путин оған хабарласып бағдарламада өлген теңізшілердің әйелдері болмағандығын, оның орнына «Бірінші канал 10 доллар ақыға президентті масқаралау үшін сөз сөйлеген жезөкшелерді жалдап, әкеліп қоған» деп айтқан. Кейінгі уақытта американдық телеканал СNN –ге берген сұқбатында Ларри Кингтің «Курск» атомдық сүңгуір қайыққа не болды деген сұрағына В.Путин: «Ол батып кетті» деп жауап береді. Сонымен бірге, В.Путиннің сүңгуір қайықтың батып кетуінде іс-жүзінде әскерилердің кінәсі жоқ: «Мұндай болып тұрады, ол үшін мен әскерилерді айыптамаймын» деген, мәлімдемелері де белгілі. «Курск» сүңгуір қайығының батып кетуін тексерудің қорытындысы бойынша «флоттың күнбе-күнгі және әскери-оқу қызметін ұйымдастырудағы үлкен кемшіліктер үшін» Солтүстік флоттың және Әуе-теңіз флотының 15 адмиралы мен офицерлері, оның ішінде, Солтүстік флоттың қолбасшысы Вячеслав Попов та өз қызметінен босатылды [42].

В.В.Путиннің ішкі саясатындағы осындай келеңсіз құбылыстарға қарамастан, оның президенттігі тұсында Ресейдің әлеуметтік және экономикалық дамуында маңызды алға жылжушылықтар орын алды. Путин билігінің экономикалық қорытындыларын шығара келіп, The Wall Street Journal: «Экономика 1990 жылдары жоғалтып алған барлық позицияларын өзіне қайтарып қоймай, кеңестік кезеңде мүлдем болмаған қызмет көрсетудің өміршең салаларын құрды. Ресейде көлемі жағынан Қытай мен Жапониядан кейінгі үшінші алтын-валюта жинақталған» - деп, жазды. Одан басқа, Қытай Халықтық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао 2007 жылы: «Соңғы жылдары Президент Путиннің басшылығымен әлеуметтік-саяси тұрақтылық жағдайында елдің экономикасы қарқынды даму үстінде. Халықтың өмірі күннен-күнге жақсарып келеді» - деп, айтқан еді. Ресей бойынша Дүниежүзілік банктің басты экономисті 2008 жылы Ресей әлемдік экономиканың өсу қарқының төмендеуі жағдайында жақсы нәтижелер көрсетуде деген қорытынды жасады. Экономисттің атап өткеніндей, Ресейді әлемдегі экономикалық тұрақтылықтың бір аралы ретінде есептеуге болады, ол өз кезегінде макроэкономикалық саясаттың сапасын, ішкі сұраныстың өсуін, алтын-валюта және Тұрақтандыру қорының жиналғандығын көрсетеді [43].

Ресейдің экономикасында ішкі жалпы өнімнің өсуі (2000 жылы – 10 %, 2001 жылы – 5,7 %, 2002 жылы – 4,9 %, 2003 жылы – 7,3 %, 2004 жылы – 7,1 %, 2005 жылы – 6,5 %, 2006 жылы – 6,7 %), өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістің өсуі, халықтың нақты табысының өсуі байқалды, оларға көп жағдайда энергия көздеріне деген әлемдік бағаның және ресейлік экспорттың басқа да тауарларына бағаның өсуі ықпал етті. Екінші жағынан, көміртегіге (мұнай) бағаның өсуі тек 2002 жылы басталған еді: 2000-2001 жылдары мұнайдың Light Sweet деген маркасының баррельіне баға 25.60 доллардан 19.84 долларға дейін төмендеді (23 %-дық инфляцияны қоспағанда). Ал ішкі жалпы өнім 16 %-ға өседі. Кедейшілік деңгейінен төмен дәрежеде өмір сүретін халықтың үлесінің қысқаруы орын алды (2000 жылғы 29 % - дан 2004 жылы 18 % - ға дейін төмендейді). Сондай-ақ, халықты тұтыну несиесімен несиелендіру көлемі артты (2000-2006 жылдары өсім 45 есені құрады). Дегенмен, «Новая газета» басылымының экономика бөлімінің редакторы Алексей Полухиннің пікірінше аталған экономикалық өсу көрсеткіштері Путин үкіметінің саясатымен емес, көп жағдайда шикі мұнайға деген әлемдік бағаның тұрақты түрде өсуімен, 1998 жылғы рубльдің девальвациясымен және 1990 жылдары жүргізілген либералдық реформалармен қамтамасыз етілген. Оның үстіне, бұл уақытта мұнай-газ саласының мұнайы оңай алынатын кен орындары таусылған болатын, ал жаңадан игеру жоспарланған Шығыс Сібірге және тағы басқа аймақтарға қатысты жобалар үлкен қаражатты талап етті.

Ресейдегі адамзат потенциалының даму индексі 2000 жылғы 0,782 ден 2005 жылы 0,802 дейін ұлғайды, осылайша, бұл көрсеткіш бойынша Ресей адамзат дамуы жоғарғы деңгейлі елдердің тізіміне кірді. Сонымен бір мезгілде халықаралық салыстыру нәтижелері бойынша Ресей 57 орыннан (2004 жылғы мәлімет) 67 орынға (2007 жылы жарияланған 2005 жылға тиісілі мәлімет) төмендеп кетті. Ресейді артта қалдырған елдердің бірі Белоруссия болды. Бұл уақытта Ресейде бірқатар көлемді реформалар жүргізілді: зейнетке шығу жөнінде (2002 жылы), банктік (2001-2004 жылдары), салықтық (2000-2003 жылдары), жеңілдіктерді монетизациялау (2005 жылы) және тағы басқалар. Сонымен қатар, сарапшылар В.Путиннің президенттігі тұсында жемқорлық деңгейінің өскендігін және де экономикадағы мемлекеттің үлесінің ұлғайғандығын атап өтеді.

Президент В.В.Путиннің 2000-2004 жылдардағы Федеральдық Жиналысқа Жолдауында әлеуметтік-экономикалық салалардың мәселелері басым көрініс тапты. Мәселен, Президент 2003 жылғы Жолдауында маңызды міндет ретінде 2010 жылға дейін ішкі жалпы өнімді екі есеге ұлғайтуды атады, ал 2004 жылы кедейшілікпен күресті, Қарулы Күштерді жетілдіруді, тұрғын-үй реформасын ұлттық жобалар ретінде жариялады. 2008 жылы ақпан айында шет елдік және ресейлік сарапшылар В.Путин тұсындағы Ресей экономикасының сегіз жылдық дамуының қорытындысын жоғары бағалайды [44].

В.Путиннің президенттігі жылдары Ресейге құйылған шет елдік инвестициялардың көлемі де едәуір ұлғайды. Оның көрсеткіші 2000 жылғы 11 млрд. доллардан 2006 жылғы 55 млрд. долларға дейін өсті. 1990 жылдары орта есеппен алғанда жылына 10-20 млрд. долларды құраған Ресейден капиталдың шет елдерге кетуі керісінше, оның Ресейге құйылуымен алмасып және 2007 жылы ол көрсеткіш рекордтық 81 млрд. АҚШ долларын құрады.

В.В.Путиннің президенттігі тұсында Ресейдің ауыл шаруашылық саласы да едәуір жанданып, жаңара түсті. Ресейде орташа астық жинау көрсеткіші 1996-2000 жылдардағы 65 миллион тоннадан 2001-2006 жылдары 79 миллион тоннаға дейін ұлғайды, астықтың түсімі аталған жылдары 24 %-ға өсті. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсімі сол 2001-2006 жылдары 16 %-ды құрады. Сонымен бірге, В.Путин президенттігінің соңғы үш жылында «11 мыңнан аса мемлекеттік кәсіпорындар мен колхоздар банкроттыққа ұшыраған. 13 мың деревняның халқы көшіп кетіп, бос қалса, 50 мыңында бірнеше адамнан қалған». Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру қарқынының халықтың нақты табысының өсу қарқынынан артта қалуы азық-түліктің импортына тәуелділіктің ұлғаюына және азық-түлік заттарына әлемдік бағаның өсуіне әкеліп соқты. Ауыл шаруашылық өнімдеріне әлемдік бағаның өсіп кетуі В.Путиннің президенттігінің соңғы жылында тамақ өнімдеріне деген бағаның едәуір ұлғаюына әкелді.

В.В.Путиннің президенттігі жылдарында өкімет пен ірі кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынастары қалай болды? «Экономист» журналының дәлелдеуі бойынша В.Путин билікке келгеннен кейін, 2000 жылы олигархтармен жарияланбайтын келісім жасасқан: ол келісім бойынша үкімет кәсіпкерлердің барлық заң бұзушылықтарына көздерін жұма қарайды, ал оған жауап ретінде олигархтар саясатқа араласпай тыныш жұмыстарын істей беретін болады. Оның үстіні, кәсіпкерлер 1990 жылдардың ортасындағыдай қауіп төндіретін шарттар жасасудан бас тартуы тиіс болды. Бұдан басқа, В.Путиннің пікірі бойынша бұл келісім олардың саясаттан жырақ жүруін білдірді [45].

Күштеу ведомстволарының бұқаралық ақпарат құралдары бар бірқатар олигархтарға, оның ішінде, ең алдымен Борис Березовский мен Владимир Гусинскийге қысым жасауы ең алдымен В.Путиннің 1990 жылдардың мұрасынан арылуға тырысуымен және бұрынғы билеуші қаржылық-саяси элитаның алдындағы міндеттемесімен байланыстырылды. Жоғарыда аталған кәсіпкерлер кейін шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Б.Березовский ОРТ телеканалының бақылау акциясының пакетінен айырылды; ал В.Гусинскийдің НТВ телеканалы қарыздары үшін «Газпромның» меншігіне беріледі, осыдан кейін, НТВ каналының бір топ журналистері жұмыс істеуге кеткен Березовскийдің телевизиялық каналы – ТВ-6 (ТВС) өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, Ресейдегі негізгі телевизиялық каналдар – ОРТ (Бірінші канал), «Россия» және НТВ мемлекетке немесе мемлекеттік компаниялардың қарамағына өтті.

2003 жылы 25-қазанда «Апатит» жабық  акционерлік қоғамын жекешелендіру барысында жіберілген заң бұзушылықтары үшін деген айыппен ЮКОС ұлттық компаниясының иесі Михаил Ходорковский тұтқындалады.  Оның тұтқындалуы өзінің СПС, «Яблоко» сынды   
оппозициялық партияларды қаржыландыра бастаймын деген мәлімдемесінен кейін орын алды. В.Путин бұл әрекетті билікпен декларацияланған кәсіпкерлік пен биліктің тең алшақтығы жөніндегі принципті бұзу, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлердің саясаттан жырақ жүру және билікке ықпал ету міндеттемісн бұзу деп есептеді. Сөйтіп, 2005 жылы 31-мамырда М.Ходорковский өзінің іскер серіктесі Платон Лебедевпен бірге алаяқтық және аса ірі көлемде мемлекет мүлкін тонау, сондай-ақ, салықтан жалтару деген айыптар тағылып, сотталады. 2004 жылы желтоқсан айында ЮКОС ұлттық компаниясының мемлекет алдындағы қарыздарын реттеу үшін оған тиісілі мұнай өндіруші «Юганскнефтегаз» компаниясы сатылды. «ЮКОС» ісінен кейін барлық мұнай компаниялары өздерінің салық төлеу бойынша сандарын нақтылап, мемлекет бюджетіне едәуір көлемде қаражаттар құя бастады. 2004 жылы салық жинау 2003 жылғы деңгеймен салыстырғанда 250 %-ды құрады.

2005 жылы мемлекет бақылауындағы  «Газпром» компаниясы нарықтық  баға бойынша (13,1 млрд. АҚШ доллары) Роман Абрамовичтің Ресейдегі  соңғы ірі активі болған –  «Сибнефть» мұнай компаниясының 75,7 % акциясын сатып алады. Кейін 1996 жылы «Сибнефть» кепілге салынған мүліктердің аукционында 100 миллион АҚШ долларына жекешелендіріліп кетеді. 2008 жылы «Сибнефть» мұнай компаниясының («Газпром нефть» болып атауы өзгертіледі) табысы 25 млрд. АҚШ долларына дейін өседі. Осылайша, ЮКОС және «Сибнефть» активтерін мемлекетке өзкізудің нәтижесінде мемлекеттің мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы үлесі едәуір ұлғайды. Мысалы, өз байлығын 1990 жылдары жинап алған Сергей Пугачев сынды бірқатар миллиардерлер бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша путиндік Кремльге жақындығымен көзге түскен [46].    

ИНДЕМ қорының зерттеуі бойынша 2001-2005 жылдары билік пен кәсіпкерліктің қарым-қатынасы саласындағы жемқорлықтың көлемі 10 есеге өссе, ал тұрмыстық жемқорлық – 4 есеге ұлғайған. Петерсон атындағы Халықаралық экономика институтының аға ғылыми қызметкері Андерс Аслундтың пікірінше «Путиннің айналасындағылардың барлығы жемқорлыққа белшесінен батқан». Батыстық кәсіпкерлердің айтуынша Путиннің Ресейінде пара талап ету, қорқытып-үркіту және тікелей күш көрсетудің салдарынан кәсіпкерлікпен айналысу мүмкін емес. Сергей Митрохиннің пікірінше В.Путиннің президенттігінің екінші мерзімінде «мемлекеттік рейдерлік» (мемлекеттік басып алу) тақырыбы өзекті болған. Transparency International халықаралық агенттігінің 2007 жылы қыркүйек айында таратқан мәлімет бойынша В.В.Путиннің билігінің соңғы жылында жемқорлықты қабылдау индексінде Ресей тізімнің соңына қарай 17 пунктке төмендеген (әлемде 143-орын): Ресей жемқорлық деңгейі жағынан Индонезия, Гамбия және Того елдерімен бір деңгейде тұрды, осы агенттіктің мәліметі бойынша жемқорлық мәселесі Әзірбайжанда және барлық Орта Азия елдерінде өршіп тұрды.

2008 жылы ақпан айында жарияланған  «Путин. Қорытындылары» атты сараптау баяндамасының авторлары Б.Немцов пен В.Миловтың пікірінше «Владимир Путиннің президенттігінің ең ауыр әрі қара қорытындыларының бірі Ресейдің жемқорлық кебіне кіріп кетуі болды. Шенеуніктердің арасындағы жемқорлық пен ұрлықтың деңгейі бойынша біз әлемдегі ең төмен ел ретінде ресми мойындалдық. Путин 1990 жылдардағы реформалардан пайда тапқан олигархтар мен жемқорлардан қу болып шықты. Ол уақытта да жемқорлық күшті болды, бірақ ол көптің алдында болды – тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары жемқорлық фактілері туралы кедергісіз мәлімет тарата алды. 1997 жылы үкіметтің бірқатар мүшелері жекешелендіру туралы өздері жазып берген кітаптар үшін әрқайсысы 90 мың АҚШ долларды құраған сыйақы алғандары үшін қызметтерінен қуылды. Қазіргі жемқорларда бұл қаржы көлемі күлкі туғызады. Қазіргі таңда шенеуніктердің қаражатты жымқыруы миллиардтаған соманы құрайды, бірақ олар жанама есеп-шоттар арқылы өте жасырын күйінде сақталады, олардың артында күшті «президент Путиннің достары» тұр. Түрлі мүліктер мен есеп-шоттардың нақты иелері туралы мәліметтер арнайы қызмет органдарымен қатаң қорғалады, ал биліктің жоғарғы сатыларындағы жемқорлық тақырыбы Кремль бақылауындағы бұқаралық ақпарат құралдарының талқылауы үшін – табу (тиым салынған) болып табылады. Дегенмен, жемқорлық бізден ешқайда қашып кеткен жоқ. Керісінше, В.Путин билігінің уақыты оның гүлдену кезеңі болды. Пара беру және шенеуніктердің кәсіпкерлікпен астасып кетуі биліктің барлық деңгейіндегі (федеральдық, аймақтық, жергілікті) үйреншікті құбылысқа айналды. «Олигархтардың реваншымен» күрес деген желеумен Ресейде жаңа, барынша қуатты путиндік олигархияның сіз бен біздің есебімізден жедел баюы жүрді. Мемлекеттік меншіктен маңызды активтердің шығарылып, олардың жеке адамдардың бақылауына берілуі, олигархтардан олардың меншігінің мемлекет есебінен төмен бағаларға сатып алынуы, ресейлік мұнайдың сыртқа шығарылуына президент Путиннің достарының монополиясының орнатылуы, Кремльдің «қара кассасының» құрылуы – міне, В.Путин тұсында елді басқарудың қылмыстық жүйесінің қалыптасуының бет-бейнесінің сипаты осындай» [47].        

«Новая газета» басылымының көрсетуі бойынша 1990 жылдардағы жемқорлық фактілерін, оның ішінде, 1998 жылы тамыз айында орын алған Халықаралық Валюта Қорының берген несиесін (4,782 млрд. АҚШ доллар) ұрлау бойынша тағылған айыпты тексеру жүргізілмеген, ал халықаралық тексеруге мүдделі күштер кедергі жасауға тырысады. Атап айтқанда, сын-пікір берушілердің ойынша бұл Ресей өкіметінің 2001 жылы бұған дейін АҚШ және Швейцарияның әділет органдарымен түрлі құйтырқы айла-шаралар арқылы ақша жымқырды деп айыпталған Павел Бородинді белсенді түрде қорғауынан байқалды [48].        

Информация о работе В.В.Путиннің президенттігі жылдарындағы