Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2013 в 12:16, дипломная работа
Қазіргі кезде өркениет жаһандық дамудың әр түрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміздің тәуелсіздік болып қалыптасуының өзі де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................
1.1 Жастар-әлеуметтік-мәдени топ ретінде.........
1.2 Жастар субмәдениеті қазіргі қоғамның маңызды ресурсы.............................
2 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ...............................................................................................................
2.1 Ұлттық мәдениет пен этномәдениеттегі жастардың рөлі.......................
2.2 Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары..........................................
2.3 Ұлттық мәдениет рухында жастарды тәрбиелеу....................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................
Осы тарауды қорытындылай отырып, жастар мәдениетінің рухани, әлеуметтік-мәдени кеңістігінің өте кең екендігін айтуға болады. Жастар әлеуметтік-мәдени топ ретінде қоғам өмірінде өте белсенді. Жоғары оқу орындарынан бастап, мемлекеттік саясат шеңберінде еліміздің жастары басымдылық танытуда. Сонымен қатар ұлттық мәдениетті белгілі бір дәрежеде көтеру арқылы, жастарымыздың саяси, мәдени, әлеуметтік жағынан белсенді болып, рухани қордан үлкен тәрбие алулары жоғары деп айтуға болады. Және де жаһандану үрдісінде қазіргі жастарымыздың Батыс мәдениетіне көңіл бөліп, сол мәдениетке ену мәселелері ұлттық мәдениет деңгейінде жастарымыз тәрбиеленіп жатыр ма деген үлкен сауал тудырады. Жалпы, жастардың субмәдениеті-қоғамдық өмірдің айтарлықтай жаңа және көпжақты құбылысы болып табылады. Субмәдениеттің болуы қоғамның социомәдени дамуынан бастау алып, белгілі бір жастар тобының психологиялық ерекшеліктеріне дейін бірнеше бірнеше аспектілерде әсер етеді. Субмәдениет кез-келген мәдениет секілді адамның әлеуметтік өмірін өмір сүрудің осы үлгісінде анықтайды. Ол адамның өмір сүру үлгісіне, құндылығына, дүниеге деген көзқарасын өзгертеді. Бірақ, менің ойымша, жастар қай субмәдениет өкілі атанса да, өз ұлттық мәдениетін мақтан, тұтып жүруі тиіс. Ал субмәдениеттің белгілі бір мүшесі атану, жастар үшін тек үлкен қоғамнан ерекшелену шеңберінде болғаны дұрыс.
Қай халықта болмасын оның ұлттық рухына, ар-намысын жоғарылатып тұратын қуатты күштер: іргелі экономика, әлеуметтік тұрақтылық, биік руханият, өрелі мәдениет, толыққанды тіл, озық оқу-білім, үлгілі тәлім-тәрбие, алдыңғы қатарлы ғылым, аталы тарих, өткеннен ғибрат, үзілмес дәстүр, жаңаға бейімділік, үлкеннің имандылығы, жастың жасампаздығы, зиялының зерделілігі, басшылардың ұлтжандылығы, мықты мемлекеттік, бір туған халықтың ұлы мен қызын тұтас жұмылдырып тұратын биік те ортақ мақсат екендігі белгілі. Бүгінгі қазаққа осы бір іргелі елдік биік тұғырлардың бәрін де толық меңгеру аса қажет болып отыр. Заман көші тез өзгеруде. Жаһандану процесі әр халықтан аршынды қимыл-харекет керек қылады. Әсіресе, жер жүзілік ақпараттандыру жүйесінен өзіне тиесілі орнын алу, дүниедегі бар халықтар сияқты, қазақ та оның дүниежүзілік қауымдастығы өзіндік бет-бейнесін белгілейтін күрделі нысандардың бірі болып табылады. Бүгінгі өркениет көшіне алмаған халық, ұлт өз дербес үнінен айырылады, тіпті шынайы ұлттық қасиетін, біртума болмыс-бітімін де жоғалтып алуы да мүмкін [19].
Қазіргі уақытта бір
халықтар мене келесі халықтардың араласуы,
мәдениеттің интеграциялануы
Тәуелсіздік алған мемлекеттерде өмір шындығын терең түсінуге, қоғамдық сананы жаңартудың жаңа үрдісі қалыптасатыны анық. Жаңа идеялар адамдарға рух беріп, ілгері болуының жолы мен мақсатын айқындайды. Рухани өмірді қайта түлу, мәдени қазыналармен алмасу халықтардың әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз, ең алдымен, адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының ұтымды қолдануы, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарға қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даналықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттердің дербестігін мойындау. Бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуі тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, қажетінше дами алмайды. Қазіргі адамзат баласының мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жүртшылық. Олардың бәріне ортақ нәрсе-мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы секілді егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді. Жаңаны танысам деп талпынады.
Ұлттық мәдениет – бұл адамзаттың біркелкі дамуындағы заңдылықты баспасы (ступень). Әлемдік мәдениет – бұл, алдымен, ұлтық мәдениеттер жиынтығы. Ұлттық мәдениеттердің жалпы адамзаттық идеалдарға ие ең жоғарғы жетістіктері жәнеоларды бүкіл Әлем мойындаған соң, ұлтаралық мәдениет құрамына енеді. Ұлттық мәдениеттер мәселелері, мән-мағыналары және құндылықтары, олардың өзара байланыстары қазіргі уақытта жаһандану кеңістігінде болып жатқан процестермен тығыз байланысты. Яғни, қазіргі кездегі өркениетті, ақпаратты, постиндустриалды деген қоғам осы кеңістік ықпалында өзгеріп отырады.
Қазақ мәдениет әрбір ұлттық мәдениет сияқты қазіргі таңда жаһандану кеңістігінде өзіндік ерекше жолмен өмір сүріп жатыр. Жаһандану кеңістігінде руханилық және материалдылық жағынан ынжықтық көрсеткен ел, мемлекет, халық, ұлт өмір қиындықтарына төзе алмай мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, яғни, басқа мемлекет, халық, ұлт құрамына сіңіп кетуі мүмкін.
Ұлттық мәдениеттердің
шын мағынасындағы өзара іс-
Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдісі заманнан заманға, уақыттан уақытқа, кезеңнен кезеңге өзіндік айрықша жаңа үрдіспен жүріп отырған үздіксіз процесс болатын. Қазіргі уақытта да осы үрдіс өз жалғастығын үзбей, жалғасып келеді.
Батыстық модельді демократия жүйесін басшылыққа алған қазақ халқы өзіндік, ата-бабадан мұра болып келе жатқан шынайы қазақи демократия жүйесі ұмытылып бара жатыр. Бірақ, осы жерде ескеретін жай – бұл 300 жылдай уақыт бойы қазақ халқы орыс патшалығының бодандығы болды, ал бұл бодандық жағдай із-түссіз жоғалып кеткен жоқ және қазақ халқының ұлттық және қоғамдық сана-сезіміне әсер етпей қойған да жоқ. Осыншалықты ұзақ уақыт бойы біреудің көңіліне қарап, дағдыланған ұлт қазіргі уақытта да өзгелер не айтар екен немесе не істейді екен деп алаңдап, солардың көңілін алдын-ала аулап отыр. Және бұл жағдайдың қазіргі таңдағы нәтижесі, қазіргі уақытта, – жаһандану процесі өршіп тұрған уақытта, қазақ халқы өзіндік ерекшелікті менталитетінен толықтай болмаса да, айырылып отырғанындығын көрсетіп отырғандығын мойындайық. Мұндай күймен үлкен алаңға – Әлем алаңына шығудың өз қауіпі бар, қазақтың тілімен айтқанда «біреудің етегін ұстап, жетегіне кету» қауіпі. Нәтижесінде, қазақ халқы мәңгүрт ұлтқа айналуы әбден мүмкін. Сондықтанда, ұлттық мәдениеттің шынайы табиғатын зерттеп, түсіну қажет.
«Дүниеде бірде-бір таза ұлттық мәдениет жоқ, болуы да мүмкін емес. Сондықтан біз ұлттық мәдениетімізді қайтсек те таза ұстайық, оған шаң жуытпайық десек шындықтан алшақтап кетеміз. Түптеп келгенде, мәдениеттің құндылығы мен күштілігі – оның нақтылы қайнаған ортада, аралас-құралас қоғамдық қатынастарда өзгеріп, өңделіп, жаңарып отыруында, сөйтіп өміршеңдік қасиетін сақтай алуында» [22].
Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі екі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және новациялық өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу беріп, сыбайласып, онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс. Белгілі бір қоғамның бірқатар көптеген мүшелері ұстанатын құндылықтар, сенімділік, салт-дәстүрлер жиынтығын үстемдік етуші мәдениет деп атайды.
Үстемдік етуші мәдениет ұлттық немесе этникалық болуы мүмкін, ол мынадай жағдайларға байланысты – белгілі бір күрделі ұйымдастырылған; және белгілі бір мемлекет азаматтарының санына байланысты.
Этникалық мәдениет – қарапайым өмір сүру салтына және тұрмыстың мәдениетіне қатысты мәдениет белгіліерінің жиынтығы.
Жастардың ұлттық
және этномәдениеттегі орны қандай деген
сұрақ қазіргі жаһандану
Отансүйгіштік
- азаматтық санамен қалыптасатын
қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен
қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған
мәдени-тәлім мұраларынан
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Есік қаласынан табылған «Алтын адам» ескерткішінен бастап, Орхон-Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып жатқан ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі Қазақстан мәдениетінің қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық тәлім-тәрбие қазыналарын жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет қазыналары.
Қазақ халқы ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлары құрайды. Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер алды - қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» т.б., «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын, сол сияқты «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т.б. лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани тазалықты, адамгершілік пен махаббатті паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары.
Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында жырлаған халықтың Отан-анаға, туған жерге, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ даласына, оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық және эстетикалық тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын жыршылар, күйшілер, өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін сақтау мен байытуда, жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша маңызды роль атқарады. Олар өздерінің дидактикалық әндерінде халықты Отансүйгіштікке, ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге, жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырды. Бұл ретте, музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды дүниеге әкелген Әл Фрабиді, күй атасы Қорқыттан бастап Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина т.б. күйші композиторларымызды, әнші-композиторларымызды (Біржан, Мұхит, Абай, Жаяу Мұса , Майра, Кенен және Әміре т.б.); қазақтың музыка өнері саласындағы мәдениетінің эстафетасын жоғары көтеріп, бүкіл әлемге паш еткен: К.Байсейітова мен Қ.Байсейітовтер, Н.Тілендиев, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Нақыпбековалар, М.Бейсенғалиев, А.Мұсахожаева, Г.Мырзабекова, Р.Ырымбаева, Ә.Дінішев сияқты өнер тарландарын мақтан тұтамыз.