Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2015 в 22:38, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты. Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу, өзін-өзі басқару оқушы жастардың азаматтық қоғамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзі ретінде жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі тенденцияларымен түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндау;
Зерттеудің міндеттері.
1) Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, оқушы жастардың өзін-өзі басқаруына әлеуметтік-тарихи талдаулар жүргізу;
2) Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденцияларын анықтау.
3) Жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруда түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ұсыну;

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1. ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕУ
1.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері..............5
1.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы: әлеуметтік-тарихи талдау..................13
2. ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
2.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденциялары................................................................20
2.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқарудың моделі...............................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................36

Файлы: 1 файл

1. НЕСИПКАЛИЕВ Д.Е курсовой.doc

— 517.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 



АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PhD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ

САЯСАТТАНУ-ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

НЕСИПКАЛИЕВ ДАУРЕН ЕРЕНГАЛИЕВИЧ

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

 

Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам

 

 

6M050100 «Әлеуметтану»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Ғылыми жетекші:ә.ғ.д., проф.Қалдыбаева Т.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

1. ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕУ

1.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері..............5

1.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы: әлеуметтік-тарихи талдау..................13

2. ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

2.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденциялары................................................................20

2.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқарудың моделі...............................................27

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе

 

        «Мектептегі  оқушылардың өзін-өзі басқаруы» терминін анықтағанда қазіргі заманғы теориялық және әдістемелік әдебиеттерде ешқандай анықтама берілмеген. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – сұрақтарды шешуге, қызықты шараларды өткізуге, өз тұлғасының бірегейлігін таныту, қарым–қатынас тәжиребесін меңгеру, жинақтау, қиындықтарды еңсеру, өз ісіне деген жауапкершілікті сезіну мүмкіндігі.

         Өзін-өзі басқару – өзін-өзі басқарып, қатаң түрде өзінің парызын өтеуін білу, алдына қойған мақсатына жету. Әрбір адамның үкіметтің көмегінсіз тәртіптің болуына қатысуы. XII ғасырдан бастау алған өзін-өзі басқару ұғымы білім саласына патшаларға, императорларға және рим папаларына бағынғысы келмеген бірінші университеттердің тәжірибесінен келген. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы белсенді азаматтық тұрғыдан тәрбиелеуге және көшбасшылыққа үйренуге жақсы тәрбие ошағы болып табылады. Өзін-өзі басқару тарихы екі ғасырдың жалғасын алып жатыр. Батыста пайда болып 18 ғасырдың аяғынан бастап көптеген европалық мектептерде қолданыста бар.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлеуметтік белсенділік құбылысы қазіргі заманғы жағдайларда тұлғаның қоғамдық қасиеті болып шығып, қоршаған әлеуметтің тіршілік әрекетіне және қайта құрылуына әрекет ету қатынасымен, оның мотивацияланғанын көрсету мақсатында қатысуы көрінеді. Іс-әрекет жоспарында әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру әлеуметтік бейімділік пен тұлғаның әлеуметтенуімен өзара тығыз байланысты. Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруда кешенді бағыттаушылар ақпаратты-танымдық, ұйымдастырушы-басқару, әдістемелік-кадрлы компоненттер кірген оқушылардың өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін қолайлы іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқушылардың өзін-өзі басқарудың негізгі қажеттілігі - жеке қажеттіліктерін қаруландыру және азаматтың құқығының оның мүддесінің ығын, қатысуды жалпы білім беру мекемесіндегі мәселелерді шешеді. Зерттеу жұмысында оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері негіздері қарастырылады. Ғалымдар көзқарасымен, оқушы жастардың әлеуметтік белсенділігі азаматтық қоғамның алғы шарты ретінде оқушылардың өзін-өзі басқаруға қойылатын талаптары баяндалады.

Авторлық болжам(гипотеза). Зерттеудің болжамы: жалпы білім беретін мекемелерде оқушылардың әлеуметтік белсенділігін оқушылардың өзін-өзі басқару құралдарымен қалыптастыру үрдісі тиімді болады, егер де өзін-өзі басқару: ұйымдастыруын, мазмұнын және технологияларын қазіргі заманғы педагогикалық негізде құрылса; тәрбие жүйесінің жалпымектептік маңызды компоненті болып анықталса; жеке деңгейде және білім беру жүйесінің деңгейінде психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық, ақпараттық-танымдық, басқару-ұйымдастыру, әдістемелік-кадрлы кешенмен қамтамасыз етілсе.

Зерттеудің нысаны. Жалпы білім беретін мекемелердегі түрлі типтегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды институализацияландыру моделдері.

Зерттеудің пәні. Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ұйымдастырудың негізгі тенденциялары.

Зерттеудің мақсаты. Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу, өзін-өзі басқару оқушы жастардың азаматтық қоғамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзі ретінде жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі тенденцияларымен түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндау;

Зерттеудің міндеттері.

  1. Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, оқушы жастардың өзін-өзі басқаруына әлеуметтік-тарихи талдаулар жүргізу;
  2. Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденцияларын анықтау.
  3. Жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруда түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ұсыну;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Оқушы жастардың әлеуметтік  белсенділігі азаматтық қоғамның алғышарты:теориялық – әдістемелік негіздеу.

1.1 Оқушы жастардың өзін-өзі  басқару дамуының теориялық негіздері.

 

        Өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың азамат ретінде қалыптасуы – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып табылады. Жан Жак Руссо – өзінің уақытысында келесідей жағдайды атап өтті: «Бізде физиктар да, математиктер де, астрономдар да бар... бірақ азаматтар жоқ. Өйткені, азамат дегеніміз өзіне немесе жанұясына, өз еліне, өз жеріне жауап беретін жауапкершіліктің субъекті болып табылады. Ал, жауапкершілік болса өз кезегінде, өз іс әрекетінің нәтижесіне жауап бере алатындығы, мәселелі ситуацияларда шешім қабылдауға дайындығын көрсетеді. Азамат немесе азаматшаның келесі қасиеттері болады, соның ішінде негізгілері:

  • азаматтық сезімнің бар болуы  – жерге деген махаббат, оның адамдарына, тұрмысына және мәдениетіне, заңына және салт –дәстүріне,
  • заңы және салт–дәстүрі туралы білімі бар болуы,
  • Отанының, елінің, жанұясының, руының және өзінің мәртебесін дамытуға, сақтауға, көбейтуге деген талпынысың бар болуы,
  • білімі мен талпынысын бейнелейтін іс әрекеттер жасай алуы» [2,58].

       Азамат болу дегеніміз, яғни өз өмірінің және тағдырының қожайыны болу.

Ол дегеніміз ерекше еңбек, ерекше білім, ерекше тәжірибенің болуы.

        Дэвид Джерри мен Джулия Джерридің әлеуметтік түсініктеме сөздігінде былай түсіндіреді: азамат деп – нақты құқықтар мен міндеттерді игерген, саяси қоғамдастық немесе мемлекеттің мүшесі, яғни жай ғана қарапайым «субъект» болып табылмайды. Жаңа уақытқа дейін, тек аз ғана қысқартулары бар, азаматтық негізінде ішкі саяси кішкентай топтармен шектелетін немесе мүлдем болмайтын. Бірақта, азаматтықты игеру бірдей тәртіп болып қалыптасып қоймай, адамдардың саны күн арта көбейді, осы жағдай бәріне тең құқылы сайлау құқығына және азаматтардың толық құқықа ие болуы қазіргі ұлттық мемлекетте пайда болды. [10,143]

        Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: азаматтық тәрбие – адамды заңды, адами, саяси қабілетті екенін сезінуге рұқсат ететін тұлғаның интеграцияланған сапасы ретінде азаматтықты қалыптастыру. Азаматтықтың негізгі элементтеріне адамның мемлекетке қатысты өзінің міндеттерін орындауға және басқа азаматтарға сыпайы түрде қатынасуға рұқсат ететін адамгершілік және құқықтық мәдениет жатады. Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты – адамда қоғамның әдепті идеалдарын, Отанға деген махаббат сезімін, қоғам үшін қажетті іс әрекеттерді және т.б. тәрбиелеу [15,57].

        Әлеуметтік түсініктеме сөздігінде:азаматтық қоғам – жанұя мен мемлекет арасындағы аралық сала. Әлемдік мағынада – қоғамдық, әлеуметтік қатынастар және мемлекеттің немесе экономиканың қатаң іс әрекеттеріне қарсы салмақ ретінде қоғамдық қатысушы саласы [10,144].

       Азаматтық тәрбие мен білім беруді – үздіксіз үрдіс оны уақытша шектеулермен шектеуге болмайды. Осы үрдісте мектептің ролі жоғары тұрады. Оның ағартушылық потенциалы мектепте мемлекеттік-қоғамдық басқару жүйелерінің дамуына байланысты артады.

        Азаматтық білім беру – білім беру жүйесінің маңызды буындарының бірі, бүгінде барлық әлемдік қоғамдастық саясаткерлерінің, философтарының, педагогтардың назар аударатын нысаны болып табылады. Азаматтық сана-сезімнің төмен деңгейде болуынан қазіргі заманғы ойшылдардың алдында тұрған мәселе:біздің еліміздің әлеуметтік енжарлылығының түбірі қайда жатыр? Азаматтың тәрбиесі қайда және қашан жүзеге асуда? Жауабы анық: азаматтық қоғамның іргетасы мектепте қалануы керек. Егер де балалық шақтан бастап бала тек өзінің жеке қызығушылықтарын ғана ойлап, әлеуметтің қызығушылығын ойламаса мұндай жағдайда әлеуметтік қоғам қайдан болады? Сонымен, мектептің басты міндеті – азаматтарды тәрбиелеу, оларды өз мемлекетінің басқару жұмыстарына қатысуға дайындау болып есептеледі.  

        Неден бастау керек? Мектеп оқушысының азаматтық сана-сезімін қалай ояту керек? Ғалымдардың көпшілігі осы сұраққа жауап беруде мына ойды түзді:осы мәселені балалардың және жастардың өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы шешуге болады. Сапалы азаматтық білімді алу үшін тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде балалар ешқандай қысымсыз, өз бастамасын өз бетімен зерттеген жобаларын тәжірибеде жүзеге асыруда, мектепте өзін-өзі басқару органдарын сапалы қалай құруға болады?

      Өзін-өзі басқару – азаматтық қоғамдағы қоғамдық ұйымдарды, бірлестіктер, шағын қауымдастықтарды автономиялық басқару принципі.

      Этимологиялық термин «автономия» грек сөзінен «autos» – «өзі» және «nomos» – «заң» шыққан, «өзін–өзі басқарады», яғни өзін–өзі анықтайды, өзгенің еркіндігіне бағыттаушы емес немесе өзгенің бұйрығын орындамайды деген мағынаны білдіреді [3,17].

      Жалпы білім беретін мекемелердегі өзін-өзі басқару – жалпы білім беретін мекемелерді (мектептерді, гимназияларды, лицейлерді және т.б.), осы үрдіске конституциялық заңдылықтар негізінде жалпы білім беретін мекемені басқаруға құқығы бар, білім беру үрдісінің барлық тең құқылы қатысушыларын (педагогтарды, ата-аналарды, оқушыларды) қатыстыру тең бірыңғай бастамамен басқару принципі [9,72].

       В.Т.Кабуш бойынша: оқушылардың өзін-өзі басқаруы – қоғамдық мағыналы мақсаттарға жетудегі олардың өз бетімен шешім қабылдауға және іске асыруға дамуын қамтамасыз ететін оқушылар ұжымының тіршілік әрекеті ұйымының түрі. Оқушылардың өзін-өзі басқару – өздігінен ұжымының қызығушылықтарына байланысты шешім қабылдауда және оны іскеасыруда өз бастамасын көрсету. Өзін-өзі басқару  өзін-өзі анализдеу, өзін-өзі бағалауды, өзін-өзі сынауды және өзін-өзі орнықтыруды өз іс әрекетіне байланысты немесе ұжымға қатысты оқушыларға жасағанда жүзеге асады [17,45].

     

 

«Оқушылардың өзін-өзі басқаруы» оқушыларда адамгершілік түсінігін және тәжірибесін, бағалы гуманистті бағыттарды қалыптастыруға септігі мол:

  • Жеке тұлға болуға адамның өмірі, оның мәртебесі және құқығы;         
  • Туған және туысқан адамдары, олардың махаббаты мен қамқорлығы;   
  • Қоршаған адамдармен ақ көңіл болу, түсіне білу, достық;
  • Мектеп – құрылғыларымен, салт-дәстүрімен және оны мекендейтін айрықша белгілерімен ерекшеленетін өз тарихы бар кішкентай үй – дамудың көзі және мақтаныш пәні. 

Мақсаты:  

  • Балалардың жалпы ұйымы әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі негіздеу, өзін-өзі бақылау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін;
  • Әрбір оқушының өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі дамыту үшін әртүрлі мағыналы жеке және ұжыммен іс-әрекетке түскенде педагогикалық, әлеуметтік ұйымдастырылған шарттардың құрылуы; оқушыларды әлеуметтік белсінділікке және шығармашылыққа ынталандыру; жоғары демократиялық мәдениетті азаматты тәрбиелеу;
  • Қазіргі заман талабына сай жоғары білімді деңгейде және бүкіл әлемді таныту мақсатында оқыту деңгейіне қалыптастыру;
  • Оқушылардың өзін-өзі басқару және басқару ұстанымдарын қалыптастыру;
  • Жалпы мәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
  • Өздігінен білім алу дағдылары мен қажеттіліктерін қалыптастыру;
  • Мамандандырылған білім бағдарламаларын таңдау және игеру үшін негізін қалау;
  • Қазіргі заман қоғамында интеграцияланған және сол қоғамды дамытуға үлес қосуға бағытталған адамгершілігі жоғары деңгейдегі азамат(ша) адамды тәрбиелеу;

Міндеті:

  • Әрбір оқушының позитивті әлеуметін қамтитын өзін-өзі басқару жүйесін құру;
  • Әрбір оқушының шығармашылық жеке потенциалын айқындау және дамыту;
  • Мектептің басқару жүйесіндегі педагогтар мен бірге оқушыларға (болжау жасау, ұйымдастыру, орындау және оқу-тәрбие үдерісін анализдеу) үшін моделдеу мүмкіндіктерін беру;
  • Көшбасшылық тәртіптің дағдыларын, жетекшілік және ұжымдық іс әрекеттің бастапқы дағдыларының ұйымдастырушылық білімін, шеберлігін дамыту;
  • Құрдастарымен және ересектермен құрылымдық жүйелі қарым қатынастың амал, тәсілдерін және дағдыларын дамыту;
  • Өзінің ниетін жүзеге асыруда адекватты формаларын қолдану;
  • Оқушының және оны қоршағандардың іс әрекетінің нәтижесін анализдеу және диагностикалау;
  • Оқушының жеке тұлғалық шығармашылығының бастамасын дамыту;
  • Қойылған мәселелердің шешімін табуда құрдастарымен және педагогтармен диалогқа түсе білу дағдыларын дамыту;
  • Өзінің дүниетанымын көрсете білу, ситуацияны анализдеуге тырысу оған өзінің қатынасын білдіре алу;
  • Өздігінен жұмыс жасай алуға, белсенді болуға дайындығын дамыту;

Информация о работе Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам