Жастар мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ...............................................................................................................


1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................

1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................

2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................

2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................


ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

Файлы: 1 файл

Гулжан диплом.doc

— 431.00 Кб (Скачать файл)

Жастар категориясына көптеген анықтамалар берілген, бірақ олардың жастардың табиғатын аша түсудегі үлес салмағы қаншалықты маңызды  екенін түсіну қажет. Ал осы жастар деген кім? Оған қоғамның, әлеуметтік топтың толықтай мүшесі болу үшін не қажет және мүдде-мақсаттары қандай? Соған тоқталып өтетін болсақ, онда жастардың ғылыми анықтамасын беру, олардың жас аралығын айқындау көптеген ғылым бағыттарының: философия, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, тарих, құқық т.б. ғылымдардың негізгі мәселелерінің біріне айналады. Жастардың табиғатын тануда, оның ұғымын тұжырымдауға қатысты ғылымда әр уақытта әр түрлі пікірлер мен көзқарастар айтылған болатын. Ең алғаш жастар түсінігін атақты орыс әлеуметтанушысы В.Т. Лисовский беруге ұмтылған болатын. Оның ойы бойынша: «молодежь -поколение людей, проходящих стадию социализации, усваивающих, а в более зрелом возрасте уже усвоивших, образовательные, профессиональные, культурные и другие социальные функции; в зависимости от конкретных исторических условий возрастные критерии молодежи могут колебаться от 16 до 30 лет» [7, 32-33 бб.]. Жастардың ойлары мен олардың жоспарлары – бұл болашақтағы әлуметтік, саяси және мәдени үрдістердің даму деңгейін талдауға мүмкіндік беретін ерекше топ [8, 7 б.]. Ал жастарға байланысты осындай ой тұжырымды А.И. Тесленко мен Д.А. Калетаев жасайды. Ғылыми әдебиеттерді саралай келе жастардың ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан мына төмендегі объективтік өзіндік белгілерін бөліп көрсетеді:

«1. Молодежь как будущее общества, которая существует в настоящее время в виде детского и молодежного сообщества.

2. Молодежь имеет двойственную природу, то есть выступает и как 
биологическое, и как социальное явление.

3. Молодежь предстает как конкретно-историческое явление, продукт истории и определенной культуры.

4. Молодежь - это субъект исторического действия. Она может и иметь интересы, отличные от общественно-государственных, предлагая свои варианты удовлетворения собственных потребностей. В этих условиях задача общества и государства состоит в том, чтобы помочь молодым людям делать это в рамках определенной идеологии, понятой и принятой молодежью» [9, 9 б.]. Сонымен қатар Г.С. Әбдырайымованың берген анықтамасы бойынша «Жастар – қоғам дамуының басты тенденцияларымен байланысты дамушы қоғамның доминантты бөлігі болып табылады, және өткір әлеуметтік қайшылықтар мен мәселелердің негізі және таратушысы» [8, 6-7 бб.] деп анықталып, жастарды қоғамның ең негізгі қозғаушы күші ретінде көрсетеді. Осы саланың белгілі білгірлерінің бірі И.С. Кон былай анықтайды: «Молодежь – социально-демографическая группа, выделяемая на основе современности возрастных характеристик, особенности социального положения и обусловленных тем и другим социально-психологических свойств. Молодость как определенная фаза, этап жизненного цикла биологически универсальна, но ее конкретные возрастные характеристики, связанный с ней социальный статус и социально-психологические особенности имеют социально-историческую природу и зависят от общественного строя, культуры и свойственных данному обществу закономерностей социализации» [10, 478 б.]. Сонымен бірге Г.С. Әбдірайымова да осы берілген анықтамадағы жастардың әлеуметтік демографиялық топ екендігін және олардың әмбебаптылығын өзінің жастар категориясына берген анықтамасында растап кетеді. Ол жастарға «Жастар – бұл әр түрлі әлеуметтік психологиялық, физиологиялық және жас аралығымен ерекшеленетін әлеуметтік демографиялық топ. Жастардың жас аралығы (16-29)  биологиялық тұрғыдан әмбебап, бірақ өмірдің көптеген анық обьективті жағдайларымен, тұқымқуалаушылық және қабылдаған, қалыптасқан белгілерімен шектелген» [8, 93 б.] деген анықтама береді. Бұл – берілген түсінік жастардың табиғатын толық ашуға мүмкіндік беретін және қазіргі кезеңде осы саланы зерттеушілер тарапынан қолдауға ие тұжырымдардың бірі.

Жастар мәдениеті әлеуметтанушылардың он жылдан бері, шамамен, XX ғасырдың 60-жылдары зерттеле бастаған феномендердің бірі болып табылады. Осы кезеңде Батыста «жаңа солшылдар» мен оған біріккен капиталистік қоғамның өмір сүру қалпы мен құндылықтарын мойындамай, оны гуманизм мен әлеуметтік әділеттілік принципіне өзгертуге ұмтылған студентттер мен жас интеллигенция бөлігінің қозғалысы кең етек жая бастады. Дәл осы кезде «жастар мәдениеті» термині батыс социологтарының лексиконына кірді. Олар осы кезден бастап индивидтер мінез-құлқын реттеуге арналған жас ортадағы креативті қызмет, құндылықтар, моральдық және эстетикалық нормалар алгоритмдерін сипаттау үшін кеңінен қолданады [11].

Жаңашыл қоғам белгілі мәдени айырмашылықтары бар әлеуметтік топтардан тұрады. Көбінде, жас адам өзіндік құндылықтық ұстанымына белгілі бір ретпен әсер етпегендіктен, бір уақытта әртүрлі субмәдениетке жатады. Сонымен бірге, бір субмәдениеттер жоғалып кетіп, басқалары оның орнына келуі мүмкін. Бұл тұрғыда кез-келген әлеуметтік топ әсерінен пайда болған субмәдениет үстемдік етуші мәдениеттің құндылықты нормалары мен стеоретиптерін бейнелеп қана қоймай, оларға қарсы келе алады, әлеуметтік-мәдени бейімделу үшін сәйкес мәселелерді шешуге өзіндік әдіс-құралдарды іздеуге, белгілі мағыналар жүйесін бекітуге ұмтылады.

Жаңару және қалыптасу үстіндегі мәдениетке бейімделу кезеңін бастан кешіретін жас ұрпақ дүниетанымдық, мағыналы өмір бағдарларында, субмәдениетке бағдарланған ұстанымдарда елеулі өзгерістерге ұшырайды. Жастар субмәдениеті мәнін ашуда ұлттық мәдениет, нақты тарихи жағдай мен әлеуметтік жағдайлар ерекшелігін ескерген жөн [12].

Жас ұрпақ мәселелерінің теориялық және қолданбалы зерттеулері әлемдік ғылымдағы ең белсенді әзірленетін бағыттардың бірін құрайды. Танымдық үдерістер дамуының сыртқы әлеуметтік және ішкі ғылыми факторлары жаңа тұжырымдамалық рәсімделген бағыттар мен мектептерді қалыптастыруға септігін тигізді. Жастардың проблемеларын зерттеуге қолданылатын тәсілдер әлеуметтік қатынастардың деңгейі мен талдау элементтері бойынша өзгешеленеді: жеке адам, әлеуметтік институттар, әлеуметтік қауымдастық пен мәдениет жас адамның жеке басы мен әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның өзара байланысы мен іс-қимылын түсіну және бағалау бойынша; жас адамның құндылықта бағдарлану жүйесінің жұмыс істеу сипаты бойынша. Түрлі теориялар мен тәсілдердің барлық саналуандығына бағдарлану үшін оларды жастар жөніндегі мәселелерді зерделеуге қандай ықпал тигізетініне қарай бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға болады.

Бірінші бағыт-әлеуметтік-психологиялық бағыт, ол әлеуметтік мәртебені, сапа ерекшеліктері мен жастардың мінез-құлқын және олардың әлеуметтендіру үдерісін өзара байланыста қарайды. Соның негізінде жатқан басты тезисті былай тұжырымдауға болады: жастардың проблемаларын зерделеу жас ерекшеліктер мен оларға тән жеке адамның психикалық өлшемдеріне негізделеді.

Екінші бағытты құрылымдық-функционалды мектептің өкілдері жас ұрпақтың сана-сезімі мен мінез-құлқын қоршаған әлеуметтік ақиқатпен өзара байланыста жүйелі түрде талдауға ұмтылады. Жастардың құрылымдық-функционалды мектебі өкілдерінің сіңірген еңбектері жастарды «ересектер» қоғамына кіріктіру тетіктерінің тұжырымдамасын әзірлеу болып табылады.

Жастардың әлеуметтік дамуының үшінші бағытының аясында ұрпақаралық өзара ықпалдастық тұжырымдамалары әзірленеді. Осы зерттеулердің барысында жұмысшы табын, ұжымшар шаруалары мен интеллигенцияны жастармен толықтыруды қалыптастыру үрдісі; ішкі және ұрпақаралық икемділік анықталады.

90-жылдары жастар қоғамның «әлеуметтік-мәдени өнімі» болып көрсетілді, өйткені авторлардың өздері атап өткендей, әр қилы тарихи уақытқа жататын жастардың сана-сезім деңгейі мен мінез-құлықтарының әлеуметтік нысандарында елеулі айырмашылықтар бар. Әлеуметтік-психологиялық айырмашылықтар, осы жастардың қоғамдағы объективті тіршілігіндегі тарихи айырмашылықтардың салдары болып табылады. Сондай-ақ түрлі мәдениеттерге жататын жастардың дүниетанымы мен мінез-құлықтарының әлеуметтік нысандарындағы айырмашылықтарды да атап өту керек. Елдердің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері жастарға әсерін қатты тигізеді, сондықтан да «жастар» ұғымы нақты тарихи ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени түсінік болып табылады [13].

Мемлекет пен жастардың арасында диалог орнатудағы маңызды орын қоғамдық жастар ұйымына беріледі. Елдегі экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты жастар қозғалысында орын алған өзгерістер ғалымдарды осы өзгерістерді бейнелейтін жаңа түсініктерді әззестіруге итермеледі. Дамыған шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлкет пен қоғамдық ұйымдар арасындағы әріптестік-бұл көптеген әлеуметтік мәселелерді шешудің едәуір тиімді және шығынға аз жолы. Әсіресе, ең бірінші кезекте-жастардың тәрбиесі мен әлеуметтенуі саласында. Қоғамдық жастар ұйымдары идеялар нарығына әдетте өздерінің дайын жобаларымен келеді, ұйымдардың көпшілігінің белгілі-бір тәжірибесі мен нәтижелері болады. Жастар қоғамдық бірлестіктері жасөспірім пен жас адамның тұлғасы қалыптасатын, қажетті көшбасшылық қасиеттер иемденетін, ұжымда жұмыс жасау, басты мәселені ажырата алаты, оларды шешудің тиімді жолдарды табу қабілеті қалыптасатын институт, зертхана болып табылады. Сан алуан балалар мен жастар ұйымдары демократияның нағыз мектебі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет жастар қозғалысын тұрақты қоғамның факторы ретінде ғана емес, елдің ілгері дамуының ұтымды болашағы, демократиялық өзгерістердің қайтымсыздығының кепілі ретінде де қарастырады. 

Бүгінде елімізде 1000-нан  аса балалар мен жастар ұйымдары жұмыс жасауда. Министрлік тарапынан  олардың тек қағаз жүзінде  қалып қоймай, белсенді жұмыс істеуін  қамтамасыз етуіне баса мән берілуде. Осы мақсатта 14 облыста, Астана мен Алматы қаласында жастардың ресурстық орталықтары жұмыс істеуде. Олар жастардың қоғам өміріне еркін араласуына, ақпарат алуына қолайлы жағдай жасайды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың сапалы біліммен бірге тәрбие алып, патриоттық рухта өсуін қамтамасыз ету жан-жақты қарастырылған. Онда жастардың саяси белсенділігін арттырып, қоғам өміріне араласуына жағдай жасайтын түрлі шаралар көзделген. Жастарға арналған іс-шараларға 2015 жылы жалпы жастардың 27 пайызын, 2020 жылы 55 пайызын қамту жоспарлануда. Жалпы алғанда, түрлі деңгейдегі республикалық, жергілікті шараларды қосқанда жастар саясаты мен жастардың патриоттығын арттыруға 2009 жылы 4055 шара, 2010 жылы 4436 шара өткізіліпті. Мемлекет ісіне, ел саясатын жүргізуге жастардың қызығушылығын туғызып, тек мансап, билік үшін емес, ел үшін, болашақ үшін қызмет ететін таза қолды, үлкен жүректі мемлекетшіл, білім-білігі мықты мамандар легін дайындап шығуға патриоттық шаралар үлкен әсер етеді. Өткен жылы бұл сала бойынша түрлі деңгейдегі 465 шара жүзеге асты. Мысалы, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 15 630 студент еңбек етіп, 4,7 миллион түп ағаш көшеттерін отырғызып, 12 мың гектарды көгалдандырған.

Білім рухани құндылықтар  өндірісінің маңызды институционалды  арнасы болып табылады, сондықтан  білім беру жүйесінің айқын да жасырын мақсаттық ұстанымдары  қоғамдағы рухани құндылықтардың таралу дәрежесін анықтайды және оның құндылықтық ынтымақтастығы мен мәдени гомогендігіне ықпал етеді.

З.Ж. Жаназарова корсеткендей, «жоғары білім бұл жауапкершілік жолына шығу үшін міндетті шарт, ал ол білімді алу жауапкершілік пен кемелдену шағы кіруімен тура келеді» [14].

Жас ұрпақ жаңа дүниетанымның құқықтық жаршысы болу керек. Білім беру тұлғаны тәрбиелеуді өзіне білім беру процесінің ажырамас бөлігі ретінде қосу керек. Жылдам өзгеріп отырған әлемдегі ғаламдық процестерді түсінудің қажеттілігі фундаментальды ғылымдарға, қоғамды ізгілендіруге назар аударуға мәжбүрлейді, бұл адам мен маманды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоғамның рухани деңгейін жоғарылатуды адамның рухани даму дәрежесін анықтау әдістерін іздестіруге табан тірету керек.

Біз XXI ғасырға жоғары дамыған нарықтық экономикамен, берік мемлекеттілік, тұрақты саяси және ұлтаралық жағдаймен кіруге талпынуымыз қажет. Бұған біз қоғамның негізі білімді, өмірлік жетістіктерге жетуге өз күшімен талпынатын бозбалалар мен бойжеткендер қатысса қол жеткіземіз. Мемлекет өз тарапынан жастарға қолдау көрсетеді. Біз білім беруді халықаралық стандарттарға жеткізуге талпынамыз. Қазіргі кезде Қазақстанның жүздеген студенттері ең ірі шет ел университеттерінде білім алып жатыр. Бірақ уақыт өте келе, біздің жоғары оқу орындарымыз да жоғары деңгейге көтерілетіне сенімдімін» [15]. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері,  ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. 1993 жылдың қараша айында Елбасымыздың бастамасымен «Болашақ» Халықаралық стипендиясы құрылды. Бірінші рет посткеңестік кеңістіктегі мемлекет тарихында талантты жастардың мемлекет есебінен шетелдерден білім алуларына мүмкіншілік туды. 1994 жылдан 2004 жылға дейін «Болашақ» бағдарламасымен 785 студент дүниежүзінің 13 мемлекетінде білім алды. Ал 2005 жылдан бастап стипендиаттардың саны бір жылдың ішінде 3000-ға өсті. Бүгінгі таңдағы жас және талантты қазақстандықтар үшін дүниежүзінің 30 мемлекетінің 630-дан астам жетекші жоғарғы оқу орындарында білім алуларына мүмкіндігі бар. «Болашақ» бағдарламасының түлектері Мемлекеттік қызметте, Білім және Денсаулық жүйесінде, Ұлттық компанияларда қызмет атқаруда. Олар Батыстың менеджмент пен стандартының озық үлгілерін өз салаларында енгізуде. Елбасымыздың көреген саясаты негізінде кең көлемді ауқым алып үлгерген «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мемлекеттік мәні зор. Бағдарлама сапалы білімге, ұлтаралық қарым-қатынастың нығаюына, мәдени кеңістіктің кеңеюіне жол ашатын болғандықтан, «Болашақ» - экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени дамудың жаңа сатысына көтерілген Қазақстан үшін кемелденген кезеңге бастайтын келешектің келісті көпірі. Жас ұрпақ шет ел әлемін ұлттық әлеммен салыстырып, жасығынан асылын бөліп алатын жаңаша көзқараспен айшықталған дүниетаным қалыптастырып, көрген-білгенін, оқып-түйгенін ел мүддесіне сай тәжірибемен ұштастырып, белгілі бір саланы дамытудың тиімді жолын табатын іскерлік қасиет пен біліктілікке қол жеткізіп келеді деген абыройлы сеніммен жыл сайын сан алуан мемлекеттерге жөнелтілуде. «Болашақтың» әлемдік кеңістікте Қазақ елінің мәртебесін марқайтқан, беделін биіктеткен бағдарлама екендігі ақиқат. Бірегей бағдарламаның арқасында өзге мемлекеттер Қазақстанды гумманистік бастаманың биігінде тұрған тәуелсіз ел тұрғысынан танып, жүрегі жалынды, ақылы алымды, талапты да дарынды жастарына жағдай жасап жатқан жасампаз жас мемлекет ретінде жоғары бағалайды. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасынан өзге Ph.D докторантурасында жас ғалымдар тәуелсіз мемлекетіміздің саяси мерейінің арқасында әлемнің ең үздік жоғары оқу орындары мен қатар әлемнің теңдессіз зерттеу орталықтарында терең ғылыммен айналысуға мүмкіндік алды. Ph.D докторантурасының орталығы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осындай халықаралық дәрежедегі 60 докторларының Ұлыбританиядағы Миддлсек университетінде, Дандидің Шотландық университетінде, Германиядағы Брауншвайг жылу техникасы мен жану заттары институтында, Гейдельберг университетінде, Шығыс Европа құқық институтында, Юлих қаласында орналасқан Аахен университетінде, Циттау халықаралық жоғары мектебінде, Краков каласында орналасқан С.Стащица атындағы Тау-металлургиялық академиясында, Испаниядағы Валенциялық политехникалық университетінде, Франциядағы газ және плазма физикасы зертханасында, Р.Шуман атындағы Страсбург және Люксембург университетінде, Ұлыбританиядағы Ньюкастл информатика зертханасында, Империал университетінде, Нидерландыдағы Лейден қаласында орналасқан Азиялық зерттеулер халықаралық институтында, Лейден қаласында орналасқан Еркін университетінде,  Пакистан Республикасының Қарачи қаласындағы химия ғылыми зерттеу интитутында,  Түркия Республикасының Ходжаттеп университетінде, АҚШ-тың Гальвестон қаласында орналасқан Техас университетінде, Питтсбург университетінде, Вашингтон қаласында орналасқан Америка университетінде, Нью-Иорк қаласында орналасқан Колумбия университеттерінде ғылыммен айналысуға мүмкіндік алды. Мұндай жоба өзге ТМД елдерінде жоқты қасы. Елбасы ғылымды реформалау, жас ғалымдарды қолдау, инновациялық экономиканы дамыту, ғылымды басқару модельдерін жасақтауда алдыңғы қатарлы шетел тәжірибесін қолданып келеді. Мәдени-идеологиялық тұрғыдан, «Жас Отан» патриоттық құндылықтар мен ілгерілеу мақсаттары негізінде ел жастарын топтастыруы, салауатты ұлт қалыптастыру идеясының белсенді бастамашысына айналуда. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында патриоттық сезiмді, отаншылдық рухты қалыптастыратын археологиялық ескерткіштерді табу, этномәдени жәдігерлерімізді жөндеуден өткізу, әлемдiк ғылым мен бiлiмнiң асыл қазыналарын қазақшалау,  бай фольклорымызды жинақтау мәселелері алға қойылды. Келешекке арналған жобаның басты мақсатында жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу  – мемлекеттiк идеологияның темiрқазығы ретінде көрініс тапқан. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға – Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс. Құқықтық тұрғыдан жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті көтеруді, жастар бойына Қазақстанның мемлекеттік дамуына негіз қалайтын идеяларға, Конституцияға, заңдарға құрмет сезімін дарытуды көздейді. Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құрылып, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізілген. 
         Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер санатында: жастардың еңбек биржалары, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтары, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтары, жас отбасына көмек көрсету қызметтері, демалыс орталықтары құрылған. Жастар арасындағы кадрлік резерв саясатының дамуы да қарқынды жүзеге асуда. Қазақстанның мемлекеттік қызметі өзінің дамуында жаңа белестерге көтерілді, адам факторы айқындаушы болып табылатын жаңа кадр саясаты басты өрістерге шықты. Еліміздің жетекші партиясы – «Нұр Отан» кадрлар резервін қалыптастыруды партияны дамытудың маңызды стратегияларының бірі ретінде қарастырып отыр. Мемлекеттік менеджерлердің іскерлігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең маңызды капитал деп бағалап көрсетумен қатар, тиісінше бағыт-бағдарлар да берілуде. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ыңғайлы, әрі кәсіби Үкіметтің құрылуы дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықталды. Бүгінде аталмыш міндет одан да маңыздырақ болуда. Мемлекет бүгінде мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасауда, онда білімді жастардың ролі ерекше болмақ.     Осы принциптердің сақталуы Жастар кемелінің сапалы өсіміндегі жүйелілікті қалыптастырып, нақты тарихи сабақтастықты қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан да Қазақстанның ұландары бақытты, ертеңге мерейі асқақ деуге толық негіз бар. Әр елдің жастарының болашағы сол елді басқарып отырған басшы саясатының көрегендігімен, қолдауымен байланысты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады» деген болатын. Сондықтан да Елбасы бастаған жастар саясатынан күтеріміз өте көп. Алайда жастар саясатының ойландыратын ең үлкен бір мәселесі шет елде білім алып жатқан студенттердің жағдайы туралы болмақ. Соның ішінде «Болашақ» бағдарламасымен үлкен арман қуып теңіз асқан жастарымыздың жағдайы мәз емес. Өзекті өртер мәселенің бірі - өзге елге бауыр басып, өз елін өгейсініп, елге оралмай қалған қандастардың сенім жүктеген қазақ жұртының алдындағы жауапсыздығы. Әдетте оралмай қалатындардың басым көпшілігі бакалаврлар санатынан. Олай болуы да ғажап емес, себебі толыққанды қалыптаспаған сананың сиқыр билегендей сергелдеңге түсіп кету қаупі бар. Мектеп бітіре сала жаңа орта жағдайына түскен жас сана тым әсершіл, әуес әрі еліктегіш келеді. Тұлға ретінде толысып, азамат ретінде айқындалып үлгермеген жас буынның Батыс мәдениетінің әсеріне тез бой алдыратындығы да сондықтан болар. Шет елге шыққан баланың бойында жаңа мәдени ортаға бейімделу мен бой алдыру күресі қатар жүретіндіктен, қайсысының басым түсетіндігі беймәлім. Осы тұрғыда тәрбие мен ұлттық сана сезімнің күштілігі сыналады. Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының тиімділігін арттыру аясында бакалаврлар санын қысқартып, басым мамандықтар бойынша магистрлерді даярлау мәселесіне айрықша назар аударылып жатқандығының бір себебі де бакалавр дәрежесі бойынша оқитын жастардың психологиялық тұрақсыздығымен тамырлас жатыр. Елге оралмаған әрбір жас маман инвестиция салынған, бірақ игерілмеген ұлттық ресурс болғандықтан мемлекет қыруар шығынға қалып отыр. Екінші мәселе, «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында белең алып бара жатқан жұмыссыздыққа келіп тіреледі. Бұның басты себебі - басым мамандықтар бойынша білікті кадрларды белгілі бір саланың қозғаушы күші ретінде даярлау жан-жақты жүргізіліп жатқанымен, салмақты инвестиция салынған сол ресурстарды ұтымды түрде игеретін, нақты іске жұмылдыратын салалық инфрақұрылымдардың жоқтығы. Түлектер елге оралғанымен жиған-терген тәжирибесі мен білімін өндірісте өрістете алмайды. Бұл мәселеле, әсіресе, туризм және қонақжайлылық ісі мамандарына тікелей қатысты. Мемлекетіміз жастарды шет елге дамымаған саланы дамыту үшін жіберетіндігі түсінікті, бірақ инфрақұрылымы жоқ саланы тік тұрғызу да мүмкін емес қой. Қазіргі таңда «Болашақ» түлектері тарапынан жұмыстың жоқтығы жөнінде түсірілген шағымдар ретсіз деп қабылданып, шет елде білім алып келген мамандардың жұмыссыздығы «олардың тек жоғары жалақы талап ететіндігімен байланысты» деген пікір таралған. Жұмыспен қамту мәселесін жастарды ауылға жіберумен шешуге болатындығы да «Дипломмен ауылға» ұраны аясында айтылып жүр. Жас мамандарға тағы да ауылда қызмет істеуге мүдделі емес деген кінә тағылады. Сонда «Болашақ» бағдарламасының түлектері ел болашағы менің қолымда деп ат арбамен ауылда турист тасуы қажет пе? Ауылға туристік индустрия түтінінің иісі әлі жеткен емес. Мамандардың барлығы дерлік Астана мен Алматы кеңістігінде шоғырланып қалған. Отандық университеттерде білім алған туризм мамандарын былай қойғанда, шет елде оқып келген кадрлардың өздері өз саласында қызмет істемей, реті келген түрлі жұмыстарды атқарып жүр. Мемлекет тиісті жағдайлар жасады, халықаралық бағдарламалар орталығы да мамандарды жұмысқа орналастыру жағынан қолдау көрсетуді жаңа қарқынмен жолға қойып жатыр, дегенмен жүйелі реттеу болмағандықтан бүгінгі күні «болашақтықтардың» меңгерген мамандығы бойынша жұмыс табуы қиын болып тұр. Енді бір мәселе - ел мүддесін қорғауды көздеген «Болашақ» студенттері тарапынан сұрақ тудырған барып-келу билеттеріне қатысты жайтқа байланысты болмақ. Бүгінгі күні студенттердің ұшып бару билеттері оқу жылынының басында бір бөлек, ал қайту билеттері жыл соңында бір бөлек сатып алынады. Орта есеппен бір жақты билеттің құны 184 000 теңгені құрайды, қайту билеті де сол санмен шамалас, яғни әр студенттің бару және қайту билетінің құны шамамен 368 000 теңгені құрайды деген сөз. Ал егер де халықаралық бағдарламалар орталығы екі жақты ұшу билетін «ашық мерзім» (билет с открытой датой) негізінде сатып алса, мұндай билеттердің құны әлдеқайда арзан болғандықтан бөлінген қаржыны тиімді түрде игерер еді. Мемлекет қолдаған игі бастаманы байыпты да байсалды түрде бір нәтижеге жеткізіп, берекелі түрде бітіре білу барлығымызға азаматтық сын, сондықтан да «Болашақ» ұлтжанды ұрпақтың заманауи ойлары мен бастамаларының ұйтқысы болатын бағдарлама бейнесін жоғалтпағандығы абзал.  

 

1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы ретінде

 

Қазіргі кездегі ғылыми әдебиетте жастардың дамуын зерттеуге келудің көптеген жолдары бар. Сонымен  қатар өз кезегінде «жастар» ұғымының да бірнеше анықтамасы бар. В.Т Лисовский 1968 жылы алғашқылардың бірі болып «жастар» ұғымына анықтама берді: «Жастар-әлеуметтену сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы; нақты тарихи жағдайларға байланысты жастардың жастық критериі 16 жастан 30 жасқа дейін өзгеруі мүмкін» [16].

Л.С. Выготскийдің теориясы процестердің таптық тәсілінің шеңберінен шыға отырып, жастардың мәдени-тарихи концепциясын берді. Оның теориясы бойынша есеюдің әр түрлі кезеңін талдау кезіндегі дамудың идеясы алға шығады. Бұл жерде жастық кезең (14-18 жас) «қоршаған ортамен қатынастың толық орнауы» ретінде бөлініп шығады. Осы орайда автордың ойынша, әрбір жас шамасы революцияны өндіреді, яғни «сапалы жаңа жағдайға секіру». Жасөспірімдік кезең-бұл жаңа дәуірге өту, «алға қарай жүгінген жас» [17].

Бастапқыда, субмәдениет  ұғымына байланысты ғалымдар басым  мәдениеттегі «буынды» ғана ұйғарды. Мәдениет бұл жағдайда әлеуметтік тұрғыдан барынша меңгерілген мінез-құлық ретінде пайымдалды, осы түсінік мәдениеттің әлеуметтендіруші ролін даралады. Субмәдениеттің қазіргі анықтамаларының көпшілігі оның үстемдік құратын мәдениеттен айырмашылығына негізделеді. Осындай анықтамалардың бірі бойынша, субмәдениеттің басым мәдениеттен дербестенуге ұмтылысын, талпынысын ұйғаруға болады.

Субмәдениет-ол әлеуметтік-таптық құрылымның элементі болып табылмайтын әлеуметтік қоғамдастықтардың мәдениеті. Бұл қауымдастықтар бір қызметпен айналысатын, бір жастық топқа жататын, бір территорияда өмір сүріп, бос уақытын ұқсас түрде өткізетін, ұқсас эстетикалық, әлемге көзқарастық, саяси және моральды бағдарларының жүйесі бар адамдарды біріктіреді.  

Жастар субмәдениеті-қоғамдық өмірдің айтарлықтай жаңа және көпжақты құбылысы. Осы бір күрделі құбылыстың бар болуы қоғамның социомәдени дамуынан бастап, белгілі-бір жастар тобының психологиялық ерекшеліктеріне дейін көптеген аспектілеріне әсер етеді. Жастар субмәдениеті- өмір сүрудің белгілі-бір үлгісі және стилі. Кез-келген басқа мәдениет сияқты субмәдениет адамның әлеуметтік өмірін өмір сүрудің осы үлгісінде анықтайды, құрылымдайды. Қоғамның базалық мәдениетімен салыстырғанда оның ықпалы өлшеусіз, алайда адамның өмір сүру үлгісіне, құндылығына ықпалын, оның әлемді көруді өзгертуге жеткілікті. Жастар мәселесі ғылымда өткен ғасырдың 50-жылдары маңызға ие бола бастады. Дәстүрлі қоғам негізінен аға ұрпақтың тәжірибесіне арқа сүйей отырып, біртіндеп, баяу темппен дамитындықтан, жастар мәдениеті феномені көпшілігінде динамикалық қоғамға жатады және «техногенді өркениеттің» қалыптасуына байланысты байқала бастады.

Информация о работе Жастар мәдениеті