В.В.Путиннің президенттігі жылдарындағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 22:34, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып отырған жетекші мемлекеттердің бірі – Ресей болып табылады. Ресей халықаралық саяси өмірде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мирасқоры бола отырып 1990 жылдары өзінің бұрынғы позицияларынан біршама айырылғанмен, бүгінде ол бұрынғы КСРО сияқты әлемдік саяси өмірдің жоғарғы деңгейіне көтеріле алды. Оның бұл жетістіктерінде егеменді Ресейдің саяси басшылары үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Ресейдің 2000 жылдан басталған кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қол жеткен жетістіктері 2000-2008 жылдары Ресей Федерациясының Президенті болған Владимир Владимир Путиннің есімімен тікелей байланысты.
2-ТАРАУ. В.В.ПУТИН – РФ. ПРЕЗИДЕНТІ: ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ..............................31-57
2.1. В.В.Путиннің әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалары және
олардың нәтижелері..................................................................................31-45
2.2. В.В.Путиннің сыртқы саясатының ерекшелігі және оның басым
бағыттары...................................................................................................

Файлы: 1 файл

Россия.doc

— 474.50 Кб (Скачать файл)

«Левада-центр» орталығының директоры Лев Гудков «Путиндік басқару жылдарында болған басты нәрсе – ол қоғамның саясаттан толық ығыстырылуы: биліктің жоғарғы эшелондарында болып жатырған оқиғалар адамдарды қызықтырудан қалды. Онда – билік үшін және мүлікті бөлісу үшін күрес, жемқорлық шытырман оқиғалар жүруде. Сұрау салғандардың көпшілігі оның оларды күнделікті өмірлерінде еш қатысы болмайтындығын айтады. Мұнда, төменгі жақта – медицинаға, дәрі-дәрмекке, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа, кедейшілікке және тағы басқаларға қатысты мәселелер туындауда. Ресейліктердің басым көпшілігіне тұрақтылық бұл ең алдымен «еңбекақы мен зейнетақыға жақсы өмір сүруді» (сұрау салынғандардың 53 %-ы осылай дейді), «инфляция мен бағаның өсуін жеңуді» (сауалнамаға қатысқандардың 46 %-ы)» білдіреді. Сауалнамаға қатысқандардың сәйкесінше тек 18 % және 10 %-ы ғана тұрақтылықты «ресейлік мемлекеттің ұлылығын өркендету» немесе «биліктің тұрақтылығы» деп есептеген. Осының өзі көп нәрсені аңғартатындығы сөзсіз. Сауалнамаға қатысқан ресейліктердің 45 %-ы билік пен халық арасындағы қарым-қатынастың үзілуі соңғы сегіз жылдың ішінде күрт ұлғайды деп есептесе, олардың 36%-ы ол күрсеткіш бұрынғы орнында қалды деп санаған. Сауалнамаға қатысқандардың тек 7 %-ы ғана аталған жылдары азаматтар билікті тиімді бақылауда ұстай бастады деп есептесе, көпшілік қауым бұл істе ахуал еш өзгерген жоқ (24 %-ы) деп санады, ал сұрау салынғандардың 21 %-ы халықта мұндай мүмкіндіктер бұрын болған жоқ және қазір де жоқ жауап берген. Бұл мүмкіндіктер уақыт өткен сайын тек төмендеді деп 37 % адам жауап берген. Бұдан басқа респонденттердің 77 %-ы байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық тереңдей түсті деп есептеген» - деп, жазады [56].

Көптеген сарапшылар «саяси өсиет» немесе «Путин жоспарын» нақтылау деп есептеген В.В.Путиннің 2008 жылы 8-ақпанда Мемлекеттік кеңестің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен кейін Financial Times –тің шолушысы Мартин Вулф: «Біз протофашизмді, ушыққан ұлтшылдықты, әлсіздерді қорқытуды, күшті көшбасшының жеке басына табынуды, ішкі жауды іздеуді және шет елдіктерге жеккөрушілікпен қарауды көріп отырмыз. Бұлардан басқа, Ресей – бұл ядролық қаруы және үлкен энергетикалық ресурстары бар мемлекет. Жоғарыда баяндалған оқиғалардың негізі бізді ойландырып ғана қоймайды, бізді – қорқытады. Ресей бостандыққа емес, қорқыныштың мемлекетін құруға ұмтылып отыр. Путин – табысты саясаткер емес. Путин – жолы болмайтын адам. Ол аз болғандай, ол қауіпті жолы болмайтын адам. Ол құрған режим қауіпті. Сайлаудан кейін Ресейде құрылатын дуумвират қалай жұмыс істейтіндігін ешкім білмейді, бірақ қалай болғанда да ол өз халқының жағдайының тұрақты жақсаруына әкелмейді» - деп, жазды [57].

2003 жылдан бастап В.В.Путиннің «үшінші мерзімі» және Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу («Единая Россия» партиясы Думада мұндай бастамаға қажетті конституциялық көпшілікке ие) туралы мәселелер бірнеше рет талқыланады. Алайда бұл жоспарлар В.Путинмен үнемі жоққа шығарылып, 2007 жылы жыл сайынғы Жолдауында ол бұл оның соңғы мерзімі екендігін және келесі жылы елде жаңа президент болатындығын мәлімдеді. 2007 жылы 1-қазанда Думаға сайлау алдында «Единая Россия» партиясының тізімін жеке бастауға келісімін берген В.Путин президент қызметіне «жұптасып» жұмыс істеуге болатын дұрыс үміткер сайланса премьер-министр болуы мүмкіндігін жариялады. 2007 жылы 11-желтоқсанда Дмитрий Медеведев өзі 2008 жылы наурыз айында өтетін президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда ресейлік үкіметті басқаруға «шешімді келісімін» беруді сұрады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік департаменті В.Путиннің мұндай шешімін сынға алды. Шон Маккормак баспасөз конференциясында басқалардың қатарында Ресей президенті Владимир Путиннің оның мемлекет басшысы болып Дмитрий Медведев сайланған жағдайда үкіметті басқару жоспарына қатысты мәселеге де түсінік берді. Маккормак бұл мәлімдеме салауатты, дамушы және өміршең демократиямен еш сәйкес келмейді деп есептеді. Британдық The Times газетасының пікірінше «Путин елді келесі президенттің арқасынан-ақ басқаруды жалғастыратындығын анық білдірді». АҚШ-тағы президенттік қызметке басты үміткерлер – Хиллари Клинтон, Барак Обама, Джон Маккейн әр уақыттарда 2-наурыздан кейінгі сайлаудан соң Д.Медведев В.Путиннің еркін бұлжытпай орындаушы адамға айналатындығына сенім білдірген болатын. Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Дж. Буш олай ойламады. Ол Путин президенттік қызметте Медведевті басқармай ма деген сауалға Медведев жөнінде көп білмеймін деп жауап берген.

2008 жылы 8-мамырда Дмитрий Медведевтің инаугурациясынан кейінгі ертеңгі күні Владимир Путиннің кандидатурасы Ресей үкіметінің төрағасы қызметіне Думамен бекітіледі. 12-мамыр күні В.В.Путин өзінің жаңа үкіметінің құрамын жария етті. Ал 2008 жылы 27-мамырда Беларуссия және Ресейдің Одақтық мемлекетінің Жоғарғы мемлекеттік кеңесінің төрағасы Александр Лукашенко Владимир Путинді Одақтық мемлекеттің Министрлер кеңесінің төрағасы етіп тағайындайды [58].

Владимир Путиннің үкімет басшысы ретінде бірінші заңдық жобасы салық төлеушілердің бірқатар категориялары үшін салық ауыртпалығын жеңілдетуге байланысты заң болды. Қаржы министрлігінің есебінше 2009 жылы мұнайшыларға салынатын салықтың қысқартылуы 104,1 миллиард рубльді, ал 2010 жылы – 112 миллиард рубльді құрайды. Бұдан басқа, балалары бар азаматтардың салық ауырпалығын төмендету шаралары, сондай-ақ, бұл салада ана капиталының және де басқа өтемақылардың көлемін 10,5 %-ға ұлғайту қарастырылады. Шағын кәсіпорындарға салық органдарының алдында бұрынғыдай жылына төрт рет емес тек бір рет есеп беру ұсынылуда. Сонымен қатар, ғылыми ашулар жүргізіп жатқан фирмаларға салық ауыртпалығы төмендетілетін болады. 2008 жылы 24-мамырда Ресейде бензиннің бағаның өсуіне қарсы қарсылық акциясы өтеді. Акцияға қатысушылар үкіметтен сапасыз жанар-жағар май өндіру мен сатуға жауапкершілікті қатайтуды және отын бағасында салық мөлшерін төмендетуді талап етті [59].

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен «В.В.Путиннің президенттігі жылдарындағы Ресей» атты тақырыптағы диплом жұмысымызды қорытындылай келе бірқатар қорытындылар шығаруға болады. Біріншіден, В.В.Путиннің Ресей Федерациясының Президенті қызметіне келуімен Ресейде 1990 жылдары бойы әлсіреп келген орталықтанған өкімет билігі қайта күшейтілді. В.В.Путин өзінің бұл бағыттағы бірқатар реформалары арқылы барлық билікті өз қолына шоғырландырды, оны шоғырландырып қоймай өкімет билігінің мызғымастығы бекіді. Аталған реформалар арқылы В.В.Путин аймақтардағы басшыларды сайлаудан тағайындау жүйесімен өзгерту арқылы аймақтардың орталыққа тікелей бағынуын қамтамасыз етті. Бір сөзбен айтқанда, В.Путиннің Президенттік билікті нығайтуға бағытталған әрекеттері сәтті шықты деп бағалауға болады.

Екіншіден, В.В.Путин командасымен 2000-2008 жылдар аралығында елдің әлеуметтік және экономикалық өмірін жақсартуға бағытталған кешенді реформалар жүргізілді. Олардың нәтижесінде, рубльдің құнсыздануына қарамастан зейнетақыны, түрлі атаулы өтемақыларды, біршама дейгейде жалақыны өсіруге мүмкіндік туды. Халықты медициналық қамтамасыз ету, тағы басқа қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуға талпыныс жасалды. Ауыл шаруашылығын, оның ішінде, ауылдық жерлерді қолдау да үкімет назарынан тыс қалмады. Осындай шаралардың нәтижесінде Ресейдегі халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі деректерден айқын көрінеді. Дегенмен, Ресейде демографиялық ахуал, халықтың ішімдік пен нашақорлыққа  салынуы өзгеріссіз қалып отыр.

Елдің экономикалық өмірінде де В.В.Путин президенттігі тұсында үлкен жаңашылдықтар болды. Бұл бағыттағы реформалардың мақсаты ең алдымен экономикада мемлекеттің позициясын нығайтуға бағытталды. Жоғарыда негізгі бөлімде атап өткеніміздей, үкімет экономиканың негізгі салаларындағы басты кәсіпорындарды мемлекет бақылауына өткізу арқылы осы салалардағы экономикалық үдерісті қадағалап отыр.

Үшіншіден, В.В.Путиннің президенттік билігі тұсында Ресей сыртқы саясатта айтарлықтай табыстарға жетті деп үлкен сеніммен айтуға болады. Өйткені, Ресей халықаралық аренада 1990 жылдары бойы жоғалтқан позицияларын қайтара алды. Халықаралық деңгейде әскери-саяси әл-ауқаты жағынан КСРО көтерілген деңгейге жете алды. Мұндай жетістіктер Ресейге ішкі мәселелерін шешу арқылы, федерация субъектілерінде саяси тұрақтылық орнату арқылы қол жеткізілді. В.В.Путин бұл бағыттағы өз басына төнген барлық сындырға төтеп бере алды.

Аталмыш кезеңде Ресей сыртқы саясатта кеңестік дәуірде қалыптасқан дәстүрлерді қайта жандандыра алды, яғни, бұдан былай Ресей әлемнің ірі әскери-саяси державасы ретінде халықаралық қарым-қатынастарға араласа бастады. Оның бұл бағыттағы саясаты түрлі деңгейдегі халықаралық жанжалдарды, мәселелерді шешуге атсалысуынан айқын көрінді. Бұл бағытта Ресей өз ұлтық мүддесі үшін барлық мүмкіндіктерді қолданатындығын білдірді. Оның жарқын мысалы ретінде үстіміздегі жылы орын алған Ресейдің Грузия – Оңтүстік Осетия жанжалына әскери араласуын атап өтуге болады. Ресей мұндай әрекеттерге 1990 жылдары айырылған ықпал ету аймақтарын қайтару үшін барып отыр. Бұл Ресейдің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Путин Владимир Владимирович // www.kremlin.ru

2. www.kremlin.ru

3. www.vikipedia.org

4. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

5. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

6. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

7. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

8. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

9. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

10. www.flb.ru

11. www.newsru.com

12. В.В.Путин // www.vikipedia.org

13. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

14. «Коммерсантъ-Daily», 1996 ж., 14-қыркүйек.

15. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

16. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

17. Политический портрет В.В.Путина // www.vokrugsveta.ru

18. www,gazeta.lenta.ru

19. www.komersant.ru

20. www.komersant.ru

21. www.terror.ru

22. www.lenta.ru

23. Программа «Код доступа» на «Эхо Москвы»// www.echo.msk.ru;

      Тимченко, Группа Gunior и Зарубежнефть в «докладе Волкера» //

      www.compomat.ru

 

 

24. С.Белковский. «Бизнес Владимира  Путина» // www.lenta.ru; Русский

      перевод статьи  в «The Gguardian» от 21 декабря 2007 г. //

      www.guardian.co.uk

25. Юлия Латынина. Лучший из преемников // www.ej.ru

26. Премьер надолого // www.strana.ru

27. www.levada.ru

28. ВЦИОМ: Путину доверяют пчти  все россияне // www.wciom.ru

29. Милов В. Путин не сумеет  сохранить власть // «Новое время»  №46.

     2007 ж., 24-желтоқсан // www.newtimes.ru

30. Россияне обескоены культом  личности Путина // www.og.ru

31. www.lenta.ru

32. Кто похвалит его лучше  всех // www.komersant.ru

33. www.inopressa.ru

34. www.kasparov.ru

35. Путин Владимир Владимирович // www.kremlin.ru

36. www,gazeta.ru

37. www.kremlin.ru

38. www.vokrugsveta.ru

39. www.terror.ru

40. Террористический акт на Дубровке // www.komersant.ru

41. www.pravdabeslana.ru

42. www.lenta.ru

43. www.kremlin.ru

44. www.vokrugsveta.ru

45. www.vokrugsveta.ru

46. www.komersant.ru

47. www.komersant.ru

48. «Путин. Итоги» // www.novayagazeta.ru

 

 

49. «У «Наших» кривые грабли» // www,gazeta.ru

50. Милов Л.В., Барсенков А.С., Вдовин А.И., Воронкова С.В. История

      России ХХ-нач. ХХІ  века. М., 2006.-960 с. 652 б.

51. Россия отдает Китаю полтора острова // www.kр.ru

52. Барсенков А., Вдовин А. История России. 1917-2004. М., 2005. 124 б.

53. Концепция внешней политики  Российской Федерации // www.kremlin.ru

54. Пономарев М.В. История стран Европы и Америки в Новейшее время:

      Учеб.-М., 2009.-416 с. 400-401 бб.

55. Неудивительно, что им нравится Путин // www.inosmi.ru

56. www.vedomosti.ru

57. www.vokrugsveta.ru

58. www.vokrugsveta.ru

59. Барсенков А., Вдовин А. История России. 1917-2004... 132 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

№1 қосымша

РФ. 2000-2008 жж. Президенті В.В.Путин


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 қосымша

 

 

 

 

№3 қосымша

 

 

 

 

 

 

№4 қосымша

 

 

 

 

 


 



Информация о работе В.В.Путиннің президенттігі жылдарындағы