Жастар мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................


1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................

1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................

2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................

2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

Файлы: 1 файл

Гулжан диплом.doc

— 431.00 Кб (Скачать файл)

- Университеттің  жоғарғы санатты жəне адамгершілігі  аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,

- Университеттік  қауымдастықтың бірлескен мəдениетін  қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың  Қазақстан Республикасындағы кəсіби  мамандарды дайындаудың жетекші  орталығы жəне отандық білім  берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтаудыөзінің міндеті ретінде санай отырып,

- ҚазҰУ-да студенттермен,  қызметкерлермен жəне жоғарғы  оқу орнының əкімшілігі арасында  шынайы демократиялық қарым-қатынастар  жүйесін қалыптастыруға ұмтыла  отырып,

- ҚазҰУ студентінің аталып отырған ар-намыс Кодексін қабылдайды жəне оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.

1-бап.

ҚазҰУ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңдарына, ҚазҰУ Жарғысына, ішкі тəртіп Ережесіне, жатақханада  тұру Ережесіне жəне басқа да ҚазҰУ-дың нормативті актілеріне бағынады.

2-бап.

ҚазҰУ студенті ұлттық мəдениет пен Қазақстан мемлекеттінің  қалыптасу тарихын біледі жəне оларды қастерлейді, университет дəстүрлерін  кіршіксіз сақтайды жəне оларды құрметтейді.

3-бап.

ҚазҰУ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен жəне ҚазҰУ əкімшілігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық танытады.

4-бап.

ҚазҰУ студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік дəрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды.

5-бап.

ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң  орындайды, төмендегідей академиялық  нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

- Плагиат;

- Алдау;

- Шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру жəне біреуден сұрау;

- Білімді бақылау  процедурасынан бөтен тұлғаның  атынан өту;

- Жоғары баға  алу үшін туысқандық немесе  қызметтік байланыстарын пайдалану;

- Пара беру;

- Оқытушыны  алдау жəне оны сыйламау;

- Сабақтарды  жіберу жəне кешігу, оқу сабақтарына  немесе олардың бір бөлігіне  белгісіз себептермен қатыспау.

6-бап.

ҚазҰУ студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық  жасайды жəне университет аумағында  жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді;

7-бап.

ҚазҰУ студенті университеттің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды  жəне бұл ресурстарға қатысты  салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.

8-бап.

ҚазҰУ студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық жəне эстетикалық нормаларға сəйкес келеді.

9-бап.

ҚазҰУ студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мəдени, адамгершілік жəне тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, университеттің қоғамдық-мəдени, ғылыми жəне спорттық өміріне белсене атсалысады.

10-бап.

ҚазҰУ студенті университетте жəне оның аумағынан  тыс жерлерде де құқық бұзушылық  əрекеттерге жол бермеуге тиіс.

11-бап.

ҚазҰУ студенті тəртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі.

Жалпы, қазіргі кезде қоғамда өзгерудің күрделі процесі жүріп жатыр және ол жастардың әлеуметтенуіне әсер етуде. Бүгінде Қазақстанда  әлеуметтік, саяси бетбұрыстарға байланысты басты дәстүрлі құндылықтар дағдарыс үстінде. Жастардың әлеуметтенуінде материалды құндылықтардың басым болуы жастардың  күнделікті  өмірдегі ұстанымдарын басқа арнаға бұруда, яғни жастар ата-анадан материалдық көмек алып, ал рухани жағына келгенде, ата-ананың кеңесіне құлақ аспайды. Осындай іс-әрекеттер қоғамда бейформальды жастар ұйымдарының қалыптасуына әкеледі. Сондықтан да мемлекет пен ата-ана жастардың тәрбиесіне бесіктен бастап үлкен мән беруі керек. Ұлы Абай: «Адамның адамшылығы, адамгершілігі -  ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан, - » дейді. Ұлттық сана, ұлттық болмыс негізін қалыптастыру жастарды  жалпы адамзаттық құндылық, бағалық, ұлттық төл мәдениет негізінде дүниенің мән мағынасын түсініп, игеруіне, өзгеріске толы әлеуметтік экономикалық, саяси жағдайға бейімделіп,  өмірден өз орнын табуына көмектесу – бәрі-бәрі тұлғаның ізгілікті қасиетіне байланысты. Абайдың пікірінше ізгіліктің басты арқауы - өз халқының төл мәдениеті. Оған ұлттық бағдар тән. Ал ізгілікті қасиет - адамның білімі, мен намысы, сенімі, ар-ұжданы, мұраты, мақсаты, әлеуметтік әдет, мінез-құлық бітісі, тәртіпті қатынасты реттеуші негіз, дүниетаным діңгегі. Гумандық қасиеттердің түп-тамыры - адамгершілік. Сондықтан да қазіргі жастардың жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытуына әсер ететін «руханилық» және «әдептік. Жалпы айтқанда, жастар-еліміздің болашағы, ал сол еліміздің болашағының болмысы әркімді жай қалдырмауы тиіс. Қоғам дамуында жастардың өзіндік тұлға ретінде қалыптасуында рухани, материалдық құндылықтардың орны ерекше. Соның ішінде ұлттық мәдени құндылықтардың жастарға берер тәрбиесі өте зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі таңда қазақ  халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы  саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік  өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені  кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақаталып отырады. Тәуелсіз елімізде ұлттық мәдениет кеңістігінде жастарыз тәрбиеленіп жүр ме, олардың орны қандай деген сұрақтар аса маңызды болып отыр. Себебі жастар мәселесі қай уақытта да өткір күрделі болған. Өмірге енді аяқ басқан тәжірибесі жоқ, қоғамның әлеуметтік және экономикалық сипатын танып біле қоймаған жас адамдардың тағдыры өзі үшін де, қоршаған орта үшін де жай нәрсе емес. Мәні мен мазмұны жағынан тіптен бөлек қоғам құрылып, бұрынғы рухани құндылықтар қайта қаралып, жаңа ғана бағаланып жатқанда жастар мәселесі бұрынғыдан да күрделене түседі.

“Ел болсам десең, бесігіңді  түзе” – дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдерімен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениtтті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

 Еліміздің болашағы-жастарды әлеуметтік, мәдени топ ретінде олардың тұлға болып қалыптасу деңгейін, жоғары оқу орнындағы белсенділіктерін, оқу-бағдарларындағы басты құндылықтарын, ұлттық мәдениетке сай тәрбиелеу мәселесін қарастыра отырып, зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарына сай мынадай қорытынды жасауға болады:

- мәдениеттануда «жастар субмәдениеті» феномені әлеуметтену концепциясы негізінде қарастырылады. Жастарды мәдени іс-әрекеттерге үйрету процессі және үстемдік етуші мәдениетті қабылдау, оған үйрену өте күрделі және психологиялық қиындықтарды қамтиды. Яғни, осы жағдай ортақ мәдениеттің ішінен өзінің өмірлік ұстанымдары мен құндылықтары, өмір сүру үлгісі бар ерекше субмәдениетті қалыптастырады.

-   Білім-жастардың өте маңызды құндылығы. Ақпараттың көп таралуы, адамдардың арасындағы қарым-қатынастың өте күрделі болуы жастарға жоғары дәрежеде білім алуды талап етеді. 

- қазіргі кезде жастардың елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға араласып, атқарылып жатқан іс-шараларға өз пікірлерін білдіруі олардың бойында өзіндік, жеке және шығармашылық ойлау қабілетінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Елбасы бастаған жастар саясаты қоғамдағы белсенділігінің нәтижесінде болашақта өте жоғары нәтиже шығарады деп ойлаймын. Тіпті Қазақстан-2030 стратегиялық жоспарын іске асыру барысында жастардан үлкен үміт күтіледі.

- жастардың әлеуметтік, саяси оқиғалар барысындағы белсенділігі қоғамдық ортада жастар күші ең алдыңғы орындарда екенін көрсетеді. Ұлттық, адамзаттық мүдде тұрғысынан алғанда жастардың белсенділігінің қалыптасуында патриоттық сезім, дүниеге деген көзқарастық ұстанымдар және діни сенімдердің алатын орны ерекше. Сондықтан да ұлт болашағы, қазақ халқының болашақ дәстүрін жалғастырушы жастардың бойында ұлттық сана-сезімнің болуы қажет. Ол үшін жоғары оқу орындарында ұлттық-құндылықтарымызды жастарға дұрыс жеткізіп, оларды зиянды ағымдар мен діни пиғылды ұйымдардан сақтандырған дұрыс.

- еліміздің болашағы-жастарды  материалдық құндылықтар тұрғысынан  тәрбиелемей, жан-дүниесіне өмірлік  азық болатындай рухани тәрбие  берудің маңызы өте зор. Өйткені  ұлттық тәрбие құндылықтарын  бойына сіңірген жастар ғана  ұлт тағдырын тереңінен сараптап, болашағын болжай алатын тұлға ретінде қалыптасары анық.

Жалпы, ұлттық мәдениет салт-дәстүр, ұлттық фольклор, музыканы қамтиды және жастарымыз осы ұлттық құндылықтардан сусындап, ата-ана, ұстаздан тағылымы мол тәрбие алып, біліммен, белсенділігімен қоғамда көрініс алып жатса, жаһандану, ақпараттың шарықтаған заманында ел болашағынан күтер үміт көп және қауіп-қатер жоқ деп білеміз. Сондықтан да жастар арасындағы қызығушылықтар мен бейімділікке дұрыс бағдар ұсыну, оның еліміз үшін тиімділігін көрсету, жастарды ұлтжанды әрі білімді етіп тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндеттер болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. – Алматы, 1997. – 4 б.
  2. Закон Республики Казахстан № 581 от июля 2004. О Государственной молодежной политике Республики Казахстан-Алматы,2005. –С.4.
  3. Кішібеков Д. Культура и цивилизация. Вообще и в частности. – Алматы: Карасай, 2009. – 5 б.
  4. Биекенов К.У., Джаманбалаева Ш.С. Динамика и механизм детерминации подростковой преступности в Казахстане //Вестник КазНУ. Серия психология. – Алматы, 2002. – 1(8). – С. 58-65.
  5. Туркпенова С.Ж. Социальная адаптация как способ профессионального самоутверждение молодежи. Глобализация и вопросы социокультурной адаптации. Материалы II Конгресса социологов Казахстана. – Астана, 2005. – 375 с.
  6. Буржуазная социология на исходе XX века-критика новейших тенденций. Социологические исследовании. АНСССР  – М., 1986. – С.81-84.
  7. Лисовский В.Т. Методология и методика изучения идеалов и жизненных планов молодежи: Автореф. канд. дис. – Л., 1968. –  26 с.
  8. Әбдірайымова Г.С. Ценностные ориентации современной молодежи (социологический анализ): монография. – Алматы: изд.БАУР, 2005.– 302с.
  9. Тесленко А.Н., Калетаев Д.А. Научные основы социализации казахстанской молодежи. – Астана: МКИОС РК, 2002. – 179 с.
  10. Кон И.С. Молодежь: Большая советская энциклопедия. –  М.: Советская энциклопедия, 1974.– Т. 16. – С. 366-367.
  11. Шендрик А.И., Социология культуры: Учебное пособие. – М.: Изд-во «ЮНИТИ-ДАНА», 2005. - 495 с.
  12. Лисовский В.Т., Социология молодежи: Словарь прикладной социологии. – Мн., 1998
  13. Әбдірайымова Г.С., Жастар социологиясы: оқу құралы. – Алматы, 2008. – 256 б.
  14. Жаназарова З.Ж. Непрерывное образование и его роль в современном обществе // ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және социлогия сериясы. -№1(24). –С.90-93.
  15. Встреча Президента страны со студентами Казахстана. //Казахстанская правда, 1998. – 5 марта.
  16. Социология молодежи / Отв. Ред. В.Т Лисовский. – СПб., 1996.- С.32.
  17. Выготский Л.С. Проблема возраста. Собр. Соч. в 6 томах. – М., 1984. – Т.2. – 340 с.
  18. Ольшанский Д.В. Неформалы: групповой портрет в интерьере. – М., 1989. – 212 с.
  19. Бурбаев Т. Қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері. Астана, 2005. -287 б.
  20. Орынбеков М.С. Қазақстан философиясының көкжиегі // Ақиқат. – 1994. -№6. -63-67 бб.
  21. Молдабеков Ж. Қазақтану. –Алматы, 2003. -253 б.
  22. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары. -  Қошқар ата конференциясының материалдары, 2005 жыл 26-27 мамыр.
  23. Кочергин А.Н., Коган В.З. проблемы информационного взаимодействияного в обществе: философско-социологический анализ. –М.: Наука, 1980. – 175 с.
  24. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым. 1975. – 420 б.
  25. М. Жұмабаев. Педагогика. –Алматы: Ана тілі, 1992. –160 б.
  26. Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие иірімдері. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 269 б.
  27. Ж.Ж. Серван-Шрайбер. Американский вызов. – М., 1970. 112-113 бб.
  28. Құл-Мұхаммед. М. Стабильность и демократия: стратегический вектор свободы слова. Казахстанская правда. 2002, 6 апреля.
  29. Алтынсарин Ы. Киргизская хрестоматия. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: ҚазССР Ғылым акад. Баспасы, 1955. – 413 б.
  30. ҚазҰУ хабаршысы. Психология. Социология. Политология. № 6, 2008. 50-51 бб.
  31. Збаровская Н. Информационная культура личности: Проблемы формирования // Библиотечное дело. -2005. -№1.-С. 7-8.
  32. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. – Алматы, 1986. – 240 б.
  33. Ибраева Г. Демократизация информационного пространства. Саясат. 2001, №5, –70 б.
  34. С.Ғ.Тәжібаева. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тұжырымдамасы. Алматы: “Қазақстан мектебі № 3”, 2007.
  35. Жаңа адам тәрбиесі. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 4 б.
  36. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы: Қазэнциклопедия, 1998. – 4 б.
  37. Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану. http://dmk.kz http://www.atazholy.kz
  38. Ы.Алтынсариннің педагогикалық зерттеулерінің теориялық негіздері. http://referatkaz.kz
  39. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы: Қазэнциклопедия, 1998. – 68 б.
  40. Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. – Алматы: Мұраттас, 1997. – 153 б.
  41. Геродот. Тарих. Аударма. А. Сейдімбектікі. Қазақ әдебиеті, 1992, 6 наурыз
  42. Залесский Б. Қазақ даласының тіршілік тынысы. Әлем. – Алматы: Жазушы, 1991. – 199 б.
  43. Тойнби А. Постижение истории. – М: Политиздат, 1991. – с.101-105.
  44. Қазақ ырымдары. Дайындағандар:  Қайбарұлы А., Бопайұлы Б. –Алматы: Қаз. Энцикл., 1998. 8-21 б.
  45. Левшин А.А. Описание Киргиз-Кайсацских орд и степей. Ч.II – Алматы: Санат, 1996. – С.263.
  46. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. – Алматы: Жазушы, 1992. – 153 б.
  47. Қазақ халқының ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы өз бостандығы мен тәуелсіздігі үшін азаттық күресі. Жинақ. – Целиноград: Өлке, 1991. 13-14 б.
  48. Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов. Под. Ред. Опалева А. В. и Дубова Г.В., – М., Щит и меч, 1998. – 327 с.
  49. Елемисов Г. Правовое воспитание молодежи. – Алма– Ата: Казахстан, 1975.– 114 с.,
  50. Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. – М., 1978. – 168 с.
  51. Қайыржанов Е., Ерінбетова Л. Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы. Монография. – Алматы, 2003. – 171бет.
  52. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. толықт., 3-бас. –Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – 352 б
  53. Бусурманов Ж.Д. Евразийская концепция прав человека. Монография., – Алматы: КазГЮУ, 2006. – 481 с.
  54. Шаргородский М.Д. Преступность, ее причины и условия в обществе //Преступность и ее предупреждение. – Л., 1966. –198 с.
  55. Алауханов Е.О. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. Монография. – Алматы: Ғылым, 2005. – 304 бет.
  56. Советский энциклопедический словарь. – М.: Сов. энц., 1981. – 1029 с.



Информация о работе Жастар мәдениеті