Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа
Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................
1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................
2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................
2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................
КІРІСПЕ.......................
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА
ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның
маңызды ресурсы.......................
2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ.......................
2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат
құралдары.....................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды
тәрбиелеу.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.
Бүгінгі күндегі қоғамдағы қарама-қайшы мәселелер кешені, үрдістердің бірыңғайсыздығы жастар ортасы мен қоғамда бәсекелі қақтығысқа әкелуі мүмкін. Алайда қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін тиімді пайдалана алатын, өмір ағысына икемделе білген, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдындағы ең басты мақсат-қоғамда жаңадан қалыптасып келе жатқан қадір-қасиеттер мен әдеп-жоралғыларды өз бойына сіңдіре отырып, жаңа қоғамдық жүйеге бейімделіп, ене білу.
Ел басымыздың «Қазақстан-
Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның белсенді бұл тобы ел болашағында шешуші роль атқарады. Жастар-еліміздің болашағы, ертеңі. Қоғамда пайда болған саяси вакуумға тез арада Шығыстан да, Батыстан да өзгенің бәрі құйыла бастайды. Басқа құндылықтарды бойларына сіңіртіп, рухани дүниесін өзгелерге билетіп қою еліміздің өркениеттілік деңгейін көтереді деп айту қиын. Қоғамның бейбіт өміріне қажетті озық игіліктерге жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге жатады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі жастардың ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани тәрбиелену мәселесінде. Сонымен қатар жаһандану үрдісінің жастарды өте белсенді, әрі психологиялық жағынан әр түрлі қылықтарға әкелуі аса маңызды. Жаңа саяси-әлеуметтік жағдайда республика үшін ғылыми негізделген өркениетті жастар саясатының қажеттілігі күн тәртібіне қойылып отыр. Әр түрлі саяси ағымдардың жастарға тигізетін әсерлерінің молаюы мемлекеттен пәрменді жастар саясатын жүргізуді талап етеді.
Жастардың саяси санасы бос кеңістікте қалыптаспайды. Оған этникалық, діни, мәдени факторлар тікелей әсер етеді. Әсіресе, діни қайта жаңғырту түбегейлі саяси-әлеуметтік факторға айналып отыр. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты-жастардың шығармашылық, жаңашылдық қуатын қоғамды алға бастайтын басты күшке айналдыру. Қоғамда елдің болашағын ойлап, дәстүрлі құндылықтар жүйесін сақтайтын жас ұрпақты тәрбиелеу, әлеуметтік-мәдени, саяси бағдар қалыптастыру зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды. Осы орайда еліміздің белгілі философы Д. Кішібековтың жалпы мәдениет пен өркениет атаулыны зерттеудегі жалпыәдіснамалық мәселенің бірі «қазақ қоғамының тарихи кешегісі мен рухани дәстүрін ескеру керек» [3] дейтін пікірімен келісеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Жастар мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеулерінің объектісі болып, сонау антика кезеңіндегі Сократ, Аристотель, Платон, орта ғасыр кезеңінің философтары Августин, Макиавеллиден бастап жаңа заман философтарының философиялық идеяларынан бастау алған. Тақырыпта негізгі зерттеу объектісі болып табылатын жастардың мәселесімен терең айналысқан бірнеше ғалымдарды айтуға болады. 1990-жылдардан бастап, жастар тақырыбы ғылымның түрлі салаларын (саясаттану, философия, педагогика, тарих, әлеуметтану) қызықтыруда. Г.Ж. Жұмалиеваның, Ш.М. Мухтарованың, Г.Т. Алдамбергенованың, Н.М. Кудроның зерттеулері жастар мәселесі бойынша жазылған соңғы еңбектер қатарында.
Д.К. Кішібеков, Ә.Н. Нысанбаев, А. Қасабек, Ж.Ж. Молдабеков, С.Е. Нұрмұратов, Н.Ж. Байтенова, Р.Б. Әбсаттаровтың, Г.Т. Телебаев, М.Б.Тәтімов және де басқа ғалымдар қоғамды қозғаушы жастардың интеллектуалды және инновациялық мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерімен айналысты. Соның ішінде студент жастардың мәселелері жеткілікті деңгейде ғылыми зерттеудің пәні болып келеді. XX ғасырдың басынан бастап әдебиет жанрында студенттік өмірге арналған сұрақтар қарастылған еңбектер жарыққа шыға бастады. Қазіргі зерттеушілердің көпшілігі 1900-1909 жылдары студенттердің әлеуметтануы пайда болды деп есептейді. Беделді зерттеушілер қазіргі жастар субмәдениетін зерттей отыра, олардың қатты өзгеріске ұшырағандығы туралы қорытынды шығарды. Бірақ та бұл туралы зерттеулердің мазмұны және тереңдігі аз зерттелген деңгейде. Жастардың әлеуметтік-саяси құндылықтары, тұлға ретінде қалыптасуындағы құндылықтық көзқарастарық бағдары, оқу-тәрбие процесіндегі саяси бағдарларының қалануы және студенттік өзін-өзі басқарудың жастардың әлеуметтенуінде басты фактор екендігі жөнінде еңбектердің авторларына: Б.Қ. Мұхамбетжанов, Е.Б. Әбдырайымов, Г. Абдираимова, Ж.К. Түймебаева, А.М. Канагатова, Э.О. Столярова, П.А. Добряев және т.б. Жастар ортасында саяси мәдениеттің қалыптасуы, жастардың маргиналдық мәдениеттің ерекше объектісі мен субъектісі болатындығы туралы мәселелер, жастар тұлғасының мәдениеті және т.б. мәселелер А.Р. Масалимова, Б. Қожамберлиев, Б.С. Қабыкенова, Э.К. Қалымбетова, Б.И. Иманбекова, Ш.О. Омаров,Т.К. Биғожанов, Д.А. Калетаев, В.И. Зыряновтың жұмыстарына арқау болды.
Қазақстандағы жастар мәселесі - ТМД және Отандық ғылымда әр қырынан, түрлі салаларда зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Қазіргі кезеңде философиялық, мәдениеттанулық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық концепциялар негізінде жастар мәселесін зерттеу деңгейі жоғары деңгейде. Жастардың әлеуметтік-мәдени бағдары және жастар мәселесі туралы ой-пікірлер айтқан шетелдік және Отандық ғалымдарды ерекше айтып кетуге болады. Жастарды әлеуметтік жағынан терең зерттеген ғалымдар қатарына С.Н. Быков, А.А. Матлуенис, А.А. Мансуров, Л.Я. Рубина, З.А. Саар, В.Г. Лисовский, В.Л. Оссовский және т.б. еңбектерін келтіруге болады.
Ф.Р. Филиппов пен М.Н. Руткеевич зерттеулері де жастар мәселесін тереңірек қарастырды. В.Н. Шубкинмен бір мезгілде дерлік Сверловскіде Ф.Р. Филиппов пен М.Н. Руткеевич зерттеулер жүргізе бастады. Олардың зерттеу тәсілдерінің өзіндік бір ерекшелігі мынада еді, жастар мәселелері кеңес қоғамының әлеуметтік құрылымын жаңғырту мен ұрпақаралық әлеуметтік өзгерістер арқылы қаралды. Қоғам дамуының үш құраушысына баса назар аударылды: қоғамдық қажетіліктер, білім беру жүйесі мен жастар, сондай-ақ олардың арасындағы қарама-қайшылықтар.
Жастар мәселесіне қатысты негізгі зерттеулерді ленинградтық мектеп ұсынған әлеуметтік-психологиялық сала. Лисовскийдің бастамасымен жұмыс жасайтын бұл сала эмпирикалық материалдың негізінде студент жастардың тіршілік әрекетінің үлгілерін жасады. Оның жастар мәселесіне арналған көп кітаптары 60-жылдардың соңынан бастап осы уақытқа дейін жастардың мәселелері жөніндегі ақпараттың негізгі әдіснамалық дереккөзі болып келеді. Ал осы ленинградтық мектеп аясында өз қызметін бастаған И.С. Кон жасөспірімдік шақ пен Батыста кең тараған бағыт-жастардың субмәдениеті психологиясымен айналысқан.
Жалпы, бұл зерттеулердің барлығы
жастар мәселесін жан-жақты
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты – қазіргі жастардың ұлттық мәдениеттегі орнын, соның ішінде ұлттық құндылықтарды бағалау ерекшеліктерін көрсету. Қазіргі жастарға әлеуметтік-мәдени топ ретінде мәдениеттанулық талдау жасау. Осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер белгіленді:
- қазіргі жастардың әлеуметтік бітім-болмысын, тұлғалық кескінін, азаматтық-адамгершілік сипатын анықтау;
- жастардың құндылық бағдарларын және оқу-тәрбие процесіндегі белсенділіктерін сипаттау;
- қазіргі жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептерін көрсету;
- жастардың ұлттық құндылықтарды бағалау деңгейін сараптау;
- бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің жастардың саяси мәдениеті мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы ролін анықтау және жастардың ұлттық мәдениетті сақтаудағы әрі дамытудағы зор рухани қуат екендігін негіздеу.
Зерттеу нысаны- қазіргі замандағы жастар.
Зерттеу пәні. Жастардың ұлттық мәдениеттегі орнын көрсету.
Бітіру жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан және тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар–ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны тәрбиелеуге немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді. Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.
Әлеуметтік-мәдениеттану тәсіліне жастардың нақты мәселелерін қоғамда жүріп жатқан процестермен байланысты талдау керек. Осы бағытты ұстанып жүрген әлеуметтанушылар жастардың ішкі дүниесін нақты ұғымдармен, идеялармен, мақсаттармен және жас адамдардың мінез-құлқымен салыстырып пайымдауға ұмтылады. Осы аталған субъективті көріністер мәдениеттің белгілі бір түрлерінде көрінетін үдерістердің салдарлары ретінде белгіленеді. Жастардың мән-мағыналық анықтамалары субмәдениеттің нысандары ретінде қаралады. Мәдениет ұғымы мұнда бірнеше мағынада пайымдалады: мәдениет әлеуметтік нормаларды меңгерудің дәрежесі, мәдениет адамзат жинақтаған байлықтың қосындысы, адам қызметінің тәсілі.
Қазіргі кезде әлеуметтік-
Жастарды әлеуметтік топ ретінде талдау алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің бойындағы құндылықтары мен әрекет стандарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының «табалдырығында» тұрып, қоғамдық қатынастар қалыптасып қалаған әлеуметтік-стратификациялық тәртібіне әсер етуші әлеуметтік топты зерттеу дегенді білдіреді. Жалпы, жастар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен әрекеттердің иновациялық түріне әкелуі және әр түрлі девианттық іс-әрекеттерге тез ұшырайды. Жастардың әлеуметтік, мәдени топ ретінде белсенділігінің субмәдени тұстарын зерттеуде чикаго мектебінің өкілдері алғаш болып ат салысты. В.У. Уайт, А. Коан, Г. Беккер секілді ғалымдар XXI ғасырдың 20-жылдары қала жастарының ерекше топтарын зерттеуде үлкен үлес қосты. Ал, жастар әлеуметтануындағы субпәннің қалыптасуындағы маңызды ролді Г. Парсонс алды. Ол «жастар мәдениеті» деген терминді ғылымға енгізді. Карват және В. Маляновскийдің теорияларының басты негізі жастардың әлеуметтік субъектілігінде. Олар мынандай факторлар арқылы көрініс береді: