Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2015 в 22:38, дипломная работа
Зерттеудің мақсаты. Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу, өзін-өзі басқару оқушы жастардың азаматтық қоғамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзі ретінде жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі тенденцияларымен түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндау;
Зерттеудің міндеттері.
1) Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, оқушы жастардың өзін-өзі басқаруына әлеуметтік-тарихи талдаулар жүргізу;
2) Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденцияларын анықтау.
3) Жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруда түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ұсыну;
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1. ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕУ
1.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері..............5
1.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы: әлеуметтік-тарихи талдау..................13
2. ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
2.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденциялары................................................................20
2.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқарудың моделі...............................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................36
2.Ойын моделі (шартты атауы «Демократия ойыны») – өзін-өзі басқарудың, Казақстан Республикасының нормативті актілері мен барлық негізгі заңнамалары, ойын ережесіне сай келуі, мемлекеттің негізгі құрылымдық қызметін моделдеу, жергілікті ұйым(муниципалды білім беру), жалпы білім беретін мекеме(нақты моделге байланысты). Осы ойын ережесі бойынша білім беру жүйесінің өзара қарым-қатынасы регламентінің белгілі бір өзара ойын әрекеті.
Тиімді жақтары:
1.Ойын технологиясы мен ойынның шама-шарқын максималды қолдану.
2.Оқушылардың өзін-өзі басқарудың арнайы тәрбиелеуін қарастыратын бағдарлама.
Тиімсіз жақтары:
1.Тәрбиелік жұмыс пен жалпы білім беретін мекемедегі өзін-өзі басқарудың нормативті-құқықтық базамен моделдің үйлесімділігі, моделді енгізуге мұғалімдер ұжымының психологиялық дайындығының болмауы мен кейбір мұғалімдердің дәстүрден кері шегінуі, жалпы білім беру мекемесінде өзін-өзі басқаруда орын алған жағдай.
2.Шамадан тыс ойын процесінің бағыттарымен әуестену.
3.Мектептік өзін-өзі басқарудың оқыту белсенділігі мен балаларды сауықтыру лагерлерінде толық түрде моделді жетілдіруге мүмкіндік.
3.Әкімшілік-ойындық бөлек моделі (шартты атауы «Өзін-өзі басқару күні») – бұл бастапқы екі моделдің бірлестігі мен артықшылықтарының формалды-құқықтық өзін-өзі басқарудың мүмкіндіктерінің жылына бір рет немесе тоқсанына бір рет жиналыста қарастырылады.
4.Әкімшілік-ойындық моделдің үйлесімділігі (шартты атауы «Демократиялық республика») — бұл бастапқы екі моделдің үйлесімділігі, бірақ ойын технологиясын дұрыс қолдануға байланысты, сонымен қатар ойын әрекетіне білім беру процесіне қатысушылардың қосылуы (білім алушылар, мұғалімдер, ата-аналар), формалды-құқықтық өзін-өзі басқаруда тек прициптік сұрақтардың (денсаулығы мен өмірлік қауіпсіздігін, мемлекеттік білім берудің аз бөлігін орындау және т.б.). Жалпы білім беру мекемесі қандай модель немесе оның модификациясына байланысты көп деңгейде мекеменің кейінгі дамуына сәйкес келетіндігі туралы өз бетімен сұрақтарды шешуде.
Сыныптағы өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуді іске асыруда А.С. Макаренко келесі кейбір кеңестерін ескереді:
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару модельдерінің түрлері:
Өзін-өзі басқару моделінде желілік актілер мен заңдылықтардың нақты талаптарының орындалуына негізделіп ұсынылған, яғни негізінен әкімшілік ресурстады пайдалануға акцент жасалған. Жалпы білім беру үрдісіне қатыстылардың жиналысы, мектептік кеңес, педагогикалық кеңес, жалпы мектептік жиналыс, ата-аналардың мектептік жиналысы – осының барлығы әкімшілік құрылым, яғни өзін-өзі басқарудың белгілі бір қызметін орындап қана қоймай және атқара алатын құрылым. Осы басқарудың түрі және білім беру процессіне қатысатын мүшелердің қарым-қатынастарын, дәл осы әкімшілік ресурста білім беру мекемелерінде пайдалану қажеттілігі мен мүмкіндігі жөнінде қарастырады.
Бұл модельдің көмегімен білім беру үрдісіне қатысушылар, оның ішінде оқушылар жалпы білім беру мекемесі мен жергілікті ұйым істері басқармасына қатысуға деген өздерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асырады.
Оқушыларға осы модельдің қандай мүмкіндіктер беретінін қарастырайық. «Мектеп кеңесінінің» оқушыларға беретін мүмкіндіктері:
-мектепішілік «заңдарды» қабылдауға және құрастыруға, басқаруға көмек береді;
-мектеп өміріне қатысты қандайда болмасын сұрақтарға өз ойын толық білдіре алу;
-оқушыларға деген сыйластық көзқарастың болуы;
-өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жетілдірудің қажеттіліктеріне көңіл толушылық;
-ересектермен тең құқылы түрде іскерлік қарым –қатынастарын реттестіру негізі;
-мектепте, мектептен тыс және
сабақтан тыс жұмыстарда
- азаматтық тәрбиемен әлеуметтік іс-әрекеті тәжірибеде қолдану.
Оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының негізгі формасы:
-білім беру мекемесіндегі
-мұғалімдер мен ата-аналардың
өзін-өзі басқаруымен оқушылар
кеңесі мен мектептік
-оқушылардың ғылыми-
-іскерлік ойындар,
-дискуссия,
-дөңгелек үстелжәне т.б.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруының негізгі әдістері:
1.Қоғамдық тапсырма. Оқушылар кеңесі оқушыларға белгілі бір жұмыстар немесе бағытталған іс-әрекетті тапсыра отырып, берілген іс-әрекеттің түріне дайындық дәрежесі мен қызығушылықты есепке алады.
2.Қоғамдық ой-пікір – тапсырылған жұмысқа жауапкершілік қарым-қатынасын құрайтын, қоғамдық белсенділіктің әрекеттестігі.
3.Мадақтама – оқушылардың өзін-өзі басқару органдары немесе жалпы ұжымдық алғыстың көрініс табуы.
4.Көндіру – оқушының ұстанымында пайдаланылатын мақсатты құрылымның кажеттілігі.
5.Өтініш.
6. Тапсырылған іске жеке үлгі ретінде қарым – қатынас.
Оқушының өзін – өзі басқару мәселелері немесе әдіс ретіндегі біріккен талқылаудағы кеңес.
Модельдің тиімді жақтары :
-Оқушылардың өз азаматтық
«Мектептік кеңес» моделінің тиімсіз жақтары :
- Ойын технологиясын потенциалды тәрбиелеуден ерекшелеу. Осы модельде ойын технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері мүлде қолданылмайды. Ойын «Мектептік кеңес» моделінде басқа ортада және басқа мақсатта білім беру мекемелерінде пайдалануда. Шындығына келгенде, өзін-өзі басқару ортасында сабақ уақытысында және сабақтан тыс уақытта ойынды пайдалануға потенциалды өз құрамына қосады.
Берілген өзін-өзі басқарудың ойын технология моделі сипатталған. Бұл өзін-өзі басқарудың негізгі факторы ҚР мемлекетінің барлық заңдары мен заң актілерін сақтаумен қатар, ойын ережесінің негізгі құрылымының моделін мемлекет немесе жергілікті ұйым атқарады. Осы ойынның ережелерінің арқасында ойынға қатысушылардың барлығының бір – біріне деген қарым-қатынастары білім беру процессінің құрамына кіреді. Ойын мемлекетінің азаматтары өз өмірлеріне қатысты барлық тәжірибелік сұрақтарды өздігінен шешеді. Бұл сұрақтардың құрамына мыналар кірмейді: өмірінің қорғалуы мен денсаулығы, медициналық көмек және қауіпсіздігі. Ойын мемлекетінің мақсаты барлық қатысушылардың білім беру лагерінің азаматтары, соның ішінде ересектерде өзін-өзі ұймдастырумен демократиялық заңдарды жеке және ұжымдық әлеуметтік пайдалы істердің негізін сақтау.
«Ньюландия» мазмұны жастарға білім берудегі белсенді лагердің өркениетті мемлекет қызметін моделдейді. «Ньюландия» атауы ағылшын сөзінен шыққан және «Жаңа жер, жаңа мемлекет, жаңа әлем» деген мағынаны білдіреді. Берілген моделдің негізгі формасының жұмыстары:
- Президент пен Парламентті сайлау;
- заң қабылдау үшін Парламент отырысы;
- биліктің қызметі;
- азаматтардың экономикалық белсенділігінің қызметі;
-«Менеджерлер мектебінде» білім беру;
- Парламент пен биліктің бірлескен отырысы;
-«Менеджерлер мектебінің» «білімгерлерінің» ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
-дискуссиялар мен іскерлік ойындар;
Модельдің тиімді жақтары:
-Ойын технологиясының потенциалын тәрбиелеуде максималды пайдалану.
-Ыңғайлы психологиялық жағдайда ойлаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, оқушының өзін-өзі басқаруының арнайы тәрбие бағдарламасы.
Модельдің тиімсіз жақтары:
-Заңнамалар мен заң актілерінен ауытқудан ойынның ережелері дұрыс сақталмай, талаптар орындалмай қалады.
-Ойынды ұйымдастырушы
-Ойынның тәрбиелік жағымен артығымен айналысу үдерістің педагогикалық мақсатқа бағыттылығына зиян келтіреді.
Өзін-өзі басқарудың екі моделінде: әкімшілік және ойын моделін біріккен түрде қолданады, бірақ оқушыларға барлық негізгі және мектеп өміріне қатысты маңызды сұрақтарды, басшылықты сеніп тапсыра бермейді. «Мектептік кеңес» моделінде сипатталғандай, өзін-өзін басқарудың мазмұны, формасы мен әдістері модельдің қызметтерімен сәйкес келеді.
Оқушылардың сынып, мектеп істерін басқаруға қатысуы оқытудың тиімді тәсілі ретінде және өзіндік ересек өмірге дайындық ретінде қарастырылады. Оқушылардың өзін – өзі басқаруы – сұрақтарды шешуге, қызықты шараларды өткізуге, өз тұлғасының бірегейлігін таныту, қарым – қатынас тәжиребесін меңгеру, жинақтау, қиындықтарды еңсеру, өз ісіне деген жауапкершілікті сезіну мүмкіндігі. Өзін – өзі басқаруды енгізбес бұрын балалардың дербестікке деген сұранысын қалыптастыру керек, балалар мектеп әкімшілігімен ойнамас үшін мүмкін салаларды анықтау, сонымен қатар олардың демократиялық қарым – қатынастың жеке тәжирибесін жинақтауы үшін [43,14]. Өзін – өзі басқару құрылымы 3 деңгейде құрылады:
Мектептік өзін – өзі басқару оқушыға мынадай мүмкіндіктер береді:
Оқушылардың өзін – өзі басқаруын дамыту баланың келесі әлеуметтік шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған:
Сынып жетекшісінің ролі – тәлімгер болу емес, балалардың идеясына енуге қабілетті досы мен көмекшісі болу, қолдау көрсету. Бұл ұжымның дәл сондай мүшесі, бірақ ауқымды білімдер мен тәжірибеге ие ересек адам. Оқушылардың өзін – өзі басқару органдарынын дамыту белгілі шарттарды талап етеді:
Өзін – өзі басқарудың өмір сүруге қабілетті органдарын қандай тәсілдермен құруға болады?
Мектеп үшін пайдалы және мектеп қызметіндегі оқушылар үшін маңызды салаларды табу; оларды эмоционалдық тұрғыдан қанық, қызықты ету; педагогикалық қолдау және көмек көрсету; Ұжымның көшбасшылары өз жұмыстарын өз бетімен жоспарлау, өз істерін талқылау және өткізу, әсіресе дәстүрлі істерді талқылау және өткізу, әсіресе дәстүрлі істерді талқылау мүмкіндігіне; жарыстар, конкурстар өткізу, шешім шығару мүмкіндігіне ие болды. Ересектердің кішкентайларға деген қамқорлығы қалыпты жағдайға айналды. Оқушыларды өзін – өзі басқару қызметіне тартудың тиімді жолы – шығармашылық тапсырмаларды орындаушы топтарды құру, жылына бір рет өзін – өзі басқару күнін өткізу.
Информация о работе Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам