Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:41, курс лекций

Описание работы

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.

Содержание работы

1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.

Файлы: 1 файл

6. Дәріс-Курылыс ондирисинин технологиясы.docx

— 1.54 Мб (Скачать файл)

Қызмет ету мерзімін 100 немесе одан да көп айналымға дейін ұзарту кконструкцияның түрлі тірлеріне қолдануға болатын, қалыптау жүйелерінің пайда болуына алып келеді. Осылайша, әдеттегіден элементтерінің өзараауыстырылатынымен, жоғары беріктігімен және қалыптың жиналуын жеңілдететін инвентарлы құрылғылардың болуымен ерекшеленетін сұрыпты-ауысттырылатын қалып пайда болды. Мысалы,бағаналды бетондауға арналған  «Дока» фирмасының «Фрамкэко» майдақалқалы қалыбы  5 см адымды көлденең қимасы 75х75 см дейінгі бағаналарды қалуптауға мүмкіндік береді, немесе кез-келген өлшемді аражабындарды бетондауға арналған сұрыпты-ауыстырылатын қалыптар. 

3 сур. Құрастырудағы аражабын қалыбы:

/ —телескопические тіректер; 2 — тренога; 3 — бойлық арқалық; 4 — көлденең арқалық; 5 — ламинирленген жұқа тақтаның беттеррі; 6 — қоршау

 

Құрылыс алаңындағы жүккөтеруші механизмдер мен үлкен көлемді жұмыстардың болуы элементтердің іріленуіне және сұрыпты-ауыстырылатын қалыпты жай айыстырылатынға ауыстырылуына алып келеді, яғни толығымен ауыстырылатын қалыптар. Мұндлай қалыптардың ішінен іргетастар, бағаналар үшін блокты-ауыстырылатын, біруақытта қабырғалар мен аражабындарды бетондауға арналған П-пішінді, биік имараттарды бетондауға арналған көтеріліп-ауыстырылатын, сонымен қатар конусты немесе биіктік қимасы бойынша өзгеретін қалыптарды ерекшелеп айтуға болады.  

Ауыстырылатын қалыптар түрлерінің бірі пневматикалық қалып.Оны коллектор тұрғызуда, күмбезді имараттар жабындарын және жұқақабырғалы күмбезді конструкцияларын  тұрғызуда ұтымды қолданады. 

Қалыптың бұл түрін жоғары беріктікті тілмектелген матадан немесе берік полимерлі қабықшадан, резинолатексті материалды қабықшалрдан иілгіш қабық түрінде орындайды. Шегендеуді дисперсті кесілген әйнекталшықтармен немесе жіңішке шегенді торлармен қолданады. Бетонды шашу арқылы немесе қабаттап жағады. Жұмысшылар автогидрокөтергіште орналасады, қабаттың қалыңдығы алдын-ала орналастырылған маяктар көмегімен жобаланған қалыңдық бойынша бақыланады.

Тіреуіш қабырға, тоннелдер және ашық әдіспен орындалатын жерасты имараттары мен конструкцияларының коллекторлары сияқты, тұрақты көлденең қимасы бар, сызықтық ұзындықты имараттарды бетондау үшін бетондалған конструкцияның ішінде қалыптың жиналуы үшін механикалық құрылғысы бар және бетондалатын конструкцияның ішінде теміржолды арбада қондырылған домалағыш қалып қолданылады.

 

4 сур. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):

1 – жақтық қалқалар; 2 – домкраты бар орталық тіреуіш; 3 – продолговатое ойыс;

4 – горизонтальды қалқалар; 5 – арба; 6 – рамаларды байланыстыратын  бұрыш; 7 – каткалар; 8 – сыртқы  қалыптың рамасы; 9 – накладка; 10- нұсқаушы тақтай

 

Сырғанайтын қалып қозғала алады, оны бетондауда үзіліссіз жоғары көтереді және тұрақты, соңғы кездері ауыспалы қималы монолитті вертикаль қабырғалары бар биік темірбетон имараттарын тұрғыу кезінде қолданады. 

Мұндай қалыпты қолдану қабырғаларында ойықтар мүлдем жоқ немесе кішкене мөлшерде ғана (силостар, түтін құбырлары, градирнялар, биік ғимараттардың қаттылық ядролары, резервуарлар, радио және теле мұнаралар) имараттарды тұрғызу кезінде аса тиімді болады. Қалып өзгермейтін конструкцияның екі бірдей биіктікті ішкі және сыртқы қалқаларынан тұрады. 

Қалып арнайы букстар көмегімен домкратты біліктерге тірелетін, кеуекті бұрандалары бар домкрат көменгімен орнын ауыстырады. Домкратты біліктер көмекші шеген ретінде бетонда қалдыдыруы мүмкін, осыған арнайы арналған құбыр көмегімен шығарылуы мүмкін, қалыптан бөлек орналасуы мүмкін.  Домкратты біліктердің арақашықтығы 1,2-2,0 м болады. Қалыптың жоғарыға қозғалуына байланысты бетондау минутына 1-4 см жылдамдықпен, немесе қалып қалақтарының циклдік көтерілуімен қабаттап 70-80 см орындалуы мүмкін. 

Құрылыста рационалды бағыт монолитті темірбетон мен құрамалы констркцияларды үйлестіру болып табылады. Әдетте тиімді болып құрамалы және монолитті қоршауыш конструкцияларды, қабырғалар, цокольдер, іргетастар және тағы да басқа конструкциялық элементтерді  комбинирлеп қолдану болады.

Шешілмейтін қалып монолитті бетонды жатқызғаннан кейін және одан кейінгі процесстерді аяқтағаннан кейін бетондалған конструкцияның денесінде қалып, онымен бірге жұмыс істейді. Қалып имараттың тек формасы мен сәулеттік көркемділігін ғана түзбейді, сонымен қатар беткі бөлігін атмосфералық әсерлерден қорғайды, конструкцияның беріктік мінездемесін арттырады, бетонның қатаю режимін жақсартады.   Қалыптың ішкі бетіндегі шегеннің шығып тұруы және түзу емес, кедір-бұдырлылығы оның жатқызылатын монолитті бетонмен жақсы байланысуына көмектеседі. Шешілмейтін қалыпты қолдану жұмыс өнімділігінің артуына көмек береді. 

Функционалдық тағайындалуына байланысты қалыпты пішімтүзуші конструкция ретінде, қалып-қаптама және қалып-изоляция ретінде, әдетте осы функциялардың барлығын бірге немесе оның кейбір бөліктерін қолданады. Кез-келген жағдайда бұл элементтер тұрғызылатын конструкцияның сыртқы беті болып табылады, сондықтан да олардың түрлі фактурасы да, зауыттық талаптарда жағылатын түрлі тақтайшалармен  және басқа материалдармен өңделе алады. 

Қалыптың зауыттық немес полигонды өндірілуі, оның өлшемдері, пішіні, конфигурациясы жобаның талабына байланысты түрлі болуы мүмкін.

Шешілмейтін қалыптың материалы ретінде профирилденген болат төсемді, керамикалық және әйнек жақтар, тіпті металл торларды да қолдануға болады. Сонымен бірге қалыпты темірбетоннан, бетоннан, шегенді цементтен, әйнекцементтен, фиброцементтен жасалатын қалыпты жазық, қабырғалы және табақшатәріздес профильді тақташалардан жасауға болады.

Дәріс 8.

Тақырып:    «Жинақтау жұмыстары»

Сұрақтар

1.Жинақтау процесінің  құрамы және құрылымы

2.Құрылыс конструкцияларын  жинақтау технологиясы

3. Құрылыс конструкцияларын  тасымалдау, қоймалау және қабылдау

Тұрғын үй құрылысында құрастырмалы темірбетон және жеңілбетон  құрылымдарынан салынған үйлер көптеп кездеседі. Тұрғын ғимараттарда екі конструктивті сұлба жиі қолданылады: қаңқалы-панельді және панельді. Қаңқалы-панельді сұлба жұмыс жасап тұрған жүктемелердің қаңқаға берілуін қарастырады, осылайша ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді. Қаңқасыз панельді сұлбада жүктемелер панельдер жүйесіне түседі (көлденең қабырғалар мен аражабындар). Ғимараттың көлденең модулі екі қатарлы тілігі бар жеңіл бетоннан жасалған бойлық күш көтеретін қабырғалармен салынады. Аражабын – көп кеуекті темірбетонды плита. Көп қабатты үйлерді қаңқалы етіп салған дұрыс болады.

Тұрғын үйлер, әрине, тек темірбетон құрылымдарынан жасалған құрастырмалы болып қана келмейді. Сонымен қатар кірпішті үйлер де кқптеп салынуда, алайда мұнда да құрастырмалы құрылымдар салу қажеттігі туындайды – маңдайша арқалығы, аражабындар, баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, санитарлы-техникалық кабиналардың көлемдік блоктары, желдеткіш блоктары мен шахталары, темірбетонды карниздар мен балкондар, құрастырмалы бөлгіш қабырғалар, т.с.с.

 Еліміздің кейбір территориялы  аймақтарында, әсіресе орманды аудандарда  ең жиі қолданылатын құрылыс  материалы ағаш болып қала  береді. Бірақ мұнда дәстүрлі  ағаштан жасалған конструкциялармен (қабырғалар – бөрене немесе  қырлы кеспелек ағаштар, аражабындар  – вянды арқалықтар бойынша  ағаштылар) қатар индустриалды конструкциялар  – қаңқалы-қалқанды үйлер жиі  қлданылады, және оларға сәйкесті  олардың индустриалды құрастыру  тәсілдері алынады – үлкейтілген  дайын элементтердің монтажы

Ғимарат  ұқсас конструктивті сұлбалары және ұқсас құрылыс материалдарының жиыны социалды-тұрмыстық және мәдениетті тағайындалған ғимараттар құрылысында кеңінен қолданылады. 

Өндірістік құрылыста материалдар мен конструкциялардың қатынасы кішкене өзгерек. Қазіргі заманғы өндірістік құрылыста ұстап тұрушы және қоршау конструкцияларында ағаш (ауыл-шаруышылық құрылысынан басқа, соның өзінде кішкене мөлшерде ғана) мүмлдем қолданылмайды. Көбіне кірпіш қолданысының көлемі аз, әсіресе негізгі өндірістік цехтар конструкцияларында.  Алайда, басқа жағынан, өндірістік ғимараттар құрылысы кезінде металл конструкцияларының қолдану көлемі көп, әсіресе көпаралықты ғимараттардың жабындарында немесе аражабындарында, ал қазіргі кезде негізгі материал – бұл құрастырмалы темірбетон. Көптеген экономисттердің есептеуі бойынша, бұл экономикалық жағынан тиімді емес.

Көпқабатты өндірістік ғимараттардың негізгі конструктивті сұлбасы болып қаңқалы азаматтық ғимараттарға ұқсас конструкциялар жиыны бар қаңқа болып есептеледі. Бірқабатты өндірістік ғимараттар унификацияланған қаңқалар енгізінде салынады. Мұндай қаңқалардың негізгі элементтері – бағаналар, кранасты арқалықтар егер цех көпірлі крандармен жабдықталса), итарқаасты және итарқалы конструкциялар, жабын тақталары, өзін-өзі ұстаушы немес ілмелі қабырға панельдері, горизонтальды және вертикальды байланыстар.

Монтаж кезінде барлық құрастырмалы конструкциялар көтерілуі, орын ауыстыруы, ұсталуы керек. Бұл үшін олар жүккөтеруші механизмнің орынауыстырушы бөлігіне түйінделуі қажет. Сондықтан құрылыс конструкциялардың көбіне жалпы сапа тиісті – көтеру кезінде бұйымды ұстау үшін арнайы орнының болуы. Бұйымдардың көптеген түрлерінде мұндай жерлерде монтажды ілмектер орналасқан.Бірақ ілмектердің болуы әр уақытта ыңғайлы емес және жіберілмейді. Мысалы, бағаналар, аражабындар. Бұл кезде оларды не жасырып (арнайы ойықтарда орналастырып), не ойыстармен, штырьлармен  ауыстыруға, не фрикционды немесе вакуумды ұстауыштарды қолдануға болады.

Ағаш панельдерінің немесе металлдан жасалған конструкциялардың асу сұрақтары жеңіл шешіледі. Осы және басқа да арнайы монтажды ілмектерді әдетте жасамайды. Бұл конструкцияларды  жай ғана универсалды немесе жеңілдетілген асулар көмегімен байлап қояды. Асуды монтаждау процессі кезінде конструкцияның зақымдалуына немесе бұзылуына алып келу қаупін тудыратын элементтерінің керілуін болмайтын түйіндерінде орналастырылады.

Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.

Бөлек элементтерден ғимарат конструкцияларын құрастыру кезінде олардың байланысқан жерлерінде жапсар пайда болады.Бір жапсарлар бөлшектер байланысуының беріктігін, басқалары – герметикалығын қамтамасыз етеді.

Унификацияланған қаңқалы жүйелерде қолданылатын, беріктігін қамтамасыз ететін жапсарлардың конструкциялары әртүрләләгәмен айрықшаланады. Орындалуы бойынша жапсарлардың келесі негізгі түрлерін ажыратуға болады:

1сурет. Ішкі қабырға панеліндегі монтажды ілмектер:

1 – жапсарды монолиттеу; 2 – монтажды ілмектер;

3 – аражабын панелі; 4 – қабырға панелі

  • Болат салу бөлшектерінің немесе сөзара байланысатын элементтердің шеген шығындыларының дәнекерленуі;
  • Басқа элементтің сәйкес ұясына бір элементтің фиксирлеуші штырьлерінің (шығындыларының) енуі;
  • Стяжды болттарды орнату;
  • Шегенді бетонда керу көмегімен жапсар аймағын сығу.

Қатты жапсарлардың барлық түрлері әдетте әрі қарай монолиттеумен орындалады. Соңғы кездері эпоксидті құрамдағы кілегейлі жапсарлар қолданыла бастады.

Беріктікті қамтамасыз ететін жапсарлар мысалдары (8.3 сурет):

  • Іргетасымен бағана;
  • Бағанасымен бағана (өсіру);
  • Ригелімен бағана;
  • Қабырға панельдерімен және өзара аражабын плиталары.

2 сурет. Монтажды механизмнің ұстау құрылғысына байланысу үшін жабын панельдерінде ойықтарды қолдану:

1 – панельдегі ойық, 2 – ұстау құрылғысы, 3 – аражабын панелі

Салу бөлшектерін дәнекерлеуден кейін коррозиядан қорғау үшін жапсардың барлық жерін бетондайды (кей жағдайларда іріпанельді үйсалуда монолитті жапсарды дәнекерлеусіз орындайды), май бояулармен сырлайды (ринельдер мен бағаналардың жапсарларын), цементті сумен жағуды (аражабын плиталарының және ригельдердің байланысы), арнайы казеинді-цементтә құраммен жабу (маңдайша арқалық блоктарының өзара баланысуы) немесе салу бөлшектерін метализациялауды (іріпанельді ғимараттардың жапсарлары) қолданады.

Байланысу бөлшектерінің герметикалылығын қамтамасыз ететін жапсарларды блоктарды және сыртқы қабырға панельдерін байланыстыру кезінде орналастырады (8.4 сурет). Іріпанельді қабырғаларда шектес блоктардың фигурды торецтармен пайда болған бөлігіндегі жапсарларды тегістеу кезінде жеңіл бетонмен жабады. Іріпанельді қабырғаларда шектес панельдердің торецтарымен пайда болған жабық фигуралы бөліктерді бірнеше материалдармен толтырады, бұл материалдардың әрқайсысы белгілі бір функцияны орындайды.

3 сурет. а, б, в, г. Бағана жапсары:

а – ригельмен, б – кранасты арқалықпен; в – стақантиптес іргетаспен,

г – бағанамен; 1, 6 – салу бөлшектері; 2 – байланыстыру бөлшегі; 3 – ригель;

Информация о работе Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер