Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2015 в 22:38, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты. Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу, өзін-өзі басқару оқушы жастардың азаматтық қоғамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзі ретінде жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі тенденцияларымен түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндау;
Зерттеудің міндеттері.
1) Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, оқушы жастардың өзін-өзі басқаруына әлеуметтік-тарихи талдаулар жүргізу;
2) Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденцияларын анықтау.
3) Жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруда түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ұсыну;

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1. ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕУ
1.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері..............5
1.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы: әлеуметтік-тарихи талдау..................13
2. ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
2.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденциялары................................................................20
2.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқарудың моделі...............................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................36

Файлы: 1 файл

1. НЕСИПКАЛИЕВ Д.Е курсовой.doc

— 517.50 Кб (Скачать файл)

     Мектептегі өзін-өзі басқаруға ата-аналардың қатысуы:

Өзін-өзі басқаруға ата-аналардың қатысуы жылына бір рет мектептік ата-аналар жиналысында. Ата-аналармен жиналыста жұмыс жасай алмайтын жағдайда, мектептік ата-аналар конференциясы болуы тиісті және оған ата-аналар мен оқушыларды әр сыныптан теңдей таңдайды. Мектептік ата-аналар жиналысының арасында ата-аналар комитетінің жиналысы сыныптар арасындағы және сыныпта болуы керек [46,170]

     Мекемедегі педагогтардың өзін – өзі басқару қызметі ата – аналардың жетекшілігімен келесі позицияларды ұстанады:

  1. Мектеп өміріндегі оқушылардың құқықтарын оларға қатысты шешімдер мен шарттарды қабылдайды;
  2. Әрбір мекеме өзін – өзі басқарудың оңтайлы шешімін қабылдайды;
  3. Мектеп ұжымындағы ересек балалар басқа балаларға қарағанда еркіндікті қалайды. Бұлардың барлығы кеңестің шешімі бойынша анықталады;
  4. Мекемедегі өзін – өзі басқару басқа мекемелермен салыстырғанда өткізілетін жиналыстар, конференция, кеңес, комитет түрінде жүзеге асады;
  5. Әрбір мектепте ереже жүйесі бойынша дау – дамайларды шешу және мекемеде өзін – өзі басқарудың қызметі қабылданған;
  6. Мектеп жұмыскерлері және ата – аналар мектеп өміріне қатысты өзекті мәселелерді жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алмайды;
  7. Әлеуметтік педагогикалық қағидаларға сай құқықтық, заңдық, демократиялық, педагогикалық мақсаттылыққа байланысты мектепте өзін – өзі басқару осылар арқылы жүзеге асады [31,145].

 Мектеп педагогтары мен ата–аналардың  мекемеде өзін – өзі басқаруы және олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары әртүрлі болып келеді. Мектептегі әрбір жұмыс сайланушылардың қызығушылықтары мен өзекті мәселелерінен басталады, негізгі жұмыстың құрылымы, бағыты, қызметі өз кезегінде мекемедегі жұмыс мазмұнымен анықталмайды. Мектептегі өзін – өзі басқарудың базалық моделі төрт жүйеден тұрады: педагогикалық, ата – аналық, педагогикалық өзін – өзі басқару жүйесі, ата – аналардың өзін – өзі басқару жүйесі, мектептегі өзін – өзі басқару деңгейі басқа мекемелермен салыстырғанда алғашқы ұжым және ассоциация басқармаларымен бірге қызмет атқарады [38,17].

Педагогикалық ұжымның өзін – өзі басқаруына мектеп педагогтарының кеңесі, ол мектептегі педагогикалық концепцияны талқылайды және жұмыстық талаптарын орындайды, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, педагогикалық негіздеріне және ата–аналар арасындағы өзара қарым–қатынасты, педагогикалық ұжымның құрылымын мектепке қатысты нормативті құжаттарды анықтайды және оларды бекітіп бөледі.

Әдістемелік кеңестің жұмысы ғылыми теориялық деңгейде педагогикалық әдістемелік шеберлігі мұғалімдердің әдістемелік отырысы, олардың педагогикалық тәжірибесінен байқалады. Әдістемелік кеңестің жұмысы мынадай қызметтерді орындайды. Педагогикалық оқу ғылыми тәжірибелік конференция, конкурстар, оқу тәрбие үрдісіндегі әдістемелік база және мектептегі жұмыс тәжірибесін атқарады [20,48].

Білім алу үдерісіне қатынасушы оқушылардың өзін-өзі басқаруы не береді?

  • командамен, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың оқыту және үйрену сапасының деңгейін көтеруге әкеледі;
  • тәртіптің жақсаруына әкеліп соғады, себепсізден қалуды азайтады;
  • оқушылардың өзін-өзі басқару органдарында өзінің бейімделуіне және қызығушылығына сәйкес келетін рольдерді таңдау;
  • баланың құқығын қорғайды;
  • конфликті ситуацияларды мәдениетті түрде шешуге үйретеді;
  • кейінгі жолын таңдауда өзін-өзі анықтауға көмектеседі.

Ата–аналардың да оқушылармен арақатынасын дұрыс ұйымдастыру ісінде олардың да өзіндік ұйымдастыру мәдениеті қажеттілік. Отбасының өзін-өзі басқару нәтижесінде:

  • балалардың бос уақытын ұйымдастырады;
  • балалардың оқу нәтижесінің жақсаруына әкеледі;
  • жанұяда конфликттің болуын төмендетеді;
  • мектеп өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді;                                   Ал педагогтардың өзін-өзі бақылап, өз ісін басқару мәдениеті
  • балаларды ұйымдастыруға көмектеседі;
  • балалар ұжымын ұйымшыл етуге;
  • сыныптағы тәртіпті, оқушылардың жасаған іс-әрекетіне жауапкершілігін көтереді;
  • баланың көшбасшылық, ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттерін ашады;
  • инновациялық технологияларды тәжірибеден өткізу;
  • экспериментті – тәжірибелі жұмыс арқылы мәселеге тереңдету;

Өзін-өзі басқаруда мектептік жиналыс пен оқушылар кеңесінің жиналысы тоқсанына бір рет болуы тиіс. Мектеп оқушыларының жиналысының қызметі:

1.Перспективалық жоспарды бекітіп және қарастыруда өзін-өзі басқаруда оқушылардың өздерін жетілдіруге байланысты болып келеді;

2.Мектепті басқару жөніндегі сұрақтарды шешеді; талқылап және жоспарды шешуге байланысты шешім қабылдайды;

3.Мектепте өзін-өзі басқару органының құрылуы;

4.Оқушылар ұжымын оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру мен құру;

5.Ұжымдағы жалпы ережелер мен ескертулерді, ішкі іс-әрекеттерді орнықтырып отырады және қарастырады;

6.Өзін-өзі басқарудың нәтижелеріне септеп баяндап береді;

Оқушылардың мектептік кеңесі:

1. мектеп оқушыларының бірлестігі мен органдарының барлық іс-әрекеттері туралы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау;

2.мектепте тәртіптілікті, кезекші болуды, өзіне-өзі қызмет етуді ұйымдастыру;

3. басшылықты бекіту;

4. мектеп оқушыларының конференциялары мен жиналыстарын өткізу және дайындау;

5. газеттері мен радио бағдарламаларын ұйымдастыру;

6.жиналыстарында мектептегі маңызды іс-шараларды өткізудің жоспарларын құрып, өздерінің атқарған жұмыстарының нәтижелерін талқылап, өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарының шешіміншығару;

7.оқушылардың құзыреттіліктері мен жауаптылығын, оларға берілетін мадақтаумен жазалаудың түрін қарастырады;

8.оқушылар ұжымы мен табылған пайданы пайдалану жөнінде шешім қабылдау және т.б.

Сыныптар мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұжымы мен бірлестіктерінің жұмысы айына бір рет жалпы ұйым мүшелеріне жиналыстарды ұйымдастыру. Сыныптағы оқушылардың өзін-өзі басқаруы сыныптық кеңестерде және жиналыстарда қарастырылады, кеңес мүшелерін сынып оқушылары сайлайды және айына бір рет жиналыс өткізлуі тиіс.[46,164].

Оқушылардың өзін – өзі басқаруындағы және білім беру жүйесіндегі жаңашыл тенденциялар:

- жалпы білім беретін және мамандандырылған мектепте ережеге сай өзін – өзі басқару мен оқушылардың ұжымдағы талпынысы және де басқа да топтармен тапсырманы орындауы өзін – өзі оқыту және өзін – өзі тәрбиелеу, өзін – өзі жетілдіру, яғни басқаруға дейінгі өзіндік мәселесі болады;

- кілттік мәселенің өткірлігі  оқушылардың өзін – өзі басқаруында  жалпы білім беретін мекемелердегі қазіргі оқушылардың құзіреттілікті орындау міндеті және қорғау үшін қызығушылықтары жоққа шығарылады;

- мектептегі негізгі мәселенің  бірі  - ол оқушылар мен мұғалімдердің  және ата – аналармен сыныптағы  ұжымның өзін – өзі басқаруы  жатады;

- білім беру мекемесіндегі жаңащыл тенденциялардың бірі – әртүрлі типтегі педагогикалық топтардың зерттеулері және анықталған дәлелдемелер арқылы бақыланады;

- кәсіптік білім беруде және  қосымша білім беруде мекемедегі  тұлғалардың басқаруы саясат  пен білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың, олардың арасында оқытушылар, мұғалімдер, ата – аналар, балалар бар;

- мекемедегі оқушылардың өзін  – өзі басқаруында анықталған  шешімдер бойынша өзін – өзі  басқарудың алдын алуға қатысты  қателіктер кетеді. Сол себептен  де педагогикалық қателіктерді болдырмау қажет;

- өкінішке орай қазіргі өзін  – өзі басқаруда жоғарыда аталғандай  әртүрлі аймақты белсенді жақтары  көрінеді.

- зерттеу бойынша ғылыми ізденіс сұрақтарын бекітуде оқушылардың ұжымдағы әлеуметтік белсенділігі қазіргі таңда өмірлік іс-әрекеттің дамуы мекемелер бірлестігінің байланысы белсенді түрде жүргізілуде, оқыту – тәрбиелеу процесінде әдістемелік түрмен байланысты.

 

2.2 Оқушы жастардың өзін-өзі  басқарудың моделі

 

      Жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды өзін-өзі басқарумен жетілдіру бағдарламасының мынадай қағидаларға сүйенуді талап етеді: жалпы білім беру мекемесінде еркін таңдау моделін оқушылардың өзін-өзі басқаруы өзінің спецификасы мен дәстүріне байланысты; жеке тұлғалық және ұжымдық ізденістерін бағдарлау, қажеттіліктер, тұлғалық және ұжымдық қызығушылықтарының бағдары, білім беру үдерісіндегі оқушылардың ептілігі (білім алушылар, мұғалімдер, ата-аналар); оқушылардың өзін-өзі басқаруының қызметтік негізі, өсіп келе жатқан жастарға өз энергиясын қажетті іске бағыттауды үйрету; жалпы білім беру мекемесіндегі өзін-өзі басқаруы жергілікті органдермен тығыз өзара қарым-қатынаспен байланысты[49,273].

Мектептік өзін-өзі басқарудың моделінің әлеуметтік – педагогикалық принципін құру.

Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару моделінде психологиялық зерттеудің негізгі принциптерін тізіп ерекшелеуге болады және моделдеудің негізгі әдіс жолдарына сүйене отырып пайдалану.

1. Иерархиялық принцип моделінің құрылуы мектептегі өзін-өзі басқарудың дәрежесімен байланысты. Берілген принцип ұйымдастырушылық, басқарушылық, позициялық моделдерде қолданылады.

2. Модульді принцип өзін-өзі басқарудың қолданылуы. Оқушыларының өзін-өзі басқаруы біршама көп өзара тығыз байланысты әр-түрлі элементтердің дәрежесінің жиынтығы бізді әр-түрдегі талдау жүргізуде олардың  әрекеттесуінің болуы. Өзін – өзі басқарудың модульді моделін талдау мен принциптерін түзудің мәселелерін шешудің шекарасының мүмкіндіктері.

3. Мектептік өзін – өзі басқару моделінің құрылымдық принципін құру. Позициялық, ұйымдастырушылық, нормативті-құқықтық, басқару модельдері. Сыртқы және ішкі өзгерістерге қарамастан, құрылымы мен қызметі өзгермейді.

4. Мектептегі оқушылардың өзін – өзі басқару моделінің гуманизациялық принципін құру.

5. Оқушылардың өзін – өзі басқару моделінің пән аралық принципін құру. Аталған принципте әртүрлі ғылыми және оқыту пәндерінің мазмұны мен әдістерін пайдалануды ұсынады.

6. Оқушылардың өзін – өзі басқару моделінің өзін – өзі басқару принципін құру. Өмірлік жолын жоспарлаумен өзіндік менін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын принцип болып табылады.

Осы көрсетілген принциптер оқушылардың өзін-өзі басқару моделінің жалпы тізбектелуінің құрылуы. Мектеп қызметі мен оқушылардың өзін-өзі басқару моделінде нақты қойылған талаптарға сенімділікпен ғылыми танымның барлық әдістерін қарастыру керек [32,124].

«Мектептік кеңес» моделін мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелер тәжірибе ретінде пайдаланады. Берілген өзін-өзі басқару моделінің заңнамалық және локалды актілерінің орындалуы негізгі талапқа сай болуы керек. Өзін-өзі басқарудың функциясын әкімшілік құрылым орындайды, олар жалпы білім беру үрдісіне қатысатындар, мектептік кеңес, жалпы мектептік жиналыстар, мұғалімдер кеңесі, ата-аналар жиналысы жатады.Осы моделдің арқасында білім беру процесінде мектеп оқушылары өз азаматтық құқықтарынқорғаумен өзін әлеуметтік ортада ұстауды үйренеді. Осы берілген моделдің тиімді және тиімсіз жақтары бар. Ойын технологиясының жаңашыл атрибуттары педагогикалық және тәрбиелеу мүлде қолданылмайды. Өзін-өзі басқару органдарының процестерінің құрылымдары оқушыларда қадағаланады[31,116].

      Гуманисттік педагогиканың басты қағидаларына жалпы білім беру мекемелерінде өзін-өзі басқарудың негіздеріне және негізгі принциптерге сай келуі: адамның ерекшелігін және өзін бағалауын мойындауы, оның өзін-өзі жетілдіру құқығы, білім беру процесінің барлық қатысушыларының тұлғалық тең құқылы позициясы, білім алушылардың қызығушылықтарын бағдарлану, олардың еркіндігі мен құқығының маңыздылығы. Жоғарыда көрсетілген принциптар мен тұрғыға сәйкес келуі, жалпы білім беретін мекемедегі өзін-өзі басқару моделінің формаларымен өзін-өзі басқарудың топтарын құрудың үлгісі:

  1.Әкімшілік моделі (шартты атауы «Мектептік кеңес») - бұл формалды-құқықтық өзін-өзі басқару, заңнамалық және жергілікті актілердің негізгі талаптарына сай. Осы моделдің көмегімен білім беру процесінің қатысушылары,оның ішінде оқушылар (мектеп кеңесінің оқушылар секциясы), жергілікті ұйым менжалпы білім беру мекемесіндегі оқушылардың өзінің азаматтық құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Тиімді жақтары: 

1. Жалпы білім беру мекемелеріндегі қызметті басқаруда,заң және заңнамалық актілердің талаптарына толық сәйкес келуі.

2.Білім беру жүйесінің қатысушыларының азаматтық құқықтарын қорғаудың мүмкіндіктерінің болуы.

Тиімсіз жақтары:

1.Тәрбиелеу бағдарламасының шама-шарқын (оның ішінде ойындық), жалпы білім беру мекемелерінде жетілдіру.

2.Өзін-өзі басқару органдарының таңдау процесінің құрылымы, оның ішінде оушылардың өзін-өзі басқаруы.

3.Оқушылардың жас ерекшеліктерінің есебінің жеткіліксіздігі.

Информация о работе Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам