Жастар мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................


1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................

1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................

2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................

2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

Файлы: 1 файл

Гулжан диплом.doc

— 431.00 Кб (Скачать файл)

Елімізге технотектік-ақпараттық қоғам элементтері келуі ата-ананың жанұядағы ролін одан әрі өзгертті. Бала толықтай ақпаратпен мәдени тәрбиені сырт көзден, теледидардан, интернеттен алатын болды. Ата-ананың қамқорлық жасаушы, әсіресе қаржылық қамтамасыз етуші функциясы алдыңғы орынға шыға бастады, себебі бұрынғы кеңестік жүйе жанұяның әлеуметтік статусын қолдауға тырысты және дәстүрлы қазақ жанұясының құндылықтары әлі боса да сақталды. Бірақ нарықтық экономика, ақпараттық еркіндік, байланыс құралдары ата-ананың бала өміріндегі тәрбиелік функциясын шектеуге алып келді. Қазіргі қоғамда қазақ баласының жаһандану дәуірінде қалыптасушы мүлдем жаңа ұрпағы пайда болуда. Сондықтан да ескі педагогикалық әдістер мен көзқарастар, ескі мораль үшін қабылдауға қиын бола түсуде, ұлттық құндылықтар заманға сай техникалық деңгейде идеологиялық-мәдени бәсекелестікке дайын емес. Оның өзі жас ұрпақ тарапынан ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге деген басқа көзқарасты тудыруда. Бірақ бұл батыстың тәжірибесіне сүйене, олардан сабақ алып, біздің қоғамда техникалық жетістіктерді шектеу деген сөз емес. Оларды тарату, дамыту керек, өйткені шектеу мен тыйым салу ендігі бәсекелестіктің жолы емес. Қазіргі бұқаралық ақпараттық-технологиялық қоғамда ұрпақтар арасында күрделі қатынастар пайда болуда, ең біріншіден дәстүр бойынша қоғамның негізі, жастарды әлеуметтендіруші күш, тәрбиелеуші үлкен немесе аға ұрпақ деп саналады, бұл қағида қоғамның барлық саласында көзге түсіп тұрды, үлкенді сыйлауға үйрету маңызды талаптың бірі болды, жалпы үлкендер-үйретуші, жастар-олардан үйренуші деген түсінік логикалық сипаи алды. Бірақ қазіргі қоғамда үлкен және жас ұрпақтан гөрі жастар белсенді және қазіргі қоғамның бет алысы, мәдениеті, құндылықтары оларға жақсы таныс. Бұқаралық мәдениеттің рухы оларды тәрбиелеуші, негіз беруші бастау. Кітаби мәдениетте тәрбиеленген ұрпақ жаңа үрдістерге қиналып бейімделеді, ал жаңа ұрпақ оңың бәрін тез қабылдауда және дәстүрді бұза отырып үлкендер жастардан үйренуге мәжбүр. Ұялы телефон, компьютер, интернет, күрделі ойындар, сленг осының бәрі ұлттық мәдениет өкілі балалардың ғаламдық бұқаралық мәдениетке көбірек бейімдігін дәлелдеуші фактілер. Ортаңғы және үлкен ұрпақ өткен ғасырдың аяғында белсенді болды, ұлттық, патриоттық сезімге сүйене отырып үлкен тарихи оқиғаға-тәуелсіздікке өз үлесін қосты, желтоқсан оқиғасына белсене қатысты, бірақ қазі ргі таза техногендік мәдениет өкілі санауға болатын қазақ баласының құндылықтар жүйесі өзгелеу, бұл ұлттық идентификациялау үрдісінің қалыптасуына өзінің кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жас ұрпақ еліміздің жоғары техникалық елге айналуының негізі болып табылады. Қазақ баласының соңғы жүз жылдықтағы тағдырына жазған нәрсе біресе адамгершіліктен саяси идеология жоғары болып шығады немесе жоғары технология адамгершілік нормаларынан да жоғары болып шығады. М. Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты поэма романы мен оның «Компьютер басты жарты адамдар» тарауынан жалпы және рухани деңгейі төмен, жалаң білімді, жарты адам, ұлттсыз, «бар назары материалдық игілікке тоқталар» қазіргі адамдарды, әсіресе, жастарды, басшыларды сынайды. Поэма антитехникалық, антибатысшылдық сарынында жазылған, руханилықты қорғаушы шығарма болып табылады. Автор жалаң білімнің рухани негізсіз болса зиян әкелетініне баса назар аударады:

«Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,

Білім+рух болуы үшін ажырамас қос қанат?

Қай кезде де білім  күшің, әрі нұрлы жетегің.

Білімнің де адамзатқа  зияны бар екенің

Кім ойлапты құдай-ау, егер ұры қаншама,

Зор білімнің қулығына қару етсе жан сала

Бейқам елге оның тартар азабы да соншама»

Ақын осындай рухани кедей адамдарды техникалық өркениет өкілі санап қана қоймайды, олардың басын осы өркениеттің соңғы жетістігі компьютерге, көзін-мониторға, өздерін «робот түйсік арқаланған, мейірімі тұл жарты адамдар» деп суреттейді. Оның пікірінше, жастардың ұлттық рухы төмен болуы олардың батысшыл болуымен байланысты. Оларға ықпал еткен батыстың мәнді мәдениеті емес, батыстық даңғаза өнер, соған көзсіз еліктеу [30, 50-51 б.].

Қазіргі уақытта компъютерлік сауаттылықты арттыру бағдарламалары мектеп қабырғасынан оқытылып, жастардың  компъютермен жұмыс жасауды толық  меңгерулеріне жағдайлар жасалған. Компъютерлік сауаттылықтың бұқаралық сипат алуы, жаңа көзқарастардың пайда болуына және ақпараттық қатынастарды қалыптастырды.

Ақпараттық мәдениетте тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігіне ықпал  ететін интернет технологияларымен  көпшілік жастардың шектен тыс әуестенуі денсаулыққа әсер етіп, психикалық ауытқуларға әкеледі. Қазіргі жағдайда виртуалдық жүйеде саналы түрде дұрыс қатынасты қалыптастыру тұлғаның және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін маңызды болып саналады.

Ақпараттық мәдениетті философиялық аспектіде қарастыру-тұлғаның ақпараттық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Дамыған ақпараттық көзқарастың қалыптасуы адамға қазіргі ақпаратық жағдайдың күрделілігіне қарай ақпараттық мәдениеттілікті жетілдіру қажеттілігін түсінуге жол ашты.

Ақпараттық мәдениеттілік деңгейі тұлғаның жалпы мәдени құрылымында маңызды орын алады. Ақпараттық мәдениеттілік деңгейі әртүрлі қажетті білімдердің жиынтығы арқылы айқындалған тұлғаның даму деңгейін көрсетеді. Адамның ақпараттық білім деңгейі оның қоғамдық әлеуметтік баспалдақта өз орнын табуға және қабілеттіліктерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді [31, 7-8 бб.].

Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда әртүрлі  ақпарат көздері зор роль атқарады. Белгілі саясаттанушы ғалым Л. Ахметова патриотизмнің қазіргі тұрпатына сипаттама бергенде тәуелсіздік жылдарындағы оның науқаншылдық үрдістен ада табиғатын еске салады. Ал, бұқаралық ақпарат көздерінің патриотизмді қалыптастыруда басты алғышарттары бар. Саясаттанушы ғалым Д. Жамбыловтың тұжырымы бойынша «....азаматтардың саяси сауатын көтеруіне,  адамгершілігін сезінуіне, абыройын жоғары ұстауына, еркіндікке, әлеуметтік әділеттілікке ұмтылысына, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды» [32, 140 б.]. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, қазақ тілінде шығатын газет пен журналдардың жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруы туралы мәселелер өте маңызды. Бұл ретте саясаттанушы ғалымдар Ә. Қалмырзаевтың, Г. Ибрагимованың, Ғ. Есімовтың еңбектерін атап өту керек. Мысалы, Г. Ибрагимова өзінің ақпарат құралдарының қоғамның саяси құрылымындағы орны жайындағы еңбектерінде [33, 28-31 бб.] дәл қазіргі таңдағы ақпараттық кеңістіктегі ұлттық рух мәселелерінің жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталады. Көршілес елдердің ақпараттық экспансиясы жас ұрпақтың санасын улап, талғамсыздықты насихаттаудың құралына айналды. Ақпарат көздері идеологиялық қызмет атқарады. Бұқаралық ақпарат көздеріне баспасөз (газет-журналдар), радио,телевизия және қоғамдық-саяси әдебиеттер жатады. Сол себептен де оларды бұқара көпшілікке идеологиялық әсер ететін құралдар ретінде қарастырамыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының жастарға саяси хабарламалар, халықаралық жағдайлар қарастырылған дәрістер, қызықты сайыстар арқылы әсер етеді. Сонымен қатар университет секілді жоғары оқу орындарында оқытылатын қоғамдық-саяси пәндердің дәрістері, семинарлары жастарға арналған тәрбиелік шараларды жүзеге асыруда маңызды болып келеді.

 

 

2.2 Ұлттық мәдениет рухына сай жастарды тәрбиелеу

Ел президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты” деп айтылғандай жаһандану әлеміндегі жастардың ұлттық рухта тәрбиелену мәселесі аса маңызды.

Қазақ жастарының келбетін тәрбиелеу дегеніміз – бұл мұғалім мен жастардың оқу-тәрбие үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өздігінен білім алуда іске асатын ата-ананың көмегімен, жастардың жеке көзқарасы, адамгершілік нормасы, жалпы мәдени кәсіптік қабілетінің жасалуына бағытталған мектеп ұжымының іс әрекеттері арқасында іске асады деп білеміз [34].

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауды  және жастардың патриоттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.

Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері  – рухани және адами қасиеттері, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ  үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы  тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып, әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды.

Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды  жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін  байытып, құнарландырып отырады. Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Күлтегіннен, әл-Фарабиден, Дулатиден одан беріректе Абай және Алтынсариннен бастап осы кезге дейінгі ғалымдардың барлығы да ұлттық тәрбиеге байланысты құнды дүниелер жазылды. Халық ертегілерін түрлендіріп, көңілге қонымды, қызық етіп өлеңмен өңдеп жазған Пушкиннің классикалық дәстүрін жақсы жалғастырып, біздің заман балдырғандарының ой-қиялдарына әдемі әсер ететін көптеген ертегілердің тамаша үлгілерін жасап берді. Мұндай ертегілер баланың дүниетанымы, өмірге көзқарасы мен ой-өрісінің кеңейе түсуіне, тілінің ұстаруына пайдасын тигізіп, жақсы қасиеттерді игеретінін аңғарамыз. Сондай-ақ  ұлттық тіл – тәрбие мен мәдениет құралы. Өнерпаз, меймандос, иманды, дана халқымыздың әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрі, салты тек ана тілінде ғана салтанатты дәрежеде ұрпағымыздың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға зор себін тигізіп келеді. Оған ешбір «ғаламдастырудың» қажеті жоқ. Әрбір жеке тұлғаны тәрбиелеу оның ана тілінде, ұлттық негізінде жүргізіледі. Сондықтан да ұлттық тәрбие бала ана құрсағында жатқаннан басталады. Ол тәрбиелік жүйені халық педагогикасы дейміз. Біліммен тәрбие – біртұтас. Ұлттық тәрбиені мемлекеттік рәсімге айналдыру керек. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, ғұлама жазушы М. Әуезов текке айтпаса керек.

Тәлім-тәрбие процесін педагогикалық ғылымдардың негізінен қарастыратындығы белгілі. Бірақ барлық тәрбие мәселесін, соның ішінде саяси тәрбиелеуді де осы бір ғылым жүйесі ғана зерделейді деу сыңаржақтылыққа жатады. Тәрбие ұғымының философиялық, саясаттанулық, эстетикалық, экологиялық, этикалық т.т. жақтары жеткілікті. Саясаттануда қоғамдық процестер мен азаматтық қатынастардың тәрбиелеу ісіндегі шешуші маңызына зор мән бере отырып, сонымен бірге белсенді қалыптастырушы фактор ретінде тәрбиешінің өзіне тән қажетті касиеттерді орнықтыру бағытында арнайы ұйымдастырылған әрекеттерге де үлкен көңіл бөлінеді. Яғни, тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Тәрбие дегеніміз адамдарда тәрбиешіге қажетті құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған шаралар болғандықтан, мұнда обьектімен субьектінің болғаны шарт. "Көп реттерде "тәрбие" мен "қалыптастыру" деген ұғымдардың мағынасын айырып жатпай, бірдей қолдана береді. Біздіңше, бұл дұрыстыкқа келе бермейтін сиякты. Өйткені қалыптастыру деген ұғымға обьективтілік тән. Адамның, оның бойында белгілі бір қасиеттердің қалыптасуы қоғамның, әлеуметтік, географиялық ортаның, тағы басқалардың әсерімен стихиялы түрде жүріп жатады, оған арнайы жұмыстардың қажеті жоқ. Ал тәрбие болса, ол адамдарда өздері қалаған қасиеттерді орнықтыру үшін оларды қалыптастыру процесін басқару қажет болған жерде басталады, ол белгілі бір мақсатқа, программаға лайық жүргізіліп отырады" [35, 4 б.]. Жастарды саяси тәрбиелеу туралы айтқанда бірден қойылатын мәселе осы процесстің стратегиясы мен оны жүзеге асыратын тактикалық әдістемені тандап алумен қатысты. Саяси-мәдени мағынасында стратегия ұғымы тандап алынатын бағдарламалармен басты құндылықтарға қатысты. Елбасымыздың "Ел халқына Жолдауында" жоғарыда аталған мәселе жан-жақты талданып, негізгі стратегиялық бағыт айқындалды. Стратегиядағы "2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгіге айналады" деген жолдар тек халықтың рухын көтеру үшін ғана айтылмаған, біздің ішкі мүмкіндіктеріміз бен қуаттарымызды қатал таразылаудан туған тұжырым бұл"- дейді Ә.Нысанбаев [36, 4 б.]. Егеменді мемлекет үшін патриотизм маңызды құндылыкқа жатады. Әсіресе, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу қыр-бедері көп ауқымды міндеттерді қамтиды. Патриоттық сананы қалыптастыруда Қазақстанның өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.

Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік  қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ  елінің әлемдік кеңістікте өз жолын  таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін  өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. «Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы «қызыл идеологияның» қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге «Мәңгі ел» ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық. Қысқаша айтқанда, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриялық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру» [37].

«Тәуелсіз елімізде оқушы-жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халкымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең ұрпақ өсіру – қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған» [38]. Қазақ халқының ұлттық-мәдени өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, біздің ұрпағымыздың тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанына бар жан-тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын ескеруі қажет. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игеруі керек.

Қазақстан көпұлтты мемлекетке жатады. Халықтың жартысына жуығы қазақ еместерден тұрады. Бірақ бұдан келіп, патриотизм мен ұлтжандылық бірімен-бірі үйлеспейді деу ағаттық болар. Өйткені, -дейді Ә.Нысанбаев, -"Қазақстан - қазақ ұлтының жер бетіндегі жалғыз мемлекеті, бірақ ол өз азаматтарының ұлтына, тіліне қарамай, бәрінің бірдей тең құқыктарын қамтамасыз етеді. Алайда біз көпэтносты мемлекет болуға тырыспауымыз қажет. Себебі, көп этностық кез-келген мемлекеттің ірге тасыңдағы ақау, сызат, іспеттес... Яғни этникалық бірігу, бірегейлену мемлекеттік ауқымда емес, ұлттық ауқымда жүзеге асуы қажет. Мұндай бірігу мемлекеттің ірге тасын бекітеді, ұлттың да рухани-мәдени жағынан молығуына, кемелденуіне жеткізеді. Осындай ұлттық бірегейлену процесі неғұрлым тез жүзеге асса, еліміздің экономикалық өсуімен дамуы да, ұлттық кауіпсіздігінің нығаюы да, азаматтық қоғам құруға талпынған демократиялық реформаларымыз карқынды әрі орнықты бола түсер еді. Қазіргі кейбір саясатшылар жиі айтатын "азаматтық қоғам", яғни жеке адамдардың құқықтары қорғалатын, олардың саяси және экономикалық бастамаларына еркіндік берілетін, кез-келген әлеуметтік проблеманы мемлекеттің араласуынсыз өзін-өзі реттейтін механизмі калыптаскан қоғам ұлттық бірегейленуден кейін ғана пайда болады. Мемлекет өзін өзі сактау үшін үнемі этникалық жанжалдардың алдын алып еріксіз қоғам өміріне араласуға мәжбүр болып отырған жағдайда "азаматтық қоғам" ешқашан кұрылмайды" [39, 68 б.].

Информация о работе Жастар мәдениеті