Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:41, курс лекций
Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.
1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.
Ірілендірген құрастыру
Көбіне металл конструкцияларды ірілеп құрастырады, себебі бұл процесс айтарлықтай жеңіл, ал мұндай конструкцияларды түрлі түрде, бөлек элементтер түрінде тасымалдау әлдеқайда үнемді. Тек кей жағдайда темірбетон конструкциясые ірілендірген құрастырады. Бұл конструкция габариттері көліктік габариттерге сыймаған кезде қолданылады.
Ірілендірген құрастыру стацинарлы алаңдарда (көбіне болат конструкцяларда) және монтаж зонасында мүмкін болады. Монтаждау зонасында ірілендіру нөлдік белгілеуде ары қарай жобалық қалыпта қарастырылған монтаждаумен орналастырылады, немесе уақытша таяныштарға және кондукторларға тірелуі бар жобалық белгілеулерде орындалады, мысалы қабықшаларды монтаждау кезінде алдын-ала керілген құрамалы аркаларды, ірі кранасты металл арқалықтарды, үштопсалы аркаларды және т.б.
Нөлдік белгіде ірілендірілген құрастыру жоғарыға жорғалау жұмыстарын алдынды, кейбір монтаждаудан кейінгі жұмыстарды ірілендірілген конструкцияның монтажына дейін орындауға мүмкіндік береді, алайда ауыр монтаж крандарының қолдануын талап етеді.
Жобалық белгіде конструкцияның ірілендірілген құрастыруы, керісінше, ауыр монтаж крандарын қолдануын талап етпейді, бірақ құрастырылатын кнструкциялар астына уақытша таяныштар құрылғыларына қосымша шығын және жоғарыға шығу жұмыстарын орындауға қосымша шығын талап етеді.
Дәріс 15.
Тақырып: «Жинақтау жұмыстары»
Сұрақтар
1.Металл конструкцияларын жинақтау
2. Металл конструкцияларын
элементерінің жинақтық
3. Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
Монтаждау әдістері – бұл ғимараттар мен имараттар құрылысы кезінде монтаж жұмыстарының технологиялық реттілігін анықтайтын және көлемді техника-экономикалық нәтижесіне жетуге бағытталған принципиалды шешімдер. Конструкцияның ғимаратта немесе имаратта орналасу ретіне байланысты монтаждаудың келесі әдістерін ажыратады: бөлек, кешенді және аралас. Монтаж әдісіғ имараттың конструкциясы мен конфигурациясына, технологиялық құрылғыны монтаждауға тапсыру немесе құрастырылып жатқан ғимараттың бөлек бөліктерін өңдеуге қажеттілігіне, ғимараттың монтаждалған бөлігінің немесе бөлек элементтерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуіне, конструкция мен жабдықтарды жеткізу кезегіне, құрылыстың орындалу уақытына және т.б. байланысты анықталады.
Бөлек монтаждау (дифференцталған) әдісі конструкцияның бір түрінің әр кранның тұруымен сипатталады.
1 сурет. Конструкцияны монтаждау әдістері:
а – бөлек; б – кешенді; в – аралас
Монтаждау кезінде кранның әр бөлігінің орналасуы қатаң белгіленген. Объект элементтерін құрастыратын орнын тұрақ деп атайды. Тұрақ орнын анықтау және кранның тұрақтан тұраққа қысқа жолмен жүру реттілігін әрбір жағдайда объектінің түрлі конфигурациясы және конструкциясын графикалық немесе есептеп анықталады. Монтаж нұсқасын таңдауда кранның объектіні толық қамту кезінде минималды тұрақ санын анықтау тапсырмасы шешіледі.
Монтаждау кезінде конструкцияларды ағынмен құрастырғанда жақсы нәтижеге жетуге болады: мысалы, ғимараттың барлық құрамалы іргетастарын бағана астына орналастыру; кейін барлық бағаналарды монтаждау және т.б. Осы кезде әр ағын краны ғимаратты периметрі бойынша айналып шығады. Монтаж ағындары мен бағыттары берілген объект үшін ұстау немесе аралық бойынша жұмыс өндірісі жобасымен анықталады. Монтаждың бұл әдісінде конструкцияның выверкасы жеңілдетіледі, еңбек шығындары азаяды, монтаж кранының максималды жүккөтеруі қолданылады, бірақ объектті толық немесе бөлек бөліктерін монтаждан кейінгі жұмыстарын тапсыру уақыты үлкейеді.
Кешенді әдіс кезінде кран ғимаратты периметрі бойынша бір айналады, әр тұрақпен объектінің тұрақты торларының барлық элементтерін құрастырады. Бұл әдістің артықшылығына қанқа монтажының соңынан қабырға қоршауларын ілу жұмыстарын, шатыр орнату және технологиялық құрылғыларды монтаждау жұмыстарын орындауға мүмкіндігі жатады. Алайда, монтажды кранның жүк ктеруі әрдайым рационалды қолданылмайды, бұл массасы әртүрлі бөлшектерді бір монтажды тор шегінде құрастыру қажеттілігіне байланысты.
Бұл әдісті көп қабатты ғимараттарды құрастыру кезінде қолданылады, сонымен қатар ауыр типті бір қабатты өндірісітік ғимараттарды құрастыруда, мысалы, металлургиялық цехтарды.
Кешенді әдісті қолдану кейде конструкцияның бөлек түрлерін құрастыру арасында технологиялық үзілістерді қажет етумен шектеледі. Мысалы,бір қабатты өндірістік ғимаратты темірбетон қаңқамен құрастыру кезінде конструкцияының монтаждау ретіне бағаналар мен іргетастар арасындағы жапсарларды монолиттеу қажеттілігі әсер етеді.
Мұндай жағдайда әр тұрақта конструкцияның екі немесе бірнеше түрі құрастырылатын монтаждаудың аралас әдісі туындайды. Мысалы, бағаналар бөлек әдіспен құрастырылады, ал бағаналарға тірелетін конструкциялар – әр тұрақпен кешенді құрастырылады.
Құрастырылатын элементтердің ірілендіру дәрежесіне байланысты ғимараттар мен имараттарды монтаждаудың келесі әдістерін ажыратады.
Уақэлементті монтаж – конструкцияның бөлек элементтерін жобалық қалыпта құрастыру мен орнату. Бұл әдісті сатыларды, тастөсемдер орнату мен конструкцияны уақытша бекітуден алу бойынша қосымша жұмыстарының үлкен көлемі үшін нашар қолданылады.
Элементтеп монтаж – конструктивті элементтермен немесе бөлімдермен. Бұл әдіс өндірістік және азаматтық ғимараттарды темірбетон конструкцияларынан құрастыру кезінде жиі қолданылады.
Ірілендірген блоктармен құрастыруда бөлек конструкциялар жазық немесе кеңістік блоктарға ірілендіріледі. Ірілендіру процессінде жоғарыда орындауға қиын және ыңғайсыз жұмыстарды – антикоррозиялық қорғаныс, шатыр орнату, гидроизоляциялық және жылу қорғау жұмыстары, сырлау жұмыстарын ең алдымен орындайды.
Ірілендірілген блоктармен монтаждаудың түрлерінің біріне құрылыс-технологиялық блоктармен кешенді құрастыру жатады. Бұл жағдайда құрылыс конструкцияларына жобалық қалыпта эксплуатация процессінде оларда орналасуы қажет технологиялық құрылғылар және коммуникациялар қондырылады. Құрылыс-технологиялық блоктармен құрастыру машиналар мен механизмдерді толық және жоба бойынша қолдану арқасында, сонымен қатар көмекші жұмыстардың қысқаруы, мысалы, тфансформаторлы подстанцияларды құрастыру, су ысытқыштарды орнату, санитарлы-техникалық жұмыстардың қысқаруының арқасында объектінің ақысын және тапсыру уақытын азайтады.
Конструкияны монтаждау тәсілдері
Монтаждау тәсілдері әдістерге қарағанда бөлек конструкцияларды құрастырумен байланысқан технологиялық тапсырмаларды анықтайды.
Конструкцияны жобалық қалыпқа келтіру тәсілі бойынша еркін және еріксіз монтаж түрін ажыратады. Осы немесе басқа тәсілге қатыстығын, еркін әдісте конструкцияны немесе оның бөлшектерін құрастырушылар көмегімен өлшеу құрылғылары мен геодезиялық инструменттерді қолданумен конструкцияның дәл орналасуын қамтамасыз ететін тәсілдеріне байланысты анықталады. Бұл тәсіл уақыттың көп шығынын және қондырылған элементтердің выверкасына қол жұмыстарын талап етеді. Конструкияның еріксіз тәсілінде жобалық дәл қалыбы түрлі жолдармен қамтамасыз етіледі: конструкцияның арнайы жапсарларымен, арнайы оснасткамен немесе кездейсоқ орын ауыстыруларды толық оқшаулаумен инструментальды бақылаусыз арнайы мотажды механизмдермен.
Монтаждың еркін тәсілі конструкцияның кеңістікте еркін орын ауыстыруын ары қарай горизонтальды немесе вертикальды бағыттарда өсуін қарастырады.
Монтаждың еркін тәсілі әмбебап және ғимараттар мен имараттардың барлық түрлері үшін қолдануға болады. Мұнда жобалық қалыпта шектелге және тіркелген құрылғылармен элементтерде элементтің бағытталған қозғалысы, сонымен қатар элементтерді дәл орнатуға мүмкіндік беретін түрлі кондукторлармен және м анипуляторламен қарастырылады. Бұл жағдайда монтаждың шектелген-еркін тәсілі туралы айтылады.
Монтаджың еркін тәсілі кезінде жобалық қалыпқа жақын орын ауыстыратын және қоймаланатын конструкцияларды көтері аса қиыншылық тудырмайды. Егер вертикальды конструкциялар горизонталь, ал горизонталь-керісінше орын ауыстырса, онда арнайы қондырғыларды, немесе конструкцияны жобалық қалыпқа келтіру үшін арнайы тәсілдер қолданылады
2 сурет. Вертикальды (а) және горизонтальды (б) бағыттарда өсірумен монтаждау.
Шартты белгілер:
монтаж бағыты;
конструкцияның орын ауыстыру бағыты
Осылайша, ірі панельді үй салуда кассеталы өндірілген аражабын панельдерін жіберу үшін жылжытулар қолданылады.
Ұзын (биік) конструкциялар монтажы кезінде, мысалы, бірқабатты өндірістік ғимараттардың бағаналарын, сырғанау тәсілімен көтеруді қолданады, мұнда бағананы жоғары бөлігімен іргетасқа, ал төменгі бөлігін кран бағытымен орналастырады. Бағананы кран ілгегіне іледі, және ілгекті көтеру кезінде бағананың төменгі шеті іргетас бағытымен жер бойымен сырғанайды. Ілгекті қажетті биіктікке көтергеннен кейін бағананың төменгі бөлігін іргетастың стақанына орнатады.
Айналдыу тәсілімен көтеру кезінде бағананы төмен бөлігімен бағана стрповкасының нүктесі және орнату нүктесі монтаж кранының айналу жебесімен бір радиуста орналасатындай есеппен іргетасқа салынады. Монтаж кран жебесінің айналуы бағана стропокасының нүктесінен іргетасқа дейін бір уақытта ілгекті көтерумен жүргізіледі. Бұл кезде бағананың жоғарғы бөлігі бағана іргетас үстінде вертикаль орналасқаншаижоғар көтеріледі, кейін бағананың төменін іргетасэстақанына салынады.
3 сурет. Бағананы вертикаль қалыпқа көтеру сұлбасы:
а – айналдыру тәсілімен, б – сырғанау тәсілімен; 1 – монтажды кран; 2 – бағананың строповка нүктесі; 3 – бағана ; 4 – бағананы орнату нүктесі; 5 - іргетас
Монтаждаудың еріксіз тәсілі ішінде қозғалатын немесе қозғалмайтын шарнир айналасында айналдырумен монтажы, қозғаумен монтаждау, подрашиваниемен монтаждау аса белгілі.
Құрастырылатын конструкцияны вертикаль бойымен подрашиваниемен монтаждау ары қарай монтажды элементтерді конструкцияның алдын-ала құрастырылған төменгі жазықтықтарына жапсарлау арқылы іске асырылады. Подрашивание үшін түрлі домкраттар, сонымен қатар инвентарлы бағыттаушылар қолданылады немесе тіпті оларды да қолданбайды.
Подрашиваниені құрылып жатқан ғимараттың немесе имараттың ұстаушы элементтері болып табылатын конструкцияларын вертикаль бағыттаушылар бойымен тасымалдау кезінде де жүргізуге болады. Қабаттарды (аражабындарды) көтеру тәсілімен монтаждау тәжірибесі аса танымал. Ол келесіге негізделген: ең алдымен бағыттаушы бағаналар орнатылады, кейін жер деңгейінде монолитті темірбетоннан ғимараттың шатырын жинайды немесе орындайды, содан бағыттаушы бағаналар бойымен қажетті белгіге дейін домкрат көмегімен жоғарыға көтереді және солвжерде бекітеді.
Тәсілдің негізгі артықшылықтары:индустрия базасы нашар дамыған аудандарда үй құрылысын мұнаралы крандарсыз ұйымдастыруға болады; ғимаратты қысылған талаптарда құрылыс алаңдарында тұрғызуға болады; сейсмикалық зоналарда, алаңның қиын инженерлі-геологиялық талаптарда қолдануға болады.
Осылайша мұнаралы крандардың мұнараларының биіктігін ұзартуға болады.
Ысыру тәсілі бойынша монтаждау
горизонталь бағыттаушылар бойымен конструкция
блоктарының орнын ауыстыруын қарастырады.
Ысыру үшін полипласттарды, шығырларжы
және басқа да монтажды құрылғыларды қолданады.
Бұл
Және, соңынан, вертикаль жазықтықта қозғалмайтын немесе қозғалатын шарнир айналасында конструкцияны айналдыру тәсілімен монтаж. Бұл әдісті ескерткіштердің, ЛЭП таяныштарының, технологиялық аппараттардың және биіктігі 100 м аспайтын және обособленно орналастырылатын басқа конструкцияның монтаждарында қолданылады.
4 сурет. Монтаждың еріксіз тәсілдері:
а – ЛЭП таянышының горизонталь шарнир айналасында бұрылу тәсілімен монтаждау; б –подращиваниемен монтаж; в – ысырумен монтаж. 1 –ЛЭП таянышы, 2 – шарнир, 3 – «құлаушы жебе», 4 – шығыр, 5 – тежегішті полиспаст; 6 – құрастырылып жатқан конструкция,
7 – катки, 8 – жүзгіш таяныш, 9 – стационарлы таяныштар
Монтажды бейімделулер және құрал-саймандар
Конструкцияны монтаждың тәсілі мен әдісіне қарамастан жобалық қалыпқа орнату процессі строповкадан, жобалық қалыпқа көтеруден, жобалық қалыпта уақытша бекітуден, расстроповкадан, жоалық жапсарды орындауда, жүк ілгегін бастапқы қалпына қайтарудан тұрады. Бұл қондырылып жатқан элементті жобалық қалыпқа орнату бойынша өзара байланысқан операциялар кешені монтажды цикл деп аталады. Осы әрбір операцияны орындау үшін бейімделулер құрал-саймандар бар. Ол кез-келген конструкцияда қолданылатын, түрлі әдістермен және тәсілдермен құрастырылатын универсалды құрал-саймандар және бейімделулер, сонымен сонымен қатар белгілі бір конструкцияларда қолданылатын арнайы тағайындалған құрал-саймандар мен бейімделулер болуы мүмкін.
Строповкалы бейімделулер – көтерілетін элементті монтажды ілгекке белгіленген қалыпта сенімді байланыстыруға арналған және технологиялық маневрде қарастырылған физикалық күштерді аса көп талап етпейтін такелажды жабдықтар элементтерінің аса жауапты элементтері. Строповкалы қондырғылардың иілгіш және қатты элементтерге ажыратады. Жеңілдетілген және универсалды стропалар жүктеу-жүк түсіру жұмыстары бөлімінде қарастырылды. Монтаж жұмыстары үшін тағы түрлі консрукциялы балансттаушы стропаларды қосу керек (8.12а сурет).
Информация о работе Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер