Жастар мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................


1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................

1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................

2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................

2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

Файлы: 1 файл

Гулжан диплом.doc

— 431.00 Кб (Скачать файл)

Сондықтан да көптеген зерттеушілердің басшылығымен Заң әдебиеттерінде жастар арасындағы қылмыстылықтың туу және даму себептерін анықтаудың тәсілдері нақтыланды:

а) Қылмыстылық зардап тудыратын кейбір мән - жайлардың  жиынтығы ретінде қылмыстылықтың барлық себептерін және қылмыстық зардап тудыратын кейбір мән-жайлардың жиынтығы ретінде ерекше себептерді бөліп алу [ 50, 62 б.];

ә) себептерді объективтік  және субъективтік деп бөлу [50, 83 б.];

б) жалпы қылмыстылықтың себептерін және нақты қылмыстардың себептерін жіктеу [51, 47 б.];

в) қылмыстылық себептерін жалпы әлеуметтік құбылысқа, нақты қылмыстардың белгілі бір түрлері мен санаттарына ажырату [52, 221 б.];

г) қылмыстылықта әлеуметтік себептерден басқа биологиялық  себептер де бар деген пікір ұстану [53, 105 б.]. Өз әрекетімен қылмыстылықты тудыратын пәрменді күштер қылмыстылықтың себептері, жалпы себеп болып табылады. Ал, нақты қылмыстық себептегі – ол қылмыс жасауы үшін субьектінің ынтасын қоздырытын пәрменді күштер [54, 30 б.].

Осы баяндалғандарды  ескере отырып, қылмыстылықтың жалпы  себептерін және нақты қылмыстың себептерін, сондай-ақ жағдайын ажырату қажет. Нақты қылмыстың себептері мен жағдайы, ол:

1) тұтынушылықты, мүдделерді, нақты адамның құндылыққа бағдарын  оң бағыттан тайдыратын, бұзатын, қылмыстық себептілікке негіз болатын орта;

2)   қылмыстық себептіліктің өзі;

3) адамның қалыптасу,  өмір сүру процесінде және  қылмыс жасау процесінде

Тікелей өзі болатын және мінез - құлықтағы қылмыстық себептіліктің туындауына және іске асуына мүмкіндік тудыратын (нақты қылмысқа мүмкіндік тудыртатын) жағдайлар [55, 122 б.].

Сондықтан бүгінгі жаһандану  дәуірінде ұлттық мемлекеттің іргесін  нығайту мен мәдени құндылықтарымызды  сақтап қалу өте өзекті проблемаға айналды. Мемлекетіміздің қоғамдық-саяси  дамуындағы мәдени бей-жайлық төмендегідей келеңсіз, зиянкес процестерді тудырды: – елде жаппай қарабайыр «бұқаралық мәдениеттің» таралуы; – жастар мен жас өспірімдердің мәдени талғамсыздығы; – байырғы ұлт қазақ халқының мәдени мұралары мен құндылықтарын, тілін қажетсінбеу; – шығармашылық өнерінің сұранысқа ие болмауы; – кәсібилік өнерден әуесқойлық өнердің басым түсуі, т.б. Бүгінгі жаһандану уақытында жастарды осындай рухани азғындаудан шығатын жолдарды қарастыру – күн тәртібіне шығып отырған күрделі мәселелердің бірі.

Жалпы жоғарыда айтып  кеткен жастардың бойындағы мінез-құлықтар олардың бойындағы адамгершілік қасиеттердің төмендігімен түсіндіріледі.  Жоғары моральдық және адамгершілік қадір - қасиеттерді аяққа таптап, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормаларды белден басып қайсы бір жастар(олардың ішінде ауыл жастары да бар) тарапынан жасалып жатқан бұзақылық, аулада, көшеде, қала берді, көпшілік жиналған жерлерде басқалардың ар - намысына, шамына тиіп, ұрыну, боқтап-балағаттау, ұрлық жасау,қарақшылық, нашақорлық, зинақорлық, нәпсіқұмарлық, бұрын естіп көрмеген жезөкшелік, бір сөзбен айтқанда, өркениеттілікке жат мұндай тәртіпсіз мінез - құлық көріністері бүгінгі таңда қоғамымызда орын алып отырған экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздіктің жемісі. Сол себептен де осындай жағымсыз қылықтардан жастарды арылту үшін этикалық тәрбие беру өте маңызды деп ойлаймын.

Этика (грек. ethika, ethos –  әдеп, өнегелік мінез) – өнегелік, мораль туралы ілім [56, 114 б.]. Этика өзіне нормативтік этиканы және мораль теориясын қамтиды. Біріншісі игілік, ізгілік, қастандық және т.б. туралы мәселелерді зерттейді, мінез-құлықтың моральдық кодексін тудырады, неге ұмтылу керектігін, қандай мінез-құлықтың жақсы екендігін, өмірде қандай мән бар екендігін көрсетеді. Этика бағыттары арқылы қылмысты болдырмауға және азайтуға үлкен мүмкіндіктер туады. Оның бір бағыты – дін болып есептелінеді. Себебі, мемлекет бар жерде дін болады, бірақ барлық діни ағымдар сол мемлекеттің дамуына, сол халықтың адами тәрбиесінде бірден дұрыс әсер ете алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында көптеген діни ағымдар, діни секталар жұмыс істеуде. Олар біздің жастарымызды қандай жолға бағыттайтыны белгісіз. Сондықтан жастардың қылмысқа бармау, құқық бұзбауының, адаспаудың негізгі бағыты ол діни сауаттылықта. Қазақстанның әрбір жас мүшесі діни жағынан сауатты болса, қылмысқа, құқық бұзуға бармайды. Ол үшін жастармен тікелей жұмыс істейтін педагогтар мен заңгерлер өздері діни сауатты болуы шарт. Мысалы, дінге мысал ретінде «ислам» діні көрсетіледі. Себебі, қоғамда исламдық мораль нормалары мен мінез-құлықтың этикалық ережелері нормаларының қайта жандануы және мемлекет заңдарын сақтау рухани-өнегелілігі жоғары адамды қалыптастыруда оң нәтиже бере алады. Ислам өз көрінісін өнегелік және өнегесіздік туралы ұғымдар мен түсініктерден, моральдық нормалардың жиынтығынан табады. Құранда ол туралы нақты жазып көрсеткен. Ол, адамдардың рухани, өнегелік және сана-сезімдік мәселелерін дін ғана біржола шеше алады, ол адамға соншалықты қажет ұстамдылық, төзімділік сияқты қасиеттерді баулиды, адамды қоғам мен мемлекеттің ешқашан толық жетілмейтіндігін ұғынуға және оның деңгейінен жоғары көтерілуге үйретеді. Ислам этикасының нормалары ұтымды ақыл-оймен және адам интеллектісімен сәйкес келеді. Егер «жоғарыда» ешнәрсе болмаса, бұл өмірде ойға келгеннің бәрін істей беруге болады деп санау адамның азғындауына алып келеді. Сондықтан да этикалық тәрбие мәселесі әруақытта мәңгілік әмбебап өнегелік негізге сүйену керек, содан ғана мәдениет, тәрбие, білім дәні өсіп шығады. Исламдық этика мұсылман дінін ұстанатын адам үшін сондай негіз болып табылады.

Әлеуметтендіру дегеніміз  адамзат өркениетінің қалыптасып, дамуы  барысында орнығып, тұрақтанған  әлеуметтік тәжірибені өскелең ұрпаққа  меңгерту арқылы оларға қоғамдық өмірден  өз орындарын табуға ықпал ету  деген түсініктің жиынтық ұғымы. Осыған сәйкес адамгершілік - құқықтық әлеуметтендіру үрдісінде өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қалпы мен құқықтық мәдениет, сондай-ақ осы саналық қасиеттердің олардың бойында қалыптасқандығының белгісі ретінде заңды құқықтық мінез - құлықтары қалыптастырылады. Демек, адамгершілік – құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру жас ұрпақтың қоғам мүшелерінің өзара қарым -қатынастарының астарын түсінуге, сондай - ақ қоғам өмірінің әртүрлі жақтарында жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, моральдық - этикалық, өндірістік, экологиялық, т.б. осылар сияқты қатынастарды реттеуші заңдық күші бар құқық нормаларын, адамгершілік қалыптарын, адамшылдық қасиеттерді меңгертуге, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтауға ұйтқы болады. Өскелең ұрпақтың бойына сіңірілген адамгершіліктік - құқықтық сапалық қасиеттер олардың алдағы өмірінде адамгершілік қылықтары мен құқықтық мәдениеттерінің мазмұнын құрайды. Күнделікті өмірде олардың бойына жұққан девианттық мінез - құлықтан арылуға мұрындық болады. Жастарды адамгершілік - құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру олардың қоғамдағы өз орындары мен мәртебесін білетін,көпшілік ортада өздерін - өздері ұстай алатын, тәртіп бұзса заң алдында жауап беретінін сезінетін, белгілі бір кәсіби мамандықты меңгеруге талаптануы керектігін түсінетін, сондай - ақ өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндетін орындайтын, заң үстемдігін мойындайтын құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болып қалыптасуларына ықпал етеді.

Адамгершілік тәрбиесі - жастардың адамгершілік сана сезімін, іс - әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие. Адамгершілікке негізделген қарым - қатынас тәжірибесін игертеді. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игертумен қатар, тұлғаның ар - ожданын, танымдық, қызығушылығын кешенді түрде дамытады. Адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады.

Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуда баға жетпес педагогикалық құрал– батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырларының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік болмысы “сегіз қырлы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін, Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады. Тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді. Президент Н. Назарбаев “Қалың елім – Қазағым” жинағында “…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…” және “Біз қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау” деп жазған еді.  Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кітабында: “Ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған.

Ғалымдардың пайымдауынша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін  негізгі ұғымдар – ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм. Ұғым дегеніміз  – заттар мен құбылыстардың жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар негізінде пікір, ой-тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жасалады. Бұл жерде ұлттық патриотизм және Қазақстандық патриотизм  ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, халық туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз – бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру және  басқа тәлім-тәрбиелік ұғымдар. Осыларды жан-жақты қозғап жүргізген зерттеу еңбектерімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікіріне сүйеніп ұлттық патриотизмге және қазақстандық патриотизмге анықтама беруге ұмтылып жүрміз. Бұл бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр. Б. Момышұлы “Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді” – деп анықтама берген. Байқағанымыздай, қаһарман жазушы ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм ұғымдарына философиялық тұрғыда анықтама беруге ұмтылған. Тағы бірде Баукең: “Ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты” дейді. Ал ұлттық патриотизмнің жастар бойында қалыптасуына салт-дәстүрлеріміздің маңызы өте зор. Дәстүрлердің қай-қайсысы болмасын, олардың бәрі де халықтың күнделікті өмірдегі тұрмыс-тіршілігін, мінез-құлық ерекшеліктерін білдіретін тұрақты қалып.

Халқымыздың ежелден  келе жатқан наным-сенім, салт-дәстүрлері, қазіргі таңда көптеген ғылыми еңбектерде жарық қөруде. Біріншіден, дәстүрлердің қай-қайсысы болмасын тәрбиелік мәні зор. Екіншіден, дәстүрдің психологиялық ерекшеліктері, сол дәстүр қалыптасқан халықтың тіршілік бейнесі мен еңбектенуі танылатын сан алуан дәстүрлерден қөрінеді. Мәселен, тәрбиенің негізі болып табылатын ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың жастар тәрбиесінде мәні зор. Аталған тәрбие ерекшеліктеріне қатысты деректер бойынша оның бірнеше түрлері бар. Соның бірі – отбасы тәрбиесі. Оған ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктері, жастарды жұбайлық өмірге тәрбиелеу жатады. Қазақ халқы ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, оның өзіндік ерекшелігін ескеріп тәрбиелеген. Халықта қалыптасқан «Ата қөрген оқ жонар»-дегендей, ұл тәрбиесіне ерекше мән беріп, оларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, сондай-ақ әнші, күйші, аңшы т.с.с. неше бір өнерлерге, сырт шаруаға, яғни жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен.

Ерте кезден ата-бабаларымыз балалары мен немерелерін ауылдарда өткізілетін той-думанға, айтыстарға, бәйге жарыстары мен жамбы ату сайыстарына қатыстырып жүрген. Тәрбиенің басты шарты үлкендер ел алдында танылған алуан өнерді жастардың бойына біртіндеп сіңірте беру керек деп түсінген. Ал қыз тәрбиесінде «Қыз өссе – елдің қөркі»,-деп айтылатындай, қай ата-ана болса да ғұрып, дәстүрге тән, қыз балаларға камзол, қәмшат бөрік, биік өкше етік, қос етек қөйлек тіктіртіп кигізген.

Ерте кезден қыз балаларды  ішкі үй шаруасына тартумен қатар  жалпы әйел табиғатына тән нәзіктілік, сабырлылық, төзімділік, бала тәрбиелеу, өнерге баулу сынды т.с.с жақсы игі істерге баулыған. Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсінін шебер суреттеудегі мақсаты жастарды әсем сезімге бөлеудегі даналықты қөрсетеді. Жалпы ерте кезден қалыптасқан құндылықтардан ертегі, аңыз әңгімелер, жырлар мен термелер, мақал-мәтелдерді ата-бабаларымыздың жастарға айтып беріп, оларды тапқырлыққа, шешендікке, батылдық пен даналыққа ежелгі дәстүрлер негізінде тәрбиелеуі осы пікірдің айғағы.

Ерте заманнан дәстүр жастарға білім берудегі негізгі құрал болып келді. Мәселен, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі десек, сол арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болып табылатын білім қорымен қаруландыру, ойлау амал-жолдарын меңгерту, білім мен дағдылар және дүниетанымын қалыптастыру міндетінің шешілетіні хақ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғам топтасуы саяси, идеологиялық, діни, этникалық немесе топтық мүдделерді біріктіруіне арналған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениетті насихаттауға байланысты» деп қарауға тура келеді. Биылғы жылдың маңызды оқиғаларының бірі – ол егеменді еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуымен айқындалады.

Тәуелсіз елімізде 120-дан астам ұлттың өкілдері ұзақ жылдар бойы тату-тәтті бірге өмір сүріп жатыр. Ұлт достастығын күшейтуде еліміздегі халықтардың тілдері, діндері басқа болсада, тілеуі бір, салт-дәстүрлері өзара түсіністік пен сыйластықта, кең түрде қалыптасқан жастарды тәрбиелеуді насихаттаудағы істеліп жатқан игілікті істердің маңызы ерекше.

 Қазіргі таңда Қазақстан үшінші онжылдыққа жастардың жаңа толқыны өздерінің түбегейлі өзгерген тұлға сапасымен, құндылық қалпымен және өмірлік бағдарымен алғашқы қадамын бастады. Демократиялық қоғамның жаңару, білім беру жүйесінің жетілуі мен мазмұнының ұлғаюы, саналы да, тәрбиелі болшақ маманның қалыптасуына көптеген талаптар қояды. Жаңа ұстанымдардың айқындама қөзқарастары жоғарғы мектептің білім беру үрдісіндегі тәрбие беру мәселесіне заманауи бағыттар мен модельдерді енгізуді баян етеді. Бүгінгі тәрбиені Қазақстандағы модернизациялық үрдістер жетістігінің факторы ретінде және де тұлғаның өзін-өзі дамыту мүмкіншілігінінің тәсілі ретінде қарастыру қажет. Тәрбие жұмысы бір жағынан динамикалық, яғни әрқашан алға басушы және жетілдіруші үрдіс, ал екінші жағынан, ол қоғамның ерекше бағыттарына сай тұлғаның батылды да, мақсатты әрекеті болып табылады.

Тәрбие кеңістігі сындарлы іс-әрекет үрдісінде пайда болады және оның негізінде дамиды. Тәрбие кеңістігі – ол тәрбие тиімділігін  жоғарлату мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттің нәтижесі мен тәсілі. Бұл ретте, іс-әрекет тек қана жасампаз ғана емес, сонымен қатар ықпалдасушы. Бұндай түсінікте тәрбие кеңістігінің әсер ету «механизмі» тәрбие үрдісі субъектілерінің бірлескен іс-әрекеті ретінде көрініс табады.

Тәрбие кеңістігін құрудың  тиімділігі бірін-бірі толықтыратын бірнеше  деңгейлерге байланысты. Осы деңгейлердің жиынтығын – тәрбие траекториясы деп қарастыруға болады. Тәрбие траекториясының  негізгі элементтерінің бірі тәрбие әдістері болып саналады.

Тәрбие құралдарына  көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдар және тағы басқалар жатады. Ал тәрбие жұмысының инновациялық әдістері ретінде «Сенім», TBO, BS, полимофтық, амбиваленттік, рефлексия.  
Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану абзал. 
Осы әдістерді қолдана, біріншіден әрбір студенттің жеке қасиеттері мен жас ерекшеліктерінде ескерген жөн. Екіншіден қоғамның ерекшеліктеріне мән беру.  
        Қорыта келе, тәрбие жұмысында «Тәрбие кеңістігін» құрып, тәрбие траекториясын әрбір жоғарғы мектептің әрбір курсын ескере отырып, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін модель ретінде қарастыру жоғарғы оқу орынның оқу-тәрбие жұмысын жандандыру мен көркейту мақсатында қолдану абзал. Осы жерде студенттердің университет жүйесіндегі іс-әрекетіне байланысты, жалпы өзін-өзі дұрыс ұстауына бағытталған ар-намыс кодексі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қабылданды. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығы:

Информация о работе Жастар мәдениеті