Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2015 в 22:38, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу, өзін-өзі басқару оқушы жастардың азаматтық қоғамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзі ретінде жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі тенденцияларымен түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндау;
Зерттеудің міндеттері.
1) Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, оқушы жастардың өзін-өзі басқаруына әлеуметтік-тарихи талдаулар жүргізу;
2) Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденцияларын анықтау.
3) Жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруда түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ұсыну;
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1. ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕУ
1.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері..............5
1.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы: әлеуметтік-тарихи талдау..................13
2. ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
2.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденциялары................................................................20
2.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқарудың моделі...............................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................36
Славян педагогы Я.А. Каменскийдің («Законы хорошо организованной школы») бірыңғай мектептерде демократиялық ұстанымды дамыту туралы, М.В.Ломоносовтың «Регламенте московских гимназий» еңбегінде балалардың өзін-өзі басқару элементтері туралы бар [24,67].
«Өзін-өзі басқару» ұғымы А.С. Макаренко, Н.К.Крупскийдің педагогикалық еңбек өтілі кезеңінен пайда болған. Өзін-өзі басқару бойынша енгізулерде қайта қарау жұмыстары жасалынды, мысалы: бұйрық беру формасын дамыту емес, өзін-өзі басқаруды жоғарыдан емес төменнен бастап қайта құру, жүйенің бұзылмауы, өзін-өзі басқарудың органдарында коллектив болып ұйымның іс атқаруы туралы. Н.К. Крупскаяның (О коммунистическом воспитании школьников. - М., 1978. 97 б) "Мүшелері аз комиссия құрамы жоғарыдан жұмыс жасайды, ал қалған оқушылардың көпшілігі пассивті түрде қалады...Көп нәрсені жақсылап ойлану керек және, коллектив болып бірге жұмыс істеуге, коллектив болып өмір сүре алуға тәрбие беретін өзін-өзі басқарудың жаңа формаларына көшу керек. Қазіргі заман педагогикасында «өзін-өзі басқару» ұғымына азаматтық қоғамдағы біріккен және қоғамдық ұйымдарды, кіші қауымдастықтарды автономиялық басқару ұстанымы сияқты анықтама берілген.
Мектептегі өзін-өзі басқару және оны ұйымдастыру туралы ескерулер ХVI ғасырда пайда болды.1531-1556 жылдары Гольдбергте (Силезияда) латын мектебі жұмыс жасады, оны басқарған Валентин Тротцендорф. Өзі арнайы ұйымдастырған мектептегі өзін-өзі басқаруды азаматтық тәрбие беру мақсатында бірінші рет қолданған педагог. Мектепте туындаған конфликтілерді шешетін және қарастыратын ай сайын 15 оқушыдан тұратын сенат сайланатын. Оқушыларды әртүрлі қоғамдық жұмыстармен айналысуға тартатын [31,58].
Тұлғаны қалыптастыру мәселесі бойынша зерттеудің теориялық негіздерін қалаған шетелдік зерттеушілердің Б.Г.Ананьевтің, П.Я.Гальпериннің, В.В.Давыдовтың, А.Маслоудың, К.Роджерстің, А.Томастың және т.б.; әрекет пен қарым-қатынасты тұлғаның психологиялық идеяларын қарастыруда А.Г.Асмоловтың, Л.И.Божовичтің, А.Н.Леонтьевтің және т.б., В.М.Басованың, В.Ш.Масленникованың еңбектерінде әлеуметтік компетенттілік даму идеяларын, әлеуметтік өзара қарым-қатынастың жалпы заңдылықтарын, тұлға, адам болып қалыптасу үрдісіндегі оның детерминациясын В.Г.Афанасьевтің, В.Т.Лисовскийдің және т.б.,; тәрбие теориясы туралы К.Д. Ушинскийдің, В.А.Караковскийдің В.А.Сухомлинскийдің және т.б.; әлеуметтік тәрбие теориясы туралы Н.К.Крупскаяның, А.С.Макаренконың, Г.К.Селевконың және т.б. еңбектерінде кездестіруге болады [30,128].
Украинадағы ағайындылар мектебі күмәнсіз қызығушылық танытады. 1586 жылы Львов ағайындылар мектебінің жарғысында мұғалімнің міндеттері мен құқықтарының қатарында оқушыларды ұйымдастыру талаптары мазмұндалады. Я.Коменскийдің идеялары (1592-1670). Ол мектеп тәртібін табиғаттан алу керек, табиғат өз әрекетінде қандай жерлерде болмасын сол үрдістердің бақылауынан шығып отыру қажет деп ерекше көңіл бөледі. Өзінің еңбектерінде Коменский тәрбие заңдылықтарын табиғи «негізін салумен», табиғат заңдарымен аналогия жолымен орнатуға тырысады. Я.Коменскийге мектепте балалар тек қана оқымайды, сонымен бірге болашақ азамат болып тәрбиеленуі маңызды. Ол мектепте мемлекеттік ересектер қатарын бейнелейтін қоғамды «өзін-өзі басқаруды» ұйымдастыруды ұсынады. Я.Коменский мектеп бүтінімен және әрбір сынып жеке «өзінен мемлекетті, өзінің сенатымен және сенат төрағасын, өзінің елшісін немесе сотын ұсыну» қажет деп білді [21,145].
Басқаша айтқанда, Я.Коменский әрбір сынып және мектеп бүтінімен бірлескен істерді талқылайтын өзі бір қоғамдастық болып көрінсе екен деп талпынды. Бұл жастарды «осындай әрекет түріне дағдыландыру, өмірге дайындау» дайындық құралы. Қайта өркендеу, реформация, ағартушылық кезеңдері атақты Европаның гуманистерінің айтылған идеялары философиялық және идеологиялық тұрғыдан көптеген қоғамдық және мемлекеттік Ресейдің институттарына әсері болды.
XIX ғасырдың ортасында Ресейде жеке меншікті философиялық мектеп қалыптасты, гуманистік көзқарасты ұстанатын ұлы философтарды кеңінен тексерген. Орыс ойшылдарының көбі тәрбие және оқу мәселелерін реформацияланған кезеңде қарады, бірақта көпшілікке ең үлкен әсер еткен К.Ушинскийдің еңбектері. К.Ушинскийдің педагогикалық көзқарастарының систематикасы:
- дәстүрлі білім берудің идеясы;
- жалпыға міндетті ана тілде оқыту;
- физикалық және психикалық тұлғаларды "арнайы емес оқыту" (яғни, жалпы ортаға байланысты), оқушының мәдениет дәрежесі және "заман таабына" сәйкестігі;
-мақсатты түрде "анторопологиялық ғылымдар" жетістігіне орай тәрбиелеу, яғни адам жайлы ғылымдар: философия, саясиэкономика, тарих, әдебиет, психология, физиология, анатомия және т.б.
-тарих беттеріндегі
-оқу процесіне бірігіп
-маңызды дидактикалық принципті ұстану: игеру процесінде ең бастысы есте сақтау емес, ойлау қабілеті.
К.Ушинскийдің тәсілдері өз кезінде өте атақты болып, педагогтар арасында критикалық бағалауда және дәстүрлі тәрбие беру мен ұлттық тәрбие беру аясында қайта қаралып, кең қолданысқа ие болды. Бұл концепция бойынша әрбір ұлт ғасырлар өте келе дамуына орай өзінің тәрбиелеу мен білім беру жүйесін жасап алған [23,10].
Ең алғаш балалардың өзін-өзі басқару мәселелері бойынша С.Шацкий қарастырған. Ол 1906 жылы Мәскеуде өзіндік мәдениетті бүлдіршіндердің "СЕТЛЕМЕНТ" ұжымын құрған. Тәрбие процесінің жүйесінде "бала патшалық" құру идеясы болды. Бұл жерде әрбір тәрбиеленушінің жан-жақты дамуға мүмкіншілігі болды. Клуб мүшелерінің жиналысында бекітілген шешімдер міндетті түрде орындалып тұрды. "СЕТЛЕМЕНТ" тәрбиелеу кешінінің негізінде "бала патшалық" идеясы жатты, онда әр бала күшінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ете алды. Ұлдар мен қыздар серіктестік және қызығушылығы бойынша бірігетін. Әр клубтың атауы және қарым-қатынасты басқару ережелері жасалды. Клубтың ережелері мен шешімдеріне ересектер мен басқарушылар бағынған. "СЕТЛЕМЕНТ" клубының әрбір мүшесі алдыға қойылған мақсаттар бойынша жұмыс жасап, тұлғаның өзіндік дамуы үшін қолайлы шарттар құрастырды [39,45].
1909 жылы С.Шацкий "Бала еңбегі және демалыс" ұжымын құрды, ал 1911 жылы ұжым аясында "Сергек өмір" жазғы колониясы ашылды. С.Шацкий өзінің қызметкерлерімен тәрбие, эстетитика және ойлау қабілеттерінің байланысын анықтап, тәрбиелеушілер мен балалардың қарым-қатынасы, ұжымның даму динамикасы, балалар ұжымының қаншалықты жұмыс жасап жатқандығын анықтайтын. "Сергек өмір" колониясы ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін жұмыс жасады. С.Шацкий мен оның қызметкерлінің жұмысы 1917 жылғы революцияға дейін және кейін де жоғары бағаланды. Егер, "СЕТЛЕМЕНТ" мәдениет ортылығы 1908 жылы "балалар арасында социализмді жүргізу" есебімен жабылса, ал "Сергек өмір" ұжымы 20-жылдары "буржуазиялық идеяларды таратушы, пролетараттық тәрбиелеу принциптеріне қарсы шығу" жаласымен жабылды.
Қазан төңкерісінен кейін өзін-өзі басқару жайында бірқатар нормативті құжаттар қабылданды. 1918 жылы 16 қазанда Мемлекеттік комиссияның шешімімен "Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері" жолдауы жолданды. Жолдауда оқушылар мектеп өміріне етене араласу керек деп айтылған:"Ол үшін оқушылар өзін-өзі басқару құқығына ие болуы қажет және үнемі белсенді түрде қолдау көрсету керек. Мемлекеттің болашақ азаматы ретінде олар өзін алдымен мектептің азаматы ретінде сезінуі қажет". Жалпы білім беретін мектептегі өзін-өзін басқару мекемелерінің қызметі Ресейде 1918 жылы 30 қыркүйектегі шешімі бойынша "Бірыңғай еңбек мектеп жағдайы”, 1923 жылы 18 желтоқсанда қабылданған халықтық қаулысы бойынша қызмет етеді [41,5].
Осы құжаттарға орай, мектептерде оқытушылардың жекелей өзін-өзі басқару органдары (педагогикалық кеңес, оқу-әдістемелік кешен), ал оқушыларда (жалпы және делегаттық жиналыстар, оқушылар комитеті, комиссиялар және т.б.), еңбекші халық арасында (ата-аналар жиналысы және ата-аналар комитеті) және өзін-өзі басқару органдары (мектеп жиналыстары, конференциялар) жұмыс жүргізді. "Бірыңғай еңбек мектебі" бойынша мектеп кеңесі мектептің өзін-өзі басқаруына жауапкер еді. Бұл құжаттарды қабылдау орыстың ұлы педагогтарының ойын қайта қарауға тура келді.
Педагогикалық ізденіске бүкілресейлік педагогтар мен психологтар іске қосылды: А.Бакушинский, П.Блонский, Л.Выготский, А.Макаренко, А.Пинкевич, С.Шацкий және т.б. Олардың бастамалары бойынша Мәскеуде әлеуметтік тәрбие Академиясы (1919 ж.), мектеп жұмысының ғылыми-зерттеу институты (1922 ж.) және мектептен тыс жұмыс институт (1923 ж.), ММУ-ң ғылыми педагогика институты (1926 ж.), Ленинградта - ғылыми педагогикалық Институт (1924 ж.) құрылған [28,176].
1917 жылғы Қазан төңкерісі және кеңестік биліктің бүкіл Ресейде 20-жылдары үстем құруы нәтижесінде кеңес мектептерінде социалистік тәсілдер қолданылды. Либералдық тәсілдер жалпы беретін ұйымдарда Ресейде жетпіс жылға қалдырылды.
20-жылдары педагогикалық
Өзін-өзі басқаруға теңдессіз
Мектептік өзін-өзі басқарудың шыңы ретінде 20-30 жылдары А.С.Макаренконың ықпалымен Ф.Э.Дзержинский коммунасының құрылуын айтуға болады. Коммунаны сондағы адамдар басқарған. Коммунаны басқару жүйесі "ФЭД мемлекетінің конституциясымен" іске асып отырған. Осыған орай коммунада жоғары жиналыстар және және коммуна адамдарынан өндіріп алу құқығын берген.
Жалпы жиналыстар арасында басты мекеме болып отряд командирлерінің кеңесі бекітілді. Командир кеңесінің құрамына:коммуна бастығы, оның көмекшісі, шаруашылық есептегі басшы, асхана кеңесі, шаруашылық комиссиясы, дәрігер, комсомолдық ұйымның хатшысы, зауыт басқарушы кірген. Коммунарлардың жалпы жиналысында санитар кеңесі, асхана кеңесі, шаруашылық кеңесі, клуб кеңесі сайланған. Әрбір кеңестің қызметі "конституция" бойынша бекітілген. Ресей педагогикасының тарихында ХХ 60-жылдардағы И.Ивановтың қызметі мен тәжірибесін айтуға болады (Жас фрунцевтар коммунасы, А.Макаренко атындағы коммуна). Коммунарлы қозғалыстың негізінде ұжымдың шығармашылық жұмысы жатты. Осының арқасында формальды емес ұжымдар құрылып, оның мүшелері И.Ивановтың педагогикалық әдістемелерін ұстанды. Педагогикада бұл әдістеменің бірнеше атаулары бар: коммунарлы әдістеме, ұжымның шығармашылық әдістемесі және т.б.
1922 жылы Ресей Федерациясының "Білім жайлы" Заңнамасы құрылып, мектептің демократизациясы кең ауқымға енді. Кейін әр мектеп өзінің басқару жарғысын құратын болды.
1996 жылдан бастап білім беретін мекемелер "РФ Білім туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу" заңына сәйкес қызмет етеді. Заңнамаға сәйкес, мектептегі басқару жұмыстары дара басшылық және өзін-өзін басқару принциптері бойынша жүргізілуі тиіс. Өзін-өзі басқару формасы ретінде білім беру ошақтары, қамқоршылар кеңесі, жалпы жиналыс және педагогикалық кеңес бекітілді. Өзін-өзі басқарудағы аздаған маңызды қызмет оқушыларға жүктелді. Қазіргі таңда оқушылардың өзін-өзі басқаруы білім беретін мекемелерде дамудың жаңа сатысына көшкен [5,93].
Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытудың шарттары. Жалпы білім беретін мекемелерде оқушылардың өзін-өзі басқару дамуы үшін ұйымның, кадрдың, бағдарлы-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларының бірқатар мәселелерін шешумен байланысты [16,20].
Ұйымдастырушылық шарттары бойынша мектептегі жұмыстар кешенді түрде 4 деңгейде жүруі қажет (индивидуалды, алғашқы реттік ұжым, мектеп ұжымы және мектеп аралық мекемелер). Ең алдымен, жұмыс жасайтын мекеменің әлеуметтік-педагогикалық жағдайына сараптама жасау керек, ата-ана мен оқушылардың қызығушылығы мен қажеттілігін анықтау қажет. Сонымен қатар мектептің ерекшеліктерін, профилін және шешуге қажетті негізгі міндеттерін, материалды және техникалық базасын, кадрлық мүмкіншіліктерін айқындаған дұрыс. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үшін қосымша ақпарат құралдарын (қабырға газеті, радио және т.б.), заманауи компьютерлік технология және Интернет желілерін мақсатты түрде кең ауқымда қолданған жөн. Мектеп белсенділерін сайлау науқанында Орталық сайлау комиссиясының "Жас сайлаушының құқықтық міндеті" бағдарламасына сәйкес жергілікті мамандарды сайлау жұмыстарына қосуға болады. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үшін ұйымдастырушылық базасына нормативті-құқықтық жұмыстарын үнемі жүргізуге болады.
Кадрлық шарттарына — өзін-өзі басқару аясында педагогтардың кәсіптік өсу мүмкіншілігі жатады. Семинар, саралауды жоғарлату курстарын өткізу, өзін-өзі басқаруға байланысты педагогикалық дискуссиялардың барлығы жалпы білім беретін мекемелерде жұмыс жасайтын әрбір кадрдың шыңдалуы үшін жасалуы қажет. Аталған мәселелердің барлығы өзіндік білім алуы мен бір-бірімен тығыз жұмыс жасауы үшін тиімді.
Педагогтардың
оқушылардың өзін-өзі
Оқу жылының
ағымында және жазғы демалыс
кезінде педагогтар мен
Бағдарлы-әдістемелік шарттар. Қай дәреже болмасын, оқушылардың өзін-өзі басқаруын арнайы дайындалған бағдарлама бойынша дайындамаса әсте мүмкін емес.
Информация о работе Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам