Жастар мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................


1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................

1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................

2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................

2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

Файлы: 1 файл

Гулжан диплом.doc

— 431.00 Кб (Скачать файл)

Қазақтың этномәдениеті  құндылықтарының бір саласы - халықтың кәсіби және тұрмыстық фольклоры. Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы, ағаш,  тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері т.б. сан-алуан өнерлері. Әсіресе, халық данышпандығының бар асылын бойына жинаған сәндік-қолданбалы өнері – халқымыздың қоршаған өмір шындығын музыкалық, поэтикалық және басқа эстетикалық дәстүрлер аясындағы эмоциялық сезімдері мен эстетикалық талғамдарын қалыптастырған этномәдениетінің қайнар көзі. Бұл саладағы өткенгі және қазіргі қолөнер бұйымдары, халқымыздың көркем-шығармашылық дәстүрлері мен рухани-материалдық мәдениетінің құндылықтарын сақтауға, игере отырып байыта түсуге жетелейді.

Н.Елікбаев қазақ халқының ұлттық психологиясының қалыптасуы мен заңдылықтарын, оның өзіндік табиғатын, құрылымын, тарихы мен әлеуметтік-мәдени негіздерін анықтай келе, тарихи сана мен ұлттық мәдениет – ұлт рухының өзегі, қазақстандық патриотизм мен ұлттық тәрбие – рухани топтасудың тірегі екенін, елімізде этникалық қарым-қатынас мәдениеті мен келісімін жетілдіру арналарын анықтаған.

       Қазақ топырағында этномәдени білім идеясының туын алғаш көтерген Ш.Уәлиханов. Ағартушы этномәдени білім беру мазмұнында қазақ халық ауыз әдебиетін жинақтау арқылы балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік – тарихи тәжірибесін әсерлі көрсете білді. Ол: «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы,- деп жазды, - бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы - терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл».

Ы.Алтынсариннің пікірінше, оқу-тәрбие процесінде халық шығармашылығын пайдалану балаларды ата-баба салт-дәстүрлерін  сыйлауға, адамдардың ойлары мен әрекеттерін  дұрыс түсінуге үйретеді, адамгершілік сапаларының, эстетикалық талғамдарының және т.б. қалыптасуына септігін тигізеді. «Қазақ баласы ортаны ғылыми танып-білмеді; алайда ол өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы көп білді, Сарыарқа даласында жақсы бағыт ала білді; ол атқа жақсы шапты, садақтан дәл атты, аңшылыққа, ақындар айтысына қатысты; ертегішілерді тыңдады. Қазақ баласы ұтқыр мақалдарды, ертегілерді, жұмбақтарды, ойындарды, адамгершілік үйретулерді қабылдап, естерінде сақтады».

Абайдың этномәдени білім  беру идеяларындағы басты нысана - «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», – деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Абай адамды тұтас жеке тұлға ретінде қабылдады, «толық адам» идеясын ұсынды.

Қазіргі таңда, қазақ тілі өзіндік ерекшелігі бар  стиль бағытынан ауытқып бара жатыр. Өкінішке орай, мұндай жағдай қазақ жастары арасында орын алуда. Бұндай жағдайдың болуының себебі неде? Көп себептердің бірі – қазақ тілінде әдеби және ғылыми еңбектердің аз болуы, тіпті бар  болғанның өзінде сын көтермейді. Яғни жоғарғы оқу орындары студенттері сабаққа дайындалғанда бар әдебиеттерді пайдаланады, ал олар болса – бұрынғы  Кеңес Үкіметі кезінде жазылған дүниелер қайта өңделіп, толықтырылып жазылған немесе қазіргі уақыт ағымының талаптарына сәйкес жазылған әдебиеттерді түсіну көп уақытты және шыдамдылықты талап етеді. Ал Жаһандану-нарық уақытында, әр уақыт – ақша. Сондықтанда, жастар көп уақытты өткізбей сол «сапасыз» әдебиеттерді оқып немесе жаттап, балл (баға) алады. Өйткені, олар өмірдің барлық қызығын көргісі келеді, олардың жастық кездік мақсаты сол. Олардың, былай қарасақ, еш кінәсі жоқ. Өйткені мұндай мақсат-мұрат қазіргі кездің өмірлік үрдісі болып отыр.

Бүгінгі жастардың тілге  деген ықыласы мен құлшынысы  қандай деген сұраққа жауап издеудің өзі өте қиын. Біз сөз етіп отырған  мәселелер елдің ертеңі саналатын жастардың арасында көпшілігіміз біле бермейтін қырынан көрінеді. Оны Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының Қазақстан социологтарының қауымдастығымен бірлесіп жасаған студент жастар арасындағы әлеуметтік зерттеуінен көруге болады. Мәселен, Алматыдағы қазақ жастарының 90 пайызы өз тілдерін жетік біледі. Ал қалғандары белсенді оқып-үйреніп жүр. Тілді үйренгісі келмейтін бірде-бір жас жоқ. «Өзіңізді Қазақстанның патриоты санайсыз ба?» деген сұраққа қазақтардың 55,3%-ы, орыстардың 46,4%-ы, өзге ұлт өкілдерінің 48,5%-ы батыл түрде «иә» деп жауап берген. Ал «Өзіңізді қайсы діни конфессияға жатқызасыз?» деген сұрақ қойылғандардың бәрінің 76,0%-ы, оның ішінде қазақтардың 96,1%-ы, орыстардың 17,0%-ы, өзге ұлт өкілдерінің 82,7%-ы Ислам дінін көрсеткен. Сұралғандардың бәрінің 52,3%-ы, оның ішінде қазақтардың 69,2%-ы, орыстардың 18,6%-ы, өзге ұлт өкілдерінің 39,7%-ы өздерін қазақ тілін еркін меңгергенмін деп санайды. Барлық сұралғандардың 43,4%-ы қазақ тілін білу керек деп жауап берсе, алайда қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін жалғастыруды 17,3%-ы ғана қолдаған. Демек, жастар тілге ден қойды деген сөз. Егер Алматы қаласының 30 пайызының жастар екендігін, Қазақстандағы студенттердің үштен бірінің Алматыда оқитынын ескерсек, тіліміздің ертеңіне кәміл сенуге болады. Тек қынжылтатыны, жастар арасында этномәдениетке деген селқостық байқалады. Осы орайда жастар арасында соңғы кезеңде батыстық мәдениетке жалаң еліктеудің, жат діннің ықпалында кетудің етек алып бара жатқанын айтпауға болмайды.

       

 

 

2.1. Ақпараттық  қоғамның жастар өміріндегі ролі

Кез-келген ашық дамушы жүйе секілді адам өмірі ақпаратпен тығыз байланысты. Өйткені ақпаратқа деген қажеттілік адам өмірінде маңызды. Ақпаратқа деген қажеттілікті В.З.Коган, Н. Кисилев және басқа де ғалымдар мета қажеттілік деп атаса, ал В.А. Уаханов интегративті қажетттілік ретінде санап, шығарылған және тасымалданатын ақпараттың іс-әркет жүзеге асырылатындығын және субъекті үшін ақпараттық қызметтің жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Ақпарат адам үшін қоршаған материалдық әлемде бағыт-бағдар алуға тікелей мүмкіндік береді. Сыртқы ортада көптеген заттардың және құбылыстардың маңызды қасиеттерін тұлға өзінің өмірлік тәжірибесінде ғана емес, ақпараттың қайнар көздерінен де алады [23, 115-120 бб.].

Ел тәуелсіздігінің  аясында дамыған сайын жастарға тәрбие және білім беру жүйесінің  жан-жақты моделін жасауға ұмтылыс  күшейе түсуде. Қазіргі кезде жастарға тәрбие беру туралы сұрақтардың терең  философиялық маңызы бар. Жастарға құндылығы  жоғары тәрбие беруде оқыту процесі мен тәрбие беру қатар жүреді.  Сондықтан да білім беру мен тәрбие процесін бір-бірінен ажырамастай қарастыру қажет. Тек ғана осы бірліктің негізінде елге тұлға боларлық саналы, мәдениетті жас ұрпақты қалыптастыруға болады. Тәрбие-адамның өмірлік іс-әрекетінің ерекше бір сферасы болып табылады. Ұлы ойшылымыз Әл-Фараби «Нәрсе біткеннің парқын түсініп, ұғынуға келгенде адам мейлінше зерек болуға тиіс, ол, ол ма, ғылымды меңгеру ісінде адам шыдамды да табанды болуға тиіс, жаратылысы бойынша ақиқат пен оның күрескерлерін, әділеттілік пен оның жақтастарын сүйетін болуы керек.    ... Жұрттың теріс деп білетін нәрселері жөнінде ол әдеп сақтап, инабатты болуы тиіс, жақсылық пен әділеттілікке оңай бағынып, жамандық пен әділетсіздікке көне бермеуі керек, мұнда мейлінше естиярлы болғаны жөн. Оның үстіне адам өзінің табиғи бейімділігіне сәйкес келетін заңдар мен әдет-ғұрып негізінде тәрбиеленген болуы шарт, өзін аялап өсірген дін жайындағы көзқарастарында кәміл сенімді болуы, өзінің діні (парыз) еткен ізгі әрекеттерден айнымауы, бұларды түгелдей де, там-тұмдап та бұзбауы қажет, бұл ретте баршаға мәлім бойынша дұрыс деп танылған ізгіліктерді берік сақтауы және баршаға мәлім бойынша оңды деп танылған әрекеттерге қарсы шықпауы керек» деген екен [24, 367-368 бб.]. Шынында да жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды негізге алып, қазақ халқының тарихи, мәдени байлығына назар аударған жөн. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы ұлттық құндылықтар мен батыстан енген құндылықтардың арасалмағын ажырата білуіміз керек және тарих қойнауында пісіп жетілген озық үлгі болатын салт-дәстүрлер, қазақ ойшылдарының даналық пікірлері мен ұлттық төл құндылықтарды негізге алған жөн. Жастарға тәрбие беру мәселесін терең зерттеген  және сол жайлы «Педагогика» атты қазақ тілінде еңбек жазған Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Тәрбие, кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтқанда, адамның баласын кәмелет жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» [25, 13 б.]. Ал белгілі ғалым, білікті педагог Ә. Табылдиев тәрбие түрлерін былайша жіктейді: «Тәрбие туралы ұғымдар жүйесін, тәрбие заңдылықтарын тәрбие теориялары айқындайды. Педагогика тарихында авторитарлық (беделдік), сенсорлық (сезіндіру), еркін тәрбие, прагматизм (шақтап тәрбиелеу), неопозитивизм (саясатсыз тәрбиелеу), экзистенциализм ( өзіндік тәрбие), неотомизм (дінге байланысты тәрбие беру), ұжым арқылы тәрбие беру, гуманизм (адамгершілік негізінде тәрбиелеу), имандылық (кісілік), демократизм (көпшілдік) теориялары белгілі» [26, 16-19 бб.]. 

XXI ғасыр-ақпараттың шарықтап  дамыған кезеңі. Бұл техника, технологияның дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да қазіргі заманғы өркениетті көбіне ақпараттық қоғам деп атайды. «Ақпарат» ұғымын XXI ғасырдың ортасынан бастап мазасыз Клод Шеннон таза техникалық мағынасында өзінің байланыс (кодтарды тасымалдау) теориясы шеңберінде оңды-солды пайдалана бастағаннан біраз кейін Норберт Винер әріптесінің тапқан терминін табиғаттың, адам мен қоғамның бар екендігін анықтайтын іргелі ұғым ретінде түсіндірді. Онда табиғаттағы мақсатқа бағытталғандық, мүдделілік тұрғысынан алғандағы ақпарат өркениеттің мағыналық мәнін анықтайды. Әлемде ақпаратқа негізделген технологиялық революция, төңкеріліс туралы алғаш пайда бола бастаған хабарламалар Д.Белл, Ж.Ж. Серван-Шрайбер, Т. Умесао 1960 жылдардағы зерттеулерінде кезігеді. Ф.Махлуп «ақпараттық қоғам» терминін ғылыми қолданысқа енгізеді.  Ақпараттық қоғамға қатысты Ж.Ж Серван-Шрайбердің «Американдық талап» деген 1967 жылы Парижде жарыққа шыққан кітабына назар аударалық. Оның айтуы бойынша, бұдан былайғы жерде ел мен жер арасындағы айырмашылық оның табиғат байлығына, оның индустриясына тәуелді болмайды, оның адами қор көзіне тәуелді болады. «Ақыл-ойдың қиялдау, ішкі түйсік, шығармашылық идеялар сынды қасиеттері ЭЕМ (электронды есептеуіші машиналар) тән жады мен есеп-қисапқа деген артық қабілетпен қосыла отырып, өзіне керемет әріптес табады. Осы әріптестік интеллекттің бұрындары болмаған даму дәрежесіне жеткізіп, бұған дейін көрмеген өзіндік әлемді жасақтайды» [27]. Ақпараттық мәдениетті меңгеру-адамның өзін-өзі тануға және қоғамда өзінің орны мен ролін түсінуге көмектесетін әмбебептандыру жолы. Ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына ашық қоғам мен білім беру жүйесінің, ақпараттық технологиялардың рөлі маңызды бола саналады. Ол ақпараттық қауымдастықта өте маңызды ақпаратты айқындауға, ақпараттық құндылығын бағалауға, ақпаратты өңдеу және оны қолдана алу дағдылар мен қабілеттіліктерді меңгеруге жағдайлар жасайды. Ұдайы үдей түскен ақпаратттық ағында жас адамдардың сана-cезімі мен психикасына әсер етеді, сол арқылы олар жастардың дүниетүйсіктері мен дүниетанымдарын өзгертеді. Бұқаралық коммуникация құралдары өзінің мазмұны бойынша мүлде бөлек ақпараттарды таратады да, бұл жастардың эмоциялық күйлеріне өзінше әсер етеді. Шексіз еркіндік, күш көрсету алдыңғы орындарға шықты. Әрі осы аспектіде алынған ақпарат, көбіне олардың қанағаттану мүмкіндіктерімен сәйкес келе бермейтін қажеттіліктерін қалыптастырады да, соның нәтижесінде оң, сондай-ақ келеңсіз салдарлар да болуы мүмкін.

Г.Б. Бекежанова атап өткендей, «қазір әлемде, сірә, Интернеттің қызметтерін пайдаланбайтын бірде-бір ел жоқ болса керек. Әлеуметтанушылар көптеген елдерде жүргізген зерттеулер бойынша Интернетке қол жеткізудің сауатты және сауатсыз, бай және кедей адамдардың, еркектер мен әйелдердің, қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы өзіндік бөлгіш сызыққа айналғанын көрсетеді. Тағы бір бөлгіш сызық-ағылшын тілін білу, осы тіл сайттардың, компьютер графикасы мен нұсқаулықтардың 80% пайдаланылады. Ақпараттандырудың нәтижесінде әлемде адамдарды бөлетін жаңа, көзге көрінбейтін, бірақ қауіпті тосқауылдар туындайды: Интернет «әлемдік өрмекші торына» қол жететін адамдарды біріктірсе, оған мүмкіндіктері жоқтарды жолатпайды. Коммуникацияның екі қосарлы жүйесі пайда болды. Оның біреуі-жақсы білімі, ақпараттың кең көлемдерін әрі жылдам, әрі арзан алуға мүмкіндік беретін осы заманғы байланыс құралдары бар дәулетті адамдар үшін болса, екіншісі-Интернетке шығуға мүмкіндіктері жоқ, сондықтан ескірген және анағұрлым құнсыз ақпарат алудың бұрынғы әдістері мен тәсілдерін пайдалануға мәжбүр адамдар үшін. Осы екі жүйе өкілдерінің арасындағы бәсекенің нәтижесі көпе-көрінеу: ақпарат пен коммуникацияның қазіргі заманғы жүйесінің басымдығы одан тысқарыларға тең мүмкіндіктердің жұрнағын да қалдырмайды. Соның нәтижесінде ғаламшардағы лайықты табыстары, білімі мен осы заманғы байланыс құралдарына қол жеткізу мүмкіндіктері жоқ халықтың басым көпшілігі барған сайын шеттетіле де, технологиялық және экономикалық прогрестен аулақтатылады» (Бекежанова Г.Б., 2005).

Қоғамдық-саяси ой сананың  көрініс табар құралдарының бірі-баспасөз екені мәлім. Осы тұрғыдан алғанда  атамекенді сүю, Отан-Ананы ардақтау, еліңнің қамы үшін еңбек ет деген  үндеуді, қалың әлеуметтің патриоттық сезімін оятатын көсемсөздік желеулерді, ұлттық рухты үстемелейтін заманхаттар қазақ баспасөзінің негізгі жазар тақырыптарының бірі. Өйткені белгілі баспагер, ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атап көрсеткеніндей: «Қазақстандағы қоғамды демократияландыру тарихын көбіне-көп қазақстандық журналистика тарихы деп білген жөн» [28].

Ақпараттар ағымының молдылығы қазіргі кезде қатты  алаңдатушылықты тудырып отыр. Себебі қабылданып жатқан ақпараттардың сапасының  қандай екені тағы бір үлкен сұрақ. Оның тәрбиелік мәнінің қаншалықта екенін білу өте маңызды. Он жыл сайын балаларға берілетін білімнің көлемі, мөлшері екі есеге көбейіп отыр, ал ми жүйесінің жұмыс жасауымен байланысты зеректігі қандай күйде қалып отырғаны белгісіз. Жалпы адам баласының миы шектен тыс ақпаратты қабылдай алмайды. Сондықтан да ақпараттық қоғамда сан түрлі ақпараттарды қабылдау денсаулыққа зиянын тигізеді. Өмір ағымына ілесу үшін жастарға тұрмыс-тіршілік, өмір құбылыстары туралы мол ақпаратпен қамтамасыз ету барлық мәселені шешпейді.  Батыс ықпалының әсері де ақпараттарының мықтылығынан байқалады. Әсіресе, заманның құдіретті қаруы-теледидар адамның санасына үлкен әсер етіп отыр.

Жастарды тәрбиелеуде  кітаптан алынған ақпараттардың  берер тәрбиесі өте үлкен. Ы. Алтынсарин  «.... кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін» айта отырып, «шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып» шығуы керек. Кітапты құрастырғанда «біріншіден, ... ана тілімізде шыққалы отырған кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап кітап бола алу жағын» көздеу керек. Себебі, «қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену  керек болып отыр» [29, 70-72 бб.]. Ал қазіргі ақпараттық қоғамда жастардың кітап оқуға деген ынтасының төмен болуы, кітапханаларға бас сұқпауы куантарлық жағдай емес. Бұның бәрі Ғаламтордың пайда болуымен, оны қолданудың оңай әрі тиімділігіне байланысты болып отыр. Өйткені Оқу феноменi – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бiрi. Адамның өзiн-өзi сапалық жетiлдiруiнiң бұдан асқан пәрмендi, һәм қарапайым құралы некен-саяқ. Және оны тек  «Гутенберг әлемiнiң» пайда болуымен байланыстырып, шектелудiң қажетi жоқ. VI - VIII ғасырларда тасқа қашалған түркi жазулары да оқуға арналған әр алуан ақпарат пен тарихи баяндар болатын. Адамзаттың ғасырлар бойы жинаған бiлiм-ғылымын игеру оқу арқылы келетiнi мәлiм. Оқу процесi адам өмiрiнiң барлық кезеңiн, яғни балалық, жастық, қарттық шақтарды түгел  қамтиды. Оқу арқылы адам өзiн интеллектуалдық тұрғыдан дамытады. өркендеу мен өрлеудiң қазiргi заманауи талаптары да оқу феноменiнiң қадiрiн асырмаса, кемiтпейтiнiн жоғарыда айттық. Жоғары технологиялар заманының адамға да, қоғамға да, мемлекетке де қояр басты шарттарының бiрi - бiлiм мен ақпаратты барынша кең пайдалана бiлу. Сауатсыздықтың кез келген түрi, ақпаратты игеру мен талдап, пайдаланудағы кемшiлiктер тиiсiнше терiс әлеуметтiк және экономикалық зардаптарға ұшыратады. Дамыған елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, халықтың жоғары дәрежеде сауатты болуы ел экономикасының дамуына, адамдардың өмiр сүру сапасын көтерiп, бiлiм, ғылым және мәдениеттiң жедел дамуына әсер етедiОсыған қарамастан жекелеген елдерде ғана емес, ғаламдық сипатта оқудың, нақтырақ айтқанда, кiтап оқудың қадiрi қаша бастағандай ахуал белең алуы да құпия емес. Тiптi, «екiншi деңгейдегi сауатсыздық» деген арнайы термин айналымға енiп кеттi. Мысалы, АҚШ-та екiншi деңгейдегi сауатсыздар қатарында 40-50 миллиондай адам бар деп есептеледi. Германия мен Францияда да бұл көрсеткiш әжептәуiр деңгейде. Ресейде де кiтапқа немқұрайды қараушылық шегiне жеттi деп есептейдi. Бiр назар аударарлығы – мәселе оқырмандардың ғана емес, жазушылардың да селқостығы жөнiнде болып отыр.Кiтап оқуға немқұрайдылық проблемасының астарында адам сапасына қатысты ақпараттық қана емес, тәрбиелiк фактор тұрғысынан алғандағы зауалдар да бар.  Герберт Маршал Маклюин ХХғасырдың елуінші жылдары бұқаралық ақпарат құралдарының адамзат қоғамына тигізер әсерінің салдарын зерттеген алғашқылардың бірі боп кірісті. Содан бері «Торонтодан шыққан пайғамбар» электрондық дәуірдің ізашары,жаршысы деп есептелінеді. Оның кітаптарынан алынған сөздәйек ретіндегі үзінді цитаталар қанатты сөз қатарына еніп кетті. Мысалы,екінің бірі таңертен тұра сала өзінің электронды поштасына сонау алыс Америкадан ен Африкадан кеп түскен жолдастарының хаттарын алады, арадағы алыс шақырымдарды жақындатқан әлемдік Интернет жүйесіне рахметін айта отыра ғаламшардың «бір уысқа сыйып» бір кіші ауылдай болғанына риза болады.Әлемнің арғы жағында не болып қалғанын бір екі минуттай кідірісте білу мүмкіншілігі қандай.Маклюеннің «жахандық ауыл» дегені де осы немесе, «Гутенберг галактикасы» деген де оның еңбектерінен шыққан тезис. Сондықтан да кітап оқудың өз маңызынан айырылып қалғандығын кітапханадан оқырманның кетуін осы күні біз «Гутенберг галактикасының» өлімі дейміз.

Информация о работе Жастар мәдениеті