Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 22:34, дипломная работа
Қазіргі әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан қарыштап дамып отырған жетекші мемлекеттердің бірі – Ресей болып табылады. Ресей халықаралық саяси өмірде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мирасқоры бола отырып 1990 жылдары өзінің бұрынғы позицияларынан біршама айырылғанмен, бүгінде ол бұрынғы КСРО сияқты әлемдік саяси өмірдің жоғарғы деңгейіне көтеріле алды. Оның бұл жетістіктерінде егеменді Ресейдің саяси басшылары үлкен рөл атқарды. Әсіресе, Ресейдің 2000 жылдан басталған кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қол жеткен жетістіктері 2000-2008 жылдары Ресей Федерациясының Президенті болған Владимир Владимир Путиннің есімімен тікелей байланысты.
2-ТАРАУ. В.В.ПУТИН – РФ. ПРЕЗИДЕНТІ: ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ..............................31-57
2.1. В.В.Путиннің әлеуметтік-экономикалық саладағы реформалары және
олардың нәтижелері..................................................................................31-45
2.2. В.В.Путиннің сыртқы саясатының ерекшелігі және оның басым
бағыттары...................................................................................................
В.В.Путин президент ретінде билікке келген кейінгі бір өткен соң БиБиСи атап өткендей, «Общая газета» оның жеке басына табынудың күннен-күнге өсіп келе жатырғандығын мәселе етіп көтереді. 2007 жылдың қазан айында «Общая газета» халыққа жүргізілген сауалнамаға сәйкес Ресейде барған сайын көп адамдар Путиннің жеке басына табынудың орын алыр отырғандығын немесе оған алғышарттардың байқалатындығын атап өтсе; оны барған сайын адамдардың аз бөлігі жоққа шығарып отыр: мәселен, 2007 жылы қазан айында оны сауалнамаға қатысқандардың 49 %-ы жоққа шығарса, қазіргі таңда олай деп санайтын 38 % адам қалған [30].
В.Путиннің жеке басына табыну үрдісі 2007 жылы қазан айында В.Путинмен бір «Одақтас мемлекетте» тұрған Белоруссия президенті Александр Лукашеноконың «қаупін» туғызды. «Единая Россия» партиясының жақында өткен съезінің үзінділерін көрген А.Лукашенко Ресей «барлығы орындарын атап тұрып, «КОКП жасасын» деп ұрандаған» кеңестік заманға құлдырап кетуі мүмкін деп мазасызданды. В.Путиннің жеке басына белгілері ретінде ол туралы әндер мен өлеңдердің, әк және қола бюсттердің, түрлі көлемдегі портреттердің пайда болуын атап өтуге болады. Одан басқа В.Путиннің бейнесін кілемдерден, тіс шұқығыштардан, пасхалық жұмыртқалардан кездестіруге болады. Тіпті оның атында помидор сорттары, ауыл көшелері де бар. В.Путинді мадақтаған фильмдер де жасақталған. Солардың бірі Н.Михалков түсірген В.Путиннің 55 жылдығына арналған деректі фильм. В.Путиннің атымен колхоздар аталған. Бірқатар қалалар өздерінде «Путин» есімін мәңгілендіру шарасын бастап та кеткен [31].
«Комерсантъ-Власть» журналы «Владимир Путиннің атына аталған ең атақты жалпақтауды білдіретін мәлімдемелердің» рейтингілік тізімін келтіреді. Оның ішінде жоғарғы қызметтегі шенеуніктердің де сөздері берілген:
Осылардың ішіндегі ерекше болғаны Самара облысының Печерск ауылдық қонысының әкімшілігінің басшысы – Александр Козловтың сөзі болды. Ол В.Путиннің қатысуымен өтіп жатырған муниципалитеттер шенеуніктерінің кеңесуінде көп сөздерімен қатар: «Владимир Владимирович сіз менің түсіме кіресіз» деген еді [32].
Саясаттанушы Александр Кынев атап өткендей, «президентке мадақ айтуда асыра сілтеушілік жасап және делегаттар шығып, «Біздің қымбатты Леонид Ильич» деп делегаттар айтып жүрген тоқырау уақытына – кеңестік заманмен ерексіз салыстырулар туғызып, единоростар сайлаушылар учаскелерге келіп және басқа біреуге дауыс беруіне әкеледі». Бұлардан басқа интернетте Путинге арналған «виртуальді ескерткіш» құрылған. Магнитогорск қаласында «Осында Путин болды» деген тақырыпта, ал Мәскеуде «Біздің Путин» деген тақырыпта көрмелер өткізіледі. Ал Зураб Церетелимен В.Путинге ескерткіш жасалады. Псков қаласында Псков қаласының мэріне қарсы қозғалыстың белсенділері В.Путинге ескерткіш орнатады. Алайда, В.Путиннің өзі жеке басқа табынуға қарсы, ол Сталинмен салыстырудан қорқады. Эдуард Лимонов В.Путинді дәріптейтін адамдарға қатысты төмендегідей түрде мәлімдеме жасады: «Бұл клиникалық науқастық және оның нәтижесі, тағы не айтуға болады? Бұл адамдарға дәрігерге жүгіну қажет» [33].
Сонымен қатар, Ресейде В.Путиннің жеке басына табынуға қарсы наразылықтар да ұйымдастырылған. Петербургте «Путиннің жеке басына табынуға жол жоқ» деген ұранмен 20 адамнан тұратын шеру өтеді. Онда В.Путинді символикалық «олигархтар», «құқық қорғау органдарының өкілдері», «Ресей әйелдері» құттықтады. Челябинскіде Басқа Ресей В.Путинің жеке басына табынуға қарсы пикеттер өткізеді. Онда В.Путиннің бейнесі Сталинмен бірге бір плакатта көрініс тапты, пикетке қатысушылар төмендегідей үндеулер таратты: «Біз қазірдің өзінде адамдардың бір тобының өздеріне қауіпсіз әрі жылы орын табу мақсатында Путинді қасиеттілер дәрежесіне көтеру арқылы оның алдында жалпақтап жүргендігін көріп отырмыз. Біз сол адамдардың жалған патриоттық ұрандар көтеріп, оның үшінші мерзімге қалуын қолдау мақсатында шерулер ұйымдастыруда, Путин үшін қоғамдық қозғалыстар тіркеуде, сол арқылы Ресейдің конституциялық құрылысын бұзуға шақыруда. Осындай шаралардың жиі болуы қоғамды сын тұрғысынан ойлана алмайтын және саналы жеке таңдау жасай алмайтын жігерсіз қалың бұқараға, бас шұлғитын қауымға айналдырады. «Единая Россия» және оның «1 нөмірі» үшін біз белгілі-бір уақытта қажетті жерде белгі қоятын электоральді биобұқарамыз». Парламенттік сайлау қарсаңында 2007 жылы желтоқсан айында Ресейде бірқатар бақылаушылар «кеңестік үгіт-насихаттың шараларын еске түсіретін ашық табыну» деп сипаттаған көріністер байқалды [34].
2 ТАРАУ. В.В.ПУТИН – РФ. ПРЕЗИДЕНТІ: ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
2.1. В.В.Путиннің
әлеуметтік-экономикалық
1999 жылы 31-желтоқсанда президент Б.Ельциннің өз еркімен отставкіге кетуіне орай Владимир Владимирович Путин Ресей Федерациясының президенті қызметін атқарушы болады. 2000 жылдың 26-наурызынан бастап Ресейдің сайланған жаңа президенті. Ресей Федерациясының Президенті қызметіне 2000 жылдың 7-мамырында кіріседі. В.В.Путин алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін 2000 жылдың мамыр айында Ресей үкіметінің төрағасы етіп Михаил Касьяновты тағайындайды [35].
Владимир Путин тұсында Президент Әкімшілігінің кадрлық саясатына көптеген маңызды қызметтерге Путиннің университетте бірге оқыған жолдастарын, Германия Демократиялық республикасы бойынша қызметтестерін, Ленинградтағы жұмысы бойынша әріптестерін – жалпы, «петербургтық команданың» өкілдерін тағайындау тән болды. 2006 жылы ақпан айында В.Сурков егеменді демократия концепциясын ұсынады, оның мәні авторының түсіндіруі бойынша Президент саясаты бірінші кезекте Ресейдің өзіндегі көпшілік халықтың қолдауына ие болуы тиіс; көпшіліктің осындай қолдауы демократиялық қоғамның басты принципін қолдайды.
Ішкі саясатта президент В.Путин биліктің «вертикалін» орталықтандыру және нығайту бағытында тыңғылықты әрі қатаң саясат жүргізді. Елдің конституциялық – саяси жүйесіне енгізілген алғашқы маңызды өзгеріс 2000 жылы тамыз айында Федерация Кеңесін қалыптастыру тәртібіне өзгерістер енгізу болды, оның нәтижесінде аймақтардың губернаторлары мен заң шығарушы билігінің басшылары тағайындалған өкілдермен алмастырылды; соңғылары Федерация Кеңесінде тұрақты және кәсіби түрде (олардың бірін губернатор, екіншісін – аймақтың заң шығарушы органы тағайындады) қызмет етуі тиіс болды. Губернаторлар жоғалтқан бірқатар лоббистік мүмкіндіктердің орнына оларға өтеу ретінде – Мемлекеттік кеңес аталған кеңесуші орган құрылды.
2004 жылы қыркүйек айында орын
алған Бесландағы оқиғалардан
соң бірнеше күннен кейін В.
2005 жылдың көктемінде Мемлекеттік Думаға тек партиялық тізім бойынша сайлау жөнінде заң қабылданды. Кейін Мемлекеттік Дума федеральдық заңнамаларға аймақтық парламентке сайлауда жеңіске жеткен партияларға Ресейдің Президентіне губернаторлық қызметке өздерінің үміткерлерін ұсынуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізді. Аймақтардың басым көпшілігінде бұл құқық «Единая Россия» партиясына тиісілі болды. Соған байланысты губернаторлардың билік партиясына мүше болу үдерісі жаппай сипат алды. 2007 жылдың басында бұл партияның мүшесі ретінде ресейлік аймақтардағы 86 басшының 70-і тіркелді. 2005 жылдың басынан бұл партияға ірі өнеркәсіптік корпорациялардың басшылары да кіре бастады.
В.В.Путин саясатының оңды нәтижесі ретінде әдетте мемлекеттік жүйенің нығаюы, Ресейдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтануын атап өтеді; ал оның саясатының кері ықпалы ретінде – азаматтық құқықтар мен бостандықтардың және демократиялық институттардың басылуы, азамттық қоғамның жойылуы, жоғарғы орталықтану, бюрократияның күшеюі аталады. Президенттің ішкі саясаты көптеген бұқаралық ақпарат құралдарымен, сондай-ақ, саяси қайраткерлермен, әсіресе, Ресейден тыс елдерде қатаң сынға алынып отырды. В.Путин президенттігі тұсында орын алған бірқатар оқиғаларды (бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасау, бірқатар журналистерге күш көрсету) кейбір ұйымдар сөз бостандығын шектеу ретінде бағалады. В.Путиннің өзінің пікірінше оның билігінің сыналуы екі себеппен түсіндіріледі: «бірқатар батыстық саясаткерлер батыстық бағыттағы күштер деп есептейтін Ресейдегі саяси күштерге қолдау көрсету, екінші мақсаты –демократиямен, адамдар құқықтарымен еш байланысы жоқ – қарусыздану, ракетаға қарсы қорғаныс, Косово сияқты көкейкесті мәселелерде Ресейді барынша жігерсіз ету». Бірқатар саясаткерлер В.Путиннің президенттігі тұсында саяси бостандықты басып-жаншу, әділ сотпен қудалау орын алды деп есептейді. Сонымен бірге, В.Путиннің президенттігі кезеңінде құқық қорғау құрылымдарымен адам құқықтарын бұзу оқиғаларының орын алғандығы атап өтіледі.
Жеңілдіктерді монетизациялауға қарсы бағытталған бүкілресейлік акциялардың шерулерінде көптеген қарарлар қабылданды. Оларда В.Путин президенттігі тұсындағы экономикалық көрсеткіштер мен өмір сүру деңгейінің төмендеуінің жалғасып отырғандығы атап өтілді. Бұл тұрғыда «Советская Россия» газетасы инфляция орын алуын, ішкі нарықта рубльдің құнсыздануын, халықтың нақты табысының қысқарып отырғандығын, жұмыссыздықтың, азық-түлік пен өнеркәсіптік тауарларға бағаның, энергия көзі мен коммуналдық төлемдерге тарифтің өсіп отырғандығын жазды. Газеттің бұдан кейінгі мәлімдемелерінде үкіметтің халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартумен еш айналыспай отырғандығы атап өтілді [37].
Бұл жылдары Ресейде панасыз балалардың саны Федерация Кеңесінің және тәуелсіз сарапшылардың есептері бойынша 3-4 миллиондық деңгейге (1921 жылы Ресейде панасыз балалардың санына қатысты рекордтық көрсекіш тіркелген еді: 4,5 – 7 млн. адам) жақындаған. Балалар қаңғыбастықтығының негізгі себептері: «сұрау салынғандардың 40,5 %-нда – ата-аналарының маскүнемдікке салынуы; екінші – бір немесе ата-анасының екеуінің де жоқтығы және үшінші – ата-аналарының тарапынан болатын балаларға физикалық күш көрсету». Тиісті органның төрағасы В.Зорькиннің есебі бойынша Ресейде: 4 миллион үйсіздердің, 3 миллион қайыршылардың, 5 миллион панасыз балалардың, жезөкшелікпен айналысатын 4,5 миллион адамның, яғни, 16,5 миллион ресейліктер немесе Ресей халқының 11,3 %-ы аш-жалаңаш, кедейшілік деңгейінде өмір сүреді екен. Сондай-ақ, В.Путиннің билігі уақытында жетім балалардың саны өсіп кетеді: 2000 жылғы 666,2 мыңнан 2001 жылы 682,2 мыңға, ал 2002 жылы 700 мыңға дейін артады [38].
Сонымен қатар, В.В.Путиннің президенттігі жылдарында Ресей Федерациясы территориясында терроризм жанданып, бірқатар ірі террористік актілер орын алады. Олар:
Аталған террористік актілерді шешен сепаратистері өз мойындарына алады. 2005-2006 жылдары бірде-бір террористік актілер жасалмады. Ал 2007 жылы 13-тамызда поездың құлауы террористік акт болғанмен, одан ешкім зардап шекпеді [39].
2002 жылы 23-қазанда шешен террористері Дубровкадағы Театр орталығының (Мәскеу) ғимаратын басып алып, «Норд-Ост» мюзиклін көруге келген шамамен 800 адам тұтқынға алынды. Норд-Осты басып алудан соң 4 күннен кейін жедел әрекет ету күштерімен террористерді ұйықтату үшін арнайы газдар қолданумен тұтқындарды босату шарасы жүзеге асырылды. Операцияның нәтижесінде барлық террористер өлтірілгенмен, ресми мәлімет бойынша 130 адам қаза табады. Бейбіт халық арасындағы шығынның бір бөлігі газдың әрекет етуінен орын алды. Жағдай биліктің ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан келіп газдың құрамын жариялаудан бас тартумен ушыға түсті. Бірқатар бұрынғы тұтқындар және өлгендердің тума-туыстары өкімет атына келіссөздердің жүргізілу барысы, оларды босату шарасына, зардап шеккендерге көмек беру және осы оқиғаның тексерілуіне қатысты наразылықтарын танытты; өкімет тұтқындағылардың қауіпсіздігін ойламады деп айыпталды. Дегенмен, билік органдары осы шабуылдың орын алу себептерін, адамдардың қаза болу жағдайларын тексеру бағытында барлық мүмкіндіктерді іске қосты. Соған қарамастан, Бас Прокуратура және соттар қаза болған тұтқындардың өлу себептері анықталмады деген қорытынды шығарды. Бұл тұрғыда В.Путиннің өзі 2003 жылы 20-қыркүйекте журналистермен кездесуінде: «Ол адамдар газдың әрекеті нәтижесінде қаза болған жоқ, себебі газ зиянсыз болды, сондықтан, оның адамдарға қандай да бір зиян келтіруі мүмкін емес. Адамдар қалыптасқан жағдайдың құрбаны болды, бірінің ескі сырқаттары сыр берсе, екіншілері тағы басқа әсерлерден қаза болды. Және де біз операция барысында бірде-бір тұтқын зардап шеккен жоқ деп айта аламыз». «Норд-Ост» аймақтық қоғамдық ұйымы Путинді жалған айтты деп айыптап, сотқа берді. Бірақ ресейлік соттар шағымды қабылдамады [40].