Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2015 в 22:38, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты. Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу, өзін-өзі басқару оқушы жастардың азаматтық қоғамның әлеуметтік белсенділігінің қайнар көзі ретінде жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негізгі тенденцияларымен түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндау;
Зерттеудің міндеттері.
1) Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, оқушы жастардың өзін-өзі басқаруына әлеуметтік-тарихи талдаулар жүргізу;
2) Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденцияларын анықтау.
3) Жалпы білім беретін мекемелердегі оқушылардың өзін-өзі басқаруда түрлі типтегі моделдерді колданудың тиімді жолдарын ұсыну;

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1. ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АЛҒЫШАРТЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕУ
1.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқару дамуының теориялық негіздері..............5
1.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы: әлеуметтік-тарихи талдау..................13
2. ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
2.1 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруды жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастырудың негізгі тенденциялары................................................................20
2.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқарудың моделі...............................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................36

Файлы: 1 файл

1. НЕСИПКАЛИЕВ Д.Е курсовой.doc

— 517.50 Кб (Скачать файл)

       Өзін-өзі басқарудың мәні оның функцияларында ашылады. Басқару мәдениетін игеру – шешім қабылдауда, бостандықты және жауапкершілікті сезінуді, өздік таңдауды орындауға мүмкіндік береді.

Бейімделу функциясы — тұлғаның ұжымдағы гармониялық өзара қарым қатынасын қамтамасыз етеді.

Болжаулық функциясы — диагностикамен рефлекия негізінде шынайы перспективаларды анықтауға көмектеседі [13,35].

    И.А.Жокин, М.И.Рожков бойынша өзін-өзі басқару функциясы:

Интегративті — іс әрекеттің көздеген немесе басқа да мақсатына жетуде оқушылардың, педагогтардың, ата аналардың күшін біріктіруге, іс әрекеттің топтық және жеке түрлерін жатыстыруға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырылған өзін-өзі реттеу — оқушылардың ұйымдастыру функциясын іске асырудағы шапшаңдылығы, ұжымға белсенділік танытудың тұрақтылығы, ұжымның өзінің құрылымын өздігінен өзгерту қабілеттілігінің мақсаты басқару міндеттерінің табысты шешімін шығаруда.

Өзін-өзі белсендіру — басқару мәселелерін шешуге оқушылардың көпшілігіне қатынас жасау, сонымен қатар оқушыларды жаңа іс әрекет салаларын басқаруға қатыстыру.

Ұжымдық өзін-өзі бақылау — өзін-өзі басқару органдары өздерінің іс әрекетін жиі анализдеуде және соның негізінде басқару міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздеу болып табылады [18,27].

       Біз «оқушылардың өзін-өзі басқаруды» мектептегі жүзеге асатын тәрбиелік мәні бар бағдарлама деп те айта аламыз, олай десек «өзін-өзі басқарудың» мектептегі жалпы өзін-өзі басқаруға қандай қатысы бар екенін түсіну керек. Осыдан шығатын «мектептегі өзін-өзі басқару» түсінігі жоғары деңгейде көбіне жалпы білім беретін мекемелердегі жастардың және жалпы білім беретін мекемедегі басқару үрдісіне олардың ата аналарының қосылуы, сонымен қатар жастарды азаматтық тәрбиге жетелейтін үлкен бағдарламаның жүзеге асуына әкеледі.

      Оқушылардың өзін-өзі басқаруның мәнін анықтаған соң оның негізгі мақсатты бағыттарын атап шығу керек.

        Біріншіден, баланың дамуына іс әрекеттілігі. Балалар ұжымы жүргізуші функциясы оның мүшелерінің жеке тұлға ретінде жоғарылауын қамтамасыз ету болып табылады. Өзін-өзі басқаруды балалардың дамуына ықпал ететін маңызды құрал ретінде қарастыру керек (құрал, әдіс).

Т. Е. Конникова тұжырымы бойынша «өзін-өзі басқару іс әрекеті» - өте өткір қару: тұлғаның келбетінде бейнеленіп тұратын, іштен оятатын орындалатын іс-әрекет [12,68]. Өзін-өзі басқару жұмыстарына оқушылардың қатысуы оларда адамның мынадай қасиеттерін өздік, белсенділік, жауапкершілік, басшылық, тәртіп және тағы басқаларын қалыптастыруға көмектеседі.

         Екіншіден, жалпы білім беретін мекеменің тиімді функциялануын ұйымдастыру. Өзін-өзі басқарусыз мектеп қауымдастығының функцияларына сенім арту мүмкін емес, мектептегі тәртіптің, реттіліктің болуынан бастап және оқушылардың өзін-өзі анықтауында профессионалды, тұлғалы-азаматтық жағдай жасаумен аяқталады.

        Үшіншіден, оқушыларда адамның әлеуметті рөлінің жүйесінде өзінің рөлін ойнау қабілеті және дайындығын қалыптастыру. Өзін-өзі басқару балаға  өзінің белсенділігін көрсетуге кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Ол оқу кабинетінің қабырғаларымен және мектеп ғимаратының рамкаларымен де шектелмеу керек. Ұдайы және уақытша бұйрықтардың орындалуы бала бақшада да, ардаргерлер үйінде де, ауруханаларда да, яғни балалардың педагогикалық мақсатты байқағыштығының бағалы, әлеуметтік дамуы және талаптануына мүмкіндігі бар жерлерде болуы мүмкін. Қойылған мақсаттарға негізгі міндеттердің формуланалуы арқылы олардың шешу жолдарын анықтауда жетуге болады.

        Оқушылардың өзін-өзі басқару мазмұнының аспектісін қарастырсақ А.С. Макаренконың мұрагерлігіне көңіл аударған жөн болады. «Педагогикалық дастан» кітабында өзін-өзі басқару мазмұнын мекеменің тәрбиелік өмір тіршілігінің дамуын сертті түрде сендіре білді. А.С.Макаренконың пікірінше өзін-өзі басқаруды іс-әрекет туындатады. Осындай іс-әрекет мектептік өзін-өзі басқару органдарының сыныпқа жауапкершілігі бар тапсырманың орындалуы мүмкін, немесе сыныптастардың ортақ қызығушылықтарын біріктіріп шығаратын ұйымдастырушылардың бір немесе бірнеше істерді атқаруы, немесе әлеуметті мағыналы жобаның оқушылардың біріккен күшімен орындалуының жүзеге асуы, немесе мектептің ұқсас әуестігі бар оқушылары мүшесі болатын клубты құру [14,102].

       Ең бастысы, осы іс-әрекет қоғам үшін бағалы және балалар үшін тұлғалық мәні, олардың қызығушылықтарымен сұраныстарына сәйкес болуы керек. Сол кезде оқушыларда да оған қатысуға деген қызығушылық оянады, жеке және ұжымдық іс-әрекеттерді оның жоспарлануына байланысты іске асыру, дайындығына және өткізілуіне, ұдайы және уақытша бұйрықтарды орындау, ал олай болса іс-әрекет өзін-өзі басқаратын болады. Біртіндеп оқушылардың өзін-өзі басқаруы көптеген оқу орындарының барлық немесе көп жақтарында қате тәжірибелік жұмыстарының оқушылардың жеке бұйрықтарымен болуы, алдымен оларды үлестіріп, сосын мүмкіндіктер қабылданады, жиі кездесетіні сәтсіздері, оларды іс-әрекетке толтыру.

       К.Д.Ушинский пікірі бойынша: «Адамда барлық пайдалы, жоғары, әдептілікке шынайы қызығушылықты ояту – адамгершілік тұрғысын әрқашанда сақтайды, сіз бейқам болсаңыз болады, тәрбие мен үйретудің мақсаты осыдан құрылуы керек деген [6,13].

      Әлеуметтік белсенділік қоршаған әлеуметтің тіршілік әрекетіне және қайта құрылуына әрекет ету қатынасымен, оның мотивацияланғанын көрсету мақсатында қатысу - тұлғаның қоғамдық қасиеті болып табылады. Осы түсініктен шыға келе, тұлғаның әлеуметтік белсенділігі келесі көрсеткіштерден шығуы керек – объективті (әлеуметтің тіршілік әрекетінде фактілі қатысуы және оның нәтижелері) және субъективті (мотивация, бағалы бағыт-бағдарлар, әлеуметтік саланың тіршілік әрекетіндегі шығармашылық). Оқушы тұлғасының әлеуметтік белсенділігінің қалыптасқан деңгейі мінезді, білім беру мекемесінің (бәрінен бұрын оқушылардың өзін-өзі басқару формасын) тәрбие жүйесінің бағытын және тиімділігін, әлеуметтендіретін және тәрбиелейтін ортаның белсенділігін бейнелейді [11,54].

      Әлеуметтік белсенділік құбылысы қазіргі заманғы жағдайларда тұлғаның қоғамдық қасиеті болып шығып, қоршаған әлеуметтің тіршілік әрекетіне және қайта құрылуына әрекет ету қатынасымен, оның мотивацияланғанын көрсету мақсатында қатысуы көрінеді. Іс-әрекет жоспарында әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру әлеуметтік бейімділік пен тұлғаның әлеуметтенуімен өзара тығыз байланысты.

         Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруда кешенді бағыттаушылар ақпаратты-танымдық, ұйымдастырушы-басқару, әдістемелік-кадрлы компоненттер кірген оқушылардың өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін қолайлы іске асыруды қамтамасыз етеді.

         Жеке деңгейде орындалатын педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік-медициналық бағыттаушылар және өзін-өзі профессиональды түрде анықтау бағыты әрбір оқушының оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінде өзінің орнын түсінуін, оның әлеуметтік үрдістегі өзін-өзі анықтауды өзектілендіру және өзін-өзі жетілдіруді қамтамасыз етеді.

       Шетелдік мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқаруы балалардың білім беру кеңістігінде, кеңінен айтқанда әлеуметтік өмірде өздігінен өздерін жоғары көрсету көзі болып табылады. Өзін-өзі басқарудың негізі ретінде өзін-өзі ұйымдастыру оқушыларға азаматтық қатынастардың жүйесіне енуге, әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын өндіруге, міндеттерді өз мойнына алуға және оларды орындауға үйретуге, ұжымдық тәртіпке бағыну немесе уақыт өте келе өзінің құқықтарын қорғауға, жеке қызығушылықтарын топтық немесе қоғамдық қатынастыруға мүмкіндік береді.

       Оқушылардың өзін-өзі басқаруының мағынасы оқушылардың «билік пирамидасына» енуінде, яғни басшылықты атқару қатынастары емес, оларға демократиялық қатынастарды және формаларын түсінуде жеке тәжірибе жинау, оқушылардың өзін-өзі басқару – арнайы «басқару әрекеті емес», бұл өздік және бірлескен әрекеттің ұйымдасқан әдісі, білім беру ортасында демократиялық қатынастардың динамикасын қамтамасыз ететін, оқушылардың азаматтық өзін-өзі анықтаудағы мүмкіндіктеріне сұраныс. Өзін-өзі басқару органдарына қатысу басқа әрекеттерге қарағанда оқушыға өзін жеке тұлға ретінде сезінуге, өзін-өзі тұжырымдауға, бір мезгіл де ұжымдық қауымдастықтардың бөлігі ретінде сезінуге, қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

       Педагогикалық үрдісте балалардың өзін-өзі әрекетін дамыту жолдарын және әдістерін іздеу көрнекті тәрбие практиктерінің және теоретиктерінің әрқашан да зейінінде болды. Батыста Френе мен Нейллдің, Дьюидің, Дистервергтің, Коменскийдің және Ресейде Ушинскийға, Вентцелюге, Каптеревке және де қазан кезеңінен соң прогрессивті педагогтардың Н.К. Крупскаяға, С.Т. Шацкийға, А.С. Макаренкоға, В.Н. Сороке-Росинскийға, В.А. Сухомлинскийге балалардың өзін-өзі басқару туралы идеяларының мақсаты балалар өміріне маңызды қоғамдастықтың міндеттерін шешу болды [8,36].

      Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру зерттемелерінің мазмұнын, формалары мен әдістерін өзінің жұмыстарын Н.К. Крупская, Л.В. Байбородова, И.П.Иванов және т.б.арнады.

      Түрлі білім беру жүйелерінде басқару мәселелерін өзінің еңбектерінде В.И. Загвязинский, Г.К.Селевко, Т.И.Шамова, В.Г.Афанасьев, В.С.Лазарев және т.б. зерттеген. Жетістіктегі мекеме мен оқушылардың өзін-өзі басқарудың маңызды факторы адамның органикалық қажеттілігі ой, сезім, толғаныстарын алмасу іске асыруда қарым қатынас үдерісінде қалыптасатын тұлғааралық қатынастар болып табылады. А.В.Батаршев, С.Л.Братченко, Н.В.Кузьмина, Л.А.Петровская, Е.И.Рогов, П.М.Якобсон және т.б., тұлғааралық және топаралық өзара әрекеттесу үдерісіндегі қарым-қатынас туралы еңбектерін арнады. Топаралық өзара әрекеттесу психологиялық мәселелері К.А. Абульханованың, И.К. Агафонованың, Д.З.Ахметованың, Д.Деминоның және т.б. еңбектерінде бейнеленген. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту мен мекемелері үдерісінде оқушылардың әлеуметтік белсенділігінің даму мәселелеріне Г.М.Андреева, Б.М.Бим Бад, Т.Н.Мальковская, А.В.Мудрик, К.Р.Роджерс, М.Э.Рябова, Г.Г.Шпет, В.А.Ядов және т.б. еңбектерінде атап өткен [19,38].

      Атап өткен жұмыстарда бағалы және пайдалы көп дүниелер бар. Бірақта, педагогикалық ғылымның оқушылардың өзін-өзі басқару мәселелеріне көңіл бөлуіне қарамастан, тұлғааралық қатынастар мен басқару әрекетінің өзара негіздемелі мәдениетінің сұрақтары, оқушылардың өзін-өзі басқару мекемелері әрекетінің жетістіктерінің маңызды шарттары ретінде жеткіліксіз оқытылған. Тіпті белгілі бір теориялық және практикалық тәжірибенің зерттеу мәселелері оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамыту мекемелерінде педагогтар мен оқушылардың қызметтестігі, теоретикалық сұрақтардың қатары жеткілікті зерттелмеген, осы үдерісте педагог-куратордың рөлі қандай болмақ, түрлі типтегі білім беру мекемелерінде оның ерекшіліктері қандай, модернизацияланған білім беру жағдайларында жетілуінің негізгі шарттарымен бағыттары қандай болады және т.б.

       Түрлі білім беру жүйелеріндегі әдебиеттердің, педагогтар мен оқушылардың және олардың ата аналарымен қызметтестігі тәжірибесінің анализі – қазіргі  заманғы педагогикалық теория мен практикада оқушылардың өзін-өзі басқару өзекті мәселелеріне қарамастан оқушылардың өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудағы келесі шешілмеген мәселелерді айқындады: білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысы бір мезгіл де әліде формальды, стереотипті түрде ұсынылады, тәрбиеленушілерге әліде әлеуметтік өмірдің субъектісін емес, педагогикалық әрекеттің объект рөлін жүргізеді. Іс әрекетті өз бетімен, жауапкершілікпен таңдау ұстанымынан тәуелсіз, еркін көрсетуге қабілетті белсенді тұлға туралы идеяларды, бұрынғыдай декларация деңгейінде қалдырып қоймай, педагогтар мен оқушылардың қызметтестігінің негізінде оқушылардың өзін-өзі басқаруда тәрбие сапасын кеңінен қолданатын тәрбиенің басқа түрі керек.

        Қазіргі заманғы сұрақтардың даму кезеңінде педагогтар мен оқушылардың өзара әрекетесуіндегі күрделі және қарамақайшы, өзара қарым қатынаста өзара тұрпайылық, шыдамсыздық, түсінбестік жиі бақыланады, ал мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептің бастапқы ұжымында, ереже бойынша оқушылардың іс әрекетінің үйлесімі жоғары емес, өзін-өзі басқарудың деңгейі төмен, оқушылар ұжымының алдында тұрған міндеттерді басқа топтармен шешуде талпыныс жоқ. Демократиялық мектепте мемлекеттік-қоғамдық басқаруы дамыған жүйесі бар белгіленген міндеттерді тиімді шешуге болады.

Оқушылардың өзін-өзі басқару іс-әрекеті мына ұстанымдарға негізделеді:

  • теңдік ұстанымы – шешім қабылдауда барлығы шешетін дауыс құқығына ие болу керек;
  • таңдау ұстанымы – таңдау нәтижесінде өкілеттілігі пайда болады;
  • заңдылық ұстанымы – құқықтық және нормативтік актілердің сақталуы;
  • мақсаттылық ұстанымы – оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеті, оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын  жүзеге асыруға бағытталуы керек;
  • жауапкершілік ұстанымы – өз сайлаушыларыңның алдында үнемі атқарылған жұмыстар бойынша және оның нәтижесі туралы есеп беру қажет;
  • белсенділік және шығармашылық ұстанымы;
  • ашық дауыстау ұстанымы – өзін-өзі басқару органдарының жұмысы барлық оқушылар үшін ашық болу керек [22,87];

        Сонымен, өзін-өзі басқару қоғамдағы білім-тәрбие жүйесіндегі – бұл әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік арабайланыстар мәдениеті, әлеуметтік әріптестік пен өзіндік әлеуметтік бақылау және ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Ұйымдастырушылық кепілдіктері өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін, идеологиялық кепілдіктері – осы органдардың құқықтарымен  міндеттерін ұжымның тіршілік әрекетінде мойындау, ал әдістемелік кепілдіктер өзін-өзі басқару органдарының өз іс-әрекеттері нұсқау беру үдерісі арқылы жүзеге асады.

 

      1.2 Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы: әлеуметтік-тарихи талдау

 

        Өзін-өзі басқарудың шығу тарихы туралы қарастыратын болсақ, бізге жеткен мәліметтер бойынша ежелгі көптеген педагогтардың әрекеттері, ойлары мен идеялары, білім беру әрекеті практикасындағы қорытындылары, мектептік өзін-өзі басқару теориясын құруда құрамдас бөліктерінің рөлін атқарды. Оның ішінде ежелгі грек ойшылы Платонның оң үлгідегі тәрбие туралы ойлары, оның отандасы Аристотельдің физикалық, адамгершілік және ақыл-ой тұрғысынан тәрбиелеудің тығыз байланысы, итальяндық педагог – Витторино да Фельтрдің гумманистік педагогикалық ұстанымдары, ағылшын ойшылы Томас Мордың идеялары және тағы басқаларының ойлары бар еді.

Информация о работе Оқушы жастардың өзін-өзі басқаруы және азаматтық қоғам